Сауда-экономикалық ынтымақтастық. ҚР Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2013 жылы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда айналымының көлемі 393 млн. АҚШ долл. (экспорт – 175,4 млн., импорт – 217,6 млн.) құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 14%-ға артты. 2014 жылғы қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 35,1 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 20,2 млн. АҚШ долл., импорт – 14,9 млн. АҚШ долл.). 2010 жылы Ашхабадта ҚР ИЖТМ «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі мен Түрікменстан сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Түрікменстандағы сауда миссиясы өтті. 2013 жылғы 24-25 сәуірде Ашхабадта қазақстан-түрікмен экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы 6-шы отырысы өтті.
Отын-энергетикалық секторындағы ынтымақтастықтың болашағы мол болып табылады. Осы салада екіжақты ықпалдастық 2009 жылғы желтоқсандағы «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының іске қосылуымен елеулі нығая түсті. Көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастық та жоғары қарқынмен дамуда. Темір жол, автомобиль және су көлігі салаларында өзара тиімді жобалар бар.
2007 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан, Түрікменстан және Иран үкіметтері арасында «Өзен (Қазақстан – 140 км.-ге жуық) – Қызылқия – Берекет – Этрек (Түрікменстан – 450 км.-ден астам) – Горган (Иран – 90 км.-ден астам)» темір жолын салу туралы келісімге қол қойылды. Осы жолдың қазақстан-түрікмен бөліктерінің салтанаты ашылу рәсімі Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедовтің Қазақстанға 2013 жылғы 10-11 мамырда мемлекеттік сапары барысында өтті.
Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық. 2009 жылдың 6-9 маусым аралығында Қазақстанның Түрікменстандағы Мәдениет күндері, ал 2014 жылғы 29 сәуір – 2 мамыр аралығында Қазақстанда Түрікменстанның Мәдениет күндері өткен. Дипломатиялық қатынастардың орнатылу мерзімі – 22 шілде 1992 жыл.
Қазақстан мен Украина ара-қатынасы. 1994 жылдың мамырынан бері Алматы қаласында және 2001 жылдың қаңтарынан бастап Астана қаласында Украинаның Елшілігі қызмет атқарады.
Саяси қатынастар. Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар динамикалық түрде дамуда, сыртқы саяси мекемелері арасындағы және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс–қимылдар сындарлы болып келеді, екі тараптың көптеген халықаралық мәселелердегі ұстанымдары өзара сәйкес келеді. Киев Қазақстанның ЕҚЫҰ–да төрағалық ету өтінішін қолдап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі бастамаларды, әсіресе АӨСШК идеясын, қолдауда, Қазақстанның ДСҰ–на кіру үрдісінде қолқабыс ету бойынша келісілді. БҰҰ шеңберінде ынтымақтастық жемісті болып отыр. Елбасыларының өзара сапарлары барысында – Украина Президенті 2005 жылы мамырда және 2006 жылы қаңтарда Астана қаласына және Қазақстан Президентінің Украинаға 2005 жылы қарашада, екі жақты қатынастарды жандыруға ұмтылыстарын қуаттады. Соңғы уағдалыстықтар Президент Н.Назарбаевтың 2007 жылы ақпанда Киев қаласына, Президент В.Ющенконың 2008 жылы наурызда Астана қаласына ресми сапары барысында қол жеткізілді және 2007-2008 ж.ж. Қазақстан–Украина іс–қимылдар жоспарында (“Жол картасы – 2”) қамтыды. Жоспар орындалып, сауда–экономикалық, көліктік, отын–энергетика, агроөндірістік, аэроғарыштық, ғылыми және әскери–техникалық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Тараптар заң шығарушы органдар арасындағы ынтымақтастықтың нығаюы мен кеңеюіне мүдделі. Бұл мақсатта екі елдің Парламенттерінде тиісті Топтар қызмет атқаруда. Құқықтық-келісім-шарт базасы 80-нен астам құжаттарды қамтиды, оның ішінде, 1994 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы келісім болып табылады.
Сауда-экономикалық қатынастар. Қазақстан мен Украина арасындағы сауда айналымы 2008 жылы $4,9 млрд. (ҚР жалпы сыртқы сауда айналымында 4,4%) құрады. Қазақстан Украинаның әлемдегі сауда серіктестерінің арасында сегізінші орынға ие болды. Қазақстандық импорт $1,8 млрд, экспорт – $3,1 млрд және оның жалпы сауда айналымында 63,2% құрады. 2009 жылғы қаңтар-маусым айларында сауда айналымы $ 2,159 млрд. (p/s –Украина Мемстатком мәліметтері) құрады және 2008 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 10,3% төмендеген. Қазақстандық экспорттың көлемі $1,37 млрд. құрап, 12,6% азайды, импорты – $785 млн. құрап, 3,8% азайды.
Экономика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттары Қазақстан-Украина ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның отырыстарында қарастырылады. Комиссияның қазақстандық бөлігінің төрағасы болып ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі, украиндық - Отын және энергетика министрі табылады. Екі жақты қатынастардың нығаюына және сауда айналымының өсуіне себепші болатын фактор институционалдық жасаушы, өкілдіктердің және біріккен кәсіпорындардың құрылуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |