ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет38/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

 
 


159 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ 
 
Қазақ салты 
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара-көлге қонып салқындаған. 
Бір өртке қаудан шыкқап душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған? 
Алаштың адамының бәрі мәлім:
Кім қалды таразыға тартылмаған?
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр
Жақсылық өз басынан артылмаған. 
Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп
Екпіндеп ұшқыр атша қарқындаған.
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп
Киіздей шала басып қарпылмаған. 
Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп
Телміріп бір тойғанын ар қылмаған.
Ақ көңіл, алаң-бүлаң адамдар көп
Есептеп азын көпке, аңқылдаған. 
Қайырсыз неше сараң байлар да бар
Қайықтай толқындағы қалтылдаған.
Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп,
Ұмтылып, талап ойлап талпынбаған. 
Солардың қатарында біз де жүрміз,
Мәз болып құр түймеге жарқылдаған.
Не пайда өнерің мен біліміңнен
Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?! 
Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған,
Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.
Байға — мал, оқығанға — шен мақсұт боп,
Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан. 
 
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ 
 
Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі хәлі 
Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,


160 
Бәйге алмас болғанымен жүйрік шаппай?
Шамаңды кәдәри хал көрсетсеңші,
Байғұс-ау, оянсаңшы, қарап жатпай. 
Не пайда бір орыннан қозғалмайтын,
Тазармас қара су да жатқан ақпай.
Артықтан тағылым алып, кемге үйретпей,
Жүруің лайық па ғақыл таппай? 
Сен неге бой көрсетпей, жасқанасың?
Тастаса көзің көрсін халық ұнатпай.
Бұл шақта сөз базары көтеріңкі,
Сынасай бақытыңды сен де баптай. 
Бірде алып, бірде қалып жүрмес пе едің,
Сөзінді біреу сөгіп, біреу мақтай.
Бой тежеп, жүрексіну дұрыс емес,
Шашылған ризықты жүріп татпай. 
һиммәт тау кеседі деп мысалда бар,
Жігітке өнер қайда зейін артпай.
Талапты жаңа өспірім бағландар
Жүруге лайықты ғой атын ақтай. 
Жігіттің несі жігіт босқа жүрген,
Қызметпен пайда беріп, халыққа жақпай,
«Бәсең бол, әсем болсаң» деген жөнмен
Өнерін мұқтаждарға жүрсе сатпай. 
Жан пида, малың тәрік болсын, жігіт,
Дін, милләт деген сөзді түр жәһидлай.
Мен кепіл сонда жаман болмасыңа,
Тұрмасам, қолыңды әкел, айтқан шартта-ай. 
Адасып қараңғыда сорлы қазақ,
Ай тумай, күн һәм шықпай, тұр таң атпай.
Сөндірмей жанған өртті көрген адам,
Қалайша тұру мүмкін жанға батпай?! 


161 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет