Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Кеңес Одағы жүйесінің күйреуі барысында республика ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды. Мұның себебі бірнешеу:
• Ғылыми зерттеулердің негізгі көздері мен бағыттарын белгілеу КСРО кезінде орталықтан жүзеге асырылды. Одақтық ведомстволар зерттеу институттарын көбіне республикалардың қалауынсыз жүргізіп келді; • Республика ғылыми-техникалық әлуетінің басым бөлігі жалпы-одақтық ғылыми құрылымға тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде көңіл бөлді;