Қазақстанның казіргі заманғы тарихы



бет54/69
Дата08.05.2020
өлшемі0,57 Mb.
#66599
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69
Байланысты:
HystoSovrKz (1)

Республикадағы дағдарысқа қарсы шаралар Адамзат тарихы бойынша жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктерге де жол ашатын сыңайлы. Қаралып отырған кезде әлемдегі экономика саласы дамудың дағдарыстық кезеңінде модернизацияның тиімді амалын тауып сәтті компанияларға айналған. Іс жүзінде соңғы жарты жүзжылдықта табысқа қол жеткізген елдердің бәрі дамуын тура мағынасында тақыр сыңайлас деңгейден бастаған болатын. Қазақстанның өзі де дағдарыс дәуірінде өмірге келді. Тәуелсіздіктің қалыптасуының ең қиын кезеңінде (алғашқы онжылдықта) біздің ел негізінен «мұнайсыз» өмір сүрген. Тәуелсіз Қазақстан әр кезде де сыртқы экономикалық сәтсіздіктерде кереғар дамып келген. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының бірінші жартысы ел тәуелсіздігін жариялаған республика үшін қолайлы болмағаны анық. Ол уақыттары өндіріс тоқтап, адамдар жұмыссыз және өмір сүруге қажетті қаржысыз қалды. Қазақстан халқы лайықты түрде, әрбір қадам сайын ол дағдарысты еңсере білді. Жаңа заманғы Қазақстандағы өзгерістердің алғашқы нәтижелерін енді ғана сезіне бастаған сәтте 1997-1998 жылдардағы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржы дағдарысына ұшырады.

Сол күйзелісті жәйтте қабылданған стратегиялық шешімдер мен іс-қимылдар маңызды оң сипатты мәнге ие болды. Ол кең ауқымды жекешелендіру мен экономикаға көптеген трансұлттық компаниялардың келуі арқылы мүмкін болған. Сол кезеңде жаңа елордамыз – Астананың құрылысы қолға алынды, Каспий құбырлы өткізгіш консорциумы жұмыс істей бастады, «Қазақстан-2030» Стратегиясы бастау алды. 2007-2009 жылдардағы дүниежүзілік қаржы дағдарысы туындаған кезде Ұлттық қор құру туралы шешімнің маңыздылығы мейлінше айқын бола түсті. 20 миллиард доллардай – Қазақстан ІЖӨ-сінің 14 пайызы – жұмыспен қамтуды қолдауға, жолдарды жөндеуге және салуға, қалалар мен ауылдарды көріктендіруге жұмсалды. Банк секторы, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес көмекке қол жеткізді. Арам ниетті құрылыс салушыларға алданған мыңдаған үлестік құрылысқа қатысушылар мемлекеттің ізгілікті ерік-жігерінің арқасында жаңа тұрғын үйлер алып шықты. Еліміз сол күрделі жағдайда дағдарысқа қарсы екі жоспарды әзірлеп, дәйектілікпен жүзеге асыра білген. Бұл экономикалық қиындықтарды еңсерудегі зор да табысты тәжірибе болды.

Қаралып отырған жаһандық дағдарыс күтпеген жерден келіп түскен жоқ. Елбасы бұндай қиындық жаңа толқынның қайткенде де келіп соғатынын талай рет ескерткен еді. Осы жағдайда Қазақстан дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданды. Енді сол жәйттегі іс қимыл бағыттары қандай болмақ дейтін болсақ, оларды мынадай ретпен баяндаған жөн:

біріншісі, елде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы басталды, яғни шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономиканы құру ісі батыл қолға алынды;

екіншісі, елде «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы қабылданып бұндағы алғашқы қадамдар жасалды. Дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды түйіндері жаңа заманғы Қазақстанның ұлттық валютасы теңге еркін бағамға көшуіне байланысты болды;

үшіншісі, мемлекетте «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға күш салуы керек болды. Парламент Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін шараларды қолға алып 80-нен астам заң талқыланып, арнайы жоспар аясында 2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастады. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер шектеліп, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау салалары батыл қолға алынған. Осы шаралардың бәрі де мемлекетке, қоғамға ел экономикасына қосымша төзімділік беретін болды;

төртіншісі, қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін жинақтап оны қолдану амалдары пысықталды;

бесіншісі, Елбасы тапсырмасы бойынша, бұған дейін келісілгендей, мұнай бағасы баррельіне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді;

алтыншысы, инновациялық индустрияландыру бағдарламасы аясында құрылған экономиканың жаңа секторлары өнім өсімін тұрақты сипаттағы үдеріске айналдыру көзделді. Көптеген өңдеуші салалар өнімі тұрақты және барынша сапалы өсімге қол жеткізе бастады. 2010-2015 жж. аралығында өңдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі 1,7 есе өсті. Машина жасау өнімдерін шығару 2,2 есе, экспорт 3 есе артты. 800-ден астам индустриялық жобалар жүзеге асырылды. 2015 жылы металл өндіруші өнеркәсібі бірден 15 пайызға, химия өнеркәсібі 3,2 пайызға ұлғайды. Минералды өнімдер өндірісі 3,2 пайызға, киім-кешек 4 пайызға өсті. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі Қазақстан үшін 2016 жылға жоғары экономикалық өсу қарқынын болжап берді;

жетіншісі, қазақстандықтардың экономикалық ой өрісі мен болжамдық қабілеті өзгерді. Оның бір мысалы, еңбек өнімділігінің 60 пайыздан астамға артқанынан көруге болады.

Қазақстан халқы ешқашан тәуелсіздік тұста байқуатты тұрмыс кешіп көрмегені Президент Жолдауында нық сеніммен баяндалды. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағы замануи жоба бойынша бой көтеріп олардың барлығы ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Аса күрделі операцияларды елімізде, өз дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеттік. Жалпы халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі, санының өсуінің нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады.

Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жетті. 2016 жылдын бірінші қаңтарынан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне толық негіз болатыны аян.

2013 жылы Президент ұсынысымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы жарияланды, ал 2016 жылға қарай оны жүзеге асыруда, тіпті, жаһандық дағдарыстың қиындықтарына қарамастан, орасан зор нәтижелерге қол жетті. Бұл игі қадам аясындағы орындалған шараларды былай жіктеп қарауға тұрарлық:

а) Давос экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 42-ші орынға көтерілді;

б) бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан 41-ші позицияны алды;

в) 2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының заңды түрдегі толыққанды мүшесі болды. Ол туралы ДСҰ-ның Бас кеңесінің отырысында ресми түрде хабарланды. Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең болып табылады. Ол қазақ елінің толыққанды сауда-экономикалық әріптес ретінде мойындалуын объективті дәлелдейді. Қазақстанның ДСҰ-ға өтуі республиканың шетелдік рыноққа өнім шығарушылар үшін де, отандық экономиканың шешуші секторларына келетін шетелдік инвесторлар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашты.

Жаңа заманғы Қазақстан тәжірибесі мен Мәңгілік Ел аясына жету идеясын орындау әр азаматтың ұстанымына тікелей байланысты. Дағдарыстан шығу үшін елімізде дереу ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу болашаққа арналған іс-қимыл стратегиялары қабылданды. Олай болса осы бағытта басты стратагема аясында үш қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму міндеттері және ұғымдар қабылданған. Олардың мағынасын былай түсінген жөн:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет