Біріншіден, қалыптасқан нақты шындық жағдайды анықтап оны жан-жақты талдау арқылы негізделген шешім қабылдау Н.Назарбаевтың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан және өзін толық ақтаған жұмыс тәсілі. Мысалы, ол өзінің “Әділеттің ақ жолы” атты кітабында: “Өзімізді өзіміз басымызбен тұрғызбай, аяғымызбен тұрғызатын, сөйтіп қалыпты жағдайда тұрып, шын мәнінде бізде нендей жағдайлар болған өзі деп, жан-жағымызға жіті қарайтын кез әлдеқашан жетті” - деп, 1990 жылдың көктемінде КСРО-ның кезінде-ақ айтып бірнеше бағыттағы ұсыныстар жасаған.