ҚазақстанРеспубликасының
Қ. Жұбановатындағы Ақтөбе өңірлік университетті
Физика-математика факультетті
ЭССЕ
Тақырыбы:Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі.
Орындаған:Махсут Нурила ФКО-102
2022
Жоспар :
Кіріспе ..........................................................................
Негізгі бөлім .......Ядролық сынақ..............................
Қорытынды..................................................................
Ядролық қарудан бас тарту мәселесі -барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық полигондар XX ғасырдағы ең ауыр қасірет болды. 1989 ж ақпанда КСРО жоғарғы кеңесіне сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада- Семей» қозғалысы қалыптасты, ол Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. 1989 жылы «Невада- Семей» қозғалысы полигонында жарылыс жасауға жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-не жол бермеді. Бұл ядролық қарусыз әлем үшін жасалған ең алғашқы және нәтижелі қадамдар еді. 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып,олардың саны әлем бойынша сынақтардық 4/1-ін құраған.Ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарыслыстан бірнеше есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері дәлелдейді. 1996 жылы Қазақстан толықтай ядролық қаруларға тиым салды.Ол-ядролық қарусыз әлем құру үшін жасалған еді.Дегенмен,ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелерде жоқ емес. Атом технологиялары мен материялдарының халықаралық ланкестер қолына түсуінің қаупі зор. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтық «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай деген: «Ядролық қаруды таратпай режімін нығайту жөніндегі бастамаларыз- әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесімізӘлемде алғашқы болып Семей полигонын жауып және атом қаруынан бас тартып, біз жетекші ядролық державлардан (АҚШ,Қытай,Ресей,Ұлыбритания) қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық »,-дед тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев.
Ядролық қарусыз әлем үшін жасалған бірнеше нақты бастамалар
мен қадамдар:
Семей полигонын жабу
1994 жылы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агентіктік (МАГАТЭ) мүшесі болды
1996 жылы Қазақстан толықтай ядролық қаруларға тиым салды.
- 1993 ж 13 желтоқсанда Ядролық қаруды таратпау туралы заңға қол қойды
Еліміз егемендігін алып, өз алдына жеке мемлекет болғалы да ширек ғасырдан асып барады. Осы уақыт аралығында Қазақстанның әлем елдері арасында беделі артып, ішкі даму сатыларында да талай биіктерді бағындырғанын көз көрді, көңіл сенді. Бірқатар халықаралық ұйымдарға жетекшілік етті, ауқымды іс-шараларды абыроймен атқарып шықты. Ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бағыттағы атқарған істерінің орны бөлек екені шындық, соның ішінде халықралық кеңістікте әлем елдерін бейбітшілікке шақырып үн қатуы адамзат баласының алдағы тағдыры үшін аса маңызды бастама болатын. Елішілік қатынастарда, сондай-ақ сыртқы саясатта да осы бастамасын сөзімен де, ісімен де жандандыруға бар күшін салды. Ядролық қару аты қорқынышты. Алайда мұндай қаруы жоқ елдер бар елдерге «мықты» деп қарайтыны анық. Тағы бір айта кетерлігі, қаруы бар елдердің де көңілі тыныш отыр деп ешкім айта алмайды. Шындығына келгенде жаппай қырып-жоятын тажалды өндіріп, сақтап орасан зор шығындарға батып отырып та тыныштығыңды сатып ала алмайтының белгілі болды. Бүгінде қуатты қаруға мына елдер иелік етеді: АҚШ, Ресей (КСРО ыдырағаннан кейін ядролық қаруды өз иелігіне алды), Франция, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея және Пәкістан. Сонымен қатар, бұл елдердің қатарында Израильді де қосуға болады. Бұл ресми мойындалмағанмен, әлемдік қауымдастықтар бұл мемлекеттің өзі құрастырып дайындаған қарулары бар дегенге меңзейді. Айта кетер тағы бір жайт, бұл тізімге Украина да кірген болатын. Алайда, украиндар 90-жылдары алапат қарудан бас тартып, ресми түрде бейбітшіл халық деген мәртебеге ие болған.
Қорытынды:
Қорытындылай келе, Қазақстан бүкіл әлем елдері үшін қарусыз әлемнің бастаушысы болып есептеледі. Себебі, ең алғаш ТМД елдері арасында ядролық қарудан бас тарты. Ядросыз әлем үшін жасаған нәтижелі бастамалары ел болашағы үшін маңызы зор. Қазақстан бастамалары бейбіт болашаққа жетелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Алдажуманов Қ.С «Қазақстан тарихы»5-том,Атамұра 2010
Егемен Қазақстан газеті
STUD.KZ
Достарыңызбен бөлісу: |