Қайтыс болуы туралы медициналық куәліктің түбіртегі
№ 106-2/е-12
Перинаталдық өлім туралы медициналық куәлік
№106-2/е-07
Перинаталдық өлім туралы
медициналық куәліктің түбіртегi
Қайтыс болу туралы медициналық куәлікті толтыру және беру
(№106/е-12 нысаны)
Өлімді тіркеу органдарында тіркеу үшін медициналық ұйымдар немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар №106/е-12 «Қайтыс болғаны туралы медициналық куәлік» бастапқы медициналық құжаттаманың есептік нысанын ұсынады.
Куәліктің нөмірі мен сериясы, берілген күні, өлімнің себебі, тіркеуді жүргізген тіркеу органы, өлім актісі жазбасының нөмірі мен күні №025/е «Амбулаториялық сырқаттың медициналық картасы», №003/е «Стационарлық сырқаттың медициналық картасы» немесе №096/е «Босану тарихы» бастапқы медициналық құжаттамасының есеп нысандарында көрсетіледі.
Қайтыс болу туралы медициналық куәлікті кім рәсімдейді
Қайтыс болғаны туралы медициналық куәлік қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдарға беріледі, ал ондай адамдар болмаған жағдайда мәйітті тапқан ішкі істер органдарына беріледі.