«Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы»



бет1/5
Дата08.06.2018
өлшемі102,56 Kb.
#41871
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

4 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК



УМКД 042-14-5-08.01.20.27/03- 2014


«Қазақстанның саяси ойлары мен саяси тарихы» ПОӘК

№ 1 басылым

02.09.2011



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ОЙЛАРЫ МЕН САЯСИ ТАРИХЫ»

Саясаттану мамандығына арналған



ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2014


  1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Барлық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған.


Құрастырушы: Философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Садыков Дарын каукенович
«______» __________ 2014 ж.

  1. ҚАРАЛДЫ




    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында

Хаттама №______ «__»________ 2014 жыл


Кафедра меңгерушісі ____________ А.А.Мұқатаева

2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама №______ «__»________ 2014 жыл
ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева


  1. БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды


Хаттама №______ «__»________ 2014 жыл
ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова
4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № «___» ____ 201_ ж. баспа ОРНЫНА)

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Студенттің өздік жұмысы



6 Әдебиеттер

ГЛОССАРИЙ

Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.

Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.

Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.

Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.

Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.

Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.

Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.

Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.

Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.

Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.

Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.

Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.

Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.

Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.

Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.

Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.

Инновация-жаңалық енгізу

Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.

Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі

Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.

Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі

Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.

Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.

Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.

Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.

Саясаттану –қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым

Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.

Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері

Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы

Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым

Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.

Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.

Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..

Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.

Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері

Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.

Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.

Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.

Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.

Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.

Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.

Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.

Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.

Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.

Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.

Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.

Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ОЙ

көлемі 3 несие (135 сағат)



Авторы:

философия ғылымдарының кандидаты, доцент А.И. Лұқпанов



Пікір жазғандар:

философия ғылымдарының докторы, профессор Б.К. Кудайбергенов

саяси ғылымдарының кандидаты, доцент З.С. Гаипов

АЛҒЫ СӨЗ

«Қазақстандағы саяси ойң оқу пәнінің маңызы қазіргі Қазақстандадемократиялық құру процестерімен шарттыланған. Қоғамдық саяси жүйенідемократияландыру мен азаматтық қоғамды құру азаматтардың саяси ойлау

қабілетін дамыту және жоғары саяси мәдениетін қалыптастыруды қажет

етеді. Осы тұрғыдан курс орасан зор әлеуметтік гуманитарлық потенциалды

иеленеді, себебі ол қазақ халқының қоғамдық өмірі мен рухани даму

тарихын оқып үйренуге айрықша көңіл бөледі, сөйтіп жас маман-болашақ

саясаткерді дайындауға белгілі үлес қосады. Оның жотасы қазақ халқының

рухани мәдениетінің әлеуметтік-саяси аспектісі болып табылады. Бұл аса кең

көлемді мәселе. Оны осы оқу пәнінің қысқа курсының көлемінде толық

қамтып игеру оңай емес. Бұл-шын мәнінде көп қырлы кешенді-комплексті

мәселе. Және ол кеңестік кезеңде тиянақты, әрі мұқият зерттелмеді.

Тотарлитарлық жүйе үстемдік еткен заманда қазақ халқының рухани

дүниесіне қатынаста тарихи шындықты бұрмалайтын сыңар жоқ қатынасқа

жол берілді. Идеологиялық жағынан сенімсіз, қаупті дегендердің бәрі

алынып тасталды, оларға тыйым салынды. Біздің Республикамыз тарихының

қазіргі даму кезеңі бүкіл осындай біржақтылықты, осындай методологиялық

амал-әдісті толық жеңіп шығу үшін негіз қалады. Біз халқымыздың бүкіл

рухани мәдениетін, оны толық көлемінде-барлық нюанстары мен

қайшылықтарында және сан алуан түрлерінде алып ой елегінен өткізуге

тиіспіз. Әрбір халықтың оның өткен тарихи жолының бейнесі болып

табылатын рухани мәдениетінде әлеуметтік-саяси идеялардың белгілі

деңгейде қалыптасқан жүйесі болатындығы ақиқат. Қазақ халқының да

өзінің этникалық табиғатын, мәдениеті мен тұрмысын, дәстүлері мен әдет-

ғұрыптарын, адамдардың өзара қарым-қатынасы мен ділін бейнелейтін бай

рухани мұрасы бар.

Осы орайда аталған пән студенттерді Қазақстандағы қоғамдық-саяси

ойдың тууы және даму тарихымен, қазақ ойшылдары мен қоғамдық-саяси

қайраткерлерінің өмірі және шығармашылық мұраларымен

таныстырады,олардың жүйелі ғылыми дүниетанымының қалыптасуына

жәрдемдеседі, қоғадық-саяси ой тарихына терең қызығушылықты дарытады,

және оларды қоғамдық-саяси қызметке дайындауға мүмкіндік жасайды.

Курстың алдына қоятын мақсаты-бұл қазақ халқының саяси ойының бастауы

мен эволюциясын дамуының тарихи ұзақ кезеңінде оның бай рухани

мәдениетінің саяси және басқада мұралары негізінде жүйелі және жан-жақты

зерттеп білугеүйрету. Біз оны оқу процессі барысында тұтас күйінде

кезендер бойынша, тарихтың-теренінен күні бүгінге дейін, онын ең үлкен,

маңызды кезеңдерін жғне олардың көрнекті өкілдерін, ең алдымен күні

кешеге тыйым салынып келген - Дулат, Шортанбай, Шәкәрім, Мағжан

Жұмабаев, Мыржақып Дулатов және басқалардың шығармаларын көзден

таса етпей зерделеуді ниет етіп отырмыз.

"Қазақстандағы саяси ой" оқу пәні төмендегі міндеттерді қойып шешеді:

- қазақ халқының саяси ойының көп ғасырлық тарихы бар, оған белгілі

тереңдік пен жүйелік тән;

- қазақ халқының саяси ойы адамзаттың саяси ойы дамуының кең

арнасында дамыды, сонымен бірге өз алдына дербес төлтума құбылыс.

Оның өзіндік қисыны, өзіндік объективтік эволюциясы бар;

- ол өзінің дамуында біраз ірі тарихи дәуірлерді басынан кешірді, және

халық тарихының әртүрлі кезеңдерінде көптеген өзіндік ерекшеліктерге ие

болды;

- қазақ халқының саяси ойының қайнар көзі – оның бүкіл рухани



мәдениеті: ертегілері, мифтері мен аңыздары, фольклоры мен эпос-

дастандары, жазба ескерткіштері, ірі ойшылар мен жазушылардың

шығармалары, ұлт-азаттық қозғалыстардың басшылары мен идеологтарының

идеялары т.б.

"Қазақстандағы саяси ой" курсын оқып үйрену:

- саясаттану бөлімінің студентін саяси ой тарихы бойынша іргелі

біліммен қаруландырады оның дүниетанымын нығайтады және байытады;

- Қазақстан Республикасы мемлекетінің, оның Президентінің қазіргі

саясатын терең түсінуге, әлемде, алыс-жақын шетелде жүріп жатқан саяси

процесстерді талдай білугеүйретеді;

- тарихи процесті, қазақ халқының ұлттық өзіндік санасын, оның саяси

мәдениетінің қалыптасу тарихын жаңаша зерделеуге жәрдемдеседі;

- белсенді өмірлік тұғырды - қоршаған ортаға, республика, қоғам

өмірінде болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғаларға ықласты тәрбиелейді;

- студент жастарды жоғары саяси азаматтық парыз, патриоттық рухта

тәрбиелеуге жәрдемдеседі.

"Қазақстандағы саяси ой" пғнін оқыту алдында кездесетін іргелі пәндер -

Тарих, Философия, Социология, Құқықтану, Мәдениеттану т.б. Пәннің

түйінді мәселелерін игеруде Теориялық Саясаттану, Салыстырмалы

Саясаттану, Саяси Философия, Саяси Социология т.б аса маңызды, бұл

пәндердің жетістіктері курста ерекше орын алады. Бұл курс үшін

философиялық, құқықтық, әлеуметтанулық, мәдениеттанулық ілімдер

тарихы мен теориясының маңызы айрықша. Сонымен қатар "Қазақстандағы

саяси ой" пәні аталған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жүйесінде

танымдық, тәрбиелік жағынан аса маңызды өзіне ғана лайықты орынды

иеленеді.



ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Бұл пәннің объектісі көлемді, әрі күрделі, оны оқып үйренуде

төмендегі ірі кезеңдерге бөліп қарыстыру қисынды:

Қоғамдық сананың, оның ішінде әлеуметтік-саяси ойдың

қалыптасуында Қазақстанның ежелгі автохтонды тұрғындарының сенімдері

мен діні, мифтері мен аңыздарының, өнерінің маңызы зор. Ол шамамен

біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғ. - б.ж.с. V ғ. Бұл Қазақстан аумағында

протомемлекеттік құрылымдардың пайда болу кезеңі.

Адамзат тарихында түріктер мен олардың мемлекеттері көрнекті

орынды иеленеді (б.ж.с. V-ХІІ ғ.ғ.). Бұл далалық мәдениеттің басталу кезеңі.

әңгіме рунилық деп аталатын Орхон-Енисей және басқа көне түріктік,

ескерткіштік жазбалары, түріктердің ежелгі рухани мұралары, түркілер

тілінде жазылған эпостық шығармалары - "Қорқыт-ата" мен "Оғыз-наме" т.б.

туралы болып отыр.

ІХ ғасырдан бастап Қазақстан мен Орта Азияның қазіргі аумағына

исламның белсенді таралуы кезеңінде шығарамларында құнды

философиялық жғне саяси ойлар, қоғам, мемлекет және мемлекеттікбасқару,

билеушілер мен адамдар туралы идеялары мол тамаша оқымыстылар мен

жазушылар көрінеді. Солардың ішінде "Екінші ұстаз" деп аталған Абу Наср

әл-Фараби, түркі халықтарының баға жетпес ескерткіші - "Кутадгу биликтің"

авторы Жүсіп Баласағуни, Ахмед Иссауи, Махмуд Қашғари, С. Бақырғани т.

басқаларын атап көрсетуіміз қажет.

ХІІғ. басы - ХV ғ. бірінші жартысы - бұл Қазақстан аумағында

қыпшақтар жайлаған, мекен еткен аумақта біраз мемлекеттердің пайда

болған кезеңі. Осы курс үшін құнды материалдарды халықтың материалдық

және рухани мғдениеттің негізгі қаланғанын сипаттайтын қыпшақтық бұлақ

- көздерден, Хорезмидің "Мухаббат-наме", Құтыптың "Хосроу мен Шырын",

Саиф Сарайдың "Гулистан", Алтын Орда, Ақ Орда кезіндегі жыраулар

мұраларынан табамыз. Аса ірі кезең - қазақ хандығының құрылуы мен дамуы

кезеңі (XV-XVІI ғ.ғ.). Тарихтың осы кезеңінде қайталанбайтын халқымызға

ғана тән қоғамдық қатынастар жүйесі, саяси және мемлекеттік құрылыс

қалыптасты. Бұл хан сайлау дәстүрі, билер институты, қазақтың көшпелі

және жартылай көшпелі қоғамындағы далалық демократия мен хандық

биліктің үйлесімі. Әңгіме, көрнекті өкілдері Асан Қайғы және басқалары

болып табылатын қазақ халқының төлтума рухани мәдениеті туралы болып

отыр.


Халық тарихындағы осы күрделі, сонымен бірге лайықты - қазақ

хандығы төңірегіне қазақ тайпаларының бірігуі- кезеңінің тарихи құжаттары

мен рухани мәдениетін терең мұқият зерттеп, халықтың саяси ойының негізгі

концептуалды құратындарын тұжырымдау маңызды.

XVII ғасыр - қазақ халқының тарихындағы ең ауыр және трагедиялық

кезеңінің бірі. Бұлұлттық тәуелсіздік үшін күрес және Қазастанның Ресей

құрамына кіруі және оны отарлау кезеңі болып табылады.

Қазақстанның Ресей империясына қосылуы және оны отарға

айналдырумен байланысты қазақ халқының шаруашылық тіршілігі мен

қоғамдық өмірінде мәнді өзгерістер пайда болды. Осы өзгерістердің мықты

сыны ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері - Дулаттың,

Шортанбайдың, Мұраттың ж.б. шығармаларында берілді.

Осыған орай, атап кету керек, Кеңестік дәуірдің сиптты белгісі

Қазақстанның Ресей империясына кіруінің айрықша еріктілігін негіздеу,

осыған сай қазақ халқының тарихын осы процестің аса прогрестігі және

Қазақстандағы оған қара-қарсы тенденцияларды елемеу, немесе тіпті қаралау

тұрғысынан түсіндіру еді. Осы тұрғыдан халықтың рухани мәдениетінің

тұтас қабаттары реациялық, арта қалған, ортағасырлық, хандық-феодалдық

және ұлтшылдық деп қаралды. Алдағы міндет халықтың тарихи өткенін,

оның рухани мәдениетінің ең таңдаулы озық үлгілерін, ең алдымен Шәкәрім

Құдайбердиев, Мағжан Жұмбаев, Ахмет Байтұрсынов, М. Дулатов, М.

Шоқай т.б. шығармаларының тарихи философиялық, әлеуметтік саяси

идеяларын шын мәнінде игеру.

Қазақ халқының саяси ойының дамуында тарихи өзіндік сабақтастығы

бар және ол Қазақстан Республикасы халқының сапалық жаңа саяси санасы

мен мәдениетінің қазіргі оның шын мәнінде тәуелсіз, демократиялық дамуы

кезеңіндегі қалыптасу мен дамуы процесіне сөзсіз негіз болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстанның ежелгі тұрғындарының қоғамдық санасы мен саяси

идеялары қалыптасуының бастауы және алғы шарттары

Қазақстан аумағындағы ежелгі этномәдени қауымдастықтар мен

алғашқы мемлекеттердің саяси тарихы

Біздің жыл санауымызға дейінгі Қазақстандағы көшпенділер әлемі.

Қазақстан - арийлер мен сақтар елі.

Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттік құрылымдардың

қалыптасуы: сақтар, хунну, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар мен сарматтар. Көне

замандағы Қазақстан тайпалары мен тұрғындарының шаруашылығы,

қоғамдық-саяси құрылымы. Біздің э. 1 ғасырының бас кезіндегі

Қазақстандағы этномәдени және этнолингвистік жағдай. Көшпенді және

отырықшы, Шығыс жғне Батыстық Мәдениеттердің өзара ықпалдасуы.

Қазақстандағы ежелгі этномәдени қауымдастықтардың рухани

мәдениеті - әлеуметтік-саяси ойдың қайнар көзі

Қазақстанның көне тұрғындарының рухани мәдениетінің қалыптасуы,

мәні және ерекшелігі. Олардың дүние танымы, діні, мифтері мен өнері.

Протоқазақтық әлеуметтік ойдың қалыптасу процессінің ерекшелігі, оған

түріктілді этникалық топтар мәдениеті мен өмір салтының ықпалы.

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСИ ОЙДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТҮРІКТІК КЕЗЕҢІ

(V-ХІІ ғ.ғ.)

Ежелгі түрік тайпалары мен мемлекеттері тарихының этносаяси

концепциясы

Көне түрік тайпалар Одағының құрылуы. Түркілердің далалық

империясы. Бірінші түрік қағанаты (551-603 жж.). Қазақстан аумағындағы

Батыс-түрік қағанаты. Түріктер империясының мұрагерлері. Түргеш

қағанаты (552-756 жж.), Қарлұқ (756-940 жж.), Кимек (ІХ-ХІ ғ. басы), Оғыз

(ІХ-ХІ ғғ.) мемлекеттері. Караханидтер мен қыпшақтар. Шаруашылығы,

қоғамдық және мемлекеттік құрылымы. Түріктер империясы мен оның

мұрагерлеріндегі қаған (хакан) мғртебесі.



Ежелгі түріктердің рухани мәдениеті, оның әлеуметтік-саяси

мазмұны мен идеялары

Түріктердің әлеуметтік-саяси мұраттары мен дүние танымы. Діні,

сенімдері, мифтері. Тәңірлік. "Қасиетті" таулар (Ханғай таулары) культі -

табыну. "Оғыз-наме" мен Қорқыт туралы эпостар. Қорқыт оғыз, қыпшақ ру-

тайпалық одақтың қайраткері әрі ойшылы. Орталық Азия және Қазақстан

көне түріктерінің жазба ескертіштері. Орхон-Енисей тас жазба ескерткіштері:

"Күл-Тегін" -1 мен -2, және "Тоныкөк". Олардың мазмұны мен идеялары.

Түрік қағанатының бірлігі және түріктер мемлекеттігін нығайту

концепциясы. Жалпыәлемдік өркениет контекстінде түрік халықтарының

қоғамдық-саяси және мәдени тіршілігінің, дүниетанымының орны мен ролі.



ҚАЗАҚСТАНДА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ КЕЗІНДЕГІ (ІХ-ХІІ Ғ.Ғ.)

ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ОЙДЫҢ ДАМУЫ

Ислам, оның Қазақстанның түріктілді этностарының рухани

мәдениетіне әсері

Х-ХІІ ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстандағы қоғамдық-саяси

жағдай және рухани өмір. Орта Азия мен Қазақстанда исламның таралуы.

"Исламдық ренессанс", оның Қазақстанның түріктілді этностарына ықпалы.



Туран ойшылдары және олардың әлеуметтік-саяси идеялары

Шығыстың "Екінші ұстазы" әбу Насыр ғл-Фараби (850-950 ж.ж.), оның

философиялық, әлеуметтік-саяси көзқарастары. Махмуд Қашғари, оның

"Диван лугат ат-түркі". Ж. Баласағуни, оның "Кутадгу билиг" ("Құтты білік")

поэмасы. Баласағунның саясат, мемлекет басқару туралы идеялары.

Қожа Ахмет Иассауидің "Диуана Хикметі" ("Ақыл кітабы"), оның

философиялық, әлеуметтік-саяси аспектілері. Сулеймен Бақырғани мен

Ахмет Жүгінеки, олардың мұраларындағыәлеуметтік-саяси мәселер.



ШЫҒЫС ДЕШТІ-ҚЫПШАҚ, ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МәДЕНИЕТІНДЕГІ САЯСИ ИДЕЯЛАР

(ХІІІ-ХVҒ.Ғ.)

Шығыс Дешті-Қыпшақтың саяси тарихы

Ұлуг Ұлыс және Еуразия халықтары. Дешті-Қыпшақтағы этносаяси,

этномәдени процесстер. Қыпшақтық этностар, олардың тарихи ролі. Ақ

Орданың көтерілуі. Ноғай ордасындағы, өзбек хандығы мен Моғолстандағы

қоғамдық-саяси құрылыс. Олардың эволюциясы, қарым-қатынастары. Дешті-

Қыпшақ пен Түрікстан, -Ұлы даланың халқы, оның материалдық және

рухани мәдениеті. Байырғы түрік, монгол, және ислам мәдени дәстүрлерінің

өзара әрекеттесуі және сіңісуі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет