Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап алғаш рет «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу құрметіне арналған 5 монеталар сериясы (1995 жылы айналысқа жіберілді) Абай (Ибрагим) Құнанбаев шын мәнінде жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы болып есептеледі. Ұлы ойшыл, теңдесі жоқ сөз зергері, сазгер, қажымас ағартушы, Абай өз заманының, өткен ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық және әдеби өміріндегі аса көрнекті адамы болған. Оның әдеби мұралары - қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол қазіргі ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып саналады. Номиналы 100 тенгелік монета Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.Қыры (гурт) тегіс, бедерленбеген және жазу жоқ. Монета 925 сынамды күмістен жасалған.Диаметрі - 100 мм, қалыңдығы - 2,7 мм, массасы - 24 грамм. Таралымы - әрбір монета 6 мың данадан, "proof" сапасымен шығарылған. Бес ескерткіш күміс монетаның бәрінің сыртқы беті (реверсі) бірдей ортақ бейнеленген.
Мәдени мұра
Мәдени мұра
Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі.
Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды