Нарықтық экономикада өнімдер тұтынушылар арасында рыноктік бағаға сәйкес тікелей аларлықтай қабілеттері мен тілектері негізінде бөлінеді.
Қазақстан Республикасының ұлан – ғайыр жері, оның ерекше бай қазыналары, табиғи- экономикалық қолайлы жағдайлары бар. Қазақстанның осыншама байлыққа ие болуы оның экономикасының дербестігінің негізі болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалы да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында әлемлдік тәжірибе мен республикамызға тән ерекшеліктерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.
Саналы нарыққа көшу жағдайларындағы ең маңызды міндет – республикасының өндірістік ахуалына экономикалық дұрыс баға беру, қолда барды ұтымды пайдаланудың нақтылы бағдарламасын жасап, “технологиясын” талдау.
Экономиканы қайта құру бағдарламасындағы және оларды іс жүзіне асырудағы тиімсіздіктер білмеушіліктен ғана емес, адамдардың отан шаруашылығының шын мәнін, ерекшеліктерін, кездесетін қайшылықтарды болжай алмайтындықтарынан болып отыр.
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы, экономикасын дамыту жолында – нарықтық экономикасына өтті.
Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшелеіктер бер еді.
Қазақстан Республикасында экономиканы нақтылы қайта құру нарықтық қатынастырды әлеуметтік бағыттың мүдделеріне қарай сенімді түрде халықтың тұрмыс дәрежесін жеткілікті қамтамасыз ететіндей, республиканың табиғи және экономикалық байлықтарына сай келетіндей етіп құру. Бұның өзінде Қазақстанның нақтылы жағдайлары -–табиғи мүмкіндіктері, экономикалық, ғылыми – географиялық тиімді орналасуы нарыққа жетістікпен көшуге әсер етті. Сыртқы экономикалық байланыстарды да дамыта жүргізуге жайлы жағдайлар бар.
Қазақстанның нарыққа еркін өту үшін негізгі концептуалдық бағыттарының мынандай міндетитерін шешу қажет:
Экономикалық дербестікке қол жеткізу. Ол республиканың жерге деген бірегей меншігі, оның қазба байлықтары, ішкі және аймақтардағы сулары, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар дүниесі, мәдени және тарихи қазыналары, материалдық және финанс /қаржы/ мүмкіндіктері, өндірістік және өндірістік емес орындары экономикалық дербес саясат жүргізе алатындығы.
Нарықтық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар. Егер тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белгілі бір дәрежеде шектеледі. Екінші жағынан өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу үшін бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік туады. Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік – экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми -–техникалық прогресс пен озат тәжірибеге сүйене отырып, оны көптеп шығаруға тырысады. Ал егер өнім пайда бермесе сұраным жоқ болса немесе азайса, өндіруші өнім шығаруды азайтады. Сөйтіп өндіріс құрылымы реттелінеді.
Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға бағытталған өнімді сатуға байланысты мәселелермен маркетинг саласы айналасады.
Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі болғандықтан бөліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп отырады. Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың бәрінің де сіңірген еңбегі қоғамға қажет, ал өндірген өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады.
Нарықтық қатынас сұраным мен ұсынысқа негізделеді. Сұраныс тұтынушылардың қаражатына қарай нені алатындығын білдіреді. Сұраныстың басты жетекшісі өнімнің бағасы — өнімнің бағасы өссе сұраным арта береді. Алайда, нақтылы өмірде болып жатқандай, өнімге деген сұраныстың көлемі сатып алушының орташа кірісі, нарықтық көлемі, басқа өнімдердің бағасы мен пайдалылығы, бұл өнім орнына басқадай өнім алу сияқты сатып алушының қалауына байланысты болады.
Ұсыныс өндірушінің сатуға шығарған товарының санынан – ақ белгі бермек. Товар неғұрлым тиімді болып, оның бағасы өсіңкі болса, товар өндіру көбейтіле түседі немесе керісінше болады. Өйткені бәсеке дегеніміз біреуге жаны ашығандықтан емес, өндірісті пайда табу үшін ұйымдастырады. Сондықтан ұсынысқа әсер ететін басты себеп – пайда. Алайда пайда қуалап бағаны өсіре беруге тежеу жоқ емес, оған сұраным, салық сияқтылар ықпал жасайды. Демек, өндіруші технологияны жетілдіре отырып өнімнің сапасын жақсартады немесе өндіріс шығындарын азайтады.
Қазақстан республикасында экономиканы нақтылы қайта құру нарықтық қатынастарды әлеуметтік бағыттың мүдделеріне қарай сенімді түрде халықтың тұрмыс дәрежесін жеткілікті қамтамасыз ететіндей, республиканың табиғи және экономикалық байлықтарына сай келетіндей етіп құру. Бұның өзінде Қазақстанның нақтылы жағдайлары – табиғи салауатты салмақтары, экономикалық – географиялық тиімді орналасуы нарыққа жетістікпен көшуге әсер етті. Сыртқы экономикалық байланыстарды да дамыта жүргізуге жайлы жағдайлар бар.
Қазақстан экономикасын қайта құруда аймақтық бағдарламаларды іске асыру үшін республиканың әрбір аймағында экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік жағдайларды жан – жақты терең зерттеу қажет. Бұл жағдайда республиканың аймақтық экономикасының маңызы өте зор.
Қазақстанның толық дербестік алуы және жаңа өндірістік қатынастарға (нарыққа) көшу республиканы экономикалық аудандарға бөлудің мәселесін терең зерттеуді күтіп отыр. Еліміздің өндіргіш күшінің орналасуы және дамуы өндіргіш күшінің даму деңгейінің және өндірістік қатынастарының белгілі бір кезде пайда болатын әлеуметтік – экономикалық мүдделермен байланысты жинамикалық процесс.
Кез келген нарықтық өнім тұтынушылар арасында олардың тілектері және оның нарықтық бағасын төлеуге қабілеттілігі негізінде тұтынушының таңдау еркіндігі принципі бойынша бөлінеді.
Нарықтық жүйе бағаның бағдарлы функциясы арқылы кәсіпорындар және ресурстар мен қамтамасыз етушілер тарапынан тиісті реакция тудырып, тұтынушылар ықыласындағы өзгерсітерді жеткізіп тұруға қабілетті.
Нарықтық экономикада өндіріс пен тұтынуды қадағалайтын әкімшілік бақылау жоқ. Нарықтық жүйеде бәсекелестік тетік бақылау функциясын атқарады. Нарықтық экономика жеке және қоғамдық мүдделердің теңдігін жасайды. Бәсекелік нарықтық ортаның бас пайдасын ұлғайтуды көздеген кәсіпорындар мен ресурстарды жеткізушілер, бір мезетте, әлдебір көрінбейтін қолмен бағытталып, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге ықпал тудырады.
Бәсекелік нарықтық ортаны құру ресурстарды тиімді бөлу мен еркіндікке жеткізеді. Нарық жүйесі жекеменшікке негізделген.
Нарықтық экономикада мемлекеттің рөлі аса зор. Қазіргі кезеңде экономика үшін мемлекеттік кеңістік, мемлекеттік шекара жіне мемлекеттік шаруашылық орталығы қандай қажет болса, мемлекеттік өкімет, мемлекеттік тәртіп және мемлекеттік ынталылық соншалықты әбден керек.
Нарықтық экономиканы реттеу сферасындағы мемлекеттің негізгі міндеті – оның тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар тудыру және оны экономикалық барша субъектілердің орындауын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджет нарықтық экономикалы елдерде мемлекеттің экономикалық саясатының шоғырлануын білдіру болып табылады. Нарықтық экономикалық жүйе өте күрделі нәрсе. Ол арқылы сансыз көп жеке, еркін таңдалған шешімдер еске алынып, қосылып және өзара теңестіріледі.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы экономикалық жаңа қатынастардың қалыптасуына, нарықты қайта құруды одан ары тереңдетуге бағытталған айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде. Осы процесті тездету барысында жүзеге асатындай тиімді механизмі бар терең мазмұнды заңнама базасы қажет. Әрі, ұлттық және халықаралық заңнамалар арасында айырма үлкен болған сайын, ішінде шетелдіктер де бар кәсіпкерлер үшін де, инвесторлар үшін де тәуекел ұлғая түседі. Нарықтық экономикалық жүйені жүзеге асыру үшін Қазақстанда заңдардың толық кешені жасалған. Соның өзінде ол кешен Қазақстанның тек экономикалық мүмкіндігін ғана ескеріп қоймай, республика халқының ділі мен экономикалық танымына да байлансты көптеген толықтамалар жасауды қажет етеді.
Көптеген нарықтық институттар ішінде республиканың банктік жүйесі өзінің дамуына айтарлықтай қысқа кезеңде қалыптасуының теріс салдарын көп жағынан жеңе білді, экономика секторының қайта құрылуы бойынша жетекші болды, олардың өлшемі қолайлы инвестициялық ахуалдың және инвестицияның елге құйылысының кепілдемесі болып отыр. Ақшалай – несиелік реттеудің құралдары нарықтық экономиканы дамытудың макро – экономикалық тұрақтануында, оның салалары мен нарықтық инфроқұрылымның өрлеуі мен дамуына аса маңызды рөл ойнады. Банкілік жүйелердің дамуына орай ақша рыногы инфроқұрылымның жұмыс істеуі арқылы дәстүрлі және баламалы қаржылық құралдарды пайдалана келіп, ішкі жинақтау тетіктерін жандандыру мүмкін болды.
Нарықтық қатынсқа өту аймақ экономикасының ешқандай секторларына инвистициялық процестің өзіндік жандануына әзірше нақтылы алғышарт жасалған жоқ. Инвистициялық институттардың қалыптасуы, олардың қаржылық тұрақтылықтарының проблемалары инвестициялық процестердің барлық деңгейінде мемлекеттік реттеудің басты рөлін өзіне қалдырады. Мемлекеттік емес эмиссиялық құнды қағаздардың қор рыногы арқылы инвестиция тарту, акционерлік меншік формаларын пайдалану арқылы қолайлы инвестициялық ахуал тудыру оның институциялдық дамуының аяқталмағандығына, Қазақстан компаниялары мен банктерінің ішкі биржа рыногында “көгілдір қағаздарға” сұраныстың жоқтығына келіп тіреледі.
Нарық — өте күрделі, көптеген құрылымы бар ұғым. Бұл жағдай нарық жүйесін құрылымдық жағынан шектеудің көптеген белгілері бар екендігін анықтайды. Ең алдымен, әр түрлі тауарлар топтарының /тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар, шикізат және дайын заттар/ нарығы.
Сонымен қатар, нарықты аумақтық өзіндік белгілеріне сәйкес былайша белгілеуге болады; белгілі бір аймақтың нарығы; салааралық бірлестіктер нарығы және әлемдік нарық. Нарықтың тағы бір құрылымын анықтайтын белгі – нарықтық қатынастардың кемеліне келу деңгейі, яғни дамыған нарық. Нарық саны мен қатар, әр қоғамда енгізіліп, әрекет етіп отырған заңдылыққа сәйкестігі жағынан ашық /ресми/ және жасырын /көлеңкелі/ нарық болып ішінара бөлінеді.
Шын мәнінде, нарықты экономика – таңдау және еркін кәсіпкерлікке негізделген. Мемлекет – еркін таңдаушылықты шектейтін күш. Еркін таңдау қашанда және барлық субъектілермен жоғары бағалылықпен таңдау ретінде танылады, ал күштеу /ықтиярсыз көндіру/ — осы бағалылықты теріске шығару деп түсіндіріледі.
Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің “өзегі” – бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Расында, бәсекелестік монополияның пайда болуы факторларының бірі екені белгілі. Монополияның дамуы – нарықты экономикасының бәсекелестік бастамасын бұзады. Бұл макроэкономикалық проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді. Бұдан келіп бәсекелестік бастаманы арнаулы қорғау және экономикадағы монопольдік тенденцияны шектеу қажеттілігі пайда болады. Мұндай қиыншылықты тек мемлекеттің монополияға қарсы әрекеті ғана жеңе алады.
Нарық экономикасына “пайдасы жоқ” өндіріс түрлері аз емес. Ең алдымен олар капиталдың орнын ұзақ кәсіпорындарға біршама қиындықтар туғызады. Нарықтың өзін — өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе – теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сақтауға, ақша айналымын бақылауға және т.б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағыттайды
Қазіргі кезде қоғамда нарық жүйесі қалыптасты. Нарық дегеніміз сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзара қарым-қатынас. Экоиомикалық теория осылардың арасындағы байланыстарды білдіретін түрлі жобалар жасап, оларға жеке факторлардың ықпалын зерттейді. Сондықтан, нарықты ұйымдастырудың нақтылы түрлерін зерттеу қажет.
Қазіргі кездегі нарық дамыған инфрақұрылымға, яғни көмекші салалар мен ұйымдардың болуымен тікелей байланысты өмір сүреді.
Нарық инфрақұрылымы деп нарықты қатынастардың жемісті қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық фирмалардың жиынтығын айтады.
Үш түрлі нарықтың инфрақүрылымының элементтері бар, олар: тауар, (сауда), қаржы нарығы және еңбек нарығы.
Тауар нарығының инфрақұрылымына жататындар — тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, делдалдық фирмалры.
Қаржы нарығының инфрақұрылымына кіретіндер: қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары.
Еңбек нарығының инфрақұрылымына кіретіндер — еңбек биржалары, жұмысқа қамту мен кадрларды қайта даярлау қызмет орындары жұмыс күшін реттеу және т.б. айналысатын мекемелер.
Бүгінгі таңда құрал – жабдықтарға мемлекеттік монополиядан бас тарту, меншіктің әр түрлі формаларын енгізу; мемлекеттік кәсіпорындарды тауар өндірушілерге айналдыру – экономикалық реформаға толық жол ашып отыр. Осы арқылы әр түрлі бір – біріне тәуелсіз өндіріс бөлімдері пайда болуда. Олар тауар – ақша қатынастарының жаңа сапасына көшуді, яғни нарықты экономиканың қалыптасуын тездете түседі.
Шындығында, қазіргі жағдайда нарыққа көшуден басқа балама жоқ. Нарықтық экономиканың өміршеңдігі мен тиімділігін бүкіл дүниежүзілік тәжірибе қуаттап берді. Біздің қоғамымызда нарықтық экономикаға көшу ең алдымен адамдардың мүдделерін қолдау ниетінен туындап отыр, ал оның түпкі мақсаты — әлеуметтік жағынан бағдарланған экономика құру; бүкіл өндірісті тұтынушылардың талап — тілектеріне қарай бұру; тапшылықты және кезекке тұру тәрізді қолайсыздықтардан құтылу; азаматтардың бостандығын іс жүзінде қамтамасыз ету; еңбек сүйгіштікті, шығармашылық пен ынталылықты, жоғары өнімділікті көтермелеу үшін жағдай жасауға деген талпыныстардан туындауда.