Кенен Әзірбаев (1884 жылғы 19 маусымда, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ елді мекенінде дүниеге келген – 1976 жылғы 12 сәуірде Жамбыл облысы, Қордай ауданында, сол кездегі Киров колхозында (қазіргі Кенен ауылы) қайтыс болды) — қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, сал-серілік дәстүрдің соңы, әнші және композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Кенен Әзірбаев мұражайы
Мұражай Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылында орналасқан. 1981 ж. 13 наурызда ашылған.
Мұражай туралы
Мұражай негізінен, үш көрме залдан тұрады. Мұражай қорына арналған қосымша бөлме бар. Ақынның бейіті де осы жерде, оның басына көктастан ескерткіш орнатылған. Мұражайда ақынның тұрмыста пайдаланған заттары, жазған кітаптары, киімдері сақталуда. Мұражай залдарында әнші әрі композитор ақынның өмір жолын, шығармашылығын бейнелейтін 961 экспонат жинақталған. Олардың ішінде ақынның 13 жасында жасатқан домбырасы, қырғыз манабы Шабдан Жантайұлының асында жыр алыбы Жамбыл сыйлаған күміс белбеу, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған Ж. Қуанышбаевтың Хантаудан әкеп сыйға тартқан мәрмәр тасы құнды экспонаттар болып есептеледі.1981 ж. мұражайдың ашылуына байланысты ақын өмірі мен шығармашылығы туралы «Жамбыл мұрагері», «Кенен қанаттары» атты фильмдер түсірілген.
Ақынның өз қолымен жасаған бұйымдары
Есте қалдыру
Әзірбаевтың есімі Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар станциясындағы №41 орта мектебіне Алматы қаласындағы бір көшеге Жамбыл қаласындағы кинотеатрға берілген.
Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының және бұрынғы Шымкент мәдениет институтының үздік студенттері үшін Әзірбаев атындағы стипендия тағайындалған.
Жамбыл облысында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған елді мекен Кенен ауылы аталады. Онда Әзірбаев мұражайы жұмыс істейді.
Кенен Әзірбаев артына өлмес мол мұра қалдырып, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани асыл қазыналарын бүгінгі өмірімен сабақтастыруға өлшеусіз үлес қосқан өнерпаз. Ақиық ақынның өлмес өлең-жырлары өлмес мол мұра қалдырып, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани асыл қазыналарын бүгінгі өмірімен сабақтастыруға өлшеусіз үлес қосқан өнерпаз. Ақиық ақынның өлмес өлең-жырлары мен әсем ән-күйлері халықпен бірге мәңгі жасай бермек.
Марапаттары
Ленин (1974)
Еңбек Қызыл Ту
2 рет "Құрмет белгісі" (1945) ордендерімен және медальдармен марапатталған.