Қазақстанның казіргі заманғы тарихы


Жаңа жаһандық дағдарыстар тұсындағы



бет53/69
Дата08.05.2020
өлшемі0,57 Mb.
#66599
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
Байланысты:
HystoSovrKz (1)

9.2. Жаңа жаһандық дағдарыстар тұсындағы

казіргі заманғы Қазақстан.
Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері. Тәуелсіз даму жолын қалаған мемлекетіміз ширек ғасырлық тарихының табалдырығын аттады. Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы қазақстандықтардың өлшеусіз еңбегінің ширек ғасырлық белесін жалындатын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттіліктің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін әлде талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келетін асулары болды. Осы сәтте заманның беталысы аса күрделі қиындыққа кезікті, яғни әлемдік дағдарыс жан жақтан қарбуға бет алды. Бүкіл әлеммен бірге қазақ елі жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуалға душар болды. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара аяқтан шалу әрекеттері (санкция) алмасуы дүниені тұйыққа қарай итерді. Қазақстанның басты экспорттық өнімдерінің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Осындай ахуал республика жетістіктерін сынға салып, елді шыңдай түсетін жәйтке соқтырды. Жауапты сәтте халық бірлігін одан әрі нығайтуға, елдің игілігі үшін аянбай тер төгуге сілтеді. Қазақ ортасында ғасырлай бойы орныққан біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек ету міндеті аса маңызды сипат алды. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал іздеуге тура келді.

Адами тәжірибесі аясында ең сенімді жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын міндет. Осы орайда заманның беталысына қарай даму, өсу межелерін белгілеп, алға қойған жоспарларды өңдеп өзгертуге тура келді. Осы жағдайдағы әр қазақстандық алдында тұрған мақсат – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» етіп әлемдегі ең дамыған мемлекеттер қатарына қосып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру болды.

Небәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған құрылым ретінде қалыптасты. Ширек ғасыр аясында Қазақстан көптеген сынақтарға төтеп беру жолында өткір сындардан өтіп нығайды. 2015 жылы қанат жайған әлемдік дағдарыс ел алдына көп салалы өзекті және мәселелерді паш етті.

Бүкіл әлемді сілкінтіп 2015 жылы әлемді шарпыған дағдарысты көріністер де республика дамуының бүкіл сын-қатерлерін бастан кешуге сый етті. Олардың ішінде мынадай жәйттер ел экономикасының тынысын тарылтуға дем берді:



Біріншісі, әлемдік жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатын алды. Іс жүзінде барлық әлемдік рыноктар – қаржы, көмірсутегі, металдар, азық-түлік және басқа да рыноктар тұрақсызданды. Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сұраныстың төмендеуінің негізгі себебі де осында болды;

Екіншісі, әлемнің барлық аймақтарында да экономикалық өсімі баяулады. Жаһандық ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) өсімінің үнемі төмендеуі жөніндегі болжамдар аян бола бастады. 2011 жылдың күзінен бастап Халықаралық валюта қоры оларды 5-тен 3 пайызға дейін төмендете келе, болжамдық көрсеткіштерді 6 рет қайта төмендетті. Және, шамасы, бұл да шек емес сияқты болды;

Үшіншісі, мұнайдан түсетін санаға біршама сіңіп қалған супертабыстар құрдымға кетті;

Төртіншісі, жаһандық экономика саяси факторлардың қысымын батыл сезетін дәрежеге жетіп әлем тұрақсызданды. Оның үстіне әлемнің жетекші қуатты мемлекеттері бір-біріне қарсы санқилы салалық кедергілер, шектеулер (санкциялар) енгізді. Олардың арасындағы сенім күрт әлсіреп кетті. Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік және Орталық Африка өңіріндегі тұрақсыздық пен дау-жанжалдар кең ауқымды босқындар ағынына апарып соқтырды. Әрбір күн содырлық іс қимылдар аясында мыңдаған жазықсыз адамдардың қаза болуы да тұрғындарды үрейлендіретін болды. 2012-2015 жж. карай халықаралық содырлар топтары әлемге елеулі қатер төндіретін болды. Бұл тәуелсіз мемлекеттердің ішкі істеріне сыртқы күштердің араласуы жолымен мемлекеттіліктің күйреуінің нәтижесі болса керек. Әлемнің дамуы күштердің жаһандық және өңірлік орталықтарының арасындағы төзімсіз бәсекелестік аясында жүретін сипат алды. Осы жағдайда жаңа жаһандық өмір шындығының сын-қатерлеріне мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан мүмкіндіктері шеңберінде біртұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюға мәжбүр етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет