«Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы»


Қыпшақтық рухани мәдениет, оның әлеуметтік-саяси аспектілері



бет2/5
Дата08.06.2018
өлшемі102,56 Kb.
#41871
1   2   3   4   5

Қыпшақтық рухани мәдениет, оның әлеуметтік-саяси аспектілері

Қыпшақ мәдениеті, тілі, оның дамуы. Қыпшақ тіліндегі әдеби

ескерткіштер мен жазба деректер. "Кодекс Куманикус"- ескерткіш.

Қутыбтың "Хосроу және Шырын" шығармасы (Низамидің аттас поэмасының

қыпшақ тіліне аудармасы). Хорезмидің "Мухаббат намесі" (1353 ж.). Хусама

Қатибтің "Жұмжұма Сұлтаны" (1370), Саиф Сарайдың "Гулистан бит-

Түркиі" (Саади поэмасының желісі бойынша).

Көшпенділердің рухани мәдениетінің дәстүрлі жанрларының дамуы:

ертегілер, ауызша халық шығармашылығы, оның жыраулық түрі. Кетбуға

(ХІІІ ғ.), Сыпыра-жырау Сұрғылтайұлы, Қодан-Тайшы т.б. ақын-

жыраулардың шығармалары.

Қыпшақтың (қазақтың) батырлық эпосының қалыптасуы: "Қобланды-

батыр" (ХІІ ғ. аяғы - ХІІІ ғ. басы), "Ер Сайын", "Алпамыс", "Едіге-батыр"

(ХV ғ. басы),"Ер Тарғын", "Орақ-Мамай".



ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

КЕЗЕНІНДЕГІ САЯСИ ИДЕЯЛАР (XV-XVIII Ғ.Ғ.)

Қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасу процесстерінің

саяси тарихы

XIV-XV ғ.ғ. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы саяси,әлеуметтік-экономикалық,

саяси процесстер. XV ғ. 30-50 ж.ж. өзбек хандығындағы тарихи жағдай.

Біртұтас мемлекет - Қазақ хандығының қалыптасу тарихи, саяси

алғышарттары. Қазақ халқының қалыптасуы. Шаруашылығы, тұрмысы мен

мәдениеті. әлеуметтік құрылымы, топтар мен категориялар. Қазақтың

дәстүрлі қоғамындағы хан билігі. Орталықтанған қазақ мемлекеттігінің

нығаюы. Қазақ хандарының тарихи ролі, ішкі және сыртқы саясаттары:

Керей, Хак-Назар, Тәуекел, Қасым, Абылқайыр, Тәуке хан. Абылай хан,

оның қазақ мемлекеттігін нығайтудағы ролі. Мемлекеттік қайраткер

ретіндегі оның мұраттары мен принциптері.

Далалық демократия (көшпенділер демократиясы), оның ерекшеліктері.

"Жеті жарғы", оның ережелері, маңызы. Билер институты және оның

әлеуметтік-саяси мәні мен маңызы.



Қазақтың дәстүрлі рухани мәдениеті, оның дүние танымдық,

әлеуметтік-саяси мазмұны

Қазақ фольклоры, батырлық дастандар, халықтық ертегілер, айтыстардың

әлеуметтік-саяси аспектілері. Шешендік (ораторлық) дәстүрі. Би-шешендер:

Төле-би, Қазбек-би, Айтеке-би т.б. Олардың әлеуметтік, саяси идеяларының

мәні.

Тарихи, әдеби шығармалардағы қазақ хандығы мен қазақ халқының



қалыптасу тарихының мәселелері. Асан Қайғы. Мырза Мухаммед Хайдар

Дулатидың "Тарихи-и-Рашидиі", Қадырғали Косым ұлының "Жами-ат

тауарихы", Утемиш Хажының "Шынғыс намесі", Хан Абылғазының (1603-

1664 жж.) "Шаджара-ий тюркі" ("Түріктер генеалогиясы") қазақ хандығының

құрылу тарихы, оның мәселелері туралы.

Хандық дәуірдегі Қазақтың ауызша және жазба әдебиетіндегі

еркіндік, отанды қорғау идеялары

Жыраулар - Қазтұған, Досмамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа,

Тәттіқара және Үмбетей шығармаларының саяси және идеологиялық

аспектілері. Қазақ ақындары мен жырлаулардың XVII ғ. аяғы - XVIII бірінші

жартысында Қазақстанның саяси өмірі мен тарихи оқиғаларындағы орны

мен рөлі. Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768 жж.). Бұқар Қалқаманұлы (1668-

1781 жж.), оның қазақ халқының жонғарларға қарсы күресіндегі ролі. Бұқар

Қалқаманұлы қоғамдық-саяси қайраткер, әрі ойшыл. Қожаберген жырау,

оның "Елимай" атты жоқтау өлеңімен дастанының маңызы.

Қазақстанның ресейге қосылуы және отарлануы кезіндегі саяси

идеялар, ағымдар мен қозғалыстар

Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі ұлт-азаттық күресі, оның

себептері мен идеологиясы

Қазақстанның Ресейге қосылуы. Оның алғышарттары. Қазақстанның

Ресейге қосылуы кезіндегі саяси ағымдар. Абылқайыр хан және оның ролі.

Ресей империясының отарлау саясаты және оның салдарлары. Көшпелі

шаруашылық жүйесі дағдарысының асқынуы.

Қазақ қоғамының экономикалық өмірі мен саяси құрылымындағы

өзгерістер. Қазақстанда хандықтың жойылуы. Қазақ өлкесін басқарудың

жаңа жүйесінің ендірілуі. Ұлт-азаттық қозғалыстар: 1) Сырым Датов

бастаған көтеріліс (1783-1797 ж.ж.); 2) Исатай Тайманов пен Махамбет

өтемісов бастаған көтеріліс (1836-1838 ж.ж.); 3) Хан Кенесары Қасымов

бастған халық-азаттық күрес (1837-1847 ж.ж.); 4) Ж. Нұрмұхамедов бастаған

көтеріліс. Себептері мен мәні. Әлеуметтік- саяси мотивтері мен принциптері.



ХІХ ғ. Қазақ әдебиетіндегі тәуелсіздік, бостандық идеялары және

отарлық саясатты сынау

Махамбет Өтемісов (1804-1846 ж.ж.), оның 1836-1838 ж.ж. халық-азаттық

көтерілістегі ролі. Өтемісов өз халқының еркіндігі мен тәуелсіздігінің

жыршысы. Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881 ж.ж.), Сүйінбай Аронұлы

(1815-1898 ж.ж.), Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871 ж.ж.). "Наурызбай-

Қаншайым" поэмасы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың

сипаты және тағдыры туралы.

Қазақстандағы Ресейдің отарлау саясатымен байланысты өзгерістерге

әдебиеттегі сыни көзқарас. "Зар заман" ағымы деп аталған топтың ақындары:

Дулат Бабатайұлы (1802-1974 ж.ж.), оның "өсиет-намесі", Шортанбай

Канайұлы (1818 -1881 ж.ж.), Мұрат Мөнкеұлы (1843-1906 ж.ж.), Әбубәкір

Кердері Шошанұлы (1858-1963 ж.ж.). Олардың әлеуметтік-саяси әуендері

мен идеялары.

Қазақстандағы ағартушылық қозғалыс, оның әлеуметтік-саяси мәні

және идеялары

Қазақ ағартушылығының тарихи алғышарттары және заңдылығы. Шоқан

Уалиханов (1835-1865 ж.ж.) қазақ ағартушылығының негізін қалаушы.

Уалиханов еңбектеріндегі саясат пен құқық мәселелері. Ш. Уалиханов сот

реформасы және қазақ қоғамының мәселелері туралы.

Ы. Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.), оның прогресстік әлеуметтік-саяси

идеяларды дамытуы. Ы. Алтынсариннің запискалары.

Абай Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.), оның философиялық, әлеуметтік-саяси

ілімі. Абайдың қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, адамгершілігі

жақтарын сынауы. Құнанбаев шығармаларындағы әлеуметтік, адамгершілік

мәселелері. Абайдың қазақ халқының келешегі, оның мәселелері, қоғамдық

қатынастарын жетілдіру т.б. туралы көзқарасы.



ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы қоғамдық даму және саяси ой

Империядағы және Қазақстандағы тарихи жағдай. Қазақстан - отар,

ішкізат көзі. Қазақстанға шаруалардың қоныс аударуы және көшпелі

қазақтардың жерлерін тартып алу, зорлық-зомбылық әрекеттері.

Әлеуметтік, ұлттық, отарлық қанаудың күшеюі. Болмай қоймайтын

әлеуметтік тітірету және тарихи хаос қаупі. ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстанның

саяси өмірін дамуының жаңа серпіні. Қазақстандағы ұлттық интеллигенция

және идеялық-саяси ағымдар. "Шора ислами" мұсылмандық қозғалысы.

Бүкіл түрік халықтарын біртұтас түрік мемлекетіне біріктіру идеясы.

"Айқап"журналының, "Қазақ" газетінің идеялық саяси бағдары. Олардың

беттеріндегі өлкенің әлеуметтік-саяси, қоғамдық мәселелері. Бірінші

дүниежүзілік соғыс және Қазақстандағы жағдайдың шиеленісуі. 1916 ж. ұлт-

азаттық көтерілісі. Көтерілістің себептері мен мақсаты, оның Жетісуда

басылуы.


"Алаш" либералдық-демократиялық қозғалысы, және оның идеологиясы.

Қазақ халқының бостандығы және оның мүдделерін қорғау үшін күресу

идеясы. А. Бөкейханов (1866-1937 ж.ж.) - Қазақстандағы либералдық-

демократиялық қозғалыстың идеологы, лидері. Бөкейхановтың өлкені

отарлау тарихына көзқарасы. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 ж.ж.) және

оның ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына үлесі. Мыржақып

Дулатовтің (1885-1935 ж.ж.) қоғамдық-саяси қызметі мен дүниетанымы

"Оян, қазақ!" жинағының идеясы. М. Дулатовтың қазақ халқының тарихы,

шығу тегі, оның ұлттық дамуы мәселелері туралы концепциясы. М.

Сералиннің, С. Торайғыровтың, Ш. Құдайбердиевтің т.б. қоғамдық,

шығармашылық қызметі. Олардың шығармаларының әлеуметтік-саяси

аспектілері мен негізгі императивтері.



Саяси ойдың кеңестік кезеңдегі даму ерекшеліктері

Ақпан және қазан революцияларының (1917) жеңісі. Қазақстандағы саяси

ахуал. "Алаш"партиясының құрылуы, оның бағдарламалық талаптары. "Үш

жүз" партиясы. 1917 ж. Орынбордағы 1 және 2 бұкілқазақтық съездер. Алаш

Орда үкіметінің құрылуы, оның қимылы және таратылуы. Кеңестік

тоталитарлық жүйенің қалыптасуы. Қазақтың кеңестік мемлекеттігінің

құрылуы және оның маңызы.

Елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Әміршіл-әкімшілік жүйе,

оның елдің қоғамдық-саяси тіршілігіне ықпалы. Тоталитарлық және еркін

ойлау. Мұстафа Шоқай көрнекті қоғамдық саяси қайраткер, әрі ойшыл.

Оның дүние танымы, күресі мен саяси принциптері. "Біртұтас Түркістан"

идеясы. М. Тынышпаевтың дүниетанымы мен мұраттары. Т. Рыскуловтың, С.

Садуақасовтың, С. Қожановтың т.б. қоғамдық-саяси қызметі, идеялары мен

принциптері. Ж. Аймаутов, М. Әуезов, Ж. Жабаев, И. Жансүгуров, Б.

Майлин, С. Сейфуллин және М. Жұмабаев шығармаларының әлеуметтік-

саяси аспектілері. 1937-1938 саяси зобалаңдар және олардың Қазақстандағы

рухани мәдениет пен саяси ойдың дамуына әсері. Социалистік утопиялық

парадигма, оның тарихи тағдыры. әлеуметтік-экономикалық өмірдегі "ұлы

бетбурыстар", бұрмалаулар мен алатопалаңдар. СОКП саясаты және оның

саяси өмір мен ұлттық қатынастарға ықпалы. 1986ж. желтоқсандағы Алматы

оқыйғасы, оның себептері мен маңызы.

Д.А. Қонаев тарихтың кеңестік дәуірінің көрнекті мемлекеттік

қайраткері, әрі ойшылы. Оның еңбектері мен мемуарлық жұмыстарының

әлеуметтік-саяси аспектілері.



ЕГЕМЕН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА САЯСИ МӘДЕНИЕТ

ПЕН ОЙ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз даму парадигмасы,

оның қалыптасуы және жүзеге асуы

Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігі - тарихи дамудың заңды

нәтижесі. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация және

оның саяси маңызы. Қазақстанда ұлттық мемлекеттің және оның ішкі және

сыртқы саясатының қалыптасуы. Қоғам мен мемлекеттің тіршілік-қызметінің

негізгі бағыттарын реформалау және оның мәселелері. Тоталитарлық мұраны

жеңу және демократиялық саяси жүйеге өту. Президенттікбасқару

институты, құқықтық мемлекет пен парламенттіктің қалыптасуы. Қоғамның

жаңа саяси және партиялық жүйесінің қалыптасуы мен қызмет етуі.

Мемлекеттік сәйкестілік, Қазақстан Респуликасының Саяси- әлеуметтік

және мәдени дамуы және ішкі рухани және психологиялық ынтымақтасу.

Діни жаңғыру.Қазақстан тіл саясатының тұжырымдамасы. Қоғамның тұрақтылығы мен

этносаралық қатынастарды үйлестіру және оны жүзеге асыру шаралары.

Қазақстанның және қазақ халқының шын тарихы тұжырымдамасының

қалыптасуы.

Қоғамды демократияландыру мен жаңарту тұжырымдамасы және

оның негіз қалаушы элементтері

Қоғамды демократияландыру мен жаңарту мәселесі. Демократиялық

Қазақстан, оны құрудың негізгі міндеттері, кеңауқымды бағдарламасы.

Мемлекеттік билік жүйесін жетілдіру және құқықтық мемлекетті қуру.

Қазақстанда партиялық демократияны дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару

мен азаматтық қоғам институттарының қалыптасу мәселелері. Қазақстанның

ұлттық қауіпсіздігін нығайту тұжырымдамасы. Қазіргі жаһандану

жағдайындағы Қазақстан Республикасы - оның сыртқы саясатының негізгі

басымдықтары мен геосаяси принциптері.

Қазақстан Республикасының дамуының өзекті әлеуметтік-экономикалық

және саяси мәселелері, оның алғашқы президенті Н.А. Назарбаев

еңбектерінде дамытылуы. Тәуелсіз Қазақстан дамуының негізгі бағыттары

мен басымдықтары туралы. Қазақстанның 2030 - ға дейінгі кезендегі даму

Стратегиясы. "Тарих толқынында" атты кітаптің негізгі идеялары.

А. Кекілбаев, О. Сулейменов т.б. қоғамдық-саяси қызметтері және

дүниетанымдық принциптері мен идеялары.



ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫ

ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢҮЛГІЛІК ТІЗІМІ

1. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының қоғамдық санасы мен әлеуметтік-

саяси идеаларының бастауы мен алғы шарттары.

2. Әлеуметтік-саяси ой дамуының ежелгі түркілік кезеңі (V-XII ғғ.).

3. Исламның Қазақстанға енуі мен таралуы кезіндегі қоғамдық-саяси ойлар

(Х-XII ғғ.).

4. Дешті- Қыпшақ және Қазақстанның оңтүстік-шығысы халықтарының

әлеуметтік-саяси идеалары (ХIV-XV ғғ.).

5. Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы кезіндегі саяси ойлар (ХV-XVIII

ғғ.).


6. Қазақстаннаң Ресейге қосылуы мен отарлануы кезіндегі әлеуметтік-

саяси идеалар мен ағымдар.

7. ХХI ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы саяси ой және әлеуметтік-саяси

қозғалыстар.

8. Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси даму және саяси ой.

9. Егемен және тәуелсіз Қазақстандағы саяси ой жүйесінің қалыптасу және

даму мәселелері.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҮЛГІЛІК ТАҚЫРЫПТАРЫ:

1. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының мифологиясы.

2. “Қорқыттың және “Оғыз- намең эпостарының әлеуметтік- саяси идеялары.

3. Әл- Фарабидің әлеуметтік- саяси мұраттары.

4. Ж. Баласағұнның “Қутадгу білігің әділетті басқару туралы.

5. Қожа Ахмет Яссауи идеялары.

6. М. Қашғари, С. Бақырғани және Ахмед Иегунекидің әлеуметтік- саяиидеялары.

7. Қыпшақ (XIII-XIVғғ.)әдебиетінің әлеуметтік- саяси идеялары.

8. Жыраулық, оның әлеуметтік- саяси маңызы.

9. Хандық билік, мәні және маңызы.

10. Жеті- Жарғы оның принциптері.

11. М.Х. Дулатидің “Тарих-и-Рашидиң шығармасының негізгі идеялары.

12. Далалық демократия, оның ерекшелігі және маңызы.

13. Асан Қайғы, Қазтуған, Ақтамберді, Бұхар- Жырау шығармаларыныңеркіндік,патриоттық және бірлік идеялары.

14. Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыстарының дәлелдері мен идеялары.

15. М. Өтемісов. Халық көтерілісінің жаршысы.

16. Зар Заман ақындары, олардың идеялары.

17. Ш. Уалихановтың сот реформалары туралы Запискалары.

18. “Айқап және “Қазақң газетінің әлеуметтік- саяси тұстары.

19. “Алаш партиясы», оның бағдарламалық талаптары.

20. Қазақстандағы либералдық, демократиялық қозғалыс және оның

идеологиясы.

21. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатов шығармаларының

саяси мазмұны.

22. М. Шоқай, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов т.б саяси мақсаттары мен

қызметі.


23. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, оның тарихи маңызы.

24. Қазақстандағы демократияландыру және азаматтық қоғамды құрумәселесі.

25. Қ.Р- ның ұлттық қауіпсіздігі және геосаясаты.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

1. Абай (Ибрагим Құнанбаев) Екі томдық шығамалар жинағы. Алматы,1988.

2. Авеста. Душамбе, 1990.

3. Айтыс. Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. 1, 2 кітап. Алматы, 1992.

4. Алаш-Орда. Документер жинағы (Құрастырушы Н. Мартыненко).Алматы, 1992.

5. Әл-Фараби. әлеуметтік-этикалық трактаты. Алматы: Ғылым, 1975.

6. Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецких народов СреднейАзии. Соч. Т.1. М., 1963.

7. Батырлар жыры. Көп томдық. Алматы, 1, 2 тт. 1986; 3 т. 1987; 4, 5 тт.1989.

8. Бес ғасыр ақындары (Поэты пяти веков). Алматы, 1993.

9. Боздағым. Қазақтың жоқтау жырлары. Алматы: Жазушы, 1990.

10. Дала уалаятының газеті. Алматы: Ғылым, 1992.

11. Ежелгі әдебиет («Древняя литератураң). Хрестоматия. 2 кітап. Алматы,1991.

12. Ежелгі қазақ әдебиеті 1, 2 кітап. Алматы, 1992.

13. Ертегілер. Көп томдық. 1, 2, 3 тт. Алматы: Жазушы, 1988.

14. Иассауи А. Ақылкітабы («Диуана хикметң). Алматы, 1993.

15. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий.Алматы, 1992.

16. Қазақ КСРның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация // Қазақстан:мемлекеттіліктің кезеңдері. Конституциялық актілер. ҚұрастырғанЖ.Баишев. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.

17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.

18. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы. ҚР заны //Ведомости Совета РК. 1951. № 51.

19. Қазақстан Республикасының тіл саясатаның тұжырымдамасы //Казахстанская правда. 1996. 6 қараша.

20. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1, 2, 3 тт.Алматы, 1996-2000.

21. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1993.

22. Қазақтар. Тарихи-этнографиялық зерттеулер. Алматы, 1995.

23. Қашқари М. Түбі бір түрки тілі. «Диуани луғат ит-түркі. Алматы, 1993.

24. Қисса-дастандар. Алматы: Жазушы. 1986.

25. Назарбаев Н. ХХІ ғасыр табалдырығында. Алматы, 1996.

26. Назарбаев Н. Қазақстан-2030. Алматы, 1997.

27. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Ата Мура, 1998.

28. «Мәдениет тұралың ҚР заны // Егемен Қазақстан. 1996. 28 желтоқсан.

29. «Саяси партиялар туралы» ҚР заны // Ақиқат. 2002. № 9.

30. Тынышпаев М. Қазақ халқыңың тарихы. Алматы, 1993.

31. Уалиханов Ш. Тандамалы. Алматы: Жазушы, 1985.



Қосымша:

1. Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмагамбетов И.Н. Казахстан: эволюциягосударства и общества. Алматы, 1996.

2. Абылай-хан. Алматы, 1993.

3. Аджи Мурад. Полынь половецкого поля. М., 1994.

4. Аймаутов. Ж. Шығармалары. Алматы, 1989.

5. Акишев К.А. Искусство и мифология саков. Алма-Ата, 1984.

6. Акишев К.А., Баипаков К.М., Ерзакович Л.Б., Древний Отрар. Алма-Ата,1972.

7. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Алматы, 1988.

8. Аль-Фараби. Избранные трактаты. Алматы, 1994.

9. Асфендияров С.Д. История Казахстана. Алматы: Ататек, 1993.

10. Аяганов Б. Государство Қазақстан: эволюция общественных систем.Алматы, 1993.

11. Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана ІІ половины ХІХ-началаХХ вв. Алма-Ата, 1979.

12. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. Алма-Ата, 1983.

13. Байтурсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.

14. БаласагунскийД. Благодатное знание. М., 1983.

15. Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. Соч. Т.ІІ. Ч.1. М.,1963.

16. Бернштам А.Н. Социально-экономический строй орхоно-енисейскихтурок VI-VIII вв. М.-Л., 1946.

17. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: демократическая модернизацияобщества переходного периода. Алматы, 1997.

18. Бисембиев К.Б. Очерки истории общественно-политической ифилософской мысли Казахстана. Алма-Ата, 1977.

19. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азиив древние времена. М., 1950.

20. Боис М. Зороастризм. Верования и обычаи. М., 1986.

21. Бокейхан Н. Таңдамалы (Избранное). Алматы, 1995.

22. Бұлтай М. Ата-баба. Діні Неге түркілер мұсұлман болды? Алматы,2000.

23. Бұрабаев М.С. Общественная мысль в Казахстане. 1917-1940 гг.Алматы: Ғылым, 1991.

24. Бұхар-Жырау. Қалқаман ұлы. Алматы, 1992.

25. Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. Алма-Ата,1989.

26. Вяткин М.П. Батыр Срым. М.-Л., 1947.

27. Габитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. Алматы, 1998.

28. Григорян С.Н. Великие мыслители Средней Азии. М., 1958.

29. Гумилев Л.Н. Ежелгі түріктер (Древние тюрки). М., 1993.

30. Дербісалиев ғ. Шыңырау бұлақтар. Алматы, 1982.

31. Древнетюрский словарь. М., 1969.

32. Древности Казахстана. Алма-Ата, 1975.

33. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1989.

34. Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. Алматы:Санат, 1999.

35. Есім Г. Сана болмысы. 1-6 тт. Алматы, 1996-2001.

36. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, 1986.

37. Жұмабаев М. Шығармалары. А., 1989.

38. История Казахской ССР в 5-ти томах. Алма-Ата, 1977.

39. История Казахстана: исследования и документы. Алматы, 1998.

40. История Казахстана: Очерк. Алматы, 1993.

41. Касабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиялының тарихына кіріспе.Алматы, 1994.

42. Келимбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 1991.

43. Книга моего деда Коркута. М., 1962.

44. Козыбаев М. История и современность. Алма-Ата, 1991.

45. Кочевники-эстетика. Алма-Ата, 1992.

46. Күзембайұлы А., Әбіл Е. История Республики Казахстан. Уч.пос.

Алматы: Санат, 1998.

47. Нурпеисов К.Н. Алаш. Алаш-Орда. Алматы, 1995.

48. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дұниетанымы. Алматы: Ғылым, 1996.

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті

Гуманитарлық факультет

Философия және саясаттану кафедрасы

«Бекітемін»

Гуманитарлық факультет деканы: Мұхажанова Р.М.

_________________

«____»_____2012 ж

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән атауы: Қазақстандағы саяси ой

Мамандық 5В050200 «Саясаттану»

Кредит саны: 3

Курс: 2

Семестр: 3

Дәріс __30_сағ

Практикалық (лабораториялық ) сабақ _ _15 сағ__

Барлық аудиториялық сағат 135_сағ

ОЖСӨЖ 22,5___сағ

СӨЖ67,5___сағ

Емтихан 3 семестр

Семей – 2012 ж.

Жұмыс бағдарламасы кәсіптік білім берудің Мемлекеттік стандарты негізінде құрастырылған.

Құрастырушы: оқытушы Қ.А. Нұрғазы
Жұмыс бағдарламасы гуманитарлық факультеті «Философия және Қазақстандағы саяси ой» кафедрасының отырысында талқыланған.
Хаттама №_1___ «__01__»_______09___________2012 ж
Кафедра меңгерушісі Түйебаев М.М.
Гуманитарлық факультеттің әдістемелік кеңесі мақұлдаған.
Хаттама № _1___ «__01__»______09___________2012 ж
Әдістемелік кеңестің төрайымы_________________ Абенова Г.А.

Пәннің оқу бағдарламасы – (силлабус)

1.1. Оқытушы жайлы мәліметтер:
Байланыс ақпараттары: телефон

1.2. Пән жайлы мәліметтер.

Атауы: Қазақстандағы саяси ой.

Несие саны: 3.

Курс

Семестр

Несие

Дәріс, сағат

Семинар,

Сағат


СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі.

1

2

3

4

5

7

8

9

2

3

3

15

15

45

90

Емтихан



1.3. Пәннің пререквизиті: «Қазақстандағы саяси ой» пәні оқу үшін:
- философия әлеуметтік және гуманитарлық пәндердің категориялық аппаратын анықтаушы ғылым әдістемесі ретінде.

- Әлеуметтік тарих - өркениеттің даму жүйесі мен негізі ретінде.

- Саясат және құқықтық ілімдер тарихы.
1.4. Пәннің постреквизиті:

- Саяси және құқықтық ілімдер тарихы.

- Азаматтық құқық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет