Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй,
- деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы.
Қазақ халқының рухани жәдігерліктерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Музыка зерттеушілерінің айтуына қарағанда, халқымызда 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар көрінеді. Бұл - қазақ әншілік өнердің сан ғасырлық даму тарихының бар екендігін бірден бір айғағы.
Киелі қара домбыра мен қарт қобыз сүйемелдеуімен айтылатын дәстүрлі ән өнері кемел құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ-иірімдерімен ерекшеленеді. Талай ғасыр сүзгісінен өтіп бүгінге жеткен дәстүрлі ән өнерінде әуендік, орындаушылық, құрылымдық өзгешеліктері мен кең тараған мекеніне байланысты шартты түрде бірнеше мектеп қалыптасты. Олар – Арқа, Батыс, Сыр және Жетісу мектептері.
Бағдарламаға дәстүрлі ән мектептерінің өкілдері Рамазан Стамғазиев, Ұлжан Байбосынова, Ардақ Исатаева, Нұрболат Исаев, Нұрсұлтан Елемесов, Зульфия Баймұрзаева қатысып, өз ойларын білдіріп, өнерлерін ортаға салады.
Қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұра, рухани жәдігерлерінің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көл-көсір - ән қазынасы ерекше орын алады.«Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй», - деп ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы жазбақшы, адамның жүрегіне ерекше әсер етіп, қуаныш, мұң, тәтті арман, сағыныш пен іңкәрлік сезімдерді ұялатып, қалың ой құшағына бөлейтін - ән, күй мен жырларға қазақ баласы қашан да ішкі жандүниесінен ерекше орын беріп, оны биікке қойған.
Қазанның 1-і күні кешқұрым Астанада жаңадан бой көтерген «Қазақстан» Орталық концерт залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында дүниеге келген, қазақтың баға жетпес асыл қазынасына айналған дәстүрлі ән үлгілері - ғұрыптық әндер, халық әндері мен кәсіби халық композиторларының әндерін бір арнаға жинаған - «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» антологиясының тұсауы кесілді. Кешке ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, зиялы қауым мен ән сүйер халық қатысты.
Ән мұрасы - қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы, халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері. Қазақтың жаны мен бітім болмысынан жаралған әндерінің әлемдік мәдениетке қосар үлесі шексіз екені сөзсіз. Осының түбегейлі көрінісін ҚР Мәдениет министрлігінің бүкіл қазақ жұртына тарту еткен аталмыш антологиядан айқын көруге болады.
«Абай бастаған ұлтымыздың аса бай ән өнерін дамытуға Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нартай, Кенен сияқты халық композиторлары өлшеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке көтерді. Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музыкалық туындыларда кеңінен пайдаланылып, әлемнің ең әйгілі музыкатанушылары тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Жобада Арқа, Жетісу, Маңғыстау, Сыр өңірі, Батыс Қазақстанның дәстүрлі ән мектептерімен қатар, Қытай мен Моңғолияда тұратын қандастарымыздың шығармашылығының көрініс тапқаны антологияда халқымыздың дәстүрлі ән өнерінің мейлінше мол қамтылғанының белгісі деп білемін.
Осы тұрғыдан келгенде, қазақтың ғұрыптық өлең-жырларынан бастап, әйгілі халық композиторлары шығармаларын тұтас қамтыған «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» бірегей жобасы ұлттық музыка мәдениеті тарихындағы айтулы оқиға деп бағалаймын», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев антологияға қатысты білдірген пікірінде.
Жинаққа енген халық әндерін К.Байсейітова, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Жандарбеков, Е.Өмірзақов, М.Ержанов, Е.Серкебаев, Р.Бағланова мен Б.Төлегенова сияқты саңлақ әншілеріміз орындаған және орындап келеді. Президент, ол әндерді кейінгі буын топжарғандар Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, Б.Тілеухан, Р.Стамғазиев пен А.Қосановалардың орындауы - жобаның құнын да, маңызын да арттырып отырғандығын айтады.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» дегендей, менің де көңіл күйдің ауанына қарай кейбір сәттерде домбыраға қол соғып, ән айтатын, кейде көкейге келген келісті ойды көркем сөзбен қағазға түсіретін кездерім бар. «Ел іші - өнер кеніші» дейді дана халқымыз. Әрине, қазақтың дәстүрлі әндері мың әнмен шектелмесі анық. Ендеше, жаңа жоба алдағы уақытта тың туындылармен толысып, бүгінгі ұрпақты халқымыздың баға жеткісіз мол музыкалық мұрасымен сусындата береді деп сенемін!», - дейді Н.Назарбаев.
Антологияға қазақтың тұрмыс-салтына негізделген ғұрыптық әндердің (бесік жыры, сыңсу, аужарлар, тойбастарлар, жарапазандар, дауыс-жоқтаулар) түр-түрі енгізілді. Сонымен бірге, онда қазақтың көпшілік жиналған жерде, думан, тойларда, дастархан басында аспап сүйемелінсіз кез-келген әншілік дайындығы жоқ қарапайым адам орындай беретін қара өлеңдер, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, уақыт өте келе, авторлары ұмытылып, бүгінгі күнге халық әндері санатында жеткен рухани жәдігерлер бар. Жинаққа еліміздің әрбір өңір ерекшелігіне бейімделген 500-ге жуық халық әндері енді. Антологияда домбыра, үш шекті домбыра, қобыз, сырнай, күйсандықтың сүйемелімен орындалған әндерді тыңдауға болады. Антологияда әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби халық композиторларыныңәндеріне де ерекше мән берілген. Қазақтың кәсіби ән өнері, әсіресе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өз дамуының шырқау биігіне жетті. Қазақ өнерінде сал-серілердің пайда болуы кәсіби ән өнерінің шарықтап дамуымен тығыз байланысты құбылыс. Қазақ даласының әр қиырынан Біржан, Ақан, Мұхит, Кенен сынды сал-сері тұлғалардың шығуы әншілік дәстүрлер мен өңірлік мектептердің қалыптасуына зор ықпал етті. 1925 жылы профессор Александр Затаевич бүкіл қазақтың даласын шарлап, әніміздің інжу-маржандарын жинап «Қазақтың 1000 әні» атты кітап шығарғанын және кітапта «1000 ән» деп аталғаны болмаса, қазақтың әндері де күйлері де болғанын атап өтті. Соның ішінде 46 әннің мәтіні берілді. «Ән-жобасы дүниеге келген кезде орыс композиторы С.Аксаков айтқан екен: «Мұндай мәдени мұра тудырған халық шын мәнінде бақытты халық», деп. Екінші бір орыстың жазушысы М.Горький «1000 ән» жобасын қарап шығып: «Бұл болашақ Бетховендер, Моцарттар, Шопендер, Мусоргскийлер үшін баға жетпес қазына ғой», деп бағалаған. Шындығында солай болып шықты. Брусиловскийдің төрт бірдей операсы - «Қыз Жібек», «Ертарғын», «Жалбыр» мен «Дударайы» «Қазақтың 1000 әні» жинағынан алынған әндерден тұрады. Тек қана «Қыз Жібек» операсында 30-ға жуық қазақтың әндері мен күйлері пайдаланған», деді министр.
Бір кездері Шоқанның жан досы қазақтың даласын емін-еркін аралаған Григорий Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болады», деп айтқан екен. Тағы бір зерттеуші төңкеріске дейін шыққан 89 томды үлкен орыс энциклопедиясының 29-шы томында қазақтарға арналған мақаласында мынандай бір сирек кездесетін аңызды келтіреді. «Баяғыда бақыт құсы сияқты аспанда ән құсы ұшқан екен. Ол биік таудың баурайында, әсем табиғаттың аясында, тас бұлақтың жағасында табиғатпен емін-еркін араласқан қазақтардың ән салған сән дәуірін көрген кезде жер бауырлап ұшқан дейді. Ән құсы жер бауырлап ұшқан жерде тұратын қазақтардың бәрі ән мен күйге бөленген. Сөйтіп, қазақтар жер бетіндегі әнді, жырды ең сүйетін халық болып шыққан».
Жоғарыда айтылғандай, бірегей жинаққа Арқа, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу, Сыр, Шығыс өңірлерінің әндері енді. Осы өңірлерде дүниеге келіп, сал-серілер дәстүрін орнықтырып, қазақ әнінің өресін кеңейтіп, өресін биіктеткен күміс көмей, жез таңдай әншілерімізді жеке-жеке атап өтетін болсақ, Арқа әншілік дәстүрін Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Абай, Әсет, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жарылғапберді, Иманжүсіп, Ғазиз, Естай, Мәди сияқты әнші-композиторлар қазақ әнін бұрын болмаған биік өреге көтерді. Кейінгі ұрпаққа Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Игібай Әліпбаев, Байғабыл Жылқыбаев, Қосымжан Бабақов, Жабай Тоғандықовтар арқылы жеткен осынау мол қазына, асыл аманатты Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жаңыл Қартабаева, Ләззат Сүйіндікова, Қайрат Байбосынов сынды майталмандар, дәстүрлі әннің қазіргі буын орындаушыларына сынын бұзбай тапсырды.
Батыс Қазақстан әншілік дәстүрін тілге тиек ететін болсақ, Батыс өлкенің кәсіби ән мектебі эпикалық дәстүр негізінде дамыған. А.Жұбановтың: «Қазақтың халықтық музыка мәдениетінде, оның ішінде, әнінің дамуында жыршылар үлкен рөл ойнайды» деген пікірі ән мен жыр егіз ұғым саналатын осы өлкеге қатысты. Батыс өңірдегі жыраулық-жыршылық өнердің жергілікті әншілік мектептің қалыптасуы мен өркендеуінде зор әсері болғаны анық. Батыс кәсіби ән мектебінің жарқын тұлғасы Мұхит Мералыұлының орны бөлек. Мұхиттың әндері - қазақ ән өнерін мазмұнының тереңдігімен байытқан аса бағалы мұра. Сонымен қатар жинаққа Бала Ораз, Қиса, Аманғали, Ауқат, Сары, Қызыл, Молдабай, Өтеғали, Дәуке, Білек, Ажар және тағы басқа әнші-композиторлардың бүгінгі күнге жеткен туындылары енгізілді. Күйтаспада батыс мектебінің жарқын өкілі, Мұхит дәстүрін қаз қалпында жеткізуші Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығымен сусындауға болады.
Маңғыстау әндеріне де ерекше көңіл бөлінген. Досат, Өскенбай, Тұрсын, Әділ, Жылгелді, Тастемір, Шолтаман сынды әнші-композиторлардың шығармалары негізге алынған.
Жетісу әншілік дәстүріне тоқтала келе, бұл өңірде ежелден ерекше дамыған ақындық-жыршылық дәстүр туралы айтуға болады. Жетісу өңірінде мейлінше көп айтылатын қара өлеңдер мен халық әндері кәсіби әншілік мектептің қалыптасуына негіз болды. Оған ұйытқы болған Кенен Әзірбаев, Қапез Байғабылұлы, Пішән Жәлменденұлы, Сәдіқожа Мошанұлы, Сауытбек Ұсаұлы, Дәнеш Рақышев, Бармақ Үмбетәлі, Шалтабай, Қарға, Көдек, Әсімхан, Қырбай, Көбейбай, Бұлша, Қымбат сынды дара тұлғалар.
Ал Сыр өңірінің әншілік өнері антологияда халық әндері «Көкшетау» мен «Долана» сондай-ақ, Андағұл Балқы Дайрабай, Нартай, Ешнияз сал, Күмісай, Тоғжан, Рүстембек жырау, Әбілдә Жүргенбаевтардың туындыларымен көрініс тапты. Сонымен бірге жинаққа Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіндегі Алтай, Тарбағатай, Іле қазақтарының дәстүрлі әндері, бұрын-соңды естілмеген, ұмыт қалған ескі әндер, А.Затаевичтың, Б.Ерзаковичтың, Ә.Бафинаның, Т.Бекхожинның, Р.Темірбаевтың жинақтарынан көптеген әндер енгізілді.
ҚР Мәдениет министрлігі еліміздің тарихы мен тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін сарқылмас мол мұра - ән өнерін, ұлттық сарындағы бірегей туындыларды дүниеге әкеліп, кейінгі ұрпаққа жеткізген дара тұлғаларды халық арасында кеңінен насихаттау, болашаққа аманат ету мақсатында қазақтың «мың әнін» күйтаспаға түсіріп, тыңдармандарға ұсынбақ ниетте.
Бүгінгідей аса тегеурінді халықаралық аралас-құралас (интеграция, глобализация) бел алған заманда ұлттық төлтума мәдениетімізді, дәстүрлі әнді сақтап қалу, оны кеңінен насихаттау бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда.
Ал бүгінгі күнде осы өнерімізді қалай сақтап қаламыз деген сұраққа жауап іздесек, оның бірден бір жолы мемлекетіміздегі музыкалық мектептерден арнайы дәстүрлі ән сыныптарын ашып, талантты, дарынды балаларды жинап оларға, XVIII-XIX ғасырда қазақ музыка өнерінің ренессансына айналған алып тұлғалы әншілерден қалған бай мұраның қыр-сырын, өзіндік өрнек әуенінің сыр-сипатын, дәстүрлік ерекшеліктерін түсіндіріп, үйрету. Ал бұл жасөспірім талантты шәкірттерімізді, дәстүрлі вокалға тәрбиелеу барысында біз қандай проблемаларға кезігіп отырмыз. Ең алдымен шешуін таппай жатқан «дауыс қою» педагогикасындағы дәстүрлі вокалды орындағанда маңызы мен оны қолданудың әдіс-тәсілдері, дауыс қоюдың техникалық жолдары өз алдына зерттелімін күтіп тұрған тың сала. Дәстүрлі әншінің дауысын тәрбиелеу мәселелеріне байланысты еліміздің маңдай алды өнер ошақтарында жүрген дәстүрлі әншілермен консерватория және академия сынды оқу орындарында сабақ беретін ұстаздардың дәстүрлі вокалды педагогикалық әдістемелік оқу-құралы, оқытудағы әдіс-тәсілдері, дәстүрлі вокалға «дауыс қою» жайында жарияланған еңбектері, мақалалары жоқтың қасы. Бұл мәселелерге байланысты Қазақтың ұлттық дәстүрлі вокалын ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық жағынан зерттеу бүгінгі күннің ең басты өзекті мәселесіне айналуда.
Дәстүрлі вокал турасында ғылыми еңбектерді іздегенде Ә.Нұғыманованың «Қазақтың әншілік дәстүрі» ғылыми монографиялық жинағы, Б.Тілеуханның «Қазақтың кәсіби вокалды өнерінің кейбір ерекшеліктері», Б.Тілеухан, Р.Несіпбайдың «Исполнительская специфика казахского народно-профессионального искусства пения» мақалаларын кездестірдік.
Аталған еңбектерді қарастыра келе біз дәстүрлі вокал педагогикасы қазақ топырағында толық шешуін таппай қалғанын, әлі күнге дейін ғылыми теориялық жағынан бекітілмегенін және толық бір арнайы еңбек болып жарияланбағанын байқаймыз.
Кез келген рухани мұра сияқты дәстүрлі вокалды да қабылдау, зерделеу қабілетін, оның жеке өзіндік шығу, таралу, жету тарихын, сол туралы айтылған пікірлерді анықтап, ең бастысы бекітіп алған жөн. Қазір әлемдегі музыкалық білім жоғары деңгейде дамыған елдерде, дұрыс «дауыс қоюдың» техникалық жолдары анықталған. Еуропалық классикалық вокалда дауыс қою түрлерін зерттеген кеңес кезеңіндегі Ресей ғалымдарының бірнеше еңбектерін кездестіруге болады. Атап айтқанда И.Левидов, Л.В.Дмитриев, Л.К.Некрасов, А.В.Саркисян, Н.М.Малышева, Ф.Ф.Заседателев, К.Мазурин т.б. Бұл ғалымдардың еңбектері опералық вокалды орындауда, әншіге дауыс қою техникасын, дұрыс тыныс алу жолдарын, дыбыс шығару қағидаларын үйретуді көздейді.Осы еуропалық вокалдан қандай өзгешелігіміз бар дегенде,дәстүрлі әннің ұлттық бояуы қанық, иірімдері нәзік әрі күрделі келеді. Оның күрделілігі мелодиялық тартымдылығы мен формасынан көрінеді.
Кеңкөмей, қызыл тілден төгілген сөз маржаны сұлу сазбен жымдасқанда, қазақ әнінің дәстүрлі ерекшелігіне тәнті боласың. Қазақ халық әндері жүрекке жеңіл әрі жанға жағымды.
Сондықтан оны “жүректен шығып, жүрекке жететіндей нәзік өнер”, деп қараймыз. Халқымызда “күміс көмей, жез таңдай” немесе “кеудесі сандуғаштай сайраған, көмейіне бұлбұл ұялаған, асқақ үні аспандағы аққумен үндескен кең тынысты әнші”, – деген даналық сөздер бар. Музыка туралы ғылым дамыған бүгінгі күнде ғана емес, өткен ғасырдағы дәстүрлі әншілеріміздің өзіндік «дауыс қою» тәсілдері болғанын байқаймыз. Оған дәлел ретінде қазақтың байырғы тарихын зерттеушілердің бірі ғалым С.Я.Вольфсон өзінің «Қазақтар (Киргизы)» деген еңбегінде қазақ халқының әнге құмарлығын айта келіп: «Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызын басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады. Алдымен жеке дыбыстарды әндетіп, соңынан толық бір сөзді әнмен айтады», – деп жазды. Осындай ғылыми дәлел тұрғысынан қарағанда біздің өзіміздің «дауыс қою» формасы болғаны анық.
Біз одан ары қарай дәлелімізді нақтылай түссек, дәстүрлі орындаушы жайлы сөз қозғаған тарихшы, этнограф, саяхатшы, музыка зерттеушісі, орыс ғалымы М.В.Готовицкийдің “Қырғыз әндерінің сипаты ” атты мақаласында: “Домбыраның немесе үш ішекті гитара тәрізді аспаптың сүйемелдеуімен ән салатын әнші, өлеңшіні халық рахаттана тыңдайды. Бірде бір жиын-той өлеңшісіз өтпейді”, – дейді. Ғалымның еңбегінде сол кездегі әнді орындаушылар мен халыққа таратушылардың қазіргі тілмен айтқанда кәсіби әншілер болғанын дәлелдей түсуде. Бірақ этникалық, нақты қазақ әншілік кәсіби өнерінің, оның ішінде, вокалдық техникасының ерекшеліктері және «еуропалық вокалдан, дәстүрлі вокалдың айырмашылығы қандай?» деген өзекті мәселелерді зерттеуде біз бірнеше кемшіліктерді кезіктіріп отырмыз. Олардың кейбіреуі жоғарыда көрсетілген Б.Тілеуханның мақаласында, яғни, сол 90-шы жылдардың аяғында-ақ белгіленген. Бұл кемшіліктер жалпы дәстүрлі өнердің бүгінгі жағдайында «дәстүрлі орындаушылар неге аз, даму қарқыны неге қуатсыз?» деген сұраққа жауап іздегенде, табылған:
« 1. Ел ішіндегі дәстүрлі өнердегі үлкен буын өкілдерінің кешіндігі, қала өмірі аясында дамып жатқан мәдениетімізге араласуға мүмкіндіктің жоқтығ 2. Күнделікті телерадиодағы үгіт-насихат. Бұл ағынның тасасында қалуы, осылардың әсерінен ұрпақ талғамы, тыңдаушы талабының бұзылуы.
3. Ұрпақ тәрбиесінің негізгі көзі боп саналатын орта мектептердің
музыкадан алшақтығы, әдістемелік жүйесіздігі.
4. Табиғи жалғасы қиындаған дәстүрді бүгінге сай әдістемелік жүйесін таппауы, ән зерттеуші теоретиктер мен орындаушылар арасындағы байланыстың кемшіндігі ». Осы мәселелердің 3-ші және 4-ші пункттері бізідің тақырыбымызға тікелей қатысы бар және де әлі күнге дейін мәнді. Бұған тағы мыналарды қоса айтсақ болады: – кәсіби өнердің негізгі бөлігінің бірі боп саналатын дәстүрлі әншіге «дауыс қою» ережелері мен шарттарының жоқтығы;
– дәстүрлі әншілердің жастайынан мектеп оқу бағдарламасы жетілдірмегені;
– бұл мамандықтың жалпы әдістемелік оқу-құралдарының аздығы және мектеп қабырғасында оқу және әдістеме жүйесінің жоқтығы.
Осы тәрізді сүбелі мәселелер зерттеуді талап етеді. Бұл мәселердің ішінде, әрине, дауыс қою – өте күрделі процесс, өйткені дауыс қоюшы алдындағы шәкірттің өзі білмейтін, өзі шығара алмайтын дыбысын танып, оны дұрыс шығартуға міндетті. Сондықтан да дауыс қою ұстаздың тәжірбиесі мен әдістемесіне байланысты. Әншінің қандай болмағы ұстазға, алған тәрбиесіне байланысты.
Дәстүрлі вокалды орындау әдіс-тәсілдерін ұстаздар, шәкірттеріне көрсету, сөзбен түсіндіру арқылы жеткізеді. Оның бір себебі, жаратқан ием қазаққа тіл бітіріп, санасына сөз салғанда ұлттық болмысымен біте қайнап, бірге жаралған тіл ерекшелігіндегі үнділігі жалпы қазақ және әр аймақтағы артикуляциясында ерекше ө,ы,і,ң,ү,ұ,ғ әріптерінің дыбысталу үні, оның ән салуда бунақ-бунаққа берер құлаққа жағымды әуезділігінің дәстүрлі әншіліктегі ерекшелігінде. Ол үндерді кез келген әнші мәнеріне келтіріп тыңдаушысына жеткізе бермейді. Ән айтуда еуропалық вокалға ұқсамайтын тағы бір қасиет – ән әуезіне ерекше сипат беретін, асқақ үнінің әрін келтіріп, дауыс ырғағын мәнерлей түсетін, ой-сана мен жүрекке жылы тиетін қазақ тіліндегі ұяң дыбыстар м, ң, ү, л әріптерінде.
Ендеше біз алдын-ала болжам бойынша, дәстүрлі әншінің дауыс қою процесін мына параметрлер арқылы нақтылай аламыз:
– дәстүрлі ән салу мәдениеті;
– дауыс аппаратын дайындау шеберлігі;
– ән айту кезіндегі тыныс алу дағдысы;
– дем мен резанаторлардың байланысын белгілеуі;
– дауыс регистрінің үйлесімін;
– жоғарғы дыбысты дамытудағы әдіс-тәсілдерін анықтау;
– дыбыс шығарғанда ауыз қуысының мүшелері (тіл, таңдай, ерін,
бөбешік, астыңғы-үстіңгі жақ) табиғи және тиімді жолдарын табу;
– әндеткенде дикция мен артикуляцияның таза шығуын қадағалау;
– көркем шығарманы эмоциямен және мәнерлеп орындау дағдыларын қалыптастыру.
Ең басты мәселеге орала келсек, біздің түпкі мақсатымыз – қазақ дәстүрлі вокалының балаларға арналған бағдарламасы мен әдістемесін, педагогикалық оқыту-тәсілдерін ғылыми тұрғыдан тұжырымдап бекіту.
Мақаланың қортындысы ретіндеайтатынымыз, өнер мұраты – іздену, үйрену, санаға сіңдіру, ғылыми тұжырым жасаудан тұрады. Ендеше уақыт елегінен өтіп, ұлттың бет пердесіне, дәстүріне айналған классикалық ұлттық өнеріміздің тереңіне бойлап, насихаттау.
Кезінде екі ауыз өлең білмейтін қазақ болмаған, яки біз, «бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген пікірге ие болған, әншілігі аңызға айналған сауық қой халықпыз.
Олай болса, ән салу ұлттық дәстүріміздің жалғасы екенін ұмытпағанымыз абзал ағыз дәстүр бола қоюы қиындау. Сондықтан жетігендегі қоңырқай тембр арқылы халық әндерін өз мақамында қайта тудырудың да мүмкіндігі бар екенін айтамыз.
Сыбызғымен ән айту дәстүрі –көнетүркілік үлгі болып саналады, қазіргі кезде башқұрт ұлтында ғана сақталып отыр. Сыбызғыны тартып отырып оған көмейді қоса толғаудың өзі әуелде ән мен күйді біріктірмек тілектен туындайды, дегенмен сыбызғымен ән салғанда бірінші аспаппен ән әуені орындалады, содан соң жеке дауыста ешқандай сүйемелдеусіз әннің өз мәтіні шырқалады, соңында ән мақамы аспаппен тағы да бір қайырылады. Қазақ музыкасында қазір сыбызғы өнері даму жолына толық түсті деп айтуымызға болады, оған белгілі сыбызғышы – Талғат Мұқышевтың еңбегі көп сіңгенін айту артық емес, ендеше сыбызғымен ән айту дәстүрін жаңғырту алдағы абыройлы міндеттеріміз болмақ.
Адырнамен ән айту да қазақта болған көшелі өнердің бірі. «Қыз Жібек» фильмін түсірерде композитор Н.Тілендиев профессор Б.Сарыбаевтың кеңесімен осы аспапты киноға қолданғаны белгілі («Көш қызығы» әні). Қазір бұл аспаптың жетілген түрін фольклорлық ансамбльдерден жиі кездестіруге болады. Арфа аспабына ұқсас болғандықтан ән айтуға өте қолайлы, бұл да жаңғыруын күтіп жүрген дәстүріміз болып табылады.
Домбырамен ән айтудың жолы бөлек. Қазақтың әндеріндегі «Домбыра екі шекті қолға алайын», «Домбыра ер жігіттің қолғанаты», деген сөздер текке айтылмаған. Яғни ән төресі домбырамен ғана шырқалған. Домбыраның екі және үш шекті түрі сал-серілерде кеңінен қолданыста болған. Шығыс Қазақстан мен Жетісу өлкесінде үш шекті домбырамен сүйемел жасау кәдімгідей шеберліктің шыңы болып саналған. Арқа әншілерінде бұл аспап болмады деудің реті жоқ, әйткенмен екі шекті домбыраның қолданысы басым болды. Қазіргі кезде үш шекті домбырамен ән айту ешкімге әуезе болмай тұр, Бекболат Тілеуханның орындауындағы жалғыз ғана «Жорға тай» әні халықтың құлағында жаңғырық сияқты жарқ еткені болмаса... Бұл аспаппен оқыту мәселесі де болашақтың еншісінде.
Домбырамен ән салу сәттілігінің елу пайызы аспапқа байланысты. Әнші күйшіге барабар өнерпаз болуы шарт. Ертеде әншілер халық дамылдауы.
ДӘСТҮРЛІ ӘНДЕР – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ, асыл ойлары, арман мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр-түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.
Музыкалық қазына – қаншама ғасырлар бойы жинақталған ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра.Музыканың классикалық, халықтық жиынды, жігерлі тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де – өмірімізге қажет дүниелер. Ал, халықтық музакалық өмірде алатын орны мүлдем ерекше. Адамды рухани рахаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын қозғайтын халық әндерін үйрену – үлкен өнер.
Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір,тіршілік құбылыстары, адамның қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс тебіреністері үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен күйі. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән әуенімен жеткізе білген өмірдің бүкіл тауқыметін, ауыртпашылығын көтере жүріп бесік тербеткен аналар да жанына әнді серік еткен. Қазақтың тойы, ойын – сауығы ән-күй аясында өткен. Қазақтың қасиетті домбырасымен ән өнерімен зор үлес қосқан әнші – композиторларымыз Біржан салды, Мұхитты, Ақан серіні, Жаяу Мұсаны, Абайды, Үкілі Ыбырайды, Әсетті, Естайды, Ғазизды, Шәкәрімді, Мәдиді, Нартайды, Майраны ерекше атауға болады. Дәстүрлі ән өнерінде ұлттық болмыс көрініс тапқан. Қазақ халқының рухани жан-дүниесі ән өнері арқылы шебер бейнеленген.
Мектеп оқушыларына музыка пәні сабағында дәстүрлі әндерді үйрету – үлкен ізденіс пен жауапкершілікті талап етеді. Дәстүрлі әншілер туралы мәліметтер жинақталып, дәстүрлі әннің шығу тарихына көз жүгіртіп жан-жақты зерттеу жұмыстары жасалады. Әннің орындалу әдісін ең алдымен дәстүрлі әншінің орындауында, одан соң мұғалімнің орындауында тыңдату – оқушы бойына шабыт беріп, кеңге қанат жоюына зор әсерін тигізеді. Сонымен қатар әр жердің, яғни әр аймақтың орындаушының дәстүріне көп көңіл бөлу қажет. Ән мақамындағы өзгешілікті түсіндіру арқылы оқушылардың талғам – танымын қалыптастырамыз.
Әннің орындау әдісін үйрету барысында әр оқушымен жеке жұмыс жасаудың маңызы өте зор. Өзімнің педагогикалық іс-тәжірбиемде қазақтың дәстүрлі ән айту өнерін «Вокал», «Домбыра – дастан» үйірмелерімен ұштастырамын .Жас өрендерге әншілік өнердің білім – танымын, тәжірибесі мен орындау тәсілін үйретемін. Кезінде сыр бойында кең өріс алған әншілік-термешілік мектептің қазіргі уақытта жоғалып кетпеуіне бірден-бір апаратын жол – дәстүрлі, яғни халық әндерін кеңінен насихаттау. Жас ұрпаққа ата-бабамыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып бойларына сіңірсе тарих тағылымы жалғаса бермек
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке бейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
«Дәстүрлі күйшілік және әншілік өнер»
(балалар музыка және өнер мектептерінің музыка әдебиеті пәніне арналған оқу –
әдістемелік нұсқаулық)
Орал,2016ж.
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып,облыс педагогтарына таратуға ұсынылады.
Хаттама №7 хаттама 06.05.2014 ж.
Құрастырушы:
О.А.Габбасов – Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық №3 балалар саз мектебінің домбыра пәнінің оқытушысы.
Резиденттер:
С.К.Сексенбаева – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПҚБА Институтының тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы.
Ж.И.Нұрымбетова – ҚР мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы саз колледжінің қобыз класс оқытушысы.
Бұл оқу – әдістемелік құрал балалар музыка мектептері мұғалімдеріне арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |