ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет32/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

 
КҮДЕРІҚОЖА КӨШЕКҰЛЫ 
 
Қарқаралы, Қазылық 
Найманда жұрттың ағасы,
Кіреуке тонның жағасы.
Ел жайлаудан келгенде
Көрініп тұрар обасы.
Аударыла шапса да,
Кетпейді екен күнінде


137 
Артқы айылдың доғасы.
Майдай болып жүғатын
Малданған түрлі малдарға
Қорқылдақ көлдің қоғасы...
Қаласың енді, амал жоқ,
Жазылып құмар жайлаудан...
Бесқазылық, Ойтүндік,
Көрінер жерің бір күндік.
Күншілік жерден көрінген,
Көрінсе, көңілім сүйінген
Баянаула, Қазылық.
Жазғытұрым болғанда,
Бауырыңнан ел көшкенде,
Көштің жолы сүрлеу боп,
Қалушы еді қазылып.
Жаз жайлауға шыққанда,
Қонушы едік жазылып.
Қыс болғанда қонған тау,
Жаз болғанда көшкен тау. 
Бәйбішелер отырып,
Сабаларын толтырып,
Нияздарын аштырып,
Наурыздама берген тау.
Басымнан малым кетпеген,
Үстімнен боран өтпеген,
Күңіреніп дәурен сүрген тау. 
Құтты, құтты, құтты тау,
Құт сан қара біткен тау.
Өмір бойы іздесем,
Табылмас сендей сүтті тау...
Жатып қалған жас қозы
Жайылып, қой болған тау.
Бағлан қозы қой болар,
Бірін сойса — той болар.
Сойғанының терісі
Жөнін білген шеберге
Бір өзі бір бой болар.
Илей білмес жаманға
Елі құрып кеткенде,
Ала шолақ иттерге
Көкпар болып тартылып,
Не зор мереке, той болар.


138 
Қарқаралы, қайран тау,
Тиюші еді пайдаң, тау. 
Пайдасының белгісі —
Үйімде тұрған үлгісі.
Үлгісінің белгісі:
Шаңырағым, уығым,
Адал бақан, сырығым,
Ат ұстайтын құрығым,
Аяғым мен табағым,
Отқа жағар дарағым,
Желі соғар тоқпағым,
Арбаға арыс белдігім,
Ел қыстауға келгенде,
Сиыр жатар шілігім,
Арқанды атқа кіселім,
Байлаулы атқа пішенім,
Сарымсақты, жуалым,
Жер біткеннің дуалым,
Ат жүре алмас аралдым,
Ішінде бұғы, маралдым!
Бұғы да марал жатқан жер,
Мергендер таңдап атқан жер,
Мерекеге батқан жер,
Артығын алып сатқан жер,
Бабам өсіп-өнген жер,
Аруағым көмген жер!
Өрелерін сүйеніп,
Үзеңгісін шіреніп,
Құлым шора болған тау.
Байтөбетім маңқылдап,
Байсал тауып үрген тау.
Балалы қаздай байпаңдап
Бәйбішелер жүрген тау.
Азаматым бас құрап,
Басында дәурен сүрген тау.
Жалғыз ауыл қонған тау,
Жайқалып ел болған тау.
Айдарлары желкілдеп,
Атам бала болған тау,
Әкем бір күйеу болған тау,
Шешем бір келін болған тау.
Ақ бүркеншік салынып,


139 
Ала берен киген тау.
Ағашың әйбат көрінген,
Жемісі жерге төгілген,
Жарықтығым, қайран тау.
Еш болмассың, ойран тау,
Жалғыз сиыр сауған тау.
Артық белгің сол еді,
Шілігің толған айран тау.
Баянаула, Қызылтау,
Бауыры толған бие бау...
Қарада қуыс бастауым,
Белгілі еді қыстауым.
Қожыр да қожыр тастарың,
Көзімнен аққан жастарым.
Сабынды қопа қамысым. 
Тамам бір жұртқа танысым... 
Боранда малым ықпаған,
Үйімді дауыл жықпаған.
Шағыр бір жусан, изендім,
Сенен де кетіп күйзелдім.
Ат арқандар қазығым,
Балаларға азығым...
Он екі Қазылық, он түнек,
Маңырап жатқан қой түнек. 
Есіл, Нүра — екі су,
Еңкейіп, онан бетін жу.
Бірің шекер, бірің бал,
Қайсы бірін айтайын,
Бетеге көде жарылса,
Шулап тұрған бәрің бал...
Қайран Есіл, Нұрамыз,
Қайда барып сиямыз?
Әлдилеген әлпешті,
Бүлдилеген болпышты,
Қайда апарып қырамыз?!
Есіл, Нұра сазымыз,
Қаңқылдайды қазымыз,
Сыр, Қуаң деген жерлерге
Енді кетіп барамыз.
Барсақ тағы жүре алмай,
Шырқ айналып келерміз.


140 
Түрлі-түрлі жібектей
Түйіні басқа жеріміз.
Түлкі менен қарсақтай
Түгі де басқа жеріміз.
Айдын шалқар көліміз,
Жағалай қонған еліміз,
Баса бір тартқан желіміз.
Сондай жерге қонғанда,
Көтерілген көңіліміз,
Кіруші еді бейіліміз.
Кетейін деп кетпедім,
Қалды-ау есіл жеріміз.
Ақ сақалды бабалар,
Ақ сүт берген аналар,
Таласып өскен жеңгелер,
Теңесіп өскен інілер,
Қожыр да қожыр тастарың,
Басыңа соққан достарым!
Соға тұрса дауылың,
Жауа тұрса жауының!
Күзгітұры болғанда,
Қаптай қонып алушы ек.
Жамайда жатқан көп аруақ,
Молаңды елде көруші ек.
Жыл он екі ай болғанда,
Басыңа дұға беруші ек.
Бұ барғаннан келмесем,
Өз еркіммен жүрмесем,
Жебеп-желеп жүре гөр, 
Арқада қалған аруақ! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет