ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Баймағамбет сұлтанға айтқаны



Pdf көрінісі
бет29/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Баймағамбет сұлтанға айтқаны

Алай ма, сұлтан, алай ма!
Астыма мінген арғымақ
Аяңдай түсіп марай ма?
Арғымақ дейтін жығылар
Найза бойы жар келсе. 
Жабыдайын жалтаңдаи, 
Түсер жерін қарай ма? 
Арғымақ атқа айдай таға қақтырса, 
Кілегей катқан Еділдің 
Көкше мұзынан таяр ма?! 
Ата ұлының баласы — 
Асыл ерге малың бер, 
Малың бер де, басың қос, 
Басыңа тарлық түскенде, 
Ардақтаған әділ жанын аяр ма?! 
II 
Біз бір енеден бір едік,
Бір енеден екі едік.
Екеуіміз жүргенде,
Бір-бірімізге ес едік.
Бір енеден үш едік,
Үшеуіміз жүргенде,
Толып жатқан күш едік.
Бір енеден бес едік,
Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік,


126 
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік. 
III 
Еділді көріп емсеген,
Жайықты көріп жемсеген,
Таудағы тарлан шұбар біз едік.
Исатайдың барында,
Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік.
Шабытымыз келгенде,
Ерегіскен дұшпанды
Шетінен сүйреп жеп едік.
Баста дәурен тұрғанда,
Біздердағы, байеке,
Оза көшіп, кең жайлап,
Еркімен еркін жатқан ел едік. 
IV 
Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік,
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық.
Теңдікті малды бермедік,
Теңдіксіз малға көнбедік.
Ханның кірген ақ орда
Бұзуын ойлап кеңестік.
Аламанға жел бердік,
Аса жұртты меңгердік.
Қара қазақ баласын
Хан ұлына теңгердік. 
Өздеріңдей хандарды
Қабырғасын сөгілтіп,
Қабырғадан аққан қан
Ат баурына төгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне өңгердік. 

Кешегі Исатайдың барында, 
Алақандай Нарынды 
Басушы едім құлаштай. 
Жәбір беріп, жала етсең, 
Былғанған басым ласқа-ай! 
Мен бір шарға ұстаған қара балта едім, 


127 
Шабуын таппай кетілдім, 
Қайраса, тағы жетілдім. 
Көрмес, келмес деп едім 
Өз еркіммен бетіңді-ай! 
Есігіңнің алдына 
Ұрмай, соқпай келтірдің 
(Арманың бар ма Құдайға) 
Мынау Махамбет сынды «жетімді»-ай! 
VI 
Ханнан кегім ала алмай, 
Арқаның алыс екі саласына барғанда, 
Айдаһардай арбадың, 
Арбадың да қалмадың. 
Қайрат қылар ер біз болсақ, 
Заманымда болған «сұлтаным», 
Бізді жіпсіз байладың. 
VII 
Еділ мен Жайық жер еді-ау, 
Мекен еткен шаруаға 
Жағасы қорған жай еді-ау. 
Жай-қоныстан айрылып, 
Мен — бір қаңғып жүрген қараша. 
Қайта-қайта іздетіп, 
Менде қандай ауыр ақың бар еді-ау?! 
VIII 
Мен ақ сұңқар құстың сойы едім,
Шамырқансам, тағы кетермін.
Кетпей де нешік етермін?
Бұл барғаннан барармын,
Қиядан орын алармын.
Өтініп алып от жақпан,
Дұшпанға қылыш ұрармын.
Жазға бір ай қалғанда,
Аласапыран болғанда,
Бөліне көшкен еліңді
Бөрліккен қойдай қылармын.
Жарыла көшкен еліңді 
Жаралы қойдай кылармын.
Мен кеткенмен, тек кетпен,
Сізден артық табармын.
Ашуыма көп тисең,
Өзекті жанға бір өлім,


128 
Ордаңды талқан ғып шабармын! 
IX 
Беркініп садақ асынған,
Біріндеп жауын қашырған,
Құйқылжыған құла жирен ат мінген,
Құйрық-жалын шарт түйген,
Мен — кескекті ердің сойымын,
Кескілеспей бір басылман.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар-намысым қашырман.
Сүйегім тұтам қалғанша,
Тартынбай сөйлер асылмын.
Ай, тақсыр-ау, ай, тақсыр,
Бойың жетпес биікпін,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан!
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман.
Шамдансам — шығар асаумын,
Шамырқансам — сынар болатпын,
Кәр қылады деп, тақсыр-ау,
Аяғыңа бас ұрман!
Байеке сұлтан ақсүйек,
Қыларың болса — қылып қал!
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман. 

Ай, тақсыр-ау, ай, тақсыр! 
Боз орданы тіктім деп, 
Боз ағашты жықтым деп, 
«Ханым, ханым» дегенге, 
Көтере берме бұтыңды, 
Көптіре берме ұртыңды, 
Күндердің күні болғанда, 
Өзіңнен мықты жолықса, 
Ту сыртыңнан жармай алар өтінді. 
Тәуекел хаққа бел байлап, 
Қималы найза өңгеріп, 
Бозбалаға жел беріп, 
Атқа мініп шыққанда, 
Зұлым төре, сенің де 
Көрер едім көтіңді! 


129 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет