186
жазушы С. Цвейгтің «Жозеф Фуше» деген кітабында атақты
қолбасшы Наполеонның дөрекі мінезінің бір көрінісі бар. Сол туралы:
«Осындай ұлы адамның осыншама жаман тәрбие алғаны қандай
өкінішті» деп министр Талейран императордың бетіне тіке сарт
еткізіп айтты емес пе?! (Стефан Цвейг.
Собрание сочинений в семи
томах. Том четвертый. М. 1963. стр. 530).
Үсен
. Сонда тәлім-тәрбиемен кім айналысуы керек?
Асан
. Ең алдымен отбасында! Өйткені тәлім-тәрбиенің ананың ақ
сүтімен қоса берілетіні бәрімізге белгілі ғой.
Ғалымжан
. Әрине, тәрбие әсіресе адамгершілік, оның алғашқы
нәрі отбасында берілуге тиіс. «Адам тәрбиесі ол туысымен
басталады» деді француз философы Ж. Ж. Руссо. Шынында да
адамгершілік ананың ақ сүтімен келіп,
адамның әрі қарай жетілуіне
үлкен негіз болады. Бірақ, осы ананың ақ сүтімен келген адамгершілік
ақиқатын көп жерде көре алмай жүрміз-ау. Менің есіме атақты
жазушы В. Распутиннің көрнекті ойы түсті. Ол өзінің сөзінде, егер
біздің заманымызда жас Пушкин өмір сүріп, бірақ ол ардақты
күтушісі — Арина Радионовнаның өлең-жырларынан,
ертегілері мен
әндерінен нәр алып тәрбиеленбесе, керісінше ол сахнадағы күні-түні
ән айтатын жалба-жұлба киімді актрисаның барылдаған даусын естісе,
онда ол Пушкин емес, Дантес болып өсер еді» — депті.
Жазушының бұл сөзінде терең шындық жатыр. Қазіргі
жастардың көбі дерлік шет ел эстрадасы, музыкасы,
ансамбльдері,
тағы басқаларымен тым әуестеніп, өзінін халқының, ұлтының, елінің
музыкасын, өнерін, мәдениетін білмей,
оларды білейінші деп
ұмтылмай-ақ өсіп келеді. Міне, қорқынышты нәрсе осы!
Асан
. Әрине, бүл жастардың өз мәдениетімен әдебиетіне,
сонымен қатар өткен тарихына немқұрайды қараушылықты тудырды.
Ал, өз тарихын білмеушіліктен өткен сорақылық бар дейсің бе?
Адамгершілік әрбір халықтың аса бай рухани қазынасымен тығыз
байланысты.
Үсен
. Шынында да Оралхан Бөкеев ағайдың «Атау кере»
повесіндегі бір кейіпкер осы мәселе жөнінде былай дейді: «Біз күні
бүгінге дейін ұлттық адамгершілік, бет-бейнесі мен болмысын,
келбеті мен лайықтылығын анықтай алмай жүрміз. Әсіресе
қазақтардың ...ұлтымыздың ар-ұждандық идеалын білмейміз».
Достарыңызбен бөлісу: