Істің мəн-жайы Қаулы бойынша



Дата07.02.2022
өлшемі21,96 Kb.
#89371
Байланысты:
зақымм


«Астана медицина университеті» КеАҚ
Сот медицинасы кафедрасы
Жұмаш Перизат 527 группа
13.10.2020

Тақырып: Денсаулыққа келген зиян ауырлығын анықтау бойынша


сот-медициналық сараптама.

№ 3 Есеп



Медициналық құжаттар бойынша сот-медициналық сараптаманың деректері.


Істің мəн-жайы
Қаулы бойынша: 01.06.2014ж. Б.А. Астана қ. Есенберлин көш. 70 үйде қасақана Ш.К.-ны пышақпен жарақаттаған.


Сарапшыға келесі сұрақтар қойылады:
1. Ш.Қ.-да қандай дене жарақаттары бар?
2. Егер болса, орналасу орны, пайда болу мерзімі мен меxанизмі?
3. Жарақат алу уақыты, ұзақтылығы жәбірленушінің айтуына сәйкес келе ме?
4. Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесі қандай?


Медициналық құжаттың деректері
Ш.К.-тың қалалық №2 ауруxанасынан алынған медициналық құжаттар деректері бойынша 01.06.2014ж. сағат 22:00 де жауапты xирург қарауында болған. Ауруxанаға денесіндегі жарадан қан кетуіне, әлзіздік және бас айналуына шағымданып, жедел түрде жеткізілген.
Аурудың анамнезі: өзінің айтуы бойынша ауруxанаға түсер алдында 1 сағат бұрын белгісіз адам пышақтаған болатын.
Өмір анамнезі: туберкулез, тері-венерологиялық, вирусты гепатит болмаған, жарақаттар мен гемотрансфузиялар болмаған. Д-тіркеуде тұрмайды. Аллергиялық анамнезі: дәріге аллергия жоқ.
Объективті: жалпы жағдайы тұрақты, тері жамылғысы ақшыл-кызыл, склерасы таза, тілі ылғалды, тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, тынысы - 18/мин, жүрек тондары анық, ритмі дұрыс.
АҚ 100/80, пульс 86/ мин, соққылау симптомы теріс, зәр шығаруы еркін.
Локальді: іш формасы дұрыс, тыныс алуы бірдей, пальпацияда жұмсақ. Ұстап қарағанда сол жақ қабырға астында және іштің төменгі жағында ауырсыну байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Сол жақ қабырға доғасы астында ұзындығы 3,5см, шеттері тегіс, бұрыштары үшкір, көлденең орналасқан жара анықталды. Жарадан сыртқы қан кету байқалады. Сол жақ қол білегінің артқы бетінде ұзындығы 4,5см, шеттері тегіс жара анықталды. Сол жақ бел аймағының ортаңғы бөлімінде ұзындығы 1,5см, шеттері тегіс жара анықталды.
Диагноз: Құрсақ қуысына өткен іштің алдыңғы бетінің жаралануы. Сол жақ білек пен бел аймағының соқыр жаралануы.
Емдеу әдісі: шұғыл түрде ота жасау.
01.06.2014ж. Сағат 23:00 - 23:55.
Ота атауы: Лапаротомия.
Ота жасау тәсілі: үш мәрте антисептигімен өңдеген соң, жоғарғы лапаротомия жасалды. Құрсақ қуысын ашып, тексерген кезде қуыста 250мл сұйық қызыл түсті қан анықталды. Қуыс құрғатылып, әрі қарай тексергенде іштің алдыңғы сол жағында орналасқан жара құрсақ қуысына өткен. Ішкі ағзаларды қарау барысында бауырдың оң жақ бөлігінің алдыңғы бетінде көлденең орналасқан ұзындығы 3,2см жара анықталды. Жара тігіліп, іш қуысы тағыда құрғатылды. Париеталдық ішперде, іштің жұмсақ тіндерінің қабаттары тігіліп, құрсақ қуысы толық жабылды. Ота кезінде кеткен қан мөлшері шамамен 280мл. Ота асқынусыз өтті.
Хирург: М.С., ассистент: А.Д. Анестезиолог: Т.А., опер.медбике: Б.В.
Клиникалық диагноз: локальды статус; іші дұрыс формалы, тыныс алуы қалыпты.
Операциядан кейінгі алғашқы тәулік. Науқас жағдайы операцияның ауырлығына және мерзіміне сәйкес келеді, орташа ауырлық дәрежеде. Науқастың есі бар және адекватты. Операциядан кейінгі жара орнының ауырсынуына, аузының құрғауына, аздаған әлсіздікке шағымданады. Дене температурасы 36,8С. Тері қабаттары ашық қызғылт, таза. Аускультацияда өкпеде тыныс везикулярлы, өкпенің барлық аймағына таралады. Сырыл жоқ. ТАЖ 18/мин. Жүрек тоны анық, ырғақты. АҚ 110/80 мм.с.б. Пульс 82/мин. Зәр шығару еркін, диурез жеткілікті. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші симметриялы, үрленбеген, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, жара аймағы ауырсынулы. Ішек перистальтикасы естіледі, газ шықпаған. Басқа жерлерле тұйықталу анықталмайды. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Таңғыш геморрагиялық бөліндімен ылғалданған. Таңғыш ауыстырылды. Дренаж бойынша сол жақ бүйір каналынан 50мл серозды-геморрагиялық бөлінді. Дренаж фурацилиннің 30мл ерітіндісімен жуылды.
Кейінгі күндері науқастың жағдайы жақсарып, шағымдары азайды. Ота жасалған жара тартылып, жабылды.
10.06.2014ж. науқастың жалпы жағдай қалыпты, қанағаттанарлық. Тыныш күйде шағымы жоқ, жүрген кезде жара аймағында аздаған ауырсыну сақталған. Түнде ұйықтады. Тері жамылғысы ақшыл қызыл, склерасы таза. Тыныс алуы еркін, сырыл жоқ, тілі ылғалды, зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Іші симметриялы, желденбеген, тыныс алуға қатысады. Пальпацияда іші жұмсақ, іштің перистальтикасы жаксы, газдар шыгады. Щеткин- Блюмберг симптомы теріс, таңғышы құрғақ. Жарасы таза, асқыну жоқ. Тігісі алынды. Ауруxанадан қанағаттанған жағдайда сауығып шығарылды.
Қорытыңды клиникалық диагноз: Құрсақ қуысына өткен іштің алдыңғы бетінің жаралануы. Сол жақ білек пен бел аймағының соқыр жаралануы. Гемоперитонеум.


Тұжырым
Ш.К.-тың қалалық №2 ауруxанасынан алынған медициналық құжаттар деректері негізінде, істің мəн-жайын ескере отыра және қойылған сұрақтарға сәйкес келесі тұжырымға келдім (сарапшыға қойылған сұрақтарға жауап беру қажет):
1. Ш.К.-ның денесінде көптеген жаралар және жаралардан қан кету анықталды.
2. Сол жақ қабырға доғасы астында ұзындығы 3,5см, шеттері тегіс, бұрыштары үшкір, көлденең орналасқан жара анықталды. Жарадан сыртқы қан кету байқалады. Сол жақ қол білегінің артқы бетінде ұзындығы 4,5см, шеттері тегіс жара анықталды. Сол жақ бел аймағының ортаңғы бөлімінде ұзындығы 1,5см, шеттері тегіс жара анықталды.
3.Ш.К.-ның айтуы бойынша ауруxанаға түсер алдында 1 сағат бұрын белгісіз адам пышақтаған болатын. Ауруxанаға денесіндегі жарадан қан кетуіне, әлзіздік және бас айналуына шағымданып түрде жеткізілген. Объективті қарау барысында жарақат алу уақыты, ұзақтылығы жәбірленушінің айтуына сәйкес келетінді анықталды.
4. Ш.К.-ның дене жарақаттарының дәрежесі ауыр болып келеді. Сондықтан шұғыл түрде ота жасау керек деген шешім қабылданды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет