172
болу дұрыс қылығы үшін берілетін Аруақтардың қамқорлығы ретінде
бағаланды.
Бүгін «жаңа қазақтар» да, рационалды еңбек пен еңбек этикасына
қарағанда, байлық рәміздерін жоғары бағалайды. Арғы тектердің
жебеуші қамқорлығына сенеді, «өлі риза болмай, тірі байымайды»
деген дәстүрлі нақыл сөздерді ұстанады.
Жалпы мейрамшыл көңіл-күй қазақ ділінің ерекшелігі болып
табылады. Соңғы еңбек ету, әскери күндерден және мейрамдардан
жинақталады. Тойлар бар әлем тәртібін қасиеттендірді, өмір сүріп
тұрған құрылысты бекітті, иерархиялық қатынастардан (ақсүйек -
қарасүйек) және тәуелділіктерден, тыйымдар мен нормалардан
уақытша еркіндік енгізді. Бұл тойлар ахуалынсыз тіршілік толымсыз
болды және жалпылықтың, азаттықтық, теңдіктің және молшылықтың
утопиялық патшалығы халықтық мейрамдау күндері салтанат құрмас
еді
1
. Еңбектің әлсіз мамандануы және бөлінуі, соңғысын өмір
салтымен теңестіру еңбек этикасының пайда болуына кедергі
қызметін атқарды.
Еңбек этикасының маңызды элементі ынтымақтастық болып
табылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында хан бір өзінде демеуші, жұмыс беруші,
әкім, сот төресі, әскери басшы тұлғаларын біріктірді. Оған деген
сенімділік, іскерлік әріптестік немесе ынтымақтастық қатынастарында
емес, ал туысқандық немесе харизмаға негізделген, жеке тәуелділік
қатынастарында құрылды. Ынтымақтасу формасы тәуелділік
сипатына ие және нақтылы болды, яғни белгілі бір дәстүрлер мен
жағдаяттарға байланыстырылды.
Кеңес Одағы кезеңінде бірдейлендіру мен абстрактылы
субъектілердің жалған субъектившілдігі орын алды. Тең құқылы
субъектілердің ынтымақтасуы ретіндегі шынайы коллектившілдік
іскерлік әріптестікке, жауапты әрі мүдделі өзара қарым-қатынасқа
жол ашады. Демократияшылдық, әділдік, теңдік сияқты басқа
әлеуметтік-мәдени модустарға келсек, онда олар этикалық
категориялардың мазмұнын қиып өтеді, бірақ тағы да еркіндіктің
батыстық түсінігінен өз айырмашылықтарына ие болады.
Дәстүршіл түсінікте еркіндік ережесіз ойын, стихия, ретсіздік,
жігер іспеттес болып келеді. Онда бір-біріне және әлеуметтік
ұжымдарға, әлеуметтік тәртіптің ұстап тұрушы негізі ретінде,
қалыпты қылық туралы түсінік жоқ. Батыстық түсінікте еркіндік
әлеуметтік
ұжымдардың
сапасымен,
әлеуметтік
тәртіпті
ұйымдастырудың ұстынымен, әлеуметке қатысты құқықпен,
жауаптылық және міндеттілікпен т.т. теңестіріледі.
1
Достарыңызбен бөлісу: