Қазақтардың ит ұстап баптауы



Дата06.02.2022
өлшемі21,98 Kb.
#80814
Байланысты:
ит


Кіріспе
Үй жануары ит туралы біз не білеміз? Итті жеті қазынаның бірі деген сауал мені қызықтырды. Сондықтан ит туралы мәліметтерді жинау қажеттілігін түсіндім.
Менің жұмысымның мақсаты: иттердің шығу тарихын, олардың түрлерін, тіршілігін, мекен ортасын зерттей отырып адамға тигізетін пайдасын анықтау.
Міндеттері:
1. Иттің шығу тарихын анықтау.
2. Иттің түрлерін білу, соның ішінде қазақ иттерінің түрлерін зерттеу.
3. Иттің атқаратын қызметі және оларды күту туралы мәлімет жинау.
4. Иттерден келетін зияндар туралы ақпарат жинау.

Иттің шығу тарихы
Ит – қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Иттер шамамен б. з. б. 15 – 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Бұлар – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі. Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1, 5 айдай емеді. Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі.

Иттердің түрлері
Қазіргі кезде Ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: шпице тәрізділер бұған терьерлер мен доберман - пинчерлер жатады; тазы иттер мен овчаркалар; Азия, Америка, Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері

Қазақтардың ит ұстап - баптауы

Иттің қазақ тұрмысындағы мәні
Басқа да мұсылман халықтары сияқты, қазақтар да итті арам жануар деп қабылдағанымен, оларды тұрмыс - тіршілігінде көп пайдаланған. Көшпенді қазақ тұрмысында иттің үлкен мәні бар, ол оның үйі мен мал - жанын қорғаған. Иттің қойшының еңбегінде атқаратын ролі аса маңызды. Дала қасқыры малға жақындағаннан үріп, қойшыға жеткізіп, малдың дала жыртқышының аузына түспеуінің алдын алады. Малшы қазақтардың айтуынша, олардың қасқырға қарсы үрген дыбысы жай кездері үргенінен басқаша болып келеді. Түнде бүкіл ауыл тарс ұйқыда жатқанда, иттер кірпіктерін ілместен олардың ұйқысын қорғап шығады.
Иттердің саны
Қазақтардың көпшілігі бір - бір иттен ұстайды, ірі малшылар 10 - нан ұстайды, орташа есеппен алғанда, әр үйге 2 иттен келеді
"Құмай тазы" қазақтың ертеден келе жатқан аңшы иті. Ол өте жылдам әрі алғыр, 6 айынан бастап аңшылыққа үйретеді 8 - 9 айында аңға қосады. "Құмай тазы" аңшылыққа тез үйреніп кетеді, оның өзінің аңшылық қасиеті болады. "Құмай тазының" өзге иісі болмайды яғни жаман иісі.

Тазының мінез - құлығы. Ит 1, 5 - 2 жасында толық жетіліп, ұйығады. 58 - 65 күн өткенде көздері жұмылған, құлағы естімейтін, тіссіз қызыл иек, соқыр, саңырау күшіктер туады. Шамамен бір апта өткенде құлақ тесіктері ашылып, онан тағы он күн өткенде көзін ашады, бір айда сүт тістері шығады. Қазақтар бауырын жаңа көтерген кезінде тазы күшігін қарғабауын беріп, үйіне әкеледі де, мәпелеуді бастайды. Арам мен қарам, адал мен сауапты, тәртіпті



Иттердің атқаратын қызметі
Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер.

Сән үшін
Иттің күтімі


Итті тәулігіне 1 - 2 рет, ауру, әлжуаз иттерді 3 рет
тамақтандырады. Ол сүйек – саяқ сорпасына пісірілген әр түрлі жармалардан жасалған бөкпен түрінде суытылып беріледі. Тамыр жеміс, көкөніс, сәбіз, қырыққабат, қызылша, оның сабағы шикідей немесе пісіріліп, тамаққа қосылып, алдына қойылады. Итке әртүрлі сүт тағамдарын да беруге болады. Негізгі тамағына минералдық қорек ретінде сүйек - саяқ та қосымша беріліп, қазір дүкендерде сатылатын ит тағамдарын да алып, пайдаланады. Негізінен, итті қалай тамақтандыру қажет, ол жөнінде мамандардың ақыл - кеңесін тыңдап, сол бойынша тамақ әзірлеген дұрыс
Итті жыл сайын оба, құтыру ауруларына қарсы егіп тұру қажет.
Иттен келетін зиян
Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоза, трихофития, т. б.) адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға қарсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет. Иесіз иттермен абай болу қажет. Себебі олар дер кезінде егілмейді. Ит қылшығы арқылы адам инфекцияның неше түрін жұқтырады. Адам құтырғандық, қышыма, сіреспе ауруларына шалдығуы мүмкін.
Мен осы зерттеу арқылы иттің адамға тигізер пайдасының орасан зор екеніне көзімді жеткіздім. Сондықтан достарыма итті асырауда қамқорлық жасаңдар, ол жеті қазынаның бірі дегім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет