Қазақтың дәстүрлі өнер шежіресінде
Қыздарбек күйшінің орны бөлек. Қыздарбек
Төребайұлы (1850-1922) заманынан оза туған
тұлға, оның күйлері тарихи кезеңаралық
мазмұндылығымен құнды, дәлірек айтсақ,
ол ақ патша заманының отаршылдық са-
ясатын да, Кеңес өкіметінің қанқұйлы
өктемдігін көрген адам. Сондықтан, оның
тараулы толғаулары мен мұң қосбасарлары
кешегі кер заманның зұлматынан хабар
береді. Қыздарбек күйлерінің үні өзгеден
бөлек, кәсіби композиторлық сараппен
алғанда тәтті күй үшін «домбыраның терін
алған» тұңғиық сазгерші. Қазіргі шерт-
пе күй тарихында аттары асқақ классик
күйшілеріміз - Әбди, Мақаш, Сембек,
Ақмолда, Рысқұлбек, Бегімсал, Әбдіғали,
Көрібектер осы Қыздарбектей күй алыбының
сынынан өтіп, бұйырған жағдайда батасын
алып, шерту үлгісін жалғастырушылар.
Осының өзі Қыздарбектің күй әлеміндегі
тау тұлғасын айғақтайтындай дәлел бола
алады, Арқадағы ауызекі әңгімеде әуелі
күй төңірі Тәттімбеттің аты аталса, одан
кейінгі буындардағы Дайрабай, Тоқалардың
қатарында түпсіз күйші Қыздарбектің
де есімі ардақтала айтылады. Қыздарбек
Тәттімбеттің замандасы болған әйгілі Итаяқ
күйшінің төл шәкірті.
Осы шағын мақалада Қыздарбек күйшінің
өмірін, шығармашылығын баян етуді мақсат
етпейміз. Себебі, бұл тақырып жөнінде жа-
зушы Кәмел Жүністегінің «Шырағдан»
(«Шырағдан». Мақалалар. Деректер. Алма-
арқадағы ірі күйші Қыздарбек мұрасын
шұғыл зерттеу керек екенін жазған. 1981
жылы «Өнер» баспасынан шыққан «Күй
табиғаты» атты кітабының Әбікен Хасеновке
арналған бөлімінде:
«...олар- Баубек, Қыздарбек, Әбди, Мақаш,
Итаяқ атты атақты күйшілер. Ә.Хасенов
бала кезінде бұлардың бірінің қолынан дом-
быра үйренсе, екіншісінің өнеріне еліктеп,
жылы лебізін естіп батасын алған» деп
жазды. Сонымен қатар Әбікен Тәттімбет
күйлерінің нұсқаларын Қыздарбектен көріп,
үйренгенін баяндайды. Уәли Бекеновтен
кейін Қыздарбек күйші жөнінде зерттеулер
еді, себебі, Біржан салдың соңына ерген
серілердің арасында Қыздарбек күйінің
шертілуі заманына да, күйшінің даңқына да
дөп келеді.
Қыздарбектің туындылары Тәттімбет
атындағы ұлт аспаптары оркестрінің
(Жетекшісі Д.Үкібай), «Сазген» (жетекшісі
Б.Тілегенов), «Арқасазы» (жетекшісі
Б.Садуақасов) фольклорлық ансамблдерінің
репертуарында орындалады. Қыздарбек
күйлерін оркестр тілінде сөйлетуге тер
төккен дирижер - Әбуғалисын Шоқанбаев.
Қыздарбектің атақты «Сылқым қыз»
күйі кәсіби оқыту саласында таны-
ты-2007,«Ел-шежіре» баспасы»атты деректі
очерктер топтастырылған тамаша кітабы
бар. Зерттеу еңбекте күйшінің өмірі, за-
мандастары, шәкірттері, күйлерінің шығу
оқиғалары түгел дерлік қамтылған. Сөз реті
келген соң айта кетелік, Арқа өңіріндегі жы-
раулар мен ақындар, билер мен шешендер,
күйшілер мен әншілер туралы биографиялық
деректер жинақталған осы кітапты баспа-
дан қайта шығарудың жөні бар сияқты.
Себебі, өлке мәдениетін тануда «Шырағдан»
энцилопедиялық жүкті арқалаған, осы күні
қолға түсе бермейтін сирек әдебиет.
Қыздарбек күйшінің халықтық өнердегі
орны туралы өскелең ұрпақ төмендегі
мәліметтерді білгені дұрыс болар еді.
Қыздарбек туралы алғаш қалам тербе-
ген - жазушы Кәмел Жүністегі. Ол өткен
ғасырдың 80-жылдары республикалық
«Қазақ әдебиеті» газеті арқылы даңқты
күйшінің өмірі мен шығармашылығын
халыққа тұтас таныстырарлық мақала жаз-
ды. Кезінде бұл мақала өнертану саласында
аса маңызды һәм сенсациялық жаңалық
болды, себебі, Қыздарбек күйшінің аты
ел жадында сақталғанымен оның мұрасы
алмағайып заманның ағымында ескерусіз-
елеусіз қалып бара жатқан еді. Кеңестік
идеология салқынының өтінде жүріп Кәмел
аға Арқа күйшілерінің фонотекалық дерегін
қалыптастырды, Қыздарбек күйлерін ел
арасындағы көріқұлақ күйшілерден маг-
нитофон таспасына жазып алды. Осы күні
сол құнды таспалардың негізінде көптеген
хрестоматиялық еңбектер, диссертациялық
жұмыстар жазылды, күйші мұрасы
«Қазақтың 1000 күйі», «Мәңгілік сарын»,
«Сарыарқа» аудиоантологияларына енді.
Егер Кәмел ағамыздың осынау зерделі
еңбегі болмаса, Қыздарбек күйшінің
шығамашылығы осы күнгі дәрежесіндей бо-
лар ма еді, болмас па еді...
Қыздарбек есімін елге таныстыруда зор
еңбек еткен тағы бір ғалым - Уәли Бекенов.
Ол «Шертпе күй шеберлері» атты зерттеуінде
Қыздарбек күйлерінің лирикалық сипатын
ерекше бөлек бағалады.
Қыздарбек күйлерін шертушілердің
алдыңғы буыны — Әбікен Хасенов, Бегімсал
Орымбеков, Әбдіғали, Самат Мұсабеков,
Мағауия Хамзин, Дәулетбек Садуақасов,
Орал Исатаев, Қалкен Қасымовтар.
Кейінгі орындаушылар легінде - База-
ралы Мүптекеев, Мұрат Әбуғазы, Ар-
ман Қадырбек, Саян Ақмолда, Жалғас
Садуақасов, Манап Анықбеков сияқты да-
рынды домбырашылар бар.
Қыздарбек мұрасын қастерлеген бір аза-
мат - Қайролла Садуақасов еді. Ол 2014
жылы ЮНЕСКО-ның домбыра күйлерін
материалдық емес (бейзат) құндылық са-
натында тіркеу жұмысына қатысқан еді.
Беделді ұйымның Бельгиядағы штабы
талап еткен 20 минуттық кинороликке
Қайролланың орындауында Қыздарбектің
«Өткінші» қосбасары жазылды. Бұл аса
маңызды тарихи құжат болатын. Қайролла
Қарағанды қаласында тұңғыш рет «Шерт-
пе күй» оқыту орталығын ұйымдастырды.
Облыстық деңгейде дәстүрлі өнерге жастар-
ды баулитын небір мәдени іс-шаралардың та-
лай куәсі болдық. Қайролланың көзі кеткен
соң сол орталық жабылып қалған көрінеді.
Өкінішті...
Тәттімбет өнер колледжінің оқытушысы,
белгілі күйші Мадияр Сүлейменов өткен
жылы «Ұлттық арна» ұйымдастырған «Ұлы
дала сазы» мегажобасында және «Қазақ
радиосының» «Күйшашу» бағдарламасында
Қыздарбек мұрасын насихаттаушы ретінде
елді елең еткізген еді. Ол Шет ауданы
өңіріндегі күйшілердің дәстүрін сақтаған,
үлгісін таза жеткізе білетін шебер орын-
даушы, Дәулетбек Садуақасовтың баталы
шәкірті.
Қыздарбек күйлері кинорежиссер Досхан
Жолжақсыновтың «Біржан сал» фильмінде
орындалды. Бұл шындығында тарихи де-
ректерге сай келетін режиссерлық шешім
Қыздарбектің қосбасарлары республикалық,
халықаралық күй конкурстарының
бағдарламаларына енген.
Қыздарбек күйлерін нотаға алғаш түсіруге
талпынғандардың бірі осы мақаланы жазып
отырған пақырларыңыз екенін айтсам, сөге
көрмессіздер. 2006 жылы ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты, Заң ғылымдарының
докторы Нұрлан Дулатбековтің қолдауымен
Қарағандыдағы «Болашақ» баспасы-
нан менің «Қазақтың шертпе күйлері»
атты жинағым шыққан еді. Сол кітапқа
Қыздарбектің бірнеше күйінің нотасы жа-
рияланды. Өрине, осыдан кейін көптеген
хрестоматиялық, антологиялық өдебиеттерге
Қыздарбектің айшықты күйлері жариялана
бастады.
Осы мақаланы жазу барысында Арқа
жерінде Қыздарбек күйшіні ұлықтаған
айтулы оқиғаларды еске түсіргім келді.
1991 жылы 13 ақпан күні Жезқазғанда
« Ұлытау үні» облыстық фестивалі аясын-
да К.Жүністегінің «Қыздарбек күйші»
атты музыкалық-драмасы қойылған екен.
С.Қожамқұлов атындағы театрда ине шан-
шар орын жоқ, шертілген күй, шырқалған .
өн, күй әуеніне мың бұрала билеген «сылқым
қыздар», не керек, күйші аруағына арналған
тамаша кештің қызығына тоймап едік.
Артынша араға бірер жыл салып Шет ауда-
нында Қыздарбек күйші атындағы бірінші
аймақтық күй конкурсы ұйымдастырылды,
бірінші бөйгені дарынды жас күйші Арман
Қадырбек алғаны есімізде.
Осыдан кейін Қыздарбек мұрасына мойын
бұрған кезіміз сиреді. Аты Алашқа әйгілі
болған күй сардары Қыздарбек бабамыздың
мұрасы мың жылдық құрметке, мың
жылқылық дүбір-думанға лайық ■
Арқа ақшамы, - 2021. - 15 шілде (№25). - 10 б.
Жанғали ЖҮЗБАЙ,
Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, профессор
Достарыңызбен бөлісу: |