Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру. Сабақтың мақсаттары



Дата04.07.2018
өлшемі18,92 Kb.
#46937

Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру.


Сабақтың мақсаттары:

1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауылшаруашылығындағы келеңсіздіктер, дамыту жолындағы қиыншылықтыр, тың және тыңайған жерлерді игерудің мәнін, мал шарушылығы күйін ашып көрсету.

2. Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын артыра отырып, шығармашылық ізденісін дамыту, ой түйіндеуімен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Оқушылардың патриоттық санасын арттыра отырып, тыңгерлердің еңбек майданындағы ерлік істері арқылы ұлттық сезімдерін ояту.




Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ


Әдістері мен тәсілдері: баяндау, сұрақ – жауап, мәтінмен жұмыс жасау.


Пәнаралық байланыс: тарих+география+ музыка


Көрнекіліктер: Қ.Р картасы, суреттер, нақыл сөздер өлең, жырлар, «даталарды білу» қағазы сұрақта жасырылған даталар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сабақты бастау.

Оқушылар бір-біріне осы сабақта өз білген білімдерін жақсы жағынан көрсетуге және жақсы бағалар алуға сәттілік тілейді.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

Таратпа сұрақтар:

  1. 1940 жылдардың екінші жартысында халықтың тұрмыс жағдайын көтеруде қандай ілгерілушіліктер болды?


  2. Ол ілгерушіліктер халық тұрмысы жақсарғандығының белгісі бола алды ма?


  3. 1950 жылдардағы тұрмыстағы оңды қандай бетбұрыстар болды?




Жаңа сабақ жоспары:
  1. Ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдай.


  2. Тың игеруге жаппай кірісу.


  3. Тыңның алғашқы табыстары.


  4. Тың игерудің нәтижелері


  5. Демографиялық ахуалдың күрт өзгеруінің келеңсіз әсерлері.


  6. Мал шаруашылығының жайы.



Нақыл-сөздер, өлең-жырлар:


«Нан болса, ән болады»,

«Ақ бидай – алтын астық дәнім аты»

«Ақ бидай – бүгін шырқар әннің аты».

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сіздерге түсінікті ме?

А) Тың жерлер деп ғасырлар бойы жыртылмаған, ал тыңайған жер деп жыртылған, бірақ бірнеше жылдар бойы пайдаланбай жатқан жерлерді айтамыз.

1. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдар ауыл шарушылығы үшін ауыр болды. Ол жылдары Қазақстанның егіншілік мәдениеті мейілінше төмен болыд. Ауыл шараушылығы техникасының жетіспеуінен, КСРО-ның өзге өңірлендегідей, егіске күш малын пайдалану 1960 жылдарға шейін орын алып келді. Ауыл шараушылығы өндірісін ұйымдастыруда өрескел келеңсіздіктерге жол берілді. Ұжымшарлар мен кеңшарларды билеп тұрған сауаты төмен, әпербақан басшылардың қоғамдық әрекетінің оңды нәтижелер бастауы мүмкін болмады.

1949 жылы мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды. Әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері қысқартылды. Ауыл шарушылығына маман кадрлар дайындау ісі жолға қойыла бастады.

2. 1953 жылдың соңында тің игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты. Жарамды жерлері мол Оралмен, Сібір мен қатар Қазақстан да аталып жатты. «Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді» деп санаған республика партия ұйымының басшылары орынан алынды.

Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып П.К.Пономаренко сайланды, ал оның орынбасарлығына, біраз уақыттан кейін бірінші хатшының өзі болып сайланған Л.И. Брежнев отырды. Тың және тыңайған жерлерпді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктемінде қабылданды. Онда 1954-1955 жылдары тің жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егісі аумағын 13 млн га-ға артыру, ол жерлерден 1100-1200млн пұт астық, соның ішінде 800-900 млн пұт тауарлы астық алу көзделді.

Тың игеруге шет жерден ғана емес, республиканың өз ішінен де адамдар тартылды. Олардың арасында Кеңес Армиясы қатарынан босанып келгендер көп болды. Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы 640 мың адам келді. Бірақ олардың 150 мыңы ғана ауыл шарушылығының механизаторлары еді.

Тың игеру республиканың Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді. 1954 жылдың өзінде-ақ тың көтеру жөніндегі жоспар артығымен орындалды. Қазақстанда 6,5 млн га тың жер жыртылды.Тың игерушілер айтарлықтай көрсетікшке 1956 жылы жетті. Тың игерушілерде көтеріңкі рух, еңбекке деген құлшыныс жоғары болды. Еңбек озаттары көптеп шығып жатты. Тың игеру бидайды ғана емес, астықтың өзге түрлерін өсіруге игі ықпал етті Сол жылдары Қазақстанның оңтүстігінде күріш өсіру ісі жанданды. Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Қызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштен рекордты өнім алуға қол жеткізіп, еселі тамаша үлгісін көрсетті.

Ә) Оқушылар оқулық мәтінімен танысып, өз пікір – ойларын айту, оқушылардың әр қайсысына тапсырма беріледі.


1. Қазақстандағы тың игерудің міндеттері.

2. Тың және тыңайған жерлерді игеру қиындықтары және қателіктері.

3. Демографиялық ахуалдың өзгеруіінің келеңсіз әсерлері.

4. Тың игерудің салдары (кері әсері.)


1-тапсырманың орындалуы: 1954 жылдың тамызына КСРО-да тың игеру жөнінде белгіленген тапсырма орындалады.

13,4 млн – га жаңа жерлер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. –га жер жыртылды. 1954 ж. тамыздың 13-інде КОКП Орталық Комитеті мен КСРО министірлер Кеңесі жаңа қаулы қабылдады. Онда 1956 жылы тың жерлердегі егістік қөлемін 28-30 млн гектар жаңа жерлер жыртылды. Екі жылға арналған жоспар не бары бір жылда артығымен орындалды. 1959-1965 жылдарда белгіленген жалпы өнімді 70 пайызға өсудің 15 пайыз өнім алынды.



2-тапсырманың орындалуы: Тың жерлерді игеруге он мыңдаған мамандар, ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушылар аттандырылады. Ақмола облысына 20 мыңнан аса адам келді. Тың жерлерді жаппай игеру кезеңінде жаңадан құрылған шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын нығайту, ауыл шаруашылығын интенсивті даму жолына түсіру туралы сөздер айтылғанымен, сөз жүзінде қалып, экстенсивті жолмен дамыды. Үлкен көрсеткіштерге жету ұшін аса үлкен аумақтар жыртылды. Экономикалық тепе-теңдік бұзылды. Топырақ эрозиясы кұшейді, жердің құнарлы қабаты желге ұшты. Оның үстінде астық дақылдарын себу ұшін жайылымдық жерлердің көлемін азайтты.

Тың игерілген облыстарда қазақ мектептерінің саны күрт төмендеді, қазақ тілінде шыққан мерзімді баспасөздер жабылды. Қазақстанның солтүстігінде тілдік және демографиялық хал-ахуал өзгерді.



3- тапсырманың орындалуы: Тың игеру кезінде республикаға көшіп келушілер саны қисапсыз көп болды. 1954 жылдан 1962 жылға дейін 2 млн-ға жуық адам келді. Мұның үстіне осы жылдары республиканың өнеркәсібінде құрылыс және көлік саласында жұмыс істеу үшін одан тысқары жерден кең көлемде жұмыс күшін тарту орын алды. Оыс жолмен 1954 – 1955 жылдары Қазақстанға 0,5 млн адам қоныс аударды. Одан Одан кейінгі жылдарда да республиканың өнеркәсібіне, құрылысына сырттан, ұйымдасқан түрде, жұмысшылар мен мамандарды әкелу жалғаса берді.

Осының бәрі елдің байырғы тұрғындары – қазақ халқы мен басқа халық өкілдері арасында сан жағынан алшақтықты туғызды. 1959 жылғы санақтың қортындылары бойынша, қазақстар сан жағынан өз республикасы тұрғындарының үштен бірінен де аз немесе 30 пайызы ғана болды. Ал 1897 жылы қазақтар Қазақстанды мекендеушілердің 85 пайызына тең еді.



4- тарсырманың орындалуы:

1. Орасан мол аумақтар жыртылды.

2. Экологиялық тепе- теңдік бұзылды.

3. Топырақ эрозиясы күшейді.

4. Жердің құнарлы қарашірік қабаты (гумус) желге ұшты.

5. Мал жайылымдары мен жемшөп дайындайтын алқаптың ауқымы тарылды.

6. Ет, сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.


Сабақты қортындылау тест жұмысы:

1.1950 жылдардағы ауыл шаруашылығы қандай жолмен дамыды?

А) қарқынды, ә) экстенсивті, б) нарықтық, в) қайта құру.

2. Тың игеру қарсаңында Қазақстан компартиясы Орталық коитетінің Бірінші хатшысы болып кім сайланды?

А) Брежнев, ә) Қонаев, б) Пономаренко, в) Жүнісбаев.

3. Тың игеруге байланысты 1954 жылы Қазақстанда қанша жер жыртылды?

А) 4,3 млн га, ә) 6,5 млн га, б) 7,6 млн га

4. 1956 жылы Қазақстан тыңнан қанша астық жиналды?

А) 10 млн т, ә) 16 млн т, б) 18 млн т, в) 20 млн т.

5. Тың және тыңайған жерді игерудің қандай келеңсіздіктері болды?

А) Жердің құнарлы қабаты желге ұшты, ә) Топырақ эрозиясы күшейді.

6. Тың игеру Қазақстанның қай облыстарында жүзеге асты?

А) Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар.

ә) Алматы, Талдықорған, Семей, Оңтүстік Қазақстан.

б) Қызылорда, Шымкент.

7. Тың және тыңайған жерді игерудің екі жылға арналған жоспары қанша жылда орындалды?

А) 2 жылда ә) 1жылда, б) 3 жылда в) 5 жылда.

8. Тың игеру кезінде Қазақстанға қанша адам тұрақты тұру үшін көшіп келді?

А) 1млн, ә) 1,5 млн, б) 2 млн, в) 3 млн.


Қортындылау: «Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбелідей болса да

Туып өскен ел қымбат» - деп халық айтқандай ауыл шаруашылығын дұрыс жолға қоймай халқымыздың шаруашылығы артып, хал тұрмысы жақсармасы анық.

Ерте кезден-ақ халқымыз табиғатты қастерлеп, бар өмірі табиғат аясында өткен. Ардақты азаматымыз, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мына бір жан тебірентер жүрек толғауы ойға оралады: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз?» десе, халқымыздың мақтанышы Шоқан Уәлиханов: «Табиғат, адам, өзіңіз айтыңызшы, тіршілкте одан ғажап, олардан құпия не бар?» деп атап көрсеткен.

Құрметті оқушылар! Сөзімнің соңында:

«Туған жерді сүю парыз!

Сүю үшін білу парыз!

Қасиетін ұғу парыз!

Күзетінде тұру парыз» - демекші туған жерімізді Жер –Ананы қастерлеу біздердің міндеттіміз деп ұғыну керек.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет