ІІІ. Қорытынды. ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. Қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманың бланкілері және олардың түбіртектері куәліктердің бөлек кітаптарында жинақталады. Кітаптың соңына жазумен парақ саны көрсетіледі. Кітаптар тігіледі, медициналық ұйымның немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның мөрімен бекітіледі және медициналық ұйымның басшысында немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғада сақталады.
Медициналық ұйымның есеп жасау үшін пайдаланатын қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманың түбіртектері дәрігерлік (медициналық) куәліктердің берілген жері бойынша куәлік берілген жылдан кейін 5 жылға дейін сақталуы тиіс, кейін қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес жойылуы керек.