ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет46/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Ғалымжан
. Үсен дұрыс айтасың. Әуелі тарихи шолу жасасақ 
адамгершілік пен мораль мәні де ашылатын шығар. 
Адамгершілік пен моральдің шығуы қоғамдық қатынастармен 
тығыз байланысты екені сіздерге түсінікті. Бірақ, қоғамдық 
қатынастар әр дәуірде әр түрлі ғой. Дегенмен сонау құлдық қоғамдық 
формацияның өзінде де жалпы адамзатқа тән, оның өмір сүру 
жағдайына лайықты моральдық, адамгершілік принциптері қалыптаса 
бастады. Сондықтан да осы көне заманның өзінде де адамның қарым-
қатынасының негізінде туған адамгершілік принциптері қоғам 
өмірімен байланысты болды. Орта ғасырлық дәуірдегі моральдық, 
адамгершілік принциптер дін мен шіркеудің идеологиялық құралына 
айналса да өмір шындығынан алшақ кете алмады. Сондықтан да діни 
идеология адамгершілік проблемаларымен біте қайнасып жатты. 
Ұзақ жылдар бойы (тіпті жетпіс жылдан астам) біздің еліміздегі 
дінге, оныц идеологиясына карсы күрестің негізінде дін мен 
имандылық арасындағы айырмашы-лықтардың жігін аша алмай, 
сайып келгенде жаңа заманның өзіне тән дәстүрі мен әдет-
ғұрыптарын, салт-санасын қалыптастыра алмай, адамдарымыздың 
ішкі рухани дүниесін босаңсытып жібердік. Әрине, орта ғасырдағы 
дін мен біте қайнаскан моральды, оның кодексін сынауға қазір әркім 
батылдана кіріседі. Бірақ, оның негізі неде, оның орнына нендей 
принципті ұсынамыз, ол жағы белгісіз. Олай болса орта ғасыр 
дәуіріндегі рухани адамгершілік принциптерін әлі де болса толық 
зерттеуіміз, өзімізге қажетті жақтарын пайдалануымыз керек. 
Бірақ, мораль мен адамгершіліктің калыптасуы орта ғасырлық 
дәуірден өтіп, капитализмнін өрлеу заманына тап болды. Осы 
буржуазиялық қоғамның адамгершілік пен моральдық принциптеріне 
сын көзімен караған немістің классикалық философиясының өкілдері 
өз тарапынан осы мәселелер жөнінде келелі пікірлер айтты. Енді осы 
мәселені ортаға салайық. 
Асан
. Бұл мәселеге ерекше мән берген И. Кант өзінің 
«Практикалық ақыл-ойға сын» деген шығармасында мораль мен әдет-
ғұрыптың борыш пен ынталықтың, ақыл-ой мен сезімнін арасындағы 
қайшылықтарды атап көрсетті. Сондықтан да Канттың мораль туралы 
пікірлері күні бүгінге дейін өте маңызды. Ол моральды адамзаттың 
мәдениетіне жатқызып, оның екінші адамдандырылған табиғатты 
тудыратынын атап көрсетті. Мораль индивидтің өзара қоғамдық 
қатынасынан келіп шығатын процесс. Мораль жеке адамның коғамда 
өмір сүре алатын, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола 
алатын қабілеті. Мораль адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі, 
олардың практикалық өмірдегі бейнесін жасаудағы іс-әрекеті. 
Сондай-ақ, мораль адамдардың қатынасынан туатын идеалды түрде 


182 
өмір сүретін объективті, жалпы маңызды, әрі қажетті адамгершіліктің 
жиынтығы. Сонымен қатар мораль өзінің мәні жағынан жеке дара мен 
рулықтың, адам мен адамзаттың арасындағы ізгілік ережелерінің 
жиынтығы. Осы жиынтық арқылы әр адам өзінің адамдық қасиеттерін 
қалыптастырып дамыта алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет