Жалпы ата-аналар жиналысының №2 хаттамасы



Дата24.04.2023
өлшемі18,47 Kb.
#175309
Байланысты:
ата-аналар жиналысы майга


Жалпы ата-аналар жиналысының
№2 хаттамасы
Мерзімі:. Қатысқандар:
Күн тәртібінде

1.Дәрігердің кеңесі: «Дені саудың жаны-сау»


2. «Сұраңыз жауап береміз» Ата-аналардың сұрағына жауап береміз.
3. «Әдептілік әдемілік» Ата-аналар арасында баяндама оқу.
4. «Қош бол,әсем балабақшамыз» Оқу тәрбие жұмысына есеп беру.

Бірінші мәселебойынша балабақша медбикесі сөз алды.Келген ата-аналармен амандасып,дені сау ұрпақ өсіру-әрбір ата-ананың міндеті.Баланы өз денсаулығын сақтаудың қарапайым амалдарына үйрету.Баланы өзі қандай да бір сырқаттанып немесе науқастанып тұрғанын байқаса үлкендерден көмек сұрауға үйрету.Балаға өз ағзасының сауықтыруға деген қызығушылығын арттыру және өз десаулығын сақтау мен шынықтыру әдіс-тәсілдерін үйрету.Жеңіл жарақаттанып қалған кезде өзіне және басқаларға алғашқы қарапайым көмек көрсетуге үйрету.Науқастанып қалған кезде негізгі өз –өзін ұстау ережелерін сақтауды тәрбиешілер үйретуі тиіс.


Екінші мәселе бойынша балабақша әдіскері сөз алды.Сұраңыз жауап береміз.Ата-аналардың сұрағына жауап беру.
Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп,пікірталас жүргізілді.
Үшінші мәселе бойынша ортаңғы топ тәрбиешісі Л.Мамбетова сөз алды.Ол «әдептілік әдемілік» атты баяндаманы ата-аналарға оқып берді.Ол өзінің баяндамасын «әдептілік» әңгімесімен бастады:
Бір жұрттың үлкен бір оқымыстысы,екінші бір елдің бойымен сөйлесіп тұрғанда,қасынан бір жарлы кісі өтіп бара жатып,оқымыстыға иіліп сәлем береді.Соның қасындағы бай тұрып:
-Тақсыр ,осынша біліміңіз бар ғалымсыз,сөйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп,неге сәлем бердіңіз?-деп сұрапты.Сонда ғалым кісі тұрып:
-Ешбір ғылым-білім үйренбеген кісі сонша иіліп,әдептілігін көрсеткенде,менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болған болар еді,-депті.Содан қорыта келгенде әдептілік пен әдемілік бұл екеуі егіз ұғымдар-деп тәрбиеші өзінің баяндамасын тианақты әрі түсінікті етіп оқып шықты.
Төртінші мәселе бойынша балабақша меңгерушісі сөз алды. Ол өз сөзінде биыл ортаңғы топ тәрбиеленушілері балабақшамен қоштасады.Осыған байланысты жылда маусым айында біздің балабақша «Қош бол балабақшам» атты ертеңгілік өткізеді.Соған осы жылы да ата-аналар сіздермен бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарып осы мерекеге атсалысайық,-деді.
Сөйлегендер ата-ана Байменова Айгүл мен меңгеруші апайдың айтқанына қосылып,бұл жолы басқаша бір жаңалықтай қылып өтетінін біз тәрбиешілерді күтеміз,-деді және де біз қызықты,әсерлі болып өтуіне атсалысамыз,-деді.

Кеңес төрайымы: Б/б меңгерушісі


Хатшы: тәрбиеші:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет