Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин



Дата31.12.2019
өлшемі18,96 Kb.
#54855
түріСабақ
Файзуллина Анар Жаслановна

Көкшетау қаласы № 13 «ЭКОС» экологиялық – гимназия мектебінің бастауышсыны мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «КҮЛПАШ»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтіннің негізгі ойын ашуға ,аштық кездегі адамдардың өмірін суреттеп ,оқушының санасына жеткізе білуге машықтандыру

2.Ой-өрісін, сана – сезімі артады.

3. Үлкендерді сыйлауға, ата-ананы сыйлауға тәрбиелейді.

Көрнекіліктер: суреттер, ақыл тақта, карточка Б.Майлин портреті т.б

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Психиологиялық ахуал

Біз күштіміз, біз дарындымыз, біз білімдіміз

Үй тапсырмасын тексеру.

«Азаттық жолында» мәтін

Топпен жұмыс

Әр топ сұраққа жауап береді.



  1. Тоқаш Бокин не үшін күресті?

  2. Оған жолығуға кім келді?

  3. Тоқашты не үшін айыптады? т.с.с

Жаңа сабақ

  1. Бейімбет Майлин кім? Өмірбаяны айтылады.

  2. Ақыл тақтадан суретін, сөздерін айтады.

Мәтін «Күлпаш»

Бейімбет Майлин ақын, жазушы, ғалым, бәйтерек.

Әр топқа осы аттар беріледі.

1 тапсырма:

1 топ. Ақын 2 топ жазушы 3 топ ғалым 4 топ бәйтерек

«Күлпаш» мәтінін 4 бөлімге бөліп әр бөлімге бөліп беріледі. Әр бөлім дайындалғаннан кейін ортада шығып қорғайды.

2 тапсырма. Күлпаш кім? сипатталады

Мақтым кім? сипатталады.

Қали кім? сипатталады.

Кедей кім? сипатталады.

Әр топ тақтаға шығып қорғайды. Ақыл тақтадағы суретті әр оқушы талдап, қазіргі өмірмен салыстырады.

3 тапсырма.

Вендиаграммасы арқылы қазіргі ертедегі адамдардың өмірлері салыстырылады.



Қазір

Тоқтық


Үй әдемі

Киім көп


Ертеде

Аштық


Үй жаман

Киім жоқ



Сергіту сәті.

Ойын «Жаңылдырсаңда жаңылмаймын»



  1. Абайдың өлеңіндегі 5 жақсы қасиеттер: білім, ақыл, терең ой, қанағат, рақым

  2. Абайдың өлеңіндегі 5 жаман қасиет: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

  3. Қазақтағы 5 арыс кімдер?

  4. Үш бәйтерек кімдер?

  5. Абай Құнанбаевтың туған жылы мен туған жері?

  6. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)

  7. Шығыстың қос жұлдызы кімдер? (Әлия мен Мәншүк)

  8. Қырдан келген жас қазақ кім туралы айтылған? (Шоқан Уалиханов)

  9. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)

  10. Абайдың әжесі кім? (Зере)

4 тапсырма

Стратегия 5 жолды өлең орындалады.

Ойын «Күн мен түн». Әр топ бір-біріне сұрақ қояды.

БИС технологиясы қолданылады.



Қорытынды.

«Күлпаш» мәтінін сұрақ жауап әдісі арқылы қорытындылау.



Сабақты бағалау. «Баспалдақ» парақшасы арқылы әр оқушы өз білімдерін бағалайды.

Үйге тапсырма беру. «Күлпаш» мәтінін мазмұндау 94 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет