ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Үсен . Жоқ, есімде ештеңе қалмапты.  Асан



Pdf көрінісі
бет48/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Үсен
. Жоқ, есімде ештеңе қалмапты
Асан
. Міне, осындай кодекстің кесірінен мораль адамдардың 
ішкі дүниесінің көрнекті белгісі болудың орнына елдің ат тонын ала 
қашатын құбыжығына айналды. Қазір үй ішінде ата-анасы ұрысқан 
бала: «Маған мораль оқымаңыз» деп шыға келеді. Сасып қалған ата-
ана: «Жоға, жоқ мен мораль оқымаймын» деп ақтала бастайды. 
Үсен
. Міне осыдан келіп «моральдандыру» деген жат сөз, ұғым 
пайда болды емес пе? Мораль десе төбе шашымыз тік тұратын 
дәрежеге жеттік. 
Асан
. Дұрыс айтасың. Адамдар моральдан қашты, оны өздері 
әңгіме кезінде қолданбауға тырысты. Мұндай теріс көзқарас қайдан 
пайда болды? Меніңше бар пәле тәрбиеде жатыр. Алдымен отбасында 
одан соң балалар бақшасында тәрбие мәселесін моральды 
ұғындырудан, соны насихаттаудан бастаған дұрыс. Бірақ, мораль 
жалаң болғандықтан, күнделікті өмірмен, практикамен, қоғамдық 
қызметпен 
байланыспағандықтан, 
жастар 
бүкіл 
моральдық 
қағидалардан соңғы кездері безіп кетті ғой. 
Әрине, бүған тоқыраушылық жылдарағы өмірдің екпінді 
дамуына төтеп бере алмай, іске алғысыз болған моральдық кодекстер 
жауапты. Өйткені, олар өмір қайшылығына тап болды. Сондықтан 
моральдық принциптер, керісінше әсер етіп «адам бол», деген жақсы 
ниет 
арамзалардың 
шығуына, 
«еңбек 
ет», 
деген 
қағида 
арамтамақтардың кең өріс алуына жағдай жасады. 
Үсен
. Иә, солай болды ғой. Мұның барлығын біз өмірде біле 
тұрып, білмеген боламыз. Сөйтіп біз адамгершілік принциптерінде 
аяққа таптадық. Адамгершілікке тәрбиелейтін отбасы өз міндетін 
балалар бақшасы мен мектепке жүктеп, ал олар болса керісінше 
барлық мәселені отбасына қарай артып, екі ортада жастарымыз далада 
калды. Сонау ананың ақ сүтімен басталатын адамгершілік 
принциптері қазір көптеген отбасында балалар бакшасы мен 
мектептерде әлі де толық қалыптаспаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет