“Қазақстанның болашағы қазақтың тілінде жатыр. Бүкіл қазақ баласының тілін қазақша шығару, қазақша оқыту – біздің басты парызымыз. Орыс, ағылшын тілдерін білген жөн. Қазақ тілі бас болып, өзге тілдер қосшы болып, білім ала білуіміз қажет”
«Тілімізге деген көзқарас- елімізге деген көзқарас»
Н.Назарбаев.
Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, күллі рухани өмірінің үні. Мемлекеттік тілді оқып-үйрену – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, меңгеріп шығуға кедергі бар. Біріншіден, мемлекеттіктіл беделінің көтерілуіне ең алдымен қазақ халқы жауапты. Екіншіден, «Қазақ тілі» қоғамдарының жұмысы. «Қазақ тілі» қоғамы ең алдымен қазақ ұлтын тәрбиелеуді мақсат тұтуы тиісті. Үшіншіден, мемлекеттік тілді мойындаудағы үшінші кедергі – ұлттық мейрамдардың өткізілу сапасының төмендігі. Ұлтымызда «тал бесіктен жер бесікке дейін» ұғымы бар.
Заманымыздың ұлы ақыны, білгір лингвист ғалым, ойшыл Олжас Сүлейменовтің: «Үшінші мыңжылдық түркі тілінің мыңжылдығына айналады» деген болжамы босқа айтылмаған. Сондықтан XXI ғасырда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде шын мағынасында көру үшін бүгін еңбек ету керек.Тілсіз халық жоқ. Тілсіз ешқандай ұлт жоқ. Әрбір адам өз ана тілінде сөйлей білуі керек. Ана тілдің ғұмыры өте ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап, мың жылдап саналады.
Қазіргі кезде өзін-өзі сыйлаған мемлекет ең алдымен тілінің тазалығына мән беруі керек.Мысалы,Германияға баратындар өз тілінен емтихан тапсыратыны белгілі.Біздің тілімізді дамыту,өмірде қолдану – үлкен - кішінің парызы.Кім қайда отырса да,ол адам.Ендеше: «Адамға екі нәрсе тірек.Бірі –тіл,бірі –ділің жүректегі», -деп Жүсіп Баласағұн айтқандай,анамның тілі –ардақты тілімді қастерлеу –тек қазақтар ғана емес,Қазақстан топырағында тұратын азамат атаулының міндеті.Бүгінгі күндері ана тіліміз теңдігін алып,мемлекеттік тіл болса да ,көпшіліктің арасындағы саңырауларға әлі де болса самалы тимей жатқаны, жасырын емес.Мұндай адамдарды адасып жүр десек те болады.Қазіргі кезде жастарымыз шетелге кетуді бір арман деп ойлайды.Ағылшын тілін жақсы білсек,шетелде жүруге мүмкіндік болар еді дейді, дұрыс-ақ шетел тілін білген жақсы.Менің ойымша ,шетелде оқып, білім алып болған соң, Қазақстанның азаматы туған еліне оралып қызмет етуі керек.
«Екі тілдің мәдениетін бойға сіңіру ол адамды кең тынысты етеді.Екі тілді білу –екі енені тел емгендей,екіжақты егіз нәр қасиет ,қуат бітіреді...» Тілдің арқасында біреуді – біреу танып, бір халықты екінші халық біліседі. Сонымен қатар тілді тек қарым-қатынас құралы деп карау жеткіліксіз. Себебі, халықтың тарихы да, рухани дүниесі де, ізгілік пен адамгершілік сезімі де, білімімен дүниетанымының көзі де сонда жатыр. Тіл тарихы – ел тарихы.
Ана тіліміз – ғылыми ойшылдықтың, ғұламалықтың шыңына жеткен халық тіліне айналды.Ана тілім анамның ақ сүтімен, анамның әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, бойыма дарыды. Ана тілі деп аталуының себебі де сол шығар. Анамның тілі – ардағым. Ана тілі туралы жырламаған ақын жоқ шығар.Ана тілінің қадір – қасиетін сезініп өскен бала өз елінің болашағына атсалысатын саналы адам болып шығатынына сенемін. Ана тіліміздің шұрайы мен шырайына ертеден – ақ ғалымдар мән берген. Менің ана тілім ұлы Абайдың, Шоқанның, Сәкеннің тілі! Менің тілім!Біз сондай тіліміздің бар екеніне және осынау сан жылдар бойы тіліміздің басқада көршілес халықтардың тілдерінен қалыс қалмай, өз сыбағасын жібермей келе жатқанына мақтанышпен қараймыз. Әрі біздің қазақ тілі – түркі тілдес халықтардың ішінде әрі бай, әрі таза тілге жатады.Қазақ тілінің мәртебесі жоғары, аясы кең. Әрі, жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір өзге ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді үйреніп жүргені де бізге мәлім. Осыдан «тілге құрмет – елге құрмет» деген жолдарды еріксіз есіңе аларсың.Осы орайда қазақ тілі туралы өзге ұлт өкілдерінің кейбір ойпікірлерін мысалға келтірейік: Өткен ғасырда өмір сүрген француз ғалымы А. Жорри де Манси: « Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» – десе, түркі тілдерін зерттеуші, орыстың әйгілі ғалымы В.В.Радлов: «... ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін меңгергендігі сондай, ондайды біз Еуропада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса, сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір, әрі майда, шешен де тапқыр”, - деп тұжырым жасайды.
Ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма, осы тілмен білім алып, болашақ өмірге жолдама алатыныма, жүректен шыққан өз ойымды жеткізіп отырғаныма қатты қуанамын.
Меніңше, өз ана тілінде сөйлей алмаған адам Отанын да жаудан қорғай алмас. «Тәрбие – тілден басталады» дейтін халқымыз. Менің тілім, менің ғұмыр бойғы серігім, рухани қуатым, өмірдегі құралым. Дүниені танудың басты құралы, ақыл – ой дамуының негізі. Ардақ тұтар алтын тілім, ар тілім, бал тілім маған өте қымбат.
Ана тілім шексіз бай, мәңгілік тіл. Жасай бер, махаббат пен достық тілі, ынтымақ пен бірлік тілі – қазақ тілі! Мәңгілік елдің мәңгілік тілі жасай берсін!
Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебінің
7 -сынып оқушысы Капезова Зарина
қазақ тілі мұғалімі Құлмағамбетова Б.Ж.
Ақмола облысы Степногорск қаласы
Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия- мектебі
Шығарма
«Тілімізге деген көзқарас- елімізге деген көзқарас»
Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебінің
7 -сынып оқушысы Капезова Зарина қазақ тілі мұғалімі Құлмағамбетова Б.Ж.
Степногорск -2016
Достарыңызбен бөлісу: |