Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруының басым бағыттары



бет1/14
Дата13.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#125402
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
тарих 109

Қазақ қоғамына сапалы өзгерістер алып келген әлеуміттік реформалар мен оның нәтижелері

Орындаған:ПМНО-109

Жоспар:

3.Әлеуметтік саланы реформалау жолындағы мемлекеттік бағдарламалар

2.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруының басым бағыттары

1.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары

1.Соңғы 20 жылда Қазақстандағы демографиялық ахуал түбегейлі өзгерді. 1992 жылы басталған халық санының төмендеу үрдісі 2002 жылы аяқталды. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында халық саны 1,6 миллион адамға төмендеді, бұл ең бірінші халықтың кейбір бөлігінің өздерінің тарихи отандарына оралуына, өтпелі кезеңде өлім-жітімнің көп болуы және туудың төмен деңгейіне байланысты болды. 2002 жылдан бастап халық саны өсімнің тұрақты үрдісіне ие болды, ең бірінші табиғи өсім есебінен, 2004 жылдан бастап көші-қон өсіміне байланысты қалыптасты. Қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдарында еліміздің халық саны жалпы 427 мың адамға немесе 2,6%-ға артты.Тәуелсіздік жылдарында елімізде 6 миллионнан астам адам дүниеге келді және табиғи өсім 3 миллионға жуық болды. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы 8 жылында, 1999 жылы 1000 адамға 14,6 адамға дейін тууы төмендеді, одан кейін оның бірте-бірте артуы байқалды. 2012 жылғы 10 айда туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,1-ді құрды. 1995-1996 жылдары өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға 10,7 деген ең жоғарғы шегіне жетті. 1997 жылдан бастап өлім-жітім бірте-бірте төмендеп, ағымдағы жылдың 10 айында өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,6 болып төмендеді.

  • 1.Соңғы 20 жылда Қазақстандағы демографиялық ахуал түбегейлі өзгерді. 1992 жылы басталған халық санының төмендеу үрдісі 2002 жылы аяқталды. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында халық саны 1,6 миллион адамға төмендеді, бұл ең бірінші халықтың кейбір бөлігінің өздерінің тарихи отандарына оралуына, өтпелі кезеңде өлім-жітімнің көп болуы және туудың төмен деңгейіне байланысты болды. 2002 жылдан бастап халық саны өсімнің тұрақты үрдісіне ие болды, ең бірінші табиғи өсім есебінен, 2004 жылдан бастап көші-қон өсіміне байланысты қалыптасты. Қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдарында еліміздің халық саны жалпы 427 мың адамға немесе 2,6%-ға артты.Тәуелсіздік жылдарында елімізде 6 миллионнан астам адам дүниеге келді және табиғи өсім 3 миллионға жуық болды. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы 8 жылында, 1999 жылы 1000 адамға 14,6 адамға дейін тууы төмендеді, одан кейін оның бірте-бірте артуы байқалды. 2012 жылғы 10 айда туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,1-ді құрды. 1995-1996 жылдары өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға 10,7 деген ең жоғарғы шегіне жетті. 1997 жылдан бастап өлім-жітім бірте-бірте төмендеп, ағымдағы жылдың 10 айында өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,6 болып төмендеді.

1992-2012 жылдардағы халықтың күтілетін өмір ұзақтығы (КӨҰ) 67,4-ден 69,6-ға артты. 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін КӨҰ 67,4-тен 63,5-ке дейін төмендеді, бұдан кейін оның арту үрдісі байқалды, 2012 жылы ол алдын ала бағалау бойынша 69,6 жасты құрады, оның ішінде ерлерде – 64,8 жас, әйелдерде – 74,3 жас. 1995 жылмен салыстырғанда өмірдің орташа күтілетін ұзақтығы көрсеткіші едәуір ұлғайғаны байқалды, ерлерде – 6,8 жасқа, әйелдерде – 4,9 жасқа, бұл кезде осы көрсеткіштің гендерлік белгісі бойынша айырмасы 1995 жылдағы 11,4 жастан 2012 жылдағы 9,5 жасқа дейін қысқарды.

Кедейлік деңгейі 1996 жылдан бастап 9 есе төмендеді және 2012 жылғы 3 тоқсанда 4% құрады.

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 199 жылдағы 128 теңгеден (24 АҚШ доллары) 2012 жылғы қаңтар-қазандағы 99118 теңгеге дейін (666 АҚШ доллары) өсті.

Еліміздің 15 жас және одан үлкен экономикалық белсенді халықтың саны 1,1 млн. адамға артып, 2012 жылғы қарашада бағалау бойынша 8,9 млн. адамды құрды.

Жұмыссыздық деңгейі 2 есе дерлік төмендеді және 2012 жылғы қарашада бағалау бойынша экономикалық белсенді халықтың санынан 5,3%-ды құрды. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет