413
шықты. Суретшіге кей жағдайда кәсіби машықтылығын жетілдірудің
өзі қажет болмай қалды. Себебі өнер қатты индивидуальды сипатқа ие
болып,
кәсіби
машықтылықтың
орнына,
кей
жағдайда,
интеллектуализм жетекші орын алды. Бұлардың бәрі ХХ ғасырға тән
көркем құбылыстар еді.
Осындай мәдени процестердің алдын алу үшін, бұқаралық
мәдениеттің
теріс
әсерлерін
кеміту
мақсатында
Қазақстан
Республикасында көптеген шараларды жүзеге асырған жөн. Еліміздегі
Мәдениеттану және өнертану ғылыми зерттеу институты (жетекшсі -
Ә. Қодар) осы мәселеге қатысты мәдени дамудың арнаулы
тұжырымдамасын қабылдады. Оның кейбір қағидаларына назар
аударайық.
Классикалық маңызы төмен, ұлттық болмыс пен психикаға кері
әсерін тигізетін өнер мен музыкадағы өнімдер ағымына бақылау қою,
оны жүзеге асыру аппараттарын жұмылдыру. Атап айтқанда:
- қала мен республикалық маңызы бар және облыстардағы
атқарушы орган мен мәдениет институттарының бақылауын күшейту;
- сараптама және ақпараттар жинақтау бөлімін жетілдіру;
- ұлттық психология мен сана-сезімге кері факторларды
болдырмаудың әкімшілік бөлімдерін жұмылдыру т.б.
Халықтың рухани және физиологиялық тұрғысынан дамуының
бірден-бір мүмкіндігі өмір болмысын халық тағдырын бейнелейтін
мәдени ошақтардың басты саласының бірі, театр мен кино өзінің
бүгінгі қоғам өміріндегі орнынан қазіргі заман талабына сай ұлттық
психология, тәрбие беру, эстетикалық құндылық сапаларын
төмендетіп алды. Оған басты себеп:
- шетелдік немесе батыстық кино мәдениеті: ашық порноөнімдер,
афро-американдық поп музыкалар, эротикфильмдер, сана-сезім, мінез
құлыққа кері әсер ететін қатігез киноөнімдер мен сериалдар;
- Қазақстандық театр және кино мекемелерінің халық назарын
өзіне тартып аларлық туындыларының әлсіздігі;
- әртүрлі
жат мәдениет үрдістерін насихаттайтын бейне
таспалардың шектеусіз сауда рыногында таралуы;
- кино мәдени ошақтары – кинотеатрларда шетелдік фильмдерді
жарнамалау мен жаппай көрсетулер
1
.
Бүгінгі
таңдағы
кітап
дүкендері
мен
кітап
сауда
орталықтарындағы сатылымдағы кітап қорының 90 пайызы шетелдік
кітаптарды құрайды. Музей кешендерінде экспозициялар мен ұлттық
тарихи мұраларды сақтау мен дамыту әлі күнге дейін кеңестік
идеология шеңберінде құрылған өлкетанушылық бағыттан әрі аса
1
Достарыңызбен бөлісу: