ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет26/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

ҮМБЕТЕЙ 
Қабырғасы сөгіліп,
Шапқанда батыр төгіліп:
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгембай,
Сары, Баян мен Сағынбай
Қырмап па еді жауыңды,
Қуантпап па еді қауымды,
Ұмыттың ба соны, Абылай! 
Дүние кезек, Абылай!
Қаласың әлі-ақ сен былай!
Артыңдағы балаңа
Табылар батыр тағы да-ай!
Сондай ерлер көп тусын
Деп тілей бер, а Құдай!
Орта жүзде қатын көп,
Туатын кейін батыр көп,
Сол мұқатар жауды деп,
Елестер көзге сағымдай. 
Ей, Абылай, Абылай,
Сөзімді тыңда тағы да-ай!
Өзіңнен біраз жасы үлкен,
Дөмпеш таудай басы үлкен,


115 
Жасында болған сырласың,
Үлкен де болса құрдасың,
Сексеннен аса бергенде,
Қайрылмас қаза келгенде,
Батырың өлді — Бөгембай! 
Иманын айтып өлерде,
Иекке жаны келгенде,
Сәлем айтты үш қайта,
Кеттім деп сізді көре алмай.
Батырды қолдан өткіздім,
Сәлемін міне жеткіздім.
Жыламай тыңда, Абылай,
Жараға жақсы қасқарар,
Ойбайлап жаман бас салар,
Көріспей айтты демеңіз,
Осы еді біздің келген жай.
Көзіңнің жасын тыя көр,
Жақсылық бата қыла көр.
Тағы да талай бақ берсін,
Балаңа алтын тақ берсін,
Бөгембайдай жас берсін,
Өлшеусіз мал мен бас берсін! 
Бөгембай сынды батырдың
Береке берсін артына-ай,
Сабыр берсін халқына-ай.
Жасаған ие жар болып,
Бейіште нұры шалқығай! 
 
Екі-мыңжылдық дала жыры /Ред. Ә. Нысанбаев . Алматы: 
Қазақ энциклопедиясы, 2000. – 113-191 бб. 


116 
ХIХ-ХХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ 
ЭТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕР 
 
БҰҚАР ЖЫРАУ 
Бірінші тілек тілеңіз: 
Бір Аллаға жазбасқа. 
Екінші тілек тілеңіз:
Әзәзіл, пасық
1
, залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытқы бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс қанат
2
ақ орда,
Ардақтаған аяулың
Күнінде ертең
3
біреуге
Тегіннен-тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңіткен,
Тас емшегін жібіткен
1
Пекин нұсқасы бойынша («Ана тілі», 12-шілде, 1990 жыл). 
2
Бұл да сонда. 
3
Бұл да сонда. 


117 
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз: 
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Исі жұпар аңқыған,
Даусы қудай саңқыған,
Назыменен күйдірген,
Қылығыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа. 
* * * 
Ай, Абылай, Абылай!
Қатын алма қарадан,
Қара тумас сарадан.
Қатын алсаң қарадан,
Алды кетпес баладан,
Арты кетпес жаладан.
Қатын алма төреден,
Қатын алсаң төреден,
Еркегі болар жау жанды,
Ұрғашысы ер жанды,
Төре берер ұл туса,
Аузы кетпес парадан.
Мал жинасаң, қойдан жи,
Майы кетпес шарадан.
Ит жинасаң, сырттан жи,
Қойды бермес қорадан.
Аталыдан би қойсаң,
Адаспас жол мен жорадан.
Атасыздан би қойсаң,
Босанбас аузы парадан.
Қалмаса қайнар азайып,
Аққан дария суалмас.
Қалмақтан алсаң бір зайып,
Сүйегіңді жоғалтпас.
Абылайымсың алқатқан,
Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан!
Сегіз қиыр шартарап,
Төрт құбылаңды түгел қып,
Төріңде жатып салмақтан. 


118 
* * * 
Он екі айда жаз келер,
Құс алдында қаз келер.
Айтып-айтпай немене,
Дәуреніңіз аз келер.
Сондай заман жеткенде 
Шаңырағың тұл болар.
Еліңе қауіп төнгенде
Ата ұрпағың құл болар.
Қараларың қас болар,
Қаскөйлерің бас болар.
Өзі сары, көзі көк,
Орыстар келер ғалым боп.
Әулиедей көрінер,
Діндәрінің аты — поп.
Поптары болар сазандай,
Кітабы болар қазандай.
Ақыретке барғанда,
Ақсүйекті қор тұтқан,
Қараны онан зор тұтқан,
Орыстарды пір тұтқан,
Сорлы болған қазағым, 
Тартарсың сонда жазаңды-ай! 
* * * 
Қазақтың ханы Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып торлады.
Құлағанға ұқсайды
Қазақтың қамал-қорғаны.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Айтпасыма болмады,
Батырың өтті — Бөгембай! 
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған,
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған,
Қазақ деген халқынан,
Батыр шыққан даңқынан,
Қарсыласқан асылдар
Қорғасындай балқыған,


119 
Батырың өтті — Бөгембай! 
Бұтақты мүйіз бұғысы
Саласында жайылған,
Мылтық атқан мергені
Киігін қойдай қайырған,
Құланы құлындай тулаған,
Түлкісі иттей шулаған,
Қыс қыстайтын жеріңді
Аң етімен тау қылған,
Батырың өтті — Бөгембай! 
Асу салған тас бұзып Тарбағатай белінен,
Қол қондырған қос тігіп
Бөрлі деген көлінен,
Қалмақты шапқан шулатып
Ақшәулінің өрінен,
Қоныс қылған найманға,
Бәрін қуып жерінен,
Батырың өтті — Бөгембай! 
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгембай,
Қаз дауысты Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнібек —
Ормандай көп Орта жүз,
Сондан шыққан төрт тірек.
Тұғыр болған сол еді
Сіздей төре сұңқарға. 
Жастық дәурен жалын-өрт
Басымыздан көшкен соң;
Айтуға бәрін әлім жоқ
Мезгіліміз жеткен соң!
Қатты тамақ шайнарға
Мен пақырда тіс бар ма?
Арыстан ем айбарлы,
Бұл күнде қуат, күш бар ма?! 
* * * 
Көкшетаудан салдырған 
Қара үңгір жолдары. 
Сабантаудан жиылып, 
Бес сан болды қолдары. 
Өзің қонған Көкшетау, 


120 
Кәпір қала салды, ойла. 
Жарқақ деген жерлерге 
Шашылып шеті барды, ойла. 
Атбасар мен Қалқотан 
Балығы тәтті су еді, 
Өнебойын шандып ап, 
Сүзекісін салысты, ойла. 
Қарқаралы деген тауларға 
Қарқарасын шанышты, ойла.
Бетеге мен көденің
Берекесі қашты, ойла.
Көкмүрын деген жерлерге
Қыстауын сонан соқты, ойла.
Жылқының суат суына
Шошқасын әкеп төкті, ойла.
Ұлытау шеті Созақтан,
Созақтан бергі жерлерден
Көкорай шалғын көре алмай,
Шұбырып қазақ кетті, ойла.
Нұраның бойы Ақмола,
Есілде бар Қараөткел,
Екі өткелдің аузынан
Тас қорғанды салды, ойла.
Баянаула, Қызылтау,
Оны да кәпір алды, ойла. 
.......................................... 
Шүршітпенен құлақтас,
Қырғызбенен жұбаптас.
Ортасында ұйлығып,
Кетпейін десе, жері тар,
Кетейін десе, алды-артын
Қоршап бір алған кәуір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Бүйірінен шаншу қадалып,
Сорлы бір қазақ қалды, ойла! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет