38 б.
2
Қазақ даласының ойшылдары. 2-ші кітап /ред. Нысанбаев Ә. – Алматы: ФСИ, 2001.
141 б.
276
контекстіден аулақ болмады. Сөзіміз дәлелді болу үшін ақын-
жыраулар шығармашылығына жүгінейік:
Басты, бірінші тілек аллаға арналады:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа
1
.
Немесе жыраудың басқа да өсиеттері:
Ей, айтшы, Алланы айт,
Аты жақсы құдайды айт.
Төрт шадияр Мұстафа,
Нұсқап ашқан ғаламды айт.
Тәңірім сөзі бұрқанды айт,
Кәлим Алла құранды айт,
Тәңірім салса аузына
Жан жолдасың иманды айт
2
.
Халқымыздың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау,
құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір жастың парызы болып
табылады. Үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, үлкен адамға орын беру,
оны төрге шығарып құрметтеу, оған сәлем беру, көңіліне қарау –
адамгершілік борыш ретінде қалыптасқан дәстүрлер. Ерлік пен елдік,
отаншылдық пен сүйіспеншілдік, ынтымақ пен бірлік, жан тазалығы
мен адал достық – бәрі де ақын-жырауларымыздың жыраулық
поэзиясынан орын алған, осының өзі – болашақ ұрпақтарыздың
бойына бүкіл кісілік асыл қасиеттерді жинақтауға зор көмек беретін
бала тәрбиесінің бастау бұлағы.
Жыраулық поэзияның ірі өкілдері Асан қайғы мен Қазтуғанның,
Доспамбет пен Шалкиіздің, Ақтамберді мен Бұқар жыраудың ж.т.б.
елдік пен ерлікті, азаматтық пен адамгершілікті жырлаған өршіл өлең-
жырлары, туған жер, ата-қоныс, ел тағдыры, өмір өткелдері мен қоғам
жайлы философиялық толғау-тұжырымдары, өткір ойшылдық пен
шешендік өнер өнегелері адамзат атаулыға тән асқақ кісілік идеяны
паш етеді. Осы үлгі-өнеге тұтар, ұрпағымыз мақтанышпен мәңгі
естерінде ұстар ақын-жырау, даналарымыздың әрқайсысының өмір
жолдары сол өзі өмір сүрген заман тарихымен тығыз сабақтастықта
жатыр. Жалпы кісілік құндылық болып табылатын: салауаттылық,
инабаттылық, ізеттілік, ар-ұятты болу, қайырымдылық, перзенттік
парыз, ата-анаға, отанға қызмет ету, ұлтын, халқын отанын сүю,
қорғау, әдептілік, имандылық, ар-намыстылық, өнерпаздық, ата-текті
қастерлеу, бүкіл адамзаттық адамгершілік қасиеттерді ардақтау, ерлік
деген ұғымдарды тәлім-тәрбиеде кісілік өлшемдердің көрсеткіші деп
1
Бес ғасыр жырлайды. 1-ші том. — Алматы: Жазушы, 1984.
92 б.
2
Сонда
, 114 б.
277
санасақ, адам бойына қуат берер осынау ізгі қасиеттерге баулуда
жыраулық позэиядан аларымыз өте көп.
Тұтастай белгілі бір кезеңдердің қоғамдық-әлеуметтік, тарихи
сипатын таныта алатын дидактикалық-философиялық сарындағы
толғаулармен қатар сөз зергерлері адамгершілік, этика, мораль
тақырыптарын да адам өмірінің түрлі жағдайларына қатысты келістіре
жырлап, ел ішінде тәрбиелік міндет атқарып отырғаны байқалады.
Кісілік құндылықтары туралы жалпы пайымдаудан кейін,
олардың қазақтың әдеп мәдениетіндегі нақтылы көріністеріне назар
аударалық. Академик Әлкей Марғұлан қазақ халқының эпикалық
мұрасында мынадай құндылықтар басты орын алады дейді:
“…қаһармандық жырлар, сұлу ертегілер туғызуға патриархалдық
дәуірдегі негізгі сарындар мынадай еді:
А) бейбітшілік;
Ә) ел қорғаған ерлерді ардақтау;
Б) жұртқа ақылшы болатын қарияларды қадірлеу (Қорқыт,
Жиренше шешен, Асан қайғы);
В) алып ер туатын ананы құрмет тұту;
Г) алпыс басты “ақ орданың аяулысы” – жас әйелді біреуге олжа
түсірмеу;
Д) келешекте ана болатын қыз баланы тәрбиелеу;
Е) ер баланы баулап, садақ аттыру, жапан түзге жалғыз жіберіп,
аң аулатып, ерлік сынаудан өткізу (мергендер типі);
Ж) жүйрік жылқыны тануды бағалау… Міне, осының бәрі аталық
дәуірдегі жұртшылық тілегін білдіреді”
1
.
Жақсылық, әділеттілік, достық, махаббат сияқты әмбебапты
кісілік қасиеттермен қатар, ақын-жыраулар шығармашылығында
мұсылмандық (имандылық, сауаптылық, тәубешілдік, рахымдылық
және т.б.), көшпелілік (тектілік, төзімділік, шешендік, сөзге тоқтау,
қауымшылдық, балажандық, меймандостық, киелілік және т.б.)
құндылықтары жырланады.
Жазусыз ақпараттық аяда қалыптасқан кісілік құндылықтарда
діни, этикалық және қауымдық бастауларды үйлестіру мәселесі
маңызды. Мысалы, “киелі” түсінігін кейбір зерттеушілер христиан
халықтарындағы “сакральды”, “қасиетті” (священный) сөздерімен
тели салады және аталған ұғымды тек діни мағынада түсіндіреді. Бұл,
әрине, көшпелілік тұрмысты жете білмеуден шығады. Кезінде Шоқан
Уәлиханов қазақтар екі тылсым күшті: “киелі” мен “кесірді”
мойындайды деген. Дәстүрлі мәдениеттегі ырымшыл қазақ үшін киелі
нәрселер мнемоникалық рәміздер қызметін атқарды. Батыстық
бағыттағы зерттеушілер үшін “киелі” діни әдет-ғұрыптармен ғана
1
Марғұлан Ә.
Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985.
362 б.
278
байланысты болса, номадалық тіршілік тынысын терең зерделеген
ғалымдар киелілік деген деңгейден табиғи тылсым оқиғалар,
құбылыстар мен нәрселерден көрінетіндігін атап өтеді. Мысалы,
аспан шырақтары, жапан даладағы жалғыз ағаш, бұлақ, қолдан
жасалған балбалдар, пұттар, қорғандар және т.б.
“Едіге батыр” жырында айтылғандай, киелі дәрежеге табиғи
құбылыс өзімен өзі емес, керісінше, адамға тигізетін оң ықпалы
арқылы ие болады.
Қарға қонбас қара ағаш
Қаз қондырдым жұрт үшін.
Құзғын қонбас қу ағаш
Қу қондырдым жұрт үшін.
Қу қанатын сал қылып,
Еділ, Жайық өзеннен
Көктей өттім жұрт үшін…
1
.
Қазақ даласын жете білген поляк саяхатшысы Бронислав
Залесскийдің “Қазақтардың киелі ағашы” деген суреттемесінен осы
мәселе жөнінде түбегейлі ақпарат алуға болады. Саяхатшының әрі
суретшінің бейнелеуі бойынша, киелі ағаштың жанынан өткен кезде
«қазақтар түйелерін шөгеріп, аттың жабуын немесе кілемшені жайып
қояды да тізелерін бүгіп, немесе малдас құрып отырып дұға оқиды.
Сонан соң өздері де ағаш бұтақтарына киімінен жыртып алған
шүберек немесе қой терісінің қиындысын, тіпті болмаса ат
құйрығынан кесіп алған қылды ақтық ретінде байлап кетеді. Олар
киелі ағашқа ақтық байлау бақыт әкеліп, ауру-сырқаудан қорғап-
қоршайды, өмір жастарын ұзартады деп ойлайды. Сондықтан, тек биік
ағаш қана емес, шөлдегі жол бойында кездесетін аласа бұталарда да
ақтық байлаулы тұрады.
Мұндай ағашты кесу қазақтар үшін күнәнің ең ауыры болып
саналады, сондықтан оның тіпті қураған бір бұтағын сындырар бір
жан болмайды. Мұғаджар тауына жақын жазықтардың бірінде өсіп
тұрған бірнеше діңді жабайы өрік ағашын көргенім бар, әбден қурап
қалған көптеген ірі бұтақтардың біреуіне қол тигізуге ешкімнің жүрегі
дауаламайды. Ілінген ақтық шүберектер мен қой терісінің
қиындыларының көптігіне септік жоқ, ағаш басына салынған ой
бүркітінің ұясына да адамдар тарапынан келер еш қиянат жоқ, себебі,
киелі ағашқа салынған ұя да киелі”
2
.
Бұл суреттемеге, шынында, артық нәрсені қосу қиын болар. Осы
көзқараспен ақын-жыраулар мәтіндеріндегі киелілік суреттемелерін
салыстырып көрелік.
1
Бердібаев Р.
“Едіге батыр” жыры туралы. // Әлем: Альманах. –Алматы: Жазушы, 1991.
Достарыңызбен бөлісу: |