274
қоршаған ортаға деген философиялық көзқарасы аңғарылады.
Сонымен қатар жырау тек сөзбен емес, жамандықты іспен де
шектеуге шақырады. Құр сөз, дейді ол, бос, болып қалды:
Көкте бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас не пайда.
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес не пайда.
Дін мұсылман болмаса,
Тіл мұсылман не пайда.
Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда.
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда
1
.
Хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың этикалық түсініктері
жоғарыда аталған фольклор үлгілерімен үндес келеді. Өйткені олар
бір этномәдени кеңістікте қалыптасқан. Хандық дәуіріндегі ақын-
жыраулардың этикалық ойларының философиялық негіздерін
қарастырғанда олардың исламдық және байырғы нанымдардың
синкретті қосындысы екендігіне назар аудару қажет. Бұл сипатта екі
қайшы пікір бар екендігін атап өтуге болады. Кеңес Одағында қазақ
ақын-жырауларының діни өкілдерді сынаған кейбір жолдарынан олар
исламды онша қолдамады деген тұжырым жасалды. Бұл сарын соңғы
жылдары жазылған кейбір зерттеулерде де орын алады. Мысалы,
қазақ халқының “аңқау елге арамза молда”, “молдаға мал қайғы,
момынға жан қайғы”, “мың күн ұжмақтан – бір күн тірлік”, “дін
қараңғы ін” сияқты мақалдарынан қазақ дүниетанымына материализм
мен пантеизмнің кейбір көріністері тән болды деген сараптаулар да
кездесіп тұрады
2
.
Келесі көзқарас ақын-жыраулар имандылық мәселесіне үлкен
көңіл бөлді, сондықтан олардың шығармашылығы діндарлық
ұстанымды қолдады деген пікірмен байланысты. А. Мейірманов
исламға дейінгі қазақтың монотеистік және табиғи нанымдары
моральдан тыс болды, тек мұсылманшылдық шынайы әдепке жеткізді
деген қағиданы ұсынады: “пұтқа, отқа, жеке адам басына, тауға, тасқа,
т.б… табынған соқыр сенім – ақылды бұғаулап, рухты басып-жаншып
өсірмеудің және қоғамның әлеуметтік күйзелуінің бірден-бір себебі”
3
.
Сонда тәңіршілдікті ту еткен түркі қағанаттары күйзелген қоғам
1
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия /құр. Мағауин М. - Алматы: Ана тілі, 1993.
Достарыңызбен бөлісу: