Мақсаты:ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету; ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың қоғаммен интеграциясына ықпал ету, қоғам назарын мүгедектер мәселелеріне аудару, бизнес-құрылымдар, әртүрлі саладағы мекемелерді жұмылдыру және басқа да қолдау көрсету. Түрі:өнер фестивалі
Көрнекілігі: үнтаспа, ақыл тақтасы, нөмірлер, шарлар
Өту барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушыларға алдын ала өнер фестивалі туралы ақпарат беріледі. Оқушыларды орындары бойынша дайындап, нөмірлері таратылады.
ІІ. Кіріспе. Фестиваль басталып, музыка қойылады.
1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, өнер сүйгіш халық!
1-жүргізуші: Бүгінгі «Жұлдызды сәт» атты өнер фестиваліне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Бүгінгі фестивалімізді ашып беру үшін мектебіміздің директоры Бақытжамал апайға және Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақылбек ағайға сөз береміз.
1-Жүргізуші:Бүгінгі фестивальге өнерлі де, білімді, танымы жүйрік, өз халқының нағыз патриоттары қатысқалы отыр.
ІІ. Негізгі бөлім.
1-Жүргізуші: Олай болса фестивальді бастаймыз!
Жанболат Нұрайдың орындауында «Ана» әнін тамашалайық.
2-жүргізуші: Сурет салу өнері қазақ халқында ертеден – ақ барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, халқымыздың мәдени қазынасының өзекті бір саласына көрсетеді. Құлмағанбет Мирас пен Қалдыбай Арманның өнерін тамашалаймыз.
1-жүргізуші: Құлмағанбетова Еркайым және бір топ қыздардың «Көңілді флеш-мобын» тамашалауға шақырамыз.ал біз болсақ қатысушыларымызды кезегі бойынша ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Би бұралған биші қыздар мен Жанияның қазақ биін тамашалаймыз.
1-жүргізуші: Оқушылардың бәрі ерекше, мықты. Жетпісбай Асылзат пен сыныптас қыздарының заманауи биін тамашалаймыз.
2-жүргізуші: Жанболат Нұрай мен Әбдіғани Шырайдың қазақ биін тамашалауға шақырамыз.
ІҮ. Қорытынды.
2-жүргізуші: осымен бүгінгі біздің фестиваліміз өз мәресіне жетті.
Өнерлеріңіз өрге жетсін
Екі жүргізуші: келесі кездескенше сау болыңыз!