«Қазақтардың КӨшпенділік өркениеті»



Дата02.07.2018
өлшемі42 Kb.
#46112

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

№ 1 басылым

31.08.2016 жыл

ФР 042-1.02-2016




Білім алушылардың өздік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау






«ҚАЗАҚТАРДЫҢ КӨШПЕНДІЛІК ӨРКЕНИЕТІ»

пәнінен өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау



6М011400 «Тарих» мамандығының

магистранттары үшін

Семей

2016

АЛҒЫ СӨЗ
1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., проф. Каримов М.Қ. _______ 31.08. 2016 ж.


«Қазақтардың көшпенділік өркениеті» пәнінен «6М011400» тарих мамандығына өздік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында әдістемелік нұсқау қарастырылды


№1 хаттама, 31.08.2016 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.А. Мұхаметжанова
Тарих-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында оқу үрдісінде әдістемелік нұсқауды пайдалануға ұсынылды
№1 хаттама, 31.08.2016 жыл
Төрайым _____________ Абішева Ш.Ш.


Мазмұны


1

Кіріспе

4

2

Өздік жұмысының тақырыптары

4-5

3

Өздік жұмысты орындау және тапсырманы орындау мерзімі

5-6

4

Өздік жұмысының нәтижелерін тіркеу үшін талаптар

6-8

5

Ұсынылатын әдебиеттер

8-9

6

Қосымшалар

10-12

1. КІРІСПЕ

«Қазақтардың көшпенділік өркениеті» курсында Қазақ халқының отандық және дүние жүзілік мәдениет қазынасына қосқан үлесін көрсету арқылы егеменді Қазақстан Республикасының дамуына белсене қатысатын, өзгі, өзі жетілдіріп отыруға ұмтылатын, тәуелсіз мемлекеттің қуаты мен бейбітшілікті нығайтуға деген жауапкершілік сезімі бар жас адамның жеке басын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосуға міндетті екендіктерін көрсету негізделеді.



Пәнді оқыту мақсаты

20 ғ. бірінші ширегіне қоса алғанда сонау қола дәуірінен бергі кезеңдердің он бойында сақтардан бастау алатын қазақ халқының қалыптастырған көшпелілік өркениетін арнайы қарастыру және оны оқу процесінің маңызды бір объектісіне айналдырып арнайы курстың мақсаты болып табылады.



Пәнді оқытудың міндеттері

  • Жалпы адамзаттың өркениеттің ерекше бөлігі болып табылатын-көшпенділік өркениетін, оның қалыптасу, даму эволюциясын, кезеңдерін, ерекшеліктерін оның теориясын тарих мамандығын алушы студенттерге жеткізу және оны олардың білімдерінің құрамдас бөлігіне айналдыру.
  • Магистранттардың отандық тарих мәселелеріне байланысты ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін игеруі.

  • Қазақстан тарихын оқудың теориялық, нақты тарихи, деректік және тарихнамалық аспектілерін ескеруді білу.



Құзыреті (оқыту нәтижесі)

Пәнді оқу нәтижесінде магистрант білу керек:

* тарихи деректер жұмыс жасай білу;

* әлемдік тарихи процесте Қазақстанның орнын, оның өркениеті, -мәдениеті және саяси өмірі туралы тың деректемелер негізінде жасалған жаңа ізденістерді игеру;

* ғылымының өзге ғылымдармен байланысын түсіну;


2. Өздік жұмыстың тақырыптары




МӨЖ тақырыптары

Өткізу формасы

жоғары балл

Өткізу мерзімі



Дәстүрлі шаруашылықтың құрылымы.

реферат

50

4 апта



Көшпелі материалдық мәдениет.

реферат

50

6 апта



Мемлекеттік-әкімшілік және заңнамалық қызмет.

реферат

50

10 апта



Қазақстан халықтарының мәдениеті.

эссе

50

14 апта


3 Өздік жұмысты орындау және өткізу мерзімі бойынша ұсыныстар
1 тапсырма МӨЖ. Дәстүрлі шаруашылықтың құрылымы.Өткізу мерзімі – 4апта.

Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат  жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады.

Рефератты орындау кезеңдері:

 1. Тақырыпты анықтау. Тақырып өзекті ғана емес, сонымен бірге мазмұны жағынан қызықты да маңызды болуы керек.

 2. Тақырып бойынша мазмұнын ашу 8-10 бетке сәйкестендірілуі керек.

 3. Библиография құру.

 4. Ақпаратты жүйелеу және өңдеу.

5. Рефераттың жоспарын құру.

 6. Реферат жазу.
Жұмыстың мазмұнында көрсетілуі тиіс:

 - мәселенің қазіргі жағдайы берілуі;

 - тақырыпты таңдауды анықтау;

 - белгілі фактілермен қорытындыларды пайдалану;

 - осы мәселе бойынша ғалымдардың жұмысына сілтемелер, сілтемелер толықтығы;

 - қойылған мәселенің өзектілігі;

 - қазіргі уақытта ғылыми немесе практикалық құнын растайтын материал.
Реферат әзірлеуге қойылатын талаптар:

1. Жалпы ереже:

Реферат көлемі – 15-20 бет.

Реферат А-4 форматындағы стандартқа сәйкес болуы (жоғары, төменгі поля – 2см, оң  поле – 1,5 см; сол жағы – 3 см).

Текст Times New Roman (шрифт көлемі – 14 кегль) шрифт. Тақырып – жартылай майлы (полужирным шрифтом Times New Roman (шрифт көлемі – 14 кегль).

Жол аралығы – 1,5 (Интервал между строками – полуторный).

Текст беттің бір жағына ғана жазылады.



2 Рефераттың типтік құрылымы.

1. Мұқаба (Титульный лист (2 қосымшаны қараңыз).   

2. Жоспар (простой или развернутый с указанием страниц реферата). 

Реферат жоспарында берілетін материал:

Кіріспе ………………………………………….………………....……..бет.

Негізгі бөлім (по типу простого или развернутого)….……...…….… бет.

Қорытынды……………………………………….…….………………. бет.

Әдебиеттер тізімі ………………………………….……………….….. бет.

Қосымша ..……………………………………………………….……... бет.
3. Кіріспе.  

Кіріспеде мәселенің мәні, қазіргі жағдайы оқырмандарға таныстырылады. Мұнда жұмыстың ьнақтымақсаты мен міндеті көрсетіледі. Кіріспемен таныстыра отырып, мәселенің мәнін одан әрі анықтай түседі. Кіріспенің көлемі 1 бет болуы керек. Өз ойын қысқаша, нақты мазмұндау автордың жетістігі болып табылады. Иллюстрация «Кіріспе» бөліміне енгізілмейді.


4. Негізгі бөлім.  

«Кіріспеден» кейінгі бөлім рефераттың негізгі мазмұны мен мәні берілетін негізгі бөлім. Рефераттың негізгі бөлімі жоспарға және жоспардағы бет санына сәйкес келуі керек. Бұл бөлімде әртүрлі деректер (әдебиеттер) негізінде алынған ақпараттар, оған сараптамалар беріледі. Авторға берілген сілтемелер әдебиеттер тізімімен сәйкес келуі керек. Рефераттың, қосымшаның нөмірі беттің төменгі ортасына араб цифрімен беріледі. Мұқаба (титульный лист) бірінші бет деп есептелінеді, бірақ нөмірленбейді. Жоспар берілген бет саны 2-ден бастап жазылады.


5. Қорытынды.   

Тақырыпты нақты және қысқа қорытындылауы керек. Бұл бөлімде жұмыс алға қойған мақсатына жетті ме?, жұмыстың орындалуы және практикалық маңызы, яғни жұмысты жалғастыру мүмкіндігі туралы айтылады.


6. Әдебиеттер тізімі.   

Бұл жұмыс істеуге қатысы бар және ақпарат көздері алынған немесе пайдаланылған әдебиеттер. Реферат жазу барысында автор әдебиеттерге сілтеме жасау керек. Ол мәтін ішінде тік жақша арқылы беріледі: [1, 18]. Мұндағы 1 саны әдебиет саны болса, 18 саны сол 1 әдебиеттің пайдаланыоған бет саны болып табылады. Бірақ мәтін соңындағы әдебиеттер тізімінде тік жақша берілмейді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі барлық мәліметтерімен берілуі керек.


7. Қосымшалар (карталар, кестелер, диаграммалар, суреттер, фото және т.б.). Иллюстрациялар үшін жеке бет болуы керек.
2 тапсырма МӨЖ. Көшпелі материалдық мәдениет.Өткізу мерзімі – 6 апта.

Материалдар жинақтап, сұрыптап, оқып шығып оған реферат жазу керек.


№3 тапсырма МӨЖ. Мемлекеттік-әкімшілік және заңнамалық қызметі реферат. Өткізу мерзімі – 10 апта.

Материалдар жинақтап, сұрыптап, оқып шығып оған реферат жазу керек.


4 тапсырма МӨЖ. Қазақстан халықтарының мәдениеті тақырыбына эссе жазу. Өткізу мерзімі – 14 апта.

Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.

Эссе  қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Эссе білім алушының интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмірдегі көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жаза алады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс.

Эссе тақырыбы эссенің мақсатын,эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын,қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді. Эссенің құрылымы



  1. Кіріспе-берілген тақырыптың мәні ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап істейтіндігімізді анықталады.

  2. Неізігі бөлім-негізгі ой мен мәселеге байланысьты аргументтер жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектемелерді, түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып, тақырыпты ашады, көтерілген мәселені айқындап, оның туу себептерін көрсетеді.

  3. Қорытынды-тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді.


Жалпы бағалау барысында ескерілетін талаптар:

  • сөздік қоры;

  • теориялық білім деңгейі;

  • өз ойын нақтылы жеткізе білуі;

  • сауаттылығы.

Эссенің көлемі эссе жазу талаптарына сай 500-800 сөзден кем болмау керек.

Эссені жазу барысында сақталуы тиіс талаптар:

  • жеке көзқарас көрінісі;

  • терминдерді қолдану;

  • логикалық заңдылықтың сақталуы;

  • салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

  • қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.



5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР

5.1 Негізгі әдебиет


  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1 том - А., 1996; 2 том – А., 1998; 3 том – А., 2002; 4-5 томдар - А., 2010.

  2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

  3. Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 3 том А., 1979.

  4. Қазіргі Қазақстан тарихы. А., «Раритет», 2010.

  5. Қазіргі Қазақстан тарихы. Хрестоматия. А., «Раритет», 2010.

  6. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы». Астана, 2007.

  7. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 1995.

5.2 Қосымша әдебиет


  1. Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана А., 1982

  2. Байпаков К.М., Нуржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан А.,1992

  3. Каримов М. Қ., Асылбеков М. Қ. Әбілпейіз. Қарағанды, 2014.

  4. Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы А., 1982

  5. Гумилев Л.Н. Хунну М.,1960

  6. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.

  7. А. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996

  8. Сөнбес жұлдыздар А., 1989

  9. Махмуд Кашқари. Тұбі бір түркі тілі А., 1993

  10. Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Кихмет А., 1993

  11. Мұхамед Хайдар Дулати //Ұмытылмас есімдер А., 1994

  12. Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 2 том А., 1983

  13. Гумилев Л.Н. Қиял патшасын іздеу А., 1991

  14. Кәрімов М.К. Қабанбай батыр //Семей-2000

  15. Кәрімов М.К. Қаракерей Қабанбай батыр қайда жерленген //Қазақстан тарихы, 1995, № 5

  16. Ақынжанов М.Б. Қазақтың тегі туралы А., 1957.

  17. Қойшығыра Салғарин Қазақты қилы тарихы А., 1982.

  18. Абылай хан Тарихи жырлар 1 том. А., 1993.

  19. Х. Әбішев Аспан сыры. А., 1966.

  20. Бес ғасыр жырлайды А., 1986.

  21. Ахмет Кенесарин. Кенесары және Сыздық сұлтандар А., 1992.

  22. Бес ғасыр жырлайды 1-2 томдар А., 1989.

  23. Жұбанов А. Замана бұлтұлдары А., 1974.

  24. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. А., 1977

  25. Шоқан Уалиханов Тандамалы А., 1985.

  26. К. Аллаберген Отарлау саясатының ойраңдры. А., 1993.

  27. Рысқулов Т. 1916 ж. көтеріліс //Ақиқат, 1991, № 1-2.

  28. Қойгельдиев М. Алаш қозғалысы А., 1995.

  29. Муқаметқанов Қ. Алаш сиезінің ақиқаты //Жас алаш, 17 сәуір 1992.

  30. Берденева К.Ә., Кубаев Қ.Е. Кәрібай А.Ш. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері. Оқу құралы А., 1998.

  31. Х. Әбжанов. Мәдени құрылыс ақтаңдақтары //Қазақ тарихы, 1993, ғ 3.

  32. Балакаев Т.Б., Алдажуманов Х.С. Қазақстан еңбекшілері – майданға А., 1979.

  33. Берденева К.А., Кубаев К.Е., Кәрібаев А.Ш. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері. Оқу құралы А., 1998.

  34. Коммунар Табей Мұзда жанған алау. Көкшетау-Алматы, 1993.

  35. Қабышұлы И. Қазақ қауымы. А., 1997.

  36. Қабышұлы И. Керейлер керуені Өлгий, 1978.

  37. Қазақтар Түркияға қайдан барған //Егемен Қазақстан, 21 желтоқсан, 1991.

  38. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында А, 1996.

  39. Қозыбаев М. Ақтаңбақтар ақиқаты А., 1992.

  40. Борбасов С.М., Сыдыков Е.Б. Тәуелсіздік танымы. А., 1998

  41. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процесстер және ұлт саясаты. Семей 1995.


5.3 Интернет-ресурстар


  1. http://www.kazneb.kz – Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы

  2. www.adilet.zan.kz - «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе

  3. http://www.gumer.info - Гумер кітапханасы

  4. 4 http://science.rambler.ru - ғылыми сеть

  5. http://www.elibrary.ru - ғылыми электронды кітапханасы LIBRARY.RU

6 Қосымшалар

1 қосымша

Мұқабаны толтыру үлгісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Қазақстан тарихы кафедрасы


БАЯНДАМА

Тақырыбы «__________________________________»


Пән «_______________________________»

Орындаған: _________________

Топ: ____________________
Тексерген: __________________

Семей 2016

2 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Қазақстан тарихы кафедрасы


РЕФЕРАТ

Тақырыбы «__________________________________»


Пән «_______________________________»

Орындаған: _________________

Топ: ____________________
Тексерген: __________________

Семей 2016

3 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы кафедрасы

ЭССЕ

Тақырыбы «__________________________________»


Пән «_______________________________»

Орындаған: _________________



Топ: ____________________
Тексерген: __________________

Семей 2016
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет