ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет16/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

 
Ырымдар 
1. Адамның құлағы шуылдаса қазақ екі түрлі ырымға жатқызады. 
Сол құлағы шуылдаса - өлімнің хабарына жориды. Жақын-туыс, 
ағайын-алаш, құда-жекжат, ауылдастардан біреу өлген екен деп 
ойлайды да, «оң құлағым, оң құлағым» деп үш рет айтады. 
«Жақсылыққа көріне гөр» деп, тілеу тілейді. Оң құлағы шуылдаса - 
қуанышты хабарға жориды. «Оңыңа бастай гөр» деп, оң құлағының 
түбін оң қолының бас бармағымен үш рет қағады. Онысы - жақсылық 
орнықты болсын дегені. 
2. Дене мүшелерінің жыбырлауы да ырымның арқауы. Оң қабағы 
тартса «қуанамын, бір игі хабар естимін» деп, жақсылыққа 
бейімдейді. Ал сол қабақ тартса «бір жайсыз жағдай болар» деп іштей 
үрейленеді. Қабағына сілекей жағып: «Жамандықтан сақтай гөр!» деп 
тілейді. 
Мүсәпірлерге садақа береді. Ерні тартса — жақсы дәм бұйырады, 
сарқыт жейміз деп ойлайды. Иық тартса — жаңа шапан немесе киіт 
киюге бағыттанды. Табан қышыса — алыс сапарға шығуға, жолаушы 
жүруге ырымдайды. «Жолым оң, сәтті сапар болғай» деп тілейді. 
Тақым тартса — ат мінуге немесе үйленуге жориды. Алақан қышыса 
— ақша болады, байлық қонады деп нанады. Шеке тартса — басқа бақ 
қонады, мәртебе өседі деседі. Мұрын жыбырласа — иіскерлік 
көбейеді, той-томалақ, «ақ түйенің қарны жарылғандай сый-сияпат 
болады» деп қуанысады. 
3. Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамның 
тұзсыз дәмі жоқ. «Астың иманы — тұз» деп қарайды. Тұз төгілсе — 
ырыс төгіледі, дәм шамданады, ас азаяды. Жерге төгілген тұз еріп 
жоғалғанша сол жерге тұзды төккен адам тұздай ашшы тұрмыс 
кешіреді, деп ырымдайды.
4. Байғыз — түнде ұшатын құс. Ол шаңыраққа қонып шақырса 
жаман ырымға жатқызады. Көсеудің басын отқа күйдіріп: «Жамандық 
қара басыңа көрінсін!» деп, отпен аластайды. Байғыздың шаңыраққа 
қонуы — қара түнде қара ниет тарататын сайтанның сілтемесі деп 
қарайды. Бұл сол үйдің шаңырағын шайқайды деп, жаман ырымға 
балайды. Байғыз қонақтап кеткен жерде бір тамшы қан қалады дейді. 


46 
Байғызды отпен аластаудың себебі артында сайтан қалмасын, сайтан 
оттан қорқады деген нанымнан шыққан. Байғыз қонған шаңырақта 
қан дағы байқалса, сол шаңырақты шағып, отқа жағады. Өйтпесе бұл 
шаңырақтан пәле артылмайды деп ұйғарады. 
5. Қарға қысты күні үйге қарап «қақ, қақ, қақ» десе, қар жауады, 
жазда жаңбыр жауады деп ырымдайды. Мұның ауылда той болатын 
жайға бейімделетін жағы да бар.
6. Әдетте бұта-бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне сарыса 
«құт құйды» деп ырымдалады. Қазақ ырымында ит опадар саналады. 
Жеті қазынаның біріне қосылады. 
7. Ит аспанға қарап ұлыса — сол шаңырақ иесінің өліміне 
көрінеді, деп жаман ырымға жорылады. «Пәле өз басыңмен кетсін» 
деп итті қарғайды. Қуып жүріп ұрып өлтіреді. Қара жерді терең қазып 
көміп тастайды. Үстіне жеті адам қара тасты бастырады да, түкіріп 
безінеді. Онысы — иттің пәлесі өзімен бірге кетсін дегені.
8. Ит адамға опадар саналады. Малды күзетіп, ит-кұстан 
қорғайды. Жаугершілік кезінде сақтыққа себін тигізеді, жаудың келіп 
қалғанын сездіреді. Осыған орай аңыз да бар. Мысық: «Күлден басқа 
бермеді, тозақ отына күйдір» деп, иесіне опасыздық етеді екен. Ал, ит 
құйрығымен отқа су сеуіп, адамды тозақ азабынан құтқаруға 
ұмтылады деген сөз бар. 
9. Күн күркіреп, нөсер жауып, найзағай жарқылдаса — үйдің 
іргесі отпен аласталады. Адамдар «бисмилла, бисмилла!» деп, тәубә 
қып, иман келтіреді. Қазақ ұғымында найзағай — алланың жын-
сайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні — құдай тағала 
даладағы жын-сайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне 
тығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен қорқытып қуу керек. 
Іргені отпен аластамаса үйге жасын түсуі ықтимал. Адамдардың сол 
пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды. 
10. Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: 
«Несібе төгіледі, ырыс шайқалады, ас азайып, дән далаға қашады. 
Отқа төгіліп, дән күйеді. Күл астыңда қалады. Қазан шайқалса — 
ырыс шамданады» деп ырымдайды. 
11. Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай 
тасыса — отқа тұз құйылып, күйеді. Тұз күйсе — үйдегі қыз ашшы 
азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз — астың иманы, қыз — үйдің 
көркі». Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса — қыз шамданады. 
Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады. 
12. Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып 
шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан 
бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште 
болар деп ойлайды. Ал, даладан жылан көрсе — қуып жүріп өлтіреді. 


47 
Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шұбар төс дұшпан деп 
қаралайды.
13. Қорада тұрған ат иесін көргенде құйрығын көтеріп, борт-борт 
жел шығарса — сапар нысаны деп ұйғарылады. Ал, аузын ашып 
есінесе — жақсылық нышаны. Жолға жүргелі тұрған ат құмалақ 
тастаса — жолдың оңға бастағаны, олжалы болмақ. Қуаныш 
сыйлайды деп ырымдалады. Сүрінген атты ұрмайды. Қайта көзін оң 
қолмен сүртіп, тазалайды. Онысы — сайтан аттың көзін басып тұрса, 
қашып кетсін дегені. Жолаушы келе жатып, атынын сауырынан 
ұрмайды немесе қамшы салмайды. Себебі, жапанда жалғыз өзі келе 
жатқан жолаушыны қолдап, жебеген Қызыр пайғамбар аттың 
сауырында отырады деп жорылады. 
14. Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмейді. Себебі, 
ат иесі өлсе — оның мініс аты тұлданып, жал-құйрығы күзеледі, 
қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан жайшылықтағы мініс ат сондай 
күйде көрінбесін дегені. 
15. Ауылдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап 
зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені, ит иесіне опадар. Мүмкін, 
жолы болар, сапары оң болар деп, жақсылыққа жориды. 
16. Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені, мұндай қылықтан бақ 
таяды, іштегі баланың бақыты сөнеді, кемтар туылады, қол-аяғы 
қысқа болады деп ырымдалады. 
17. Қазақ қыз баланы қорламайды. Қыз — ару, болашақ ана. 
Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз назы 
қырық кісіні мас қылады», «Қыз — жат жұрттық» деп әздектейді. 
«Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы — күрең тартса — ел жұтқа 
шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе — құт қонады. Қызды 
қорлаған қызыл шақасынан айырылады. Қыздың жолы қырық кісінің 
жолын бөгейді. Қызды жылатқанның қырсығы қырық есекке жүк 
болады» — деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды. 
18. Қонақ боп барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, 
«қызда қырық көліктік бақыт бар». Төрде отырса сол бақыттың 
жұғыны қыз отырған төрде қалады. «Қызда қырық қырсық та бар». 
Босағада отырса - сол қырсық сол үйде қалады. «Қызда оттай ыстық 
мейір бар». Төрде отырса — сол мейір сол үйге бағышталады. «Қызда 
мұздай суық ызғар да бар». Есік жақта отырса сол ызғар сол үйді 
шалады. «Қызда қырық періште бар». Төрде отырса, сол періштелер 
сол үйге қонады. «Қызда қырық сайтан да бар». Есік жақта отырса, 
сайтандар сол үйде қалады. Осындай ырымдардың салқынынан 
қалтырап, ыстығына қуанады. «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын 
кетеді» дейтін мәтел осындай ырымдардың жемісі болар. 


48 
19. Соғымға сойылған малдың сүйегін далаға шашып 
тастамайды. Таза жерде сақталады. Себебі, соғым сүйегінде астың 
құты тұрады. Соғымға да малдың қасиеттісін, семізін сояды. Сүйекті 
далаға шашып тастаса, қорадағы малға ит-құс шауып, тыным 
бермейді. Мал ақ сүйек жұтқа, апатқа ұшырайды деп ырымдалады. 
Қыстай жиналған сүйек-саяқ жазғытұрым қайнатылып, майы 
алынады. Сонан соң сүйектер оң жақ босағаға терең қазылып 
көміледі. Онысы келесі жылғы соғымға дейін жұрт қуармасын, босаға 
майлы болсын деген ырымы. 
20. Таңертең ас үстіне келген адам астан ауыз тиюге тиіс. Себебі, 
«Таңертеңгі асты тастама», «Таңертеңгі асты тастасаң — ұжымың сені 
тастайды» деген тәмсіл бар. Сондықтан таңертеңгі ас үстіне келген 
адам жақсылық үшін астан ауыз тиіп аттанады. Адам жастан үлкен 
болса да, астан үлкен емес. «Ас — адамның арқауы». Таңертеңгі ас 
бір күндік өмірдің бастамасы. Таңертеңгі асты тастамай, көңілді 
отырып ішсе, сол күнгі жұмысың да оңға басады деп жорылады. 
21. Топ болып жолаушылап келе жатқанда біреуінің аты тұра 
калып сисе, басқалары тоқтап тосады. Егер тоспай жүре берсе — 
жолдастыққа жарамағаны. Жайшылықта тоспаған адам, басқа күн 
туған кезде тосушы ма еді? Дос бола алмайды. Ала қол, қара нанды, 
ала күдік адам екен деп ырымдайды. Жүзін суыққа салып, бірте-бірте 
арасын алшақтатады. 
22. Жол үстінде келе жатқан жолаушыдан: «Қайда барасың?» — 
деп сұрамайды. Қайта «жол болсын!» деп, ақ жол тілейді. Себебі, 
жолаушы барар бағытын құпия ұстайды. Қаскөй біреулер біліп қалып, 
соңыма түседі, жолымды ториды, сайтан соңымнан ереді деп, жаман 
ырымға балайды. 
23. Мама ағашта байлаулы тұрған ат қасынысып, бірін-бірі 
тістелесе — жақсы ырым. «Құда боламыз, кұшақ айқастырамыз, 
мерекелі күн туады» деп ағынан жарылады. 
24. Өрісте жайылып жүрген малдың не қоралы қойдың ортасын 
қақ жарып өтпейді. Себебі, үйірлі малдың ішінде Қызыр пайғамбар 
жүреді. Малдың оттай ыстық көрінуі содан деп ырымдайды. «Малды 
ауылда құт бар», «Мал бар жерде жан бар», «Қойдың сүті қорғасын, 
қойды қырған оңбасын» деген мақалдар да бар. Қоралы қойдың 
ортасын жарып өтсе — Қызыр шамданады, мал екіге бөлінеді. 
Ортасынан айырылады, шығынға ұшырайды. «Қой Меккеден 
шыққан» дейтін ырымдармен байланысты болуы ықтимал. 
25. Үйге кіріп келе жатқан қонақ оқыстан сүрініп кетсе, үй иесі 
марқаяды және төрінен сыйлы орын үсынады. Үйге аяқ астынан 
байлық толады, бақ қонады, үй сәулетті тігіліп, қонақ абыройының 
басы деп ырымдалады. 


49 
26. Шапан-шалбарды, аяқ-киімдерді кигенде әуелі бисмилла деп, 
оң қолдан, оң аяқтан бастау керек. Шешкенде сол аяқ, сол қолдан 
бастайды. Қазақ бақыт ылғи оң жақтан келеді деп иланады. 
Сондықтан оңның тілеуі мол. Оң сапар бер, ісімді ондай гөр, оң болса 
екен, оң жағыңа алтын тіреу орнасын деген секілді тілектер осындай 
ырымдармен тамырлас болуы мүмкін. 
27. Қазақ асты оң қолымен алып жейді. Сол қолымен алғанды 
ерсі көреді. Оң қолмен тамақ жеу, оң қолмен амандасу, есіктен оң 
аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу – осының бәрі ісім оң болсын, оңға 
бассын, оңға бастасын деген ақ ниеттің ырымы. 
28. Жайшылықта ер кісілердің жүресінен отыруы – жаман 
ырымға жатады. Бұл қаралы күйлі, өлім-жітім жағдайын еске 
түсіретін құбылыс. Қайғылы ерлер, серігінен айырылған кісілер 
осылай қара тұтып отырады. Сондықтан жайшылықта ер адамдар 
құйрығын жерге басып, жайраң қағып отыруға тиіс. Ал, әйел 
адамдардың жүрелеп отыруы – жақсы ырым. Әйелдердің биязы 
түрмен ибалы бейнеде жүрелеп отыруы – ерлерге, үлкен кісілерге 
көрсеткен құрметі есептеледі. Ерлер жүрелесе – ауылға қатер төнеді, 
әйелдер жүрелесе – ауылға иба кіреді деп жориды. 
29. Еркек те, әйел де, бала-шаға да сыртқы киімдерін желбегей 
жамылып жүрмей, жеңін киіп жүруі керек. Себебі, әруақтар ғана 
жеңсіз кебінін желбегей жамылып, үйге кіреді деп, үрейлі ырымға 
жатқызады. Екі қолы жоқ кемтар, мүгедек адамдар да сондай кейіпте 
болады деп, жаман ырымға жатқызады. 
30. Екі қолды артқа ұстап жүрудің де жосыны теріс. Себебі, бұл – 
қолы артына байланған тұтқын пендені еске түсіреді. Сол сияқты 
бүйір таяну да жаман ырым. Өйткені, жұбайынан айырылған қаралы 
әйел немесе талақ етілген әйелдер ғана бүйірін таянып, аһылап-үһілеп 
қайғы шегеді. Жайшылықта мұндай қылық көрсеткендерді жұрт 
ұнатпайды. 
31. Түн ішінде қорадағы малды санамайды. Қандай жақын адамы 
болса да түн ішінде қорадан мал ұстап бермейді. Өйткені, қой жусап 
жатқан қорада бақ та жатады. Қораның бейқамдығы ыдыраса – 
малдың тыныштығы бұзылады. Малдың күйі бұзылса – төл азайып, 
саны кемиді. Түн ішінде мал берсе – сол малмен бірге малдың құты 
да, сол үйдің байлығы де кетеді деп жорылады. 
32. Қазақ мініс атын сатқанда немесе ағайын-туысына сыйға 
бергенде ноқтасы мен жүгенін алып қалады. Себебі, малдың құты, 
бағы басында деп жорылады. Басына пайдаланған, басын байлаған 
ноқта мен жүгенде құттың да демі бар. Бұл мүліктер атпен қоса 
берілсе – үйдің бүкіл байлығы, бағы еріп кетеді деп ырымдалады. 


50 
Сондықтан алып қалған ноқта мен жүгінді үйдің оң жақ босағасына 
іліп қойып, үнемі майлап, баптап ұстайды. 
33. Қыстаудан жайлауға алғаш көшкен кезде бірінші күні көп 
ұзамай, жол бойына ерулейді. Себебі, арттағы жұрт бірден иесіз 
қалмасын, жұрынсыз болмасын, бақыт сақтаған орта шамданбасын, 
жұрт қуарып қалса, жаңа жұртқа барғанда бақ көне жұртқа қарай 
алаңдамасын деп ырымдалғаны. Келесі күні әрі қарай көшерде 
жолдың екі жағына от жағып, сол оттың ортасынан жүк артылған 
көліктерді өткізеді. Мұнысы – көне жұрттағы әжыналар көшке 
ілеспей, адасып қалсын дегені. Жаңа қоныста жаңаша өмір сүрсек 
деген ырымның жоралғысы. 
34. Жазғытұрым тал төлдеген кезде бірінші сауыннан алынған 
иіндіні асқа қолданбайды. Майды да жемейді. Маймен есіктің 
жақтауы, маңдайша, қазан-ошақтың құлағы мен сирағы майланады. 
Себебі, ақ мол болсын, індет шалмасын, сауар көбейсін, ақ пен бақ 
қонсын, мал басы артсын деген ниеттен туған ырымның жоралғысы. 
35. Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түспек 
болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп аттан түспейді. Оң жағынан 
түседі әрі үйді айналмайды. Себебі, жау үйіңнің жай-күйіне 
қарамайды, өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй 
таңдамай үйге кіреді. Сондықтан жолаушының жүрісі жаман ырымға 
ұқсамасыг дегені. Дос, туыстар оң жол, оң тілеумен келіп, оң аяқпен 
үйге кіреді. 
36. Қазақ салты бойынша түнде сыпырынды төкпейді, үй 
сыпырмайды. Сыпыра қалғанда: «Үйге бүйі кіріп кетті» дегенді айтып 
барып сыпырады. Себебі, сыпырынды жатқан жерге жын жиналады. 
Түнде сыпырындының ласы денеге шашыраса, адамға жын жабысады 
да, жазылмайтын науқасқа тап болады деп ырымдалады. Түнде үй 
сыпырмайтыны — сыпыртқының ұшына жын жабысады. Төсек 
салатын орынға жын орнығып алса, адам төсегінен суынып, ұшынады 
деп жорылады. 
37. Аң аулауға алғаш шыққан адам тұңғыш олжасын біреуге 
сыйламайды. Онда қанжыға қурап, құр қалады, қанды болмайды, жол 
болмайды.Бақ пен несібе басқаға кетеді деп ырымдалады. Ал, келесі 
саятта олжасын дос-жарн, туған-туыстарына сайлауға болады. Мұның 
мәнісі - әр қандай істің бастамасы өзімнен болады. Жақсылығы да, 
жамандығы да басқаға көшпесін деген ниеттен туған ырым. Мұның 
түп-төркіні – дүние құмарлық емес, жақын кісілері сол олжадан 
бақытсыздыққа ұшырамаса екен деген тілектің нышаны... 
38. Алыс сапарға шыққанда жолға сары май, тұз алып шықпайды. 
Оның мәнісі – долым сарғайып, зарықтырмасын, тұздай ашты азап 
тартпайтын деген ниетті бейнелегені.


51 
39. Жаңа түскен келін өзінің киім-кешегін албаты қысқарта 
бермейді. Өйткені, бұлай еткенде дүниеге келетін нәресте кем 
туылады немесе түсік болып түсіп қалады деп ырымдайды. 
40. Егіннің тұқымы үшін біреу қарыға дән сұраса, ренжімей 
берілуіге тиіс. Өйткені, дәнді адам емес, қара жер тілеп жатыр деп 
ырымдалады. Тіпті, түк жоқ деген күнде де бір уыс дән ұстатады. 
«Егін әлей болсын!» деген тілек айтып, қарыз сұраушыны жылы 
шыраймен шығарып салады. Мұнысы — үйден дән арылмасын, дән 
тасып, елдің қажетін өтесін дегені.
41. Қырманға астық бастырар алдында егінші Дихан атаны еске 
алады да, бір шайнам дәнді аузына салып: «Дән дәмді болсын, ішер 
көбейсін» деген тілек айтып барып іске кіріседі. Мұнысы — 
қырмандағы дән шашылмасын, алдымен өзіміз ауыз тиелік, басқаға 
жем боп кетпесін дегені. 
42. Жаңа туған ботаның құйрығының ұшы кесіліп тасталады. 
Себебі, бота тез марқайсын, тез аяқтансын деген ниет. Ботаның 
құйрығына қа тас жабысып туады, сол тасты алып тастаса, бота тез 
марқаяды деп иланады. 
43. Бие саууға қолданатын көнек пен үйдегі сабаны төңкермейді. 
Түбін қолмен немесе таяқпен қағып ұрмайды. Бұлай істегеңде көнек 
пен саба түбіндегі құт ұшады, ақ тартылады, ырыс шайқалады деп 
ырымдалады. 
44. Асқа, тойға арнайы әкелінген қымызы толы сабаны түгел 
сарықпайды. Түбінде азғантай болса да сарқыт қалуға тиіс. Себебі, 
саба кеуіп, семіп қалмасын, саба кепсе, малдың желіні семіп, сүті 
тартылады, құт-береке кетеді, сарқыт ішер жан қалмайды деп 
ырымдаған. 
45. Қазақ құда-жекжатына, туыс-туғанына, дос-жаранына ит 
бермейді. Себебі, «Иттей ырылдасып қалмайық», «Ит ырылдаса — 
береке бұзылады», «Құдалық, достық, туыстық баянды болмайды» 
деп ырымдалады. «Құда мың жылдық» деп татулықты тілейді. 
46. Бесікті бейуақытта сыртқа шығармайды. Нәрестені алты 
айдан асқанша үйде жалғыз қалдырмайды. Өйткені, қараңғылық пен 
жарық жер бетінде таласып тұрған кезде Бақ пен Сор да тез алмасады. 
Перілер мен жын соғысып жатады дейді. Осы кезде ұйықтауға да 
болмайды. Бейуақтың күнәсі жабысады деп ырымдайды. Кіндігі 
қатпаған сәби осы мезгілде үйде жалғыз қалса, шошынады, перілер 
баланы алып кетіп, орнына өздерінің ақыл-есі дұрыс емес баласын 
тастап кетеді деп жориды. Кейде баланың ұрық безі бұзылып, 
рухынан айырылады, сондықтан қасынан адам үзілмеген жақсы деп 
иландырады. 


52 
47. Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа 
босанған әйелдің үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана 
біраз демалғаннан кейін беті-қолын жуып, сыртқы киімдерін шешіп, 
жеңілтектенген соң барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартқан 
адамның түсі сұсты, қабағы қатыңқы болады. Өмір есігін жаңа ашып, 
көзі мөлдіреп жатқан сәби мен сүйек-сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана 
шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген кісіге ілесіп келіп, 
жын жабыспасын деп ырымдаған. 
48. Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі 
өртенген, содан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай істейді. 
Сондай жамандық болмасын деген ырымы. 
49. Нәрестенің еңбегін баспайды. Өйткені, баланың бақыты 
еңбегінде болады. Нәрестенің былқылдап тұрған еңбегін басса — миы 
зақымданады. өміріне қатер төнеді деп жориды. 
50. Бесікке қолданып жүрген түбекгі, шүмекті төңкермейді. 
Себебі, түбек пен шүмек нәрестенің рахаты үшін жасалған мүліктер. 
Оны төнкеріп қойса, ішіне кір жабысады, от басына қойса қурап 
семеді, сондықтан таза жуып, күн көзіне қақтау керек, өйтпесе бала 
қуығы тұтылып ауырады деп ырымдалады. 
51. Баланың ит жейдесін далаға тастамайды, біреуге бермейді. 
Себебі, нәрестенің бақыты сол жейдені киген күннен басталады, сол 
жейде сол бақытты сақтайды деп жориды. Әуелі, бұрынғы замаңда 
дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін 
қойнына тығып ала жүрген. Себебі, сол жейде қауіп-қатерден, пәле-
жаладан сақтайды деп ырымдаған. 
52. Қыдырып келген жас баланы үйден құр қол шығармайды. 
Өйткені сәбидің меселдесі қайтпасын, көңілі қалмасын, жүрегі 
суымасын, келер бақытының беті кайтпасын, үйде оттай ыстық 
ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық рай көріп, кейіген 
кейіппен шығып кетсе, бұл шанырақтан бақ, төрден бақыт, дәннен 
ырыс кетеді деп ырымдалады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген 
мәтел осындайдан пайда болған шығар. 
53. Көне бұйымдар мен заттарды жаңғыртып жонбайды. Бұлай 
істегенде беті жабулы тұрған пәле мен дау қайта қозады деп 
ырымдайды. 
54. Мал төлдеп жатқанда басқа біреуге мал сыйламайды. Төлді 
біреуге атамайды және сатпайды. Бұлай істесе Шопан ата шамданады, 
шамырқанады. Жаңа тұған төл кырық күн өткенше иссіз болады. 
Сондықтан бақ пен байлық басқаға ауысады, мал шығынға ұшырап, 
індет жайлайды, қора бос қалады деп ырымдалады. 
55. Алғашқы некеге пайдаланылған бұйымдар бұзылмайды, той 
киімдері сөгілмейді. Себебі, бұлай етсе, тату неке бұзылады не адам 


53 
өледі, көңіл жыртылады, араға суық түседі, ыстық құшақ суиды. От 
жүректе тұтап, өрт кеудеде лапылдап тұрған махаббат сезімі өшеді, 
әуелі адамдар бір-бірімен жауласады, бітпес дау басталады деп 
ырымдалады. 
56. Асқа, тойға, мереке-мейрамға бағышталып сойылған малдың 
еті сол үйдің адамдары ауыз тимей тұрып, басқаларға берілмейді. 
Қанын итке иіскетпей көміп тастайды. Бұл — жақсы тілеу басқаға 
аумасын, он тілск ит-құсқа жем болмасын дегені. Сондықтан мұндай 
кезде ылғи да нысаналы мал сойылады. Дені сау көк қасқа тай, ақ 
сары бас қой, атан түйе, атан өгіз, ту бие секілді. Сондай мал сойылган 
соң қасиеті кетпесін дегені.
57. Сауысқан үйдің төбесіне қонып немесе үйге қарап 
шықылықтаса — үйге қонақ келудің нысаны. Алыстан жолаушы 
келеді, жолаушылар аман-есен оралады деп ырымдайды... «Әлей-алей, 
ақ сөйлей гөр!» деп тілек айтады.
58. Дастархан басында, ас алдында, тамақтанып отырғанда 
сырттан сәлем беріп кірген кісінің колын алмайды. Бас изеп, асқа кел 
деп шақырады. Жуылмаған қолды астан артық көру — адамдық 
қасиетке жатпайды. Астан аттауға болмайды. Майлы ас жеп отырып, 
қолды сілікпейді. Бұлай істегенде ас сілкінеді, дәм-тұз атады деп 
ұйғарылады. 
59. Әйел толғатқанда үй ішінде ілулі тұрған заттардың бәрі 
алынып тасталады. Сандықтардың ауызын ашып қояды. Осылай 
істелсе — толғақ жеңіл болады, жолдың бәрі ашық, ақ ниетпен тілеу 
тілеп тұр деп ырымдалады. 
60. Үйге кіргізілген отынды қайта сыртқа шығармайды. Олай 
еткеңде сол үйдің оты сөнеді, отағасы өледі деп ырымдалады. 
61. Түн ішінде сандық ашпайды. Бұлай істесе отағасы өледі деп 
жамандыққа жорылады. Сандықты амалсыз ашуға тура келсе: 
«Сандықта жылан кіріп кетті» дсп барып ашады. Аузын жабарда: 
«Жылан сыртқа шықты» деп жабады. Онысы — суық қол ұрылар түн 
ішінде сандық ашып, жамандық жасамасын дегені. Оның қолын түсі 
суық жыланға балап салып, жыланға балап сыртқа шығарғаны. 
62. Қазақтың келіндері асықты жіліктің асығы бар басындағы 
сіңірді мұжымайды. Онда толғағы ашты болады, қатты қиналады деп 
ырымдалады. Әйелдің толғағы қатты болса, бураның құраған бас 
сүйегін ақ байлап төрге іліп қояды. Мұнысы — жын-шайтан бурадан 
қорқып қашады дегені. 
63. Жаңа босанған әйел үйге кірген итке шық демейді. Бұлай 
істесе — әйелдің тісі түсіп қалады, бойынан қайраты жойылады деп 
ырымдалады. 


54 
64. Әйелдер ошақтың үш бұғанан асырып отын үймейді. Олай 
болғанда күйеуінің көңілі басқа әйелге ауып кетеді деп ырымдалады. 
65. Екі қабат әйел керулі тұрған және шұбатылып жатқан 
арқаннан аттамайды. Бұлай істесе — босанған кезде баланың кіндігі 
мойнына оралып, өміріне қауіп төнеді деп ырымдалады. 
66. Әкесі бар бала қолын төбесіне қойып, төр алдында 
шалқасынан жатпайды. Бұлай істесе — әкесіне наразы болып, өлім 
тілеп, зауал әкелгелі жатар деген жаман ырымға жорылады. 
67. Киіз үйдің есігін үйдің үстіне қарай лақтыруға болмайды. 
Есіктен Бақ пеп Бақыт та, Сор мен Қайғы да кіреді. Есікте кие болады. 
Лақтырғанда сол кие шамырқанады. Жау шапқанда ғана есікті үйдің 
үстіне түре лақтырып, жауға құқай көрсетіледі. Жайшылықта есікті 
лақтырмау — сондай жаман әрекет болмасын дегені. 
68. Екі қолды төбеге қоймайды. Жамаңдық істен, қолға түскен 
тұтқындар ғана ант-су ішкендс екі қолын төбесіне қойып, жүресінен 
отырады. Соңдай жамандық көрінбесін дегені. 
69. Есіктің босағасын екі қолмен керіп тұрмайды. Табалдырықты 
баспайды. Маңдайшаға артылмайды. Өлім шықкан, жау шапқан, 
қаралы күнге ұшыраған үйлерде ғана сондай көріністер болады. 
Сондай жаман ырымды істеуге тыйым салынады. 
70. Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Оның ішінде ақ 
сақалды қариялар да отыруы мүмкін. Малды және қолға түскен 
тұтқынды ғана саусақты шошайтып санайды. Ал үйден отырған 
кісілерге бұлай істеу - әдепсіздік саналады. Қонақтар шамданады. 
Тіпті, қариялар адам өледі деп те ырымдайды. 
71. Қазақ отқа түкірмейді. Отқа, щалаға су құймайды. Отқа су 
құйса – пырылдап, үй ішін күл басады. Күл басса – нас басады. От 
киесі қашады. Оттай ыстық жалын суиды. Құштарлық сөнеді. Адам 
өледі. «От бар жерде – жан бар». От - тірліктің негізі. Отқа су құю – 
жамандықтың нышаны. 
72. Таңертеңгі асты ішіп отырғанда ерлі-зайыпты адамдар 
ұрыспайды. Таңғы тірлік басталады. Күн шуағымен өмірге бақыт 
келеді. Ырызық тасыған, көңіл шалқыған күн туады деп, ыстық 
ықыласпен таңертеңгі асты ойнап-күліп отырып ішеді. Сонда 
қабақтар жадырап, жақсы күн болады деп ырымдалады. 
73. Жүкті әйелдер түйенің етін жемейді. Жесе – баланы он екі ай 
көтереді, толғағы қатты болады деп ырымдалады. Түйенің етін жеп, 
уағында толғатып, мезгілінде босана алмаса – сол үйдің төріне өлген 
бураның бас сүйегін іліп қояды. Онысы - әйел қиналмай, тез босансын 
дегені.


55 
74. Сәбилер тоңқайып, екі бұтының арасынан қараса – жақсы 
нысанға баланады. «Жолаушы келеді», «Жол ашылады», «Алыстан 
туыстар қатынасады» деп қуанысады. 
75. Аяқты көкке көтеру – жақсы қимыл емес, оспадарлық. Онда 
аспаққа асыласың, аяғың көктен келеді, үйде өлім-жітім, қорада мал 
шығын болады, Көк тәңірі шамданады деп жорылады.
76. Қазақ баласы жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаш 
бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты сындырмайды. Өйткені, жас өндірдің 
бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі. Көк жұлсаң – 
көктей орыласың, қарғыс атады деп ырымдалады. 
77. Қазақ баласы бастау басына, бұлақтың қасына дәретке 
отырмайды. Барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы да сол 
бұлақ, сол бастау деп біледі. Сондықтан бұлай істегенде оның киесі 
атады, қарғысы тиеді. Тазаны арамдасаң – арың кірленеді, абыройың 
төгіледі деп ырымдайды. 
78. Қазақ жапан даладағы жалғыз ағашты кеспейді, зақым 
келтірмейді. Саясына барып паналап, ұйықтамайды. Олай істесең – 
сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың, дүниеде жалғыздықтан өткен 
жамандық жоқ. Жаның құлазудан асқан қорлық жоқ. Жалғыз ағашты 
жамандық тілеп тұрған жауыздықтың нысаны деп қарайды. 
79. Қазақ қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді. Олай 
істегенде қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан қайырыласың, 
бақайыңнан майырыласың, тамырыңмен қырқыласың деп шошиды. 
Дүние түгел егізден жаралған. Егіздің сыңарын құлатқан оңбайды. 
Көңілі қарауытып, санадай сарғайып, зарығып, қиналып өтеді деп 
ырымдайды. 
80. Далада жатқан, шала жанған ағашты үйге кіргізбейді. 
Өйткені, күйелі ағаштай пәле жұққыш болады. Көңіл шаладай 
бықсып, үй ішінде алауыздық туады. Қорадағы қой, өрістегі жылқы, 
қотандағы сиыр, даладағы түйе шала туып, шығын көбейеді. Береке 
кетіп, бақыт сөнеді, адам өледі деп ырымдалады.
81. Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мереке-мейрамда сыйлы 
қонаққа көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, дөнен өгіз 
сойылады. Сонда барлық тілеу қабыл болып, зор бақыт қонады деп 
сеніп, ырымдалады. 
82. Соғымға сойылған малдың жілігін шаққанда майы толық 
болса, сол жылы мал майлы, көңіл жайлы, тоқтылық болады деп 
ырымдалады. 
83. Қазақ үйіне қонған қонақты да ырымдайды. Қонақ қонған түні 
мал төлдесе, көтен асып қонақты сыйлайды. Әрі киіт кигізіп: «Ақ 
жолтай қонақ» деп шығарып салады. 


56 
84. Қазақ жақсы көретін адамына, туыс-туғанына, құда-
жекжатына, алаш-ағайынына шақпақ тас, пышақ, кайрақ сыйламайды. 
Бұлай істесе араға от түседі, пышақтасады, «қырық пышақ болады», 
дұшпан араға от жағады, егестіріп қайрайды, тату тірлік бұзылады 
деп, жаман ырымға жатқызады. Сондықтан жақын кісілер шақпақты, 
пышақты, қайрақты сұрап алмайды, көрсетпей ұрлап алады. Иесі оны 
білсе де ренжімейді. Бұл жаман ырым басталмасын дегені. 
85. Қазақ күнге, Айға қарап тұрып түзге отырмайды. Ал, құбыла 
жаққа, күн батысқа қарап тұрып бұлай істеуге тіпті де болмайды. 
Бұлай істеу әрі күнә, әрі рух шамданып, ұшынады, ауру иелеп, қуығы 
тұтылады, жіңішке ауруға тап болады, ауызы қисаяды деп 
ырымдайды. Ай мен Күн — қазақ ұғымында дүниенің жарығы, 
сұлулықтың, пәктіктің белгісі. 
86. Жайлау үстінде далаға қазан асқанда түбіндегі судан 
жұлдыздар шоғыры көрінсе — мал өседі, төл көбейеді, байлық артып, 
дәулет шалқып, рахат өмір сүреміз дсп ырымдайды. Отқа май құйып 
қоздандырып, ақ тілеу тілейді. 
87. Қазақ сейсенбі күні жолға шықпайды, сапарға аттанбайды. 
Бұл күні жол болмайды, жолдан пәле кезігеді, сейсенбі күні жолды 
жылан кес-кестеп жатады деп ырымдайды. 
88. Қазақ некелі төсекке басқа адамды жатқызбайды. Көрпе-
жастықтарды да біреуге қолданбайды. Неке бұзылады, махаббат 
тітіркеніп, шетке ауады деп ырымдалады. 
89. Қазақтың келіні қайын енесі мен қайын атасының төсегіне 
отырмайды. Бұлай істеу әдепсіздік, арадағы сыйластық бұзылады, 
адамдық жойылады, құрметтен айырылады, келіннің етегі ашылады 
деп, қатал тәртіппен тыйым салып, жаман ырымға жатқызады. 
90. Қазақ аққуды, сары ала қазды, бұлбұлды және жалғыз жүрген 
құсты ауламайды, атпайды. Өйткені, бұларды киелі құс деп есептейді. 
91. Қазақ біреуге қатты ашуланған адамға «тісіңді қайра», 
«ерніңді тістеме», «жұдырығыңды түй» дейді. Өйтпесе кек ішінде 
кетеді деп ойлайды. Кек ішінде кеткен адам дертке шалдығып, ем 
табылмай өмірден өтеді, түсі жылымайды, жүрегі жібімейді, кекшіл 
болып, көпшіл болмайды. Тісін қайраса, жұдырығын түйсе — ашуы 
сыртқы шығып, көңілі жадырайды деп жориды. 
92. Қазақта түн ішінде ысқырмайды. Ысқырса сырттағы жылан 
үйдегі дыбысты іздеп кіреді деп ұйғарады. 
93. Қазақ түнде айқайламайды. Тек жаугершілікте ғана солай 
істелуге тиіс. Жайшылықга ондай теріс қылықтан аулақ болған жөн 
деп ұйғарылады. 


57 
94. Ымырт кезінде жатып ұйықтамау керек. Өйткені бұл мезгілде 
жарық пен қараңғылық, Бақ пен Сор, өлім мен өмір ауысады. Ымырт 
кезінде жатқан адам өлім тілегені деп ырымдалады. 
95. Түн ішінде сыртқа от шығармайды Бұлай істегенде ауылға 
жау шабады немесе қораға қасқыр тиеді, апат болады, далаға өрт 
кетеді деп ырымдалады. 
96. Қазақта денесінде тарыдай-тарыдай қара қалы бар 
адамдардың қызы көп болады деп жорылады. 
97. Қазақ бейіт баспайды, қолмен нұсқап көрсетпейді. Бұлай 
істесе әруақ атады. Бейіт басқан адам топ, сал ауруына ұшырайды, 
қол-аяғы тартылып қалады деп ырымдайды. 
98. Қазақ «Бүлінген елден бүлдіргі алма» деп, өз ішінен бұзылған 
елге теріс қарайды. Бұлай істесе бүлік жұғады, пәлесі қалады, жала 
жабылады деп ырымдайды. 
99. Қазақ пышақтың жүзі көкке қарап жатқанды жаман ырымға 
жатқызады. Ондай пышақ өлім тілеп жатыр деп ырымдап, пышақты 
жалпағынан жатқызады. 
100. Қазақ түнде үрейлі түс көрсе, таңертең жерге үш рет түкіреді 
де: «Түс — түлкінің боғы» дегенді үш рет айтып, түкірікті оң аяғының 
табанымен үш рет басып таптайды. Онысы — тоймас қара жер жаман 
түсімді жесін деп ырымдайды. 
101. Қазақ оң жағындағы иығына қарай түкірмейді, сол иығына 
қарай түкіреді. Себебі, ои иықта адамды қолдаушы періште отырады, 
түкіргенде ол жеркенеді деп ұйғарады. 
102. Қазақта түнде айнаға қарамайды. Қараса — ажары кетеді, өңі 
бұзылады, нұры таяды, дидары солады, шұғыла қуарады деп 
ырымдалады. Өйткені, адам баласы жарықта жүзіне нұр жинайды. 
Түнде айнаға қараса сол нұр адамның көзіне шағылысып, тайғанайды 
деп жориды. 
103. Қазақ мүшел жасын жасырады, басқаларға айтпайды. Себебі, 
мүшел жас — қатерлі жас, тіл мен көз сұғынан сақтасын деп ұйғарады 
да, жасты айтуға тура келсе не асырып, не кемітіп айтады. 
104. Қазақта жаңа киген киімге байғазы береді, түйме тағады. 
Онысы —түйме артынан түйе келеді деген ырымы. 
105. Қазақта жалғыз ұл балаға жамау-жамау киім кигізіп, 
төбесіне айдар қояды. Онысы — балаға жат көздін сұғы қадалмасын, 
тіл тимесін дегені. 
106. Қазақ көне жұртты, оттың орнын баспайды. Басса — ауыру 
жабысады, піле қонады деп жориды. 
107. Қазақта қыл арқанды ұрламайды. Ұрласа — аспаққа 
асылады, қыл мойнына қыл арқан түседі деп ырымдайды. 


58 
108. Қазақ өзі мініп жүрген атын соғымга соймайды. Ал, біреуге 
берсе — сілекейін алып қалады. Онысы — бағы да, соры да басқага 
кетпесін дегені. 
109. Қазақ шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты 
үясына салса — бас ауыруға шалдығады, бас айнаналғыш болады, 
ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шалдығады деп ырымдайды. 
110. Кептерге қарай тас лақтырмайды. Олай істесе — тыныштық 
бүзылады, береке кетеді деп ырымдалады.
111. Қазақ салтында үйдің ішінде тырнақ алмайды. Тырнақ 
тамаққа түссе — жазылмайтын ауруға тап болады деп жориды. 
Бұрынғы заманда мыстан кемпірлер тырнағын алып, қастасқан 
адамының төсегіне қойса, жады ауруына ұшырайды екен деген аңыз 
бар. 
112. Қазақ нанды баспайды. Нан аса қасиетті деп есептеледі. 
Нанды басқанды құдай атады, қарғысқа ұшырайды, өзегі талып 
өкіреді деп ұтады. 
113. Қазақ әйелдері қасын боямайды, жұлып тақырламайды. 
Бұлай істесе — қастасы көбейеді, жауы басына шығып, басынады деп 
жориды, 
114. Қазақ басқа үйді айналмайды. Айналса, сол үйдің пәлесі 
жабысады немесе өзіне қонуға тиісті бақ адасады деп ырымдайды. 
115. Қазақ теңделген жүкті буып байлаған жіпті кеспейді. Бұлай 
істегенді өзіңдікі өзіңе бұйырмайды, талапайға түседі, жолда 
тоналасың, жау шапқандай болады деп, жаман ырымға жориды. 
116. Қазақта кетік, жырық ыдыспен қонаққа ас бермейді. Себебі, 
ыдыстың кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады, 
қонақтың жебеуші иесі шамданып, көрін төгеді деп ырымдайды. 
117. Қазақ кем-кетік, мүгедек, жарымжан адамдарға күлмейді, 
мазақтап масқараламайды. Өйткені, бұл әдепсіздік. Менмеңдік істесең 
— өз басыңа келеді. Күлген кісі күлге көміледі, көлге кетеді, екі етегін 
түре кетеді, өмір бойы күрсініп өтеді деп, жамандықка жатқызады. 
118. Дастархан оң бетімен жайылады. Дастархан қос кабатталған 
болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын қонаққа қаратып, оң бетін 
келтіріп жаяды. Мұны «дастархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» 
деп ырымдайды. Дастархан — береке-бірліктің, тірліктің бейнесі 
ретінде қастерленеді. 
119. Қазақ жазғытұрым далада ұйықтамайды. Бұл қыс пен 
жаздың өларасы, шегі. Ыстық пен суық алмасар түс. Осы мезгілде жер 
бетіне жын-перілер соғысып жатады. Далада ұйықтап қалған кісінін 
бет-аузы қисаяды, жынданып ауырады деп ырымдайды. 


59 
120. Атты кісі бейіт тұсынан шауып өтпейді. Бұл әруақты 
сыйламағанның қылығы. Сондықтан әруақ атады, сайтан жабысады, 
әруақ соңынан қуалап үйге келеді деп ырымдайды. 
121. Малға оба тисе, қасиетті саналған адамдардың моласынан 
топырақ әкеліп, малды ұшықтайды. Себебі, оба да бір қасиеттің 
белгісі. Оның да күшті қорғаушысы болады деп ырымдайды. 
122. Пұшпағы қанамаған бедеу әйел жуынып-шайынып 
тазаланып алған соң, әулие адамдардың қабырына барып тәу етіп 
жалбарынса, сүйегі жарылып, бала көтереді деп ырымдайды. 
123. Қазақ дос-жаранына, туыс-туғанына сары түсті заттарды 
тарту-таралғыға ұсынбайды. Сары түс — дерттің белгісі, сары ауру 
жабыстырады, жазылмас дертке ұрындырады деп жориды. 
124. Қазақ беталды жер шұқымайды, жер қазбайды. Бұл қылық 
өлім шақырады, ажалды хабарлайды деп, жаман ырымға балайды. 
125. Әкесі тірі адам төрге шықпайды, бас ұстамайды. Бұлай 
істесе әкесі өледі деп ырымдалады. 
126. Қазақ салтында от жаққан орынды баспайды. Отта кие бар. 
Бұлай істегенде оттың киесі атады деп, тыйым салады. 
127. Қазақ ұғымында аспан денелерінің де өзіндік қасиеті бар деп 
есептеледі. Мысалы, көктен жұлдыз ақса — адам өлгені деп жориды. 
128. Ауа райының құбылысы да әртүрлі ырыммен парықталады. 
Күн тұтылса — мұсылманға, Ай тұтылса — кәпірге көрінеді, 
патшалары өледі деп жориды. 
129. Жанып тұрған шырақты үрлеп сөндірмейді, бір затпен басып 
өшіреді. Үрлеп өшірсе — бақ таяды, бақыт сөнеді, адам ұмытшақтық 
дертіне тап болады деп ырымдайды. 
130. Түн ішіңде біреудің үйіне кіргенде «ассалаумағалейкүм» дсп 
сәлем бермейді. Тек «Кеш жарық» деп кдна тілек айтады. Өйткені, 
кейде сайтан түн ішінде періште бейнесіне еніп төрде отырады дейді. 
Соны абайламай сәлем беріп қалған жағдайда сол адамнын аузы 
қисайып, ақыры ауырып өледі деп жориды. 
131. Әдетте қазақ түйені басқа ұрмайды. Өйткені түйенің 
басында жылды бастайтын бақыты тұрады деп жориды. 
132. Түнде әйел заты суға бармайды. Әйел жаны нәзік әрі қорқақ 
келеді. Су жануарларын көргенде жын деп ойлап, шошынып қалады 
деп есептеледі. 
133. Асқа сойылған малдың етінен үй иесі дәм татпай тұрып қан-
жынын итке жегізбейді. Адал малдың етін иман айтып жемей тұрып, 
қан-жынын ит жесе, адал несібе арамданады, ас дәмі бұзылады деп 
ырымдалады. 
134. Көктемде алғаш күн күркірегенде үйдің іргесіне ақ төгіледі. 
Бұл ақ мол болсын деген ниеттен туған ырым. 


60 
135. Жайшылықта түндікті бақанмен тіремейді. Себебі, өлім 
шыққан үй ғана осылай істейді. Жақсы күнде жаман ырым жасалмауы 
керек деп ұйғарылады. 
136. Тұңғыш баланы алыс сапарға той жасап аттандырады. Тойға 
үлкен-кішінің бәрі жиналады. Бала үлкеңдерден бата алсын, жолы 
ашылсын, маңдайы жарылып қуансын, сапарға жарқын жүзбен 
аттанса, ғұмырлық сапары да сәтті болады деп ырымдалады. 
137. Жаңадан келіп, қоныс қонғандарға ауыл ерулік береді. 
Қоныс құтты болсын айтады. «Көрші ақысы — тәңір ақысы» деген сөз 
бар. Ерулік бермесе, дән қусырайды, босаға сөгіледі, жер жериді деп 
ырымдалады. 
138. Құрықтың ұш жағын жоғары көтермейді. Онда малдың аяғы 
көктен келіп, орта ойылған жұт болады деп ырымдалады, 
139. Жолаушы сапар шегіп келе жатқанда жол бойында тұмсығы 
жолға қарап аттың не түйенің қу басы жатса, жол ақ, оң болады деп 
ырымдалады. Ал, керісінше жатса, жолаушы аттан түсіп, қу бастың 
тұмсығын жолға қаратын қойып кетеді. 
140. Қазақта сейсенбі күні алыс сапарға аттанбайды, үлкен іс 
бастамайды. Себебі, бұл ауыр күн болып есептеледі. Бас зеңіп тұрады 
деп ырымдалады. 
141. Тырнақпен шаш бейсенбі, жұма күндері алынуы тиіс. Түнде 
тырнақ пен шашты алмайды. Себебі, адамның жаны түнде тырнаққа 
ілініп тұрады екен. Ал түнде шаш алу бас алумен бірдей деп 
жорылады. 
142. Тамақты тек кана оң қолмен жеу керек. Сол қолмен жеген ас 
сіңімді болмайды деп ұйғарылады. 
143. Шалбарды, ыштанды, дамбалды отырып кию керек. Бұл — 
ибалылықтың нышаны, құтты өмірдің қалпын бейнелейді. Түрегеп 
тұрып кию — жаугершілікті, қанды қырғын соғысты елестетеді. 
Сондықтан, мұндай теріс әрекеттен аулақ болу керек. 
144. Түнде беті ашық қалған асты жемейді. Себебі, мұндай ас 
бұзылады, айниды. Асқа сайтан сарыды деп ұйғарылады. 
145. Таңертеңгісін жол үстінсн алғаш кезіккен әйел еркектің оң 
жағынан өтпеуі керек. Бұлай істесе, ердің жолы бөгеледі, бақыты 
шайқалады, қырсыққа ұрынады деп ырымдалады. 
146. Жаңа босанған әйел қырық күнге дейін қолын суық суға 
малмауы керек. Салқын заттарға қол тигізбеу керек. Жаңа туған 
нәресте суық жүрек, тасбауыр болып өседі деп ырымдалады. 
147. Жаңа туған сәбидің кіндігін киелі әйелге немесе жасы үлкен 
парасатты кемпірлерге кестіреді. Себебі, «Нәресте кіндік шешесіне 
тартады» деген сенім бар. Ауру-сырқат немесе жарымжан әйейдер 
кіндік кессе, бала соған тартып кетеді деп ырымдалады. 


61 
148. Нәресте туғанда кіндігін ай балтамен кесіп, таза жіппен 
байлайды. Кіндік кескен балтаны пайдаланбай, сақтап қояды. Кіндік 
үш-төрт күнде түседі. Ұл баланың кіндігін «үй күшік болмасын, 
далада өскен батыр болсын» деп, қырдан асырып лақтырып жібереді. 
Ал, қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деп, от басына 
ошақтың түбіне көмеді. Бала оқымысты болсын деген ниетпен кітап 
арасына сақтап қоятын да, ат құлағында ойнасын деген тілекпен, 
аттың жалына байлап қоятын да дағды бар. «Тілегімізді кіндік кескен 
жерден, кіндік қаны тамған жерден бер» дейтін сөз осындай 
ырымдардан қалған. 
149. Жаңа босанған әйелге ақ сарыбас қой сойып, ақ тілеу айтып, 
қалжа жегізеді. Себебі, туыттағы тері шықпаса, ана мен баланы қырық 
түрлі қырсық шалады, қалжа жемеген әйеддің баласы ынжық болады 
деп ырымдалады. 
150. Бала емізіп отырған әйел омырауын басқа кісілерге 
көрсетпеуі тиіс. Баланы қалқалап отырып емізеді. Бұл кезде 
сөйлемейді. Себебі, басқаның көзі омырауға түссе — емшегі ісінеді, 
сыздауық шығады деп ырымдалады. Ал сөйлесе бала шашалып, 
қолқасы қабынады да, ауруға шалдығады. 
151. Қалжаға сойылған койдың омыртқасын тазалап мүжиді де, 
тобылғы шыбыққа өткізіп, есіктің бас жағына іліп қояды. Онысы — 
баланың мойыңы тез бекісін дегені. Ал қалжаға жиналган әйелдердің 
бәрі де омыртқа етінен ауыз тиюге тиіс. Ең соңында кіндік шешесі 
қырнап мүжиді де, есік маңдайшасының төбесіне іліп қояды. Әйелдер 
осы омыртқа етінен ауыз тисе, бала көтереді деп ырымдалады. 
152. Жөргектен шығарып, иткөйлек кигізген сәбиді бесікке кез-
келген әйел салмайды. Бұл қызметті бойы таза, инабатгы жөн білетін, 
ел жұртқа сыйлы, үбірлі-шүбірлі бәйбіше орындайды. Баланы бесікке 
саларда таза темірді немесе сол үйдегі кысқашты, темір көсеуді отқа 
қыздырып, бесіктің арқалығынан бірнеше жерді қариды. Бұл жын-
шайтан өлсін, балаға пәле-жала жабыспасын дегені. 
Сонан сон әйелдердің біреуі: «Бала қырандай алғыр болсын» деп, 
бүркіттің тұяғын бесікке байлайды. Тағы біреуі бесіктің екі жағынан 
қылыш жарқылдатып: «Жау жүрек батыр болсын» десе, үшіншісі 
бесіктің екі жағынан қамшы үйіріп: «Тақымынан тұлпар кетпесін, 
бәйге бермес шабандоз болсын» деген тілек айтады. Сонан соң 
бесіктің түбск орнататын тесігінен тәтті тағамдар төгіп: «бала тышты» 
деп, төгілген дәмді алып шығады. Оны той дәмінің сарқыты ретінде 
балаларына апарып береді. Бұл сәбидің ырзыгы тасып, қонағы көп, 
мерейі үстем, достарына сыйлы, ашық қол болсын дегені. Осыдан 
кейін үйдегі әйелдердің бәрі үнсіз отырып, баланы әзірленген бесікке 


62 
салады. Ешкім үн шығармайды. Себебі, сөйлеп қойса, бала жылауық, 
өскенде өсекші болады деп ырымдалады. 
153. Каз тұрып, апыл-тапыл жүре бастаған баланың тұсауы 
салтанатты түрде кесіледі. Бұл «Тұсау кесер тойы» деп аталады. 
Баланың аяғы ала жіппен тұсалып, байланады да, оны сол ауылдың 
желаяқ, жылпың, қадірлі кісілердің бірі кеседі. Сонан кейін сәбиді әрі-
бері жетелеп жүргізеді. Тұсауы кесілетін баланың қалтасына тәтті 
тағамдар, күміс тиындар сыкап салынады. Тұсауы кесілген соң тойға 
келгендер мұны таратып алады. Тұсау кесілмесе — бала сүріншек 
болады, үлкейгенде топ ауруына шалдығады деп ырымдалады. 
154. Бостан-бос тасты шықылдатпайды. Бүйтсе — қасқырдың тісі 
қышиды, қорадағы, өрістегі малға шабады. Мал шығыны көбейеді деп 
ырымдалады. 
155. Баланы сьтыртқымен, көсеумен ұрмайды. Бұлай істегенде 
балаға пәле жабысады, қырсық шалады деп ырымдалады. 
156. От басында отырған қарияның орнына кез-келген адам 
отыра бермейді. Кейбіреуіне қарияның кәрі тиеді. Жарымжан, дімкәс 
адам болса, ауыруы асқынады деп ырымдайды. 
157. Жаңа түскен келіннің бетін ашканда, жыр айтушы ақын оң 
қолымен ашады. Жеміс ағашына немесе тобылғы сапталған 
қамшының сабына қызыл торғын орамал байлап, сонымен ашады. 
Онысы: «Келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы 
көп болсын» деп ырымдалады. 
158. Жауырынды мұжып болған соң, етек жағын жарып, ашып 
тастайды, өйтпесе жол бітеледі, жол азабы көбейеді, жол тұйыққа 
тірелді деп жориды. 
159. Қазақ үш әйел тастаған еркекті жақтырмайды. Оның 
қолынан балаларына дәм татырмайды. Жамандығы бастарына келеді 
деп ырымдалады. 
160. Тай мініп, өзінің сүндет тойына шақыра келген баланың 
қолына тәтті ұстатып, тайының жалына шүберек байлал: «Жол 
болсын, той құтты болсын!» деп жол көрсетеді. 
161. Қызына құда түсе келген адамның тілегін қабыл еткенде 
жағалы шапан кигізеді. Оны «шеге шапан» дейді. Бұл құдалық баянды 
болсын деген ниет. 
162. Шыр айналып соққан құйынды көргендс «тфә! тфә!» деп, 
жерге үш рет түкіреді. «Таздың үйіне бар, таздың үйіне бар» деп, 
құйынды қуады. Өйткені, құйын соққан жерде жын жүреді, жын 
соққан адамның аузы-мұрны қисаяды деп есептейді. 
163. Отырған адамды айналуға балаға да, басқаға да рұқсат 
етпейді. Олай істесе, әлгі адамның ауру-дерті болса, соны айналған 


63 
кісіге көшеді, барлық сиқыры қонады, жұқпалы дерті жабысады, 
соның салдарынан бақытсыздыққа душар болады деп ырымдалады. 
164. Біреудің ұл баласы жоқ болса, әйелі қыз туа берсе, ол соңғы 
туған қызына «Ұлбосын, Ұлтуған...» деген секілді тілеу аттар кряды. 
Онысы — келесі балам ұл болсын деп ырымдаған. 
165. Баласы тоқтамай өле берген немесе түсік тастай берген әйел 
бір баланы аман-есен туа қалған жағдайда жеті әйелдің бұтының 
арасынан өткізіп алып, оған Жетпісбай деген ат қояды. Онысы ғұмыр-
жасы ұзақ болсын, артынан өзіндей ұл мен қыз өрби берсін деп 
ырымдаған. 
166. Қазақ үйірлі жылқысынан біреуге мал ұстап берген кезде, 
сол жылқының жалынан бір тал қылды жұлып алады да, қылға сол 
жылқының сілекейін жағып, қалтаға салып сақтап қояды Бұл — 
«сілекей сірне» деп аталады. Онысы — әлгі жылқымен бірге ырыс 
кетпесін деп ырымдаған. 
167. Қазақ біреуге өзінің киім-кешегін берсе, бір түймесін не бір 
бауын үзіп алып қалады. Онысы — басымдағы бағым түймемен 
немесе баумен бірге кетпесін дегені. «Таудай талап бергенше, 
бармақтай бақ бер» деген сөз бар. Бұл сөз осындай ырымнан шыққан 
болуы да ықтимал. 
168. Егер сататын жағдай болып қалса, аттың жүгенін, түйе мен 
сиырдың бұйдасын, бүркіт пен сұңқардың томағасын, иттің қарғы 
бауын алып қалуы шарт. Өйтпссе, бұлар сиқырмен басқа бейнеге 
айналып, жүгенді, бұйданы, томағаны, қарғы бауды алып қалуды 
талап етіп, маза бермейді деп ырымдалады. 
169. Қазақ әйелдері өзінің әдейілеп басына салып жүрген 
арнаулы жаулығын басқаларға бермейді. Олай етсе басымдағы бақ 
басқаға көшеді деп ырымдалады. 
170. Қазақ жорыққа аттанған кезде «аттан түс», «атты байла» 
деген сөздерді тіке айтайды. Жамандыққа бастамасын деп, сол 
мағынаны білдіретін, қон, бекіт, кір деген сияқты сөздерді қолданады. 
Жорыққа аттанғанда өлең айтпайды, жыламайды. Саптыаяқты 
жолдыаяқ деп, мінгені байтал болса — ат деп атайды. Жорыққа 
байтал мініп барса, жол болмайды деп есептейді. Байтал жорық көлігі 
емес, құлындайтын, сауылатын мал. 
171. Үйге тамақ шайнаған қалыппен кіруге болмайды. Ал, тамақ 
шайнап шығу — жақсылықтың нышаны. Қазақ: «Дұшпанның үйіне 
жеп кір, достың үйінен жеп шық» дейді. Біреудің тамақ шайнап кіріп 
келе жатқанын байқаса, үй иесі оның аузындағысын босағаға 
төктіреді. «Қан түкір» деп, жамандыққа балап назаланады. 
172. Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ 
шығарда есікті үй иесі ашпайды, қонақтың өзі ашып шығады. Қонақ 


64 
үйге келгенде құт бірге кіреді деп жориды. Қонақ кетерде үй иесі есік 
ашып берсе, құт та әлгі кісімен ілесіп кетеді деп ырымдалады. 
173. Қазақ ұғымында, үкі — қасиетті құс. Үкінің үлпілдек жүні, 
басы, сирағы және қауырсынын жын-сайтаннан қорғайды деп, 
төсектің басына, бесікке, бас киімге қадайды. 
174. Тіл тиюден, көз сұғынан сақтану үшін «Есек тас» деп 
аталатын белгі тас тағылады. Сонда көз сұғы, тіл зары тасқа тиеді деп 
ырымдалады. 
175. Қазақ жын-сайтан бурадан және кірпікшешеннен қорқады 
деп жориды да. Үйдің бір қолайлы тұсына бураның бас сүйегін, 
кірпінің түрпісін іліп қояды. 
176. Қазақ үйінде ыдыс-аяқты шақылдатпайды. Онда ырыс 
үркеді. Дім шамданады, бақ жоламайды деп ырымдалады. 
177. Қазақта «ақты телміртпе» деген сөз бар. Алдыға қойылған 
айран, сүт, қымыз секілді тағамдарды көп тостырмай, тез ішу керек. 
Ақ көп телмірсе, аққа адам да телміріп, зарығатын болады деп 
ырымдалады. 
178. Қазақта: «Сыйға — сый, сыраға — бал» дейтін сөз бар. Жігіт 
жағы құдаларды есік көрсетуге шақырады. Мұндағы мақсат — 
қалыңдықтың барлық туыс-туғандарын күйеуге таныстыру, өз ел-
жұртын, дәулеті мен сәулетін көрсету. «Өлі-тірісіне» бір мал аталады. 
Бұл — әруақ разы болсын дегені. Егер өлі-тірісіне мал аталмаса, келін 
ауруға шалдығады деп есептейді. 
179. Қазақта шын көңілмен, адал ниетпен құдаласып, қонақ 
болып отырғанда табақ тартар алдында құйрық-бауырды араластырын 
турап, үстіне айран құяды да, құдаларға асатады. Бүл асатудың әзілге 
ұласатын жағы да бар. Алайда адал ниет те қабысып жатады. Айран 
араластыруы — тілек ақ болсын, іші-бауырымыз араласан мың 
жылдық құда боламыз деп ырымдағаны. 
180. Қазақ бір үйге алып барған өзінің сыбағасынан өзі жемейді. 
Онда әйелі қыз табады деп ырымдайды. Ұдайы жаугершілікке 
ұшырай берген қазақ елді қорғайтын ер азаматты көксегендіктен ұл 
баланы ерекше тілейді. 
181. Қазақта түн ортасында қораздың шақыруы теріске 
жорылады. Ондай қораздың басын кеседі де, жерге көміп тастайды. 
Өйтпесе, адам өлімге ұшырайды деп есептейді. 
182. Жаңа түскен келіннің бала көтеріп, жерік болғанын сезсе, 
қайын енесі ағынан жарылып, «төсек той» жасап, көршілерін де 
қуантады. Жиналғандар төсекке теңге, қыран құстың қасиетті 
саналған дене мүшелерін іледі. Жастығының астына пышақ жастап 
қояды. Онысы бала аман-есен жарық дүниеге келсін. Тіл-көзден аман 
болсын дегені. 


65 
183. Жас жұбайлардың алғаш жататын төсегі — «Ақ некенің ақ 
төсегі» деп аталады. Енесі мен жеңгелері төсекті аршамсн аластайды, 
иіс су себеді. Төсекті бұлай аластамаса, жын-сайтан жабысын, неке 
бұзылады деп жориды. 
184. Қазақ мойынға жіп салмайды. Өйтсе сайтан есінен тандыра 
аздырып, өзін-өзі білмей буынып өледі деп ырымдайды.
185. Төрдін төбесіне түлкінің, қасқырдың, аюдың және басқа 
жыртқыш аңдардың терісін іліп қоймайды. Өйтсе — бақ тұрмайды, 
үйді үрей билейді. Үй іші жыртқыш аңдарға толып тұрғандай сезіледі 
деп, жамандыққа жориды. Әсіресе, жас отаулар иелерінің бұлай 
істеуіне тіпті болмайды. 
186. Қазақ қыздары үйдегі қонақтың қарсы алдына келіп, 
талтайып отырмайды. Мұндай қылық қызды ұятсыз іске ұрындырады, 
бақытсыздыққа душар етеді деп ырымдайды. 
187. Қазақ тартылған табақпен қоса ұсынылған бас келгенде оң 
құлағын сол үйде отырған қонақтардың ішіндегі балаға береді. Онысы 
— бала сөз тыңдайтын, тілазар емес, елгезек, жақсы болып өссін деп 
тілегені. 
188. Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарханмен бірге 
жиналып кетсе, қайтарып берілмейді. Қонақ ет турағанда пышағын өзі 
сүртіп қынына салып алуы керек. Егер дастарханмен бірге жиналып 
кетсе, қонақ үндемейді, пышағын сұрамайды. Сұраса: «Қырық пышақ 
боп өштеседі» деп жориды. 
189. Қатар тартылған екі табақтың адамдары түгел ет турап алуға 
пышақ сұрап алса, етті турап болған соң, пышақты құры қайтармайды, 
пышақтың ұшына май шаншып беріп, алғыс айтады. Өйткені пышақ 
— ердің қаруы. Ақ май сол ниетті білдіреді. 
190. Қазақ: «Ай құлақтанса — аяғыңды сайла, күн құлақтанса — 
күрегіңді сайла» дейді. Онысы — Ай қораланса күн жылы болады. Ай 
шалқасынан туса — қатты аяз болады. Ай қырынан туса — күн жылы 
болады деп жориды. 
191. Біреудің атынан ғайбат сөз айту — қазақта жантүршігерлік 
жаман ырым. Ғайбат айту — кешірілмес күнә. «Ердің ғайбатын айтпа, 
қайратын айт» дейтін нақыл бар. 
192. Қазақ суға түкірмейді, Ағынды суды беталды бөгемейді. 
«Дәм татқан құдығыңа түкірме» деген нақыл сондай ырымдардан 
қалған. 
193. Қазақ шығып бара жатып, есікті қатты серіппемейді. «Қайта 
кірер есігіңді қатты серіппеме» деген де нақыл бар. Өйткені бақ есік 
пен төрде қатар тұрады. Есікті қатты серпісең, үйден бақ қашады деп 
ұйғарады. 


66 
194. Қазақ казан-ошақты теппейді. Ондай істегенде аяқ дертке 
шапдығып, кем болады. «Қазанның қарасы, ошақтың киесі атады» деп 
есептейді. 
195. Қазақ жаңа туған нәрестені «не деген сұлу» немесе «неткен 
семіз» деп айтпайды. Бұлай айтып калған болса, жерге үш рет 
түкіреді. «Жағыңа жылан жұмыртқаласын», «Аузыңа қара қан 
толсын» деп, бір дегдар әйел аузын жаптырады. 
196. Қазақ үйінде қазан құр тұрмайды. Тым болмағанда бір қалақ 
май тамызып қояды. Бұл «қазан қаңсымасын» дегені. Қазан толы 
болса, уайым жоқ. 
197. Қазақ қайыршыға түске дейін ғана садақа береді. Жұма және 
бейсенбі күндері де қайыр садақа таратады. Себебі, түстен кейін 
жиналған мал-мүлікті бытыратпайды. Бәрі де түске дейін жиналады. 
Егер осы жинапған мүліктен біреуге берсе — ырыс кетеді деп 
ырымдайды. 
198. Қазақта қолды жуып болған соң, сілікпейді. Қайта суды 
сорғытып барып, орамалмен сүртеді, Жуған қолды сілку — жаман 
ырым. Бүйткенде су иесі Сүлейменнің киесі атады, сонын салдарынан 
бастау көздері бітеледі деп жорылады. 
199. Қазақта айдалада жалғыз кетіп бара жатып, түнге қалса, 
мұсылмандардың моласындағы мазарғга түнеп шығады. Таңертең 
әруақтарға бағыштап құран оқып аттанады. Жалғыз адамды түнде 
әруақтар қорғайды деп жорылады. 
200. Қазақтар жәйбарақат кезде бас бармақты тістемейді. Қаралы 
күн, құсалы түн өткізіп, өзегі талған адамдар ғана солай істейді. Ешбір 
себепсіз бұлай істеу — жамандық нышаны деп жорылады, оған қатаң 
тыйым салынады. Қатты өкінгенде ғана бармақ тістейді. 
201. Қазақ көкке, шаңыраққа қарап түкірмейді. Көк тәңірі атады. 
шаңырақ киесі соғады деп ұйғарылады. 
202. Қазақ аяқ киімінін табанына қарамайды. Аяқтың баспайтын 
жері жоқ, аяқ киім де таза емес. Былғанышты көрсе — көз ұшынады 
деп есептейді. Ал аяқ киімінің табанына қарай қалған күннің өзінде 
үш мәрте түкіреді. Онысы — көзім ұшынбасын, аяғым ақсамасын 
дегені. 
203. Қазақ салтында жаңа түскен жас келін көрші ауылға алғаш 
қыдыра шыққанда, үлкен енелері оған «итаяғыңа сал» деп сақина, 
білезік, жүзік секілді заттар ұсынады. Келіншек тұңғышын босанып, 
нәрестені алғаш шілде суына шомылдырғанда ыдысқа осы заттарды 
салады. Нәрестені шомылдырып болған соң әйелдер бұл заттарды 
бөліп алып, балаға ақ тілеу тілейді. Онысы — нәресте сараң емес, 
жомарт, қайырымды болсын дегені. 


67 
204. Қазақта нәрестенің иткөйлегін шешкен күні яғни қырқынан 
шығарғанда ауылдағы әйелдер жиналады. Иткөйлекті шешкен соң, 
оған тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жібереді. Ауыл балалары сол 
итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөлісіп алады. Иткөйлекті ырым 
деп, баласы жоқ әйелге береді. Онысы — барлық адамды қуантатын 
бала көп болсын дегені. 
205. Қазақта балаға кекіл қояды. Шашын тегіс ұстарамен қырып 
тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырады. Жиегін тегістеп 
қояды. Ол кекіл деп аталады. Кекіл баланы ажарландырады. Соған 
орай баланы еркелетеді. Аттың да маңдайындағы бір шоқ түгін кекіл 
деп атайды. Кекіл баланы тіл көзден, сұқтан қорғайды, пәле-жаладан 
қағады деп есептеледі. 
206. Қазақта көз тиеді, сұқ өтеді, тіл батады деген ұғым бар. 
Кейбіреулерді «сұқ көзді, сұқ тілді» деп сескенеді. Көз сұғы — жақсы 
адамға, жас балаға, жүйрік атқа, қыран құсқа, сұлу қызға, қайсар 
батырға, қайратты палуанға тиеді деп нанады. Сондықтан ас пен 
тойларда палуандарды, жүйрік атты көптің көзінен тасада ұстайды. 
Онысы — тіл мен көздің сұғы тимесін дегені. Біреу жас келінге 
немесе сәбиге сұқтана қараса, «көзің тиеді, қара жерге түкір» деп, 
жерге түкіртеді. Көз тисе «сұқ-сұқ» деп, тіл тисе «тфә-тфә» деп, 
ерекше мақтаса «тілің тасқа» деп қайырым айтады. 
207. Қазақ жас келінге, жаңа туған балаға, тағы басқа 
ерекшеліктерге алғаш көрген сәтте көрімдік сұрайды. Бұл — дүние 
құмарлық емес, сол жаңа нәрселердің елге таныла беруі үшін 
айтылған тілек. Көрімдік байғазы да емес. Көрімдік жас адамға, жақсы 
атқа, құсқа сұралады. Байғазы бала немесе жастар жаңа киім кигенде 
көңілін аулап беріледі. 
208. Қазақта ұзатылган қыз жыл толмай төркініне келмейді. 
Себебі, отаудың оты лаулай түссін дегені. Бұл мезгіл бұзылса - ақ 
төсек суиды, көңілге жел кіреді деп ұйғарылады. Мұндай кезде туған 
бала безбүйрек, қатал болады деп сенеді. Сондықтан отауды 
жайнатып ұстап, отбасына самауырды қайнатып қойып, келген-
кеткенді ашық-жарқын қабақпен қарсы алу арқылы жас келін келген 
жеріне әбден бауыр басып кетуі керек. Содан кейін ғана төркініне 
баруға болады. Төркіндей барғанда дауыс айтып, сағынышын да 
ақтаруға ерікті. Қуанышты көрісу – жақсылық. Ата-анасы сағынып 
келген қызын жылы шыраймен, ақ пейілмен күтеді. Қайтар кезінде 
қалағанын береді. Қыз марқайса – ел көңілі өседі деп жориды. 
209. Қазақта «Күйеу аяқ» дейтін ырым бар. Жігіт қалыңдығын өз 
үйіне түсіргеннен кейін қызын ұзата барған енесін қошаметпен қайта 
жеткізіп салады. Сонда ата-енесі күйеу балаға мал атайды. «Күйеу 


68 
аяқ» дегені сол. Бұл күйеудің аяғы жеңіл болсын, көңілі ашық боп 
қайтсын дегені. 
210. Қазақта «жарыс қазан» деген ырым бар. Бір әйел толғатып 
жатқанда, басқа үйдің әйелдері қазанға жеңіл-желпі тамақ салып, оны 
оны босанатын әйел бала тапқанша пісіріп үлгеру үшін жарысады. 
Қазақ ұйғарымында туатын бала «жарыс қазанға» қатынасып, пісетін 
тамақтан бұрын жарық дүниеге келуге ұмтылады. 
211. Көрші-қолаңнан біреу алыс жолға аттанғанда ауылдағылар 
жолаушының тоқымын қағады. Бұл – тоқым қағар деп аталады. 
Жолаушы аттандырған үйдің иесі дастархан жайып, жиналған жұртты 
сыйлайды. Жұрт жолаушыға ақ тілеу айтады. 
212. Қазақта «тобық жұту» дегер ырым бар. Жұтатыны – қоян 
тобығы. Шарты былай: тобық жұтатын адам мынадай серт айтады: 
Батыр болсам –
Жүрегімнен шық, 
Паулан болсам – 
Білегімнен шық. 
Шешен болсам – 
Таңдайымнан шық, 
Бақытты болсам – 
Маңдайымнан шық. 
Тобық жұтқан адамның қасиетіне қарай айтқан тұсынан шығады 
деп есептеледі. 
213. Қазақта «тұмар тағу» ырымы да бар. Бала не жасы кіші біреу 
ауырса молдаға дұға жаздырып алып, оны ақ шүперекке не теріге үш 
бұрыштап бүктеп тігеді де, дұға арналып жазылған адамның мойнына 
тағып қояды. Бұл тұмар сол адамды не баланы пәледен, тіл-көзден, 
ауру-сырқаудан сақтайды деп нанады. Тұмардың түрі көп. кейде жас 
төлдерге де, ботаға да, ауырған малға да тағады. 
214. Қазақ ұғымы бойынша шаруамен бір үйге кірген адам тізе 
бүгеді, тіпті өте асығыс болғанның өзінде де тізе бүгіп, үй иесіне 
ілтипат жасауға тиіс. Бұл – шаңырақтың құрметі. Егер келген адам 
түрегеп тұрып шаруасын айтып, тізе бүкпей шығып бара жатса, үй 
иесі: «Неге тізе бүкпейсін, біздің үйдің сиыры түрегеп тұрып 
бұзауласын дегенің бе?» деп, өкпе айтады. Қариялар: «От ала келген 
жоқсың, тізе бүк!» деп бұйырады. Бұл – үйдің иесіне тағзым ету. 
215. Қазақ салты бойынша от алуға келген кісі от алғалы келгенін 
айтпайды. Отты алады да, үнсіз шығып кетеді. Тек от алып жатып: 
«От ана, сақтай гөр!» деген тілек айтады. Әсілі от алу – жақсы әдет 
емес. сондықтан от алушы басқалармен сөйлеспейді. «Отқа келген 
әйелдің отыз ауыз сөзі бар» деп, өсекті лаулатып айтуға тыйым 
салады. «Ел іші ала, кереге басы пәле болмасын» деп ұйғарады. 


69 
216. Ас-тамақтан, жел-құздан, иіс-қоқыстан ұшынған адамдарды 
ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тәсілі. Жығылған адамның бір 
жері ауырып қалса да, сол жерде: «Кет, пәлекет, кет!», «Ұшық-ұшық» 
деп ұшықтайды. Науқас адамды күн батар алдында жерге жатқызып 
ұшықтап, үйге әкеліп жылы жауып тастайды. 
217. Әдетте басқа ауруды да үшкіріп, ұшықтап емдейді. Үшкіру 
де емдеу тәсілінің бір түрі. Емші дұға оқып, «сүф-сүф» деп үшкіреді. 
Емделуші сол үшін оған мал, орамал секілді садақа береді. Онысы — 
аурудың жолы болып, тез оңалсын дегені. 
218. Ұзатылған қыз соңынан ерген сіңілісіне өзінің тақиясын, 
бөркін береді. Бұл: «Ендігі кезек сенікі, бағын ашылсын» дегені. 
Мұны қазақ «Шарғы» дейді. Шарғылы қызға жеңгелері, құрбылары: 
«Бағың жансын, бағын ашылсын» деп жақсылық тілейді. Жасы 
үлкендері: «Маңдайың жарық болсын» деп маңдайынан иіскейді. 
219. Келін түскенде, қыз ұзатылғанда, жолаушы сапардан 
оралғанда, құда не туыс-туған келгенде, тағы басқа қуанышты 
күндерде ауыл әйелдері құрт-ірімшік, қант-кәмпит, күміс тиын 
араластырып, топтасып тұрған адамдардың ортасына «Шашу, шашу!» 
деп, айқайлап тұрып шашады. Шашуды барлығы теріп алып, ырым 
ретінде үйлеріндегі балаларына апарын береді. Шашуды әйелдер ғана 
шашады. Еркек шашпайды. Шашуды балаларға берудің себебі 
«ырысты болсын» дегені. 
220. Қошқардан күйек аларда «шашыратқы» жасайды. 
Қошқардың күйегін алып, саулықтарға қосып жіберген соң, мал 
иелері тілеу тілейді. «Төл көбейсін, егіз-егізден болғай» деп, мәре-
сәре болады. Әйелдер дастархан жайып, қонақтарды күтеді. Осы ас 
шашыратқы деп аталады. Сонда: «Мал төлді болады, шөп басы екі 
аша шығады, қой егіз табады» деп қуанысады. 
221. Шөп басын сындыратын ырым да бар. Бұл жақсылыққа, 
өтелген іске байланысты ырым. Сараңдар жомарттық жасаса, 
қорқақтар ерлік көрсетсе, біреу оқыс әрекетімен көзге түссе, соны 
естіген кісі: «Мынау шөп сындыратын іс екен» деп, жерден шөп не қу 
шырпы алып сындырады. Бұл тіл, көз тимесін дегені. 
222. Қазақ өрттің алдына ақ құяды. Онысы — өрт тез сөнсін, апат 
болмасын дегені. 
223. Адам қатты ауырғанда, басына күн туып, бағы тайғанда, 
қауіп-қатерге жолыққанда, алладан медет сұрап, ақсарыбас қой сояды. 
Пәледен құтқар деп тілейді. 
224. Баланың төбе шашын ұзын өсіріп, моншақ араластырып өріп 
қояды. Бұл «Айдар» деп аталады. Айдарлы адам айбарлы көрінеді, 
оған тіл-көз тимейді деп біледі. 


70 
225. Айт күні ренжуге болмайды. Жайраң қағып, жылы 
шыраймен, ыстық жүрекпен, тасыған мереймен жүреді. Айт күні 
ренжісе, келесі айтқа дейін ашу тарқамайды деп жориды. 
226. Айттан бұрын үй тазаланады. Ескі-құсқыны, кетік ыдыс-
аяқты тастайды. Айт күні жаңа нәрселер ғана істетіледі. Онысы - жаңа 
дүние көбейсін, бақ орнасын дегені. 
227. Қазақ баласы түнде қасқырдың атын атамайды. «Ит-құс» деп 
бүркемелеп сөйлейді. Қасқыр десе — қастасып, қораға шабады деп 
жориды. 
228. Келін қайын атасының, енесінің, қайын ағасының, қайын 
жұртындағы үлкен-кіші туыстардың атын атамайды. Ата-енесінен 
басқаларға қосалқы ат қояды. Бұл — қайын жұртына құрметі әрі 
сыйлағаны, жақсы келін атанудың жөні. 
229. Қазақ баласы айға телміріп, ұзақ қарамайды, түнде жұлдыз 
санамайды. Айда бір кемпір бар, айға телміріп қарасаң, әлгі кемпір 
сенің кірпігіңді санайды, кірпігі саналған адам қазаға ұшырайды деп 
жориды. 
230. Қазақта жаңа туған айға сәлем беретін әдет бар. Жазды күні 
айға сәлем бергеы жерінің шөбін жұлып, үйге алып келіп, отқа 
салады. Онысы — пәле-қазадан аман болайық дегені. 
231. Қазақ ұғымында от — үйдің жарылқаушысы, шам-шырағы. 
Қазақ отты ерекше құрметтейді. Жаңа түскен келінді үйге кіргізгенде 
үлкен үйдегі отқа сәлем бергізеді. Одан кейін от басына төселген 
жұмсақ бөстекке (теріге) отырғызады. Онысы — оттай жайнап тұр, 
терідей жұмсақ бол дегені. 
232. Жаңа түскен келін отқа сәлем бергенде: «От-ана, Май-ана, 
жарылқа!» деп тілеу тілейді. Басқа әйелдер отқа май құйып, 
алақандарын кыздырып алып, келіннің бетін алайды. Бұл — келіннің 
жүзі жылы, дидары ыстық болсын, тіл-көз тимесін дегені. 
233. Наурыз күні кетік ыдыстарды пайдаланбай тастайды. «Жаңа 
күн — жаңа өмір, жаңа жыл» деп біледі. Бұл күні кетік ыдыспен ас 
ішсе — көне пәле, көне сүрдек қалады, жаңа күннің жаңа ырысын 
көре алмаймыз деп жориды. 
234. Бірге туған бауырына, қарындасына қатты ашуланған кісі екі 
қолынен екі бүйірін таянып, көзін шарт жұмып тұра қалса, ашуы 
басылады, көңілі сабасына түседі деп жориды. Қазақ «Ашу — 
дұшпан, ақыл — дос» дейді. 
235. Екі қабат әйел «ұл табамын» десе, еркектің қару-жарағын, 
шалбарын басына жастанып жатады. Ал қыз тапқысы келсе — қызыл 
ала шыт, әйелдің көйлегі, жүзік, сырға, алқа, маржан білезік, моншақ 
жастанады. 


71 
236. Ағайынды кісілер араздасып қалса, басқа бір туысы ақ 
дастарханына шақырып, дәм сыйлап, татуластырады. Кейде 
араздасқандар бірін-бірі шақырып, дәм береді. Онысы — түгі 
жығылып жүрсін, таспен ұрғанды аспен ұр деп ұйғарғаны. 
237. Сұраған кісіге инені ұшығымен бермейді. Ұшық — 
қастыққа, өштікке, араздыққа ұрындырады деп жориды. Инені 
қайтарғанда да иесіне ұшықсыз қайтарады. Қолға бермей, жерге 
тастайды. Бұл — иненің шаншуы жерде қалсын дегені. 
238. Торқалы тойдың, өлім-қазаның ас-суы елге үлестіріледі. Бұл 
— береке сақталсын, дәм-тұз таусылмасын, қазан қаңсымасын дегені. 
239. Адамның, малдың құлағына ауызды тақап тұрып 
айқайламайды. Құлақтың пердесі жарылып, саңырау боп қалады, 
мыйға зақым келеді деп жорылады. 
240. Ұйықтап жатқан адамды айқайлап не қатты жұлқып 
оятпайды. «Ұйқыңды қый, құдай оңдай гөр, қыз ұйқысын бер» деп, 
ақырын жұмсақ үнмен атын үш рет атайды. Ұйқыдағы кісі оянып, 
көзін ашқанда, орныңнан тұр дейді. Айқайлап, жұлқылап ояту — 
жүйкені тітіркендіріп, ызаландырады деп жориды. 
241. Түнде жатқан төсегіңді таңертең өзін жина. Жиналмай, 
қалған көрпе-жастықтың ішіне сайтан кіріп алады да, адамға 
жамандық тілейді. Жиналмаған төсек-орын жаугершілікті де еске 
түсіреді. Төсектің жиналмауы — әйелге де сын. «Салпы етек, салақ, 
бос әйел» деген қаңку сөз тарайды. Сөзге іліккен әйелдің үйінен құт 
қашады деп ұйғарылады. 
242. Қамшы, садақ, жебе, тағы басқа қару-жарақты сыйлағанда 
беретін кісінің қолына ұстатпай, жерге тастайды. Онысы — қоллдың 
қатты-жұмсақтығы немесе береке бірге кетпесін, ұшығы жерде 
болсын дегені. Ауыр салмақты жер ғана көтереді деп ырымдағаны. 
243. Қазақта қыздардың кіндігін көрсетіп жүруге тыйым 
салынады, деп жаман ырымға жориды. Абыройы ашылып, ары 
төгіледі, бағы таяды, кіндігі кірлеп, шайтан ұялайды, іш кірне ауруына 
шалдығып, өміріне қатер төнеді деп ұйғарады. 
244. Емшекте баласы бар әйел жалаңбас отырып, бала емізбейді, 
орамал салып алуға тиіс. Жалаңбас болса, қайызғағын шайтан 
баланың ауызына салып жібереді, бала есейгенде мәңгүрт болады, 
анадан безеді, басына шығып, аяқ асты етеді деп біледі. 
245. Қазақта әйел еркектің алдында төсін ашып, жарқыратып 
отырмайды. Бұлай істесе, сұқ көз қадалады, тіл тиеді. Соның 
салдарынан төсі қараяды, омырауы іседі. Тас емшек болып, 
омырауынан сүт қашады. Сүт болмаған соң, құт та болмайды, құшағы 
суық, бауыры тас болады деп жориды. 


72 
246. Ішіп отырған шай не, ас төгілсе: «Бисмиллә, бисмиллә, 
бисмиллә» деп үш рет айту керек. Өйтпесе асқазанға ас байланады 
десе, кейде ас шашлып-төгілсе той болады деп те жориды. 
247. Үлкен кісілердің киім-кешегін көзі тірі кезіндс жасы кішілер 
кимеуі керек. Бұлай істесе, тез өліп қалады, өмір-жасы қысқарады. 
248. Қыздар өзінен жасы үлкен адамға немесе жігіттерге қарап 
тілін шығарып, жалақтатпайды. Бұл әдепсіздікке жатады. Ал, кейін 
тапқан баласы сақау болады деп ырымдайды. 
249. Әйел кісі итке тас лақтырмайды. Бұлай істесе құт қашады. 
Ит — жеті қазынаның бірі, шамданады. Әйел қолының берекесі 
қашады, ырысы кетеді деп ырымдалады. 
250. Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке 
іліп қою керек. Әсіресс, құйрық қойып отыратын жерге қоймау қажет. 
Себебі, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл 
байланып, иман қашады. Адамның басынан қадірлі, ақылынан 
қасиетті ештеңе жоқ. 
251. Киіп жүрген бас киімді сыйға немесе кие тұруға бермейді. 
Себебі, бастан бақ кетеді, соры қайнайды. Сыйлыққа жаңа бас киім 
беру керек. Бұл басты қастерлегендік. 
252, Еркек әйелдің киімін кимейді, жаулығын салмайды. Өйтсе, 
еркектігі сөнеді, рухы жасиды, өсекші болып кетеді. 
253. Жас келіншек еліріп, желігіп, желпініп жүрмеуі керек. Бұлай 
істесе баласы желіккіш болады. Толғағы ауыр болады, өзі де құтырып 
кетуі ықтимал деп жорылады. 
254. Насыбай атқанды құдай атады. Демі сасып, дерті асқынып, 
қойнындағы жары жиркенеді. Мерез ұрпақ туады. Кем иек, кетік тіс, 
есалаң бала опа қылмайды деп ырымдалады. 
255. Әйелдер ер адамға қарсы қарап жүрелеп отырмайды. 
Абыройы ашылады деп жорылады. 
256. Түн ішінде қазаға көңіл айтпайды. Бұлай істесе өлім 
көбейеді деп жориды. 
257. Әйел мал бауыздамайды. Басқа амал болмаған жағдайда 
тіреуішке мініп тұрып бауыздайды. Өйткені, әйел мал бауыздағанда 
сескенеді. Сескеніп бауыздаған малдың еті мәкіру саналады. 
258. Әйел ат тағаламайды. Әйелдің қолы жеңіл, ат жазым болады 
деп жориды. 
259. Әйел пышақ қайрамайды, жаниды. Пышақ қайраса еркегінің 
сағы сынады деп жорылады. 
260. Ұстаның төс теміріне отыруға болмайды. Онда ұстаның 
қолы тарылады. Отырған кісі дертке шалдығады деп жориды. 
261. Оттың орнына отыруға болмайды. Оттың киесі ұрады. 
Ақыры отқа өртеніп өледі деп ырымдалады. 


73 
262. Отты және оттың басын сабамайды. Бұлай істелсе — үй-
ішінің құты қашады, шаңырақтың оты өшеді деп жориды. 
263. Еркек кісі әйелдің іш киімін жумайды. Бұлай істесе — сағы 
сынады, кір суындай көңілін кір және нас басады деп тыйым салады. 
264. Әйел биязы, сыпайы, жібектей есіліп тұруы керек. Үй-ішінің 
мүлкін, ыдыс-аяқты салдырлатпауы қажет. Адам тамақ ішетін ыдысты 
«ит аяқ» деп атамайды. Бұлай атаса — ыдыстың ырысы қашады, 
адамның дәм-тұзы төгіледі.
265. Әйел еш уақытта еріне қол жұмсамауы керек. Күш көрсетіп, 
таяқпен сабамайды немесе таяқ ала жүгіріп, сес көрсетпеуі тиіс. 
Ұрысқанда тілдеп, бетінс түкірмейді. Бұлай істеген әйелдің ақ некесі 
бұзылады, өзінен-өзі талақ болады деп есептейді. 
266. Өлген адамды қабырға қою үшін үйден шығарарда бас 
жағымен есіктен шығарады. Дән түйген ақ орамалды басынан 
айналдырып алып қалады. Мұнысы — әруақ үйден дәмін біржола үзіп 
кетсін дегені. 
267. Өлген адамның қайыр-садақасына малдан басқа бидай да 
береді. Онысы — артындағы ұрпағы бидайдай жайқалып өссін дегені. 
268. Малды бауыздар алдында басын құбылаға қаратып тұрын, 
бата жасайды. «Бұйыртып жегіз» деп тілек айтады. Онысы — малдың 
еті дәмді, адал болсын дегені. 
269. Малдың басын үйіткенде алдымен бауыздау жағынан бастап 
үйтеді. Бұл — пышақтың жүзіндегі қылау өртенсін дегені. 
270. Жолаушылап жүрерде, бір жұмыспен жолға шыққанда 
үйдегі қаптың, сандықтың ауызын ашып кетеді. Онысы — жол ашық 
болсын дегені. 
271. Адам кайтыс болған күннің түнінде туыстары, ауылдастары 
жиналып, мәйітті күзетеді. Онысы — егер адам талып қалған болса, 
тіріледі деп үмітпен күткені. Өлген адам аруланып, ақыретке 
оралғанға дейін сайтан аралап немесе мәйітті перілер ұрлап кетпесін 
деп сақтанғаны. 
272. Сый табақпен екі кәрі жілік бірге тартылса, қонақ қуанады. 
Жол оң болады деп жориды. Байлық, бақ қонады деп иланады. 
Жіліктерді еттен тазалап мұжып, өзі алып кетеді де, үйінің босағасына 
іліп қояды. 
273. Қамшыны ұстап, төрге шықпайды, Бұл — ағайындар 
араздасып, дауласқан жағдайда жасалатын қылық. Жақсылық нышаны 
емес. 
274. Жолдың үстіне күл төгуге тыйым салынады. Күн батқаннан 
кейін сыртқа күл шығарып төкпейді. Жолға күл төккеннің жолы 
кесіледі, осы жолмен жүргендерге дерт жабысады. Күн батқан соң күл 
төксе — адамға ұшық жабысады. 


74 
275. Қандай жағдай болса да таңдай қақпайды, орынсыз 
таңырқамайды. жөнсіз есіркемейді. Адамды есіркеу — құдайдың ғана 
ісі. Бұл адам баласының қолынан келмейді. 
276. Соғым сойған күні тоқпан жілік асылады. Үйдегілер етті тоя 
жейді. Бұл тоқшылық, молшылық болсын деген ниетпен білдіреді. 
277. Адам қайтыс болған соң, мәйіт көмілмей тұрғанда, көп 
жылауға болмайды. Көп жыласа көрі көз жасына толып кетеді деп 
жориды. 
278. Дәретке отырғанда сөйлесу — әдепсіздік. Сондай қалыпта 
сәлем беруге де тыйым салынады. Тек түзге отырып болған соң ғана 
қолын жуып барып сөйлеседі, сәлем береді. 
279. Мал төлдеп жатқан кезде сақал, мұрт, шаш алуға тыйым 
салынады. Өйткені төл шала туады, дертке шалдығады деп жорылады. 
280. 
Қазақтың 
үлкен 
кісілері 
балаларына 
құстардың 
жұмыртқасына тиіспеуді, балапанын өлтірмеуді тапсырып, міндеттеп 
отырады. Бұлай істесе — құстың қарғысына ұшырайды деп сенеді. 
281. Егер біреу байқамай, абайсызда адамның дайрағын басып 
кетсе, басқалар оны олжаға батады деп сенеді. 
282. Сыпыртқының үш жағын жоғары қаратып қоймайды. Бұл 
Көк тәңірін шамдантады, жын шаңыраққа шығып алады деп 
жорығаны. 
283. Жас балалы әйел дәметеді деп, бұл үйге кіретін кісі тағам, 
дәм ала келеді. Дәм етіп қалса омырауы іседі, сүті тартылады деп 
ырымдайды. Емшекте баласы бар әйелдің омырауы іссе бір қарт ана 
жаңа піскен ыстық нанды қойнына тығып келіп сонымен аластайды. 
284. Баланың қарын шашын алған соң, тастай салмай, сақтап 
қояды. Бала қырқынан шыққанша, жеті ай толғанша әлсіз болады. 
Сондықтан бір тал шашын тастамай, сақтау керек деп біледі. 
285. Бала тісегенде түскен тісін шидің арасына тастайды. Бұл — 
қайта өскен тісінің түбі берік болсын дегені. 
286. Баланы сүндетке отырғызғанда сертпені тастамай, киіз үйдің 
құрулы тұрған шидің басына іліп қояды. Бұл — бала ержетіп, отау 
тіккенде босағасы берік болсын деген ниеті. 
287. Дастархан басында, кісі көп жерде керілмейді және адамға 
қарсы қарап тұрып керілуге дс болмайды. Бұл қылық тосаттан 
болатын өлінің елесі саналады. 
288. Ат үстінде тұрып шіренбейді. Бұлай істеу — әулекіліктің, 
дарақылықтың белгісі деп біледі жұрт. 
289. Тойы жасалып, үйінен ұзатылып шығарылған қыз кетіп бара 
жатқанда артына бұрылып қарамайды. Бұлай істесе — некесі 
бұзылады, күйеуімен отаспай, үйіне қайтып келеді деп жорылады. 


75 
290. Күйеу жігіт қалыңдығын ұзатып алып кететін жолы етегінен 
басып, шапанын алып қалады. Мұнысы — күйеу ескі тонын шешіп 
тастап, жаңа киім кисін, өмірі ажарлы болсын дегені. 
291. Қыз бен жігіт алғаш қосылған түні жігіт жеңгесіне жолдық 
береді. Өйткені жеңгесі төсек салып, жайлы жатуларын тілейді. 
Қыздың пәктігіне куә болады, кірді де өзі жуады. Бұл — өмірлік 
адалдық нысаны саналады. 
292. Келін барған жерінде алғаш үйге кіргенде босағаға соғылмай 
кіруі керек. Енесі қарсы алып, маңдайынан сүйеді, ілесіп келгендерге 
көрімдік береді. Келін босағаға соғылып қалса — үйдің берекесі 
қашады, келін баянды болмайды деп жориды. 
293. Түйе мойнын созып жіберіп, басын жерге салып жатса, ұзақ 
жол немесе көш басталады деп ұйғарылады. 
294. Аптаның сейсенбі, жұма күндері қазақта жолға шықпайды, 
ағаш кеспейді. Ал, жолға шығу қажет болған жағдайда бір затты не 
ақшаны (жеті, он жеті, қырық теңге) жолға тастайды. 
295. Қой топалаң дертіне шалдықса — аршаны өртеп аластайды 
немесе елсіз түзге айдап тастайды, қасқыр шапса топалаң айығады деп 
сенеді. 
296. Қоралы қойға қасқыр шапса, көк бөрінің аузы тиді, Көк 
төңірі қолдайды, мал өсіп, жан аман болады деп жориды. 
297. Туыс-туғанға, ағайын-бауырға, дос-жаранға үш, бес, жеті 
санымен құрт, бауырсақ, шелпекті сыбаға ретінде бермейді. 
Осы санмен тек садақа ғана беріледі. 
298. Түйенің ішінде аруананы соғымға соймайды. Егер соғымға 
соятын болса, бұл әулеттен күш-қуат, негізгі мейір кетеді деп 
ырымдайды. 
299. Хайуандарды, аңды, малды адамдай көру парыз саналады. 
Жүрегі кірді, қара ниеттер ғана бұлай істей алмайды. Бұл міндетті 
өтемегендерде адамдық қасиет жойылады. 
300. Жаңа туған айды алғаш көргенде тізерлеп отырып, үш рет 
еңкейіп мінәжәт етеді де, сол тізе бүккен жерінің шөбін жұлып, отқа 
тастайды. Бұл — әулетім оттай қаулап өсе берсін дегені. 
301. Аспандағы жұлдыз әрбір адам жанының бейнесі саналады. 
Бір жұлдыз ағып түссе — бір жан үзілді деп нанады. 
302. Табиғаттың ерекше, тосын құбылыстары құдірет саналған. 
Топырақ үйілген төбешіктер, құла түздегі жалғыз ағаш, бұтақтары 
тарбиып өскен бұталардың өнген жері қасиетті делінеді. Сол жерлерге 
түнейді, шүберек байлайды. Әулие көмілген жерлерге мал сойып, 
тілеу тілейді. 
303. Құлын, қозы-лақ байланып, көгенделетін желі арқанды 
аттамайды. Желінің киесі атып, шарапаты шайылады деп жориды. 


76 
304. Арқан-жіп ескен кезде жасөспірім балалардың керілген 
жіптің астынан өтуіне тыйым салынады. Бойы өспей тапал болып 
қалады деп жориды. 
305. Арқан-жіп ескенде кейбірінің жібі ширамай, селкеу қалса, 
жұбайы болбыр, бос белбеу — бата тірсек болады деп ырымдайды. 
306. Жылқышы ұстайтын құрықтан, балта мен бақанның үстінен 
аттауға болмайды. «Бақан аттаған байымайды, балта аттаған 
жарымайды» деген сенім бар. 
307. Қазақ түнде айдалада жайылып жүрген жалғыз сиыр көрінсе, 
қамшымен сабайды. Себебі, түнде сиырды жын-шайтан мініп жүреді 
деп нанады. 
308. Жал-құйрығының арасында шоқ-шоқ ақ қылы бар жылқы 
құтты саналады. Ол сатылмайды, біреуге берілмейді. Себебі, сол 
малмен бірге құт-береке кетеді. 
309. Қазақ көкек құсына тиіспейді. Аңыз бойынша көкек адам 
екен. Бір ауылға күйеу келіп жатады. Аяқ астынан аты жоғалады. 
Қалыңдықтың сіңілісі жездесінің атын тауып әкелуге шығады. Бір 
аяғына өзінің етігін, бір аяғына асығып жүріп жездесінің етігін киіп 
алады. Сол күз айдалада көкек құсқа айналып кетеді. Көкектің бір 
аяғы қызыл, бір аяғы көк болатыны содан екен. Ат іздеп шығын, 
жоғалған қыздан пайда болған көкек те аты жоқ құс аталады. Киелі 
құс санатына жатады. Көкек қонған ағаштың бұтағын сындырып 
алып, майы мол болады деген ұғыммен іркітке салады. 
310. «Айналмақ» деген өзін-өзі садақа етіп, құрбандыққа қиятын 
ырым екен. Өзін біреудің жолына құрбан еткісі келген кісі ауырып 
жатқан науқасты үш айналып шығуы керек. Қазақтың жақсы көрген 
адамын «айналайын» деп айтатыны осыдан шыққан. 
311. Торга түсіп немесе үйге бекіліп қалған құсты ұстаған соң, 
басынан үш мәрте айналдырып, босатып жіберу керек. Бұл пәлекет 
сол құспен бірге ұшын кетсін деген ниетті білдіреді. 
312. Қазақта жанып тұрған отқа май тастап, соның лапылына 
қарап болашақты болжайтын ырым бар. Май тасталған оттың жалыны 
ашық түсте болса — жақсылықтың нышаны. Оттың жалыны қара 
қошқыл болса — жамандықтың белгісі. 
313. Қазақ ішінде жауырынға қарап болашақты, тұрмыс-тіршілік 
ағысын, жақсылық пен жамандық нышанын болжайтын да ырым бар. 
Жауырынды тіс тигізбей тақырлап, таза мүжу керек. Тіс тиген 
жауырын сөйлемейді деп иланады. 
314. Ұлыстың ұлы күнінде, торқалы тойда, қаралы қазада жеті 
казынаның бірі қара қазанда ас пісіріледі. Қара қазанда пісірілген ас 
ел бірлігін сақтайды деп ырымдайды. 


77 
315. Бейуақытта үйге шам жағып қою керек. Себебі, бұл кезде де 
караңғыны жамылып жүретін шайтан оттан, жарықтан сескенеді, үйге 
кіре алмайды деп жориды. 
316. Көкпарға тарту үшін қазақта тек қана ешкі түлігі беріледі. 
Қара ешкі — қыс бейнесі есептелінеді. Бата жасап сойылып, додаға 
салуға тапсырылады. Осы қимыл арқылы тіршілік қимылы 
басталатын көктемге құрмет көрсетіледі, жаңа күн құттықталады. 
317. Емшектегі баланың аузынан қалған тамақты әкесіне 
жегізбейді. Себебі, бұл асқа емшек сүті араласады. Баланың әкесі 
әйелінің сүтін емгендей болады деп жориды. 
318. Екі кісі қатар тұрып бір жерге дәрет сындырмайды. Онда 
нәсіп, тұқым бұзылады, қан сескенеді деп ырымдалады. 
319. Өлген кісінің иман киізі қырқына дейін таза жерде сақталуы 
керек. Өйткені, қырқы берілгенше, әруақ дәметіп, өзінің үйінс келіп 
жүреді, лас киізді көріп, ренжімесін деп жориды. 
320. Жерік болған әйел жерік асын жеуі керек. Жерігі қанбаған 
әйелдің баласы су ауыз болып туылады, ондай бала суайт болады деп 
ырымдалады. 
321. Бозбала төрге шығып алып етпегінен жатпайды. Бұлай 
істеген балаға «Әкең өліп, бауырыңды жерге төсеп жатырсың ба?» 
деп, қатал ескерту жасайды үлксн кісілер. 
322. Таңертеңгі асты төкпей, шайқалтпай, аса жайдары кейіпте, 
ашық-жарқын ішу керек. Бұл таңғы рызық, шашылмауы керек деген 
сенімді білдіреді. 
323. Адамның қызыл меңі көп болса қызы, қара меңі көп болса 
ұлы көп болады деп жориды. 
324. Үйге түйе сүйкенсе — көші-қон болады. Үй жығылып, жүк 
тенделеді деп жорылады. 
325. Малдың мезгілсіз қашқаннан кейін туған төлін қазақта 
малдың иесі малданбайды, басқа бір күйі нашар кісіге садақа ретінде 
береді. 
326. Ордалы жыланның маңына жақындап барып, жұғысуға 
болмайды. Өйткені, қазақтар перілер жылан бейнесіне еніп, топтасып 
жүреді деп нанады. 
327. Жараланған жыртқыш аңға жуысуға болмайды. Жолбарыс, 
аю, қасқыр жараланған кезде бүкіл дүниені талқандағысы келіп, 
кектеніп, каһарланады. Қазақ қаһарлануды ең үлкен қырсық санайды. 
328. Күн батып, ымырт үйірілгенде, жалғыз қалып төбе басын 
сақтамайды. Бұлай істесе — төбе басында жалғыз қалады деп 
жорылады. 


78 
329. Ит шөп жесе — жақсылыққа жорылады. «Ілгері басқанның 
иті оттайды, кері кеткеннің келіні ұрлық жасайды» деп ұйғарады қазақ 
баласы. 
330. Пышақты пышаққа жанымайды. Бұл қылық жаман әрекеттің 
нышаны. Елдің берекесін қашыратын соғыс болады деп жориды. 
331. Ешкінің құйыршығын, сирағын, қойдың құйымшағын ойнау 
үшін балаға бермейді. Бұл заттармен ойнаған бала тұштақай, тұрақсыз 
болады деп жорылады. 
332. Итті үйге кіргізіп, төрге шығармайды. Ас ішіп отырғанда 
есіктен сығалатпайды. Иттің демі лас, асты былғайды деп есептейді. 
333. Меңсіз қап-қара малды аса сыйлы қонаққа соймайды. 
Тұнжыр түс тұңғиыққа бастайды деп ырымдайды. Союға тура келген 
жағдайда, мүйізіне, мойнына ен байлап барып сояды. Бұл ақ тілек 
қабыл болсын деген ниет белгісі. 
334. Көші-қон жүк артылып жатқанда, жұмыс үстінде жүк 
артушылар көп сөйлеуге болмайды. Бұлай істесе, қимылдың арты 
керіске айналып кетеді деп ырымдайды. 
335. Жүк артылып болып, көш жылжыған кезде көшті аталар мен 
әжелер бастайды. Жастар мен орта жастағылар соларға ілеседі. Үлкен 
кісілер тай-құнанға мініп шапқылап жүрген балаларға ұзағынан 
сүйіндірсін деп тілейді. 
336. Көш бастауға тиісті кісілердің он екі мүшесі бүтін болуы 
керек. Кемтар адамдарға бұл міндет жүктелмейді. Дені сау адам 
бастаған елдің жолы деп ырымдалады. 
337. Мешітке имам сайлаған кезде де он екі мүшесі бүтін, дені 
сау, ақыл-есі дұрыс адам таңдалады. Ақылды, иманжүзді адам оқиған 
дұғаның сауабы мол деп жориды. 
338. Ел жайлауға шыққан соң желі тартып, алғаш бие байлаған 
кезде үйірдің бастаушысы – айғырдың сауырына май жағылады. Бұл 
үйірдің төлі көбейсін деген тілеудің ырымы. 
339. Ұзақ ауырып, айықпаған кісінің дертін ешкінің серкесіне 
көшіретін де ырым бар. Дұға оқып, ауруды серкеге көшірерде, науқас 
адамды үш рет айналдырып шыққан соң, мал ішіне қоя береді. 
350. Ішкісі келмеген жағдайда «асыңа разымын» деп ықылас 
білдіреді. «Ас — адамның арқауы» саналады. Асты жамандаған аштан 
өледі деп жориды. 
351. Жана туған нәрестені құттықтап, шашу алып барғанда шикі 
етті қоспау керек. Шикі ет өлімнің нышаны, жаман ырым. 
352. Көшкен кезде жұртқа бір құшақ отын тастап кетеді. Жұрт, 
қоныс құры қалмағанына қуанады деп жориды. Жұрт қуармай жатады 
деп сенеді. 


79 
353. Бір үйде қонақ болып отырған кісі сол үйдің қазан-ошағына 
араласпауы тиіс. Өйткені, бөтен, үйренбеген кісіден үйдің берекесі 
үркеді деп жорылады. 
354. Қазақ баласы үйдің ішінде төрге қарап тұрып керілмейді. 
Төсек кермейді. Шаңырақка, керегеге асылмайды. Бұлай істесе үйдің 
киесі атып, дертке шалдығады деп ырымдайды. 
355. Дастарханға нанды теріс қаратып, төңкеріп қоймайды. Оң 
қояды. Нанды жалғыз қолмен жерге басып тұрып сындырмау керек. 
Оң қолмен алып, сол қолмен ұстап тұрып сындырып жейді. Саусағы 
тиген бір жапырақ нанды тауысуы керек. Өйтпесе, несібе шала қалады 
деп жорылады. 
356. Алдыға қойылған асты қастерлеу керек. Табақпен ас 
келгенде өзінің алдынан ғана алуға тиіс. Басқалардың алдына қол 
созбайды. Бұлай істеу — ырыздыққа таласқандық болады. Адамнын 
өзіне бұйырған ас — құдайдың берген ырыздығы саналады. 
357. Есінегенде ауызды аңқайтып ашпай, оң қолдың сыртымен 
қалқалап жабу керек. Аңқайган ашық ауызға сайтан түкіреді деп 
жориды. Бұл қылық әдепсіздік саналады. 
358. Бейтаныс екі кісі жол үстінде кездесіп, бірімен-бірі тез 
шүйіркелесіп кетсе, жұлдыздары жарасқан деп саналады. Біріне-бірі 
жұғыса алмай, мәміледе болса, жұлдызы қарсы тұр деп ұйғарылады. 
359. Ақ болып ауырған малды қасқырдың бас сүйегімен қағып 
ұшықтайды. Бұнымен қасқырдың киесі дертті қуады деп сенеді. 
360. Қазақ ұл баланы тұқым жалғайтын, үйдің отын сөндірмейтін 
мұрагер санайды. Сондықған бұған ерекше мән береді. Бір үйде ылғи 
қыз бала туыла берсе, соңғы туылған қызға «Ұлбосын», «Жаңылсын» 
деген сияқты ат қояды. Бұл — енді бала ұл болсын деген үмітпен 
ырымдалады. 
361. Мал төлдеп жатқанда, балалардың асық ойнауына тыйым 
салынады. Өйткені, асық ойнағанда сақп мен кенейлерді соғыстырып, 
шықылдаған дыбыс шығарады. Міне, осы дыбыс мал киесін 
ызаландырады, төл шығын болады деп ырымдалады. 
362. Асқа пісірілген жауырынды мұжып болған соң, соған қарап 
жол ашатын салт бар. Бұл салтты әйел кісінің жасауына болмайды. 
363. Қазақ ырымдағанда да, баласына жаман ат қоймайды. Өссін, 
көбейсін деген мағынадағы атауларды таңдайды да, Тоқтасын. 
Өскенбай, Көпбосын деп қояды. 
364. Балаға ат қою қазақта кілең тілекпен, үмітпен астасып 
жатады, «Нұрсұлтан» атаса, жүзіңде нұры жайнасын, дархан сұлтан 
болады. «Дінмұхамед» десе, дін қолдаған иман жүзді адам болады деп 
ырымдайды. 


80 
365. Балаға қойылған кейбір атты өте ауыр деп сезінетін жай да 
бар. Мысалы: «Мұхамет» аталған бала балиғатқа толғанша «Ахмет», 
«Мұқан», «Мұқаш» деген секілді жанама аттарды қолданады. Бұл 
баланың өмір-жасы ұзақ болсын дегені. 
366. Қазақ баласына сұлу, ажарлы болсын деген тілекпен ырым 
етіп: Айнұр, Айгүл, Күннұр, Жұлдыз, Шолпан деп ат қояды. 
367. Қазақ асқан еттің көбігін екі рет алады. Алдыңғысы — 
қанды көбік, екіншісі — ашты көбік деп аталады. Көбігін алмай жеген 
ет мәкүрік болады. ауру жабысады деп жориды. 
368. Қазақ алыстан келген жолаушыны, қонақты, ағайындарын, 
қандас бауырларын «Қырықтың бірі Қыдыр, Мыңның бірі Уәлі» деп 
ырымдап, төрге отырғызады. Дастарханға бата жасатады. 
369. Қазақта: «Көсені үйге кіргізбе, бөксесін жерге тигізбе» деген 
сөз бар. «Көседен көсеу де қалмайды» деп ырымдайды да, көсе 
отырған жерден бір шым-шым топырақты алып, далаға «Тфу-тфу» 
деп шашып жібереді. 
370. «Алапесті үйге кіргізбе, құйрығын жерге тигізбе» дейді. 
Алапес, қазақ ұғымында, ем қонбайтын дерт. Ниеті бұзық, пиғылы тар 
адамдарды да алапес деп жек көреді. 
371. Қазақ «Құлғанаға жолама, құлғанаға жоласаң, қу жаның одан 
қала ма» деп, осы бір қатерлі дерттен сақтандырады. Дерттің 
жұқпауын ырым етеді. 
372. Құмалақ салғанда, құмалақ басын (ырымдап бергенді) қолға 
алмайды. Онысы құмалақ ақ сөйлесін дегені. 
373. Қазақ «Сүйелдің козылы қойлық жаны бар» дейді. Қара 
сүйел елеусіз сырқат, өздігінен ұшып кетеді. Ал ақ сүйелді елеусіз 
қалдыруға болмайды. Садақасы - қозылы қойлық. Адам жанына, мал 
басының шығынына көрінеді деп секемденеді. 
374. Қазақ Тәуетті ұстап алып, алғашқы шыққан сүйелді тістетіп, 
қайта қоя береді. Сонда сүйел толық жазылады деп біледі. 
375. Күйеу жігіттің «есік ашар» дәстүрі орындалған соң,
қыз 
ағасының үйінде өлі-тіріге арнап күйеу жігіт алып келген серке не 
еркек қой сойылады да, әруақтарға арналады. Ауыл ақсақалдары 
шақырылып, табақ тартылады. Бата сұралады. Өлі-тіріге сойылган 
малдың етінен қалыңдық дәм татпауға тиіс. Халық сенімі бойынша: 
дәм татса, қыз ауруға шалдығады. 
376. «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз кыз болмайды» дейді. 
Ырымы жасалмай ұзатылған қызды, оны алған күйеу жігітті ананың 
ақ сүті, атаның ары мен кәрі атады деп ырымдайды. 
377. Отау үйдің тұс киізін үйдің тек оң жағына ғана құрады. Сол 
жағына құрса неке баянсыз болады деп жориды. 


81 
378. Шөп тістеп жүруге болмайды. Шимен тіс шұқымайды. Бұлай 
істесе тіс қақсайды. Ауыз ойылады. Езуге ауыздық түседі. 
379. Жылқыны «талағың түскір», сиырды «қарасан болғыр», 
қойды «топалаң келгір», ешкіні «кебенек келгір» деп зілмен қарғауға 
болмайды. Бұлай істесе мал иесі шамданады. Мал ішіне жылауық 
қаптайды. 
380. Тіліне теріскен шыққан адамға әртүрлі жан-жануарларды 
атап, бұл дерттің солардың артынан кетсін десе, теріскен шамданып, 
ұшып кетеді деп жориды. 
381. Құмырсқалар күндіз илеуіне асығыс кіріп жатса, ауа райы 
бұзылады деп ұйғарады. 
382. Баланың төбесіндегі орайы екеу болса, ұл балаға — екі рет 
үйленеді немесе қыз балаға — екі рет тұрмысқа шығады деп жориды. 
383. Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа 
барады деп ырымдайды. 
384. Сәби өзінің нәжісін өзі жесе, жоғалған нәрсені тапқыш 
болады деп нанады. 
385. Бала көк жөтелмен ауырса, көк ат мінген жолаушының 
жолын тосып «Көлденең көк атты, көкжөтелдің емі не» деп сұрайды. 
Ол қандай ем айтса, соны ауру балаға қолданса шипа болады дейді. 
386 Күйеуге шықпаған қыздар жігіттің қолынан шәй, ас 
құйдырып ішпейді. Күйеуге шықпай қаламыз деп ырымдайды. 
387. Қой қотыр шыққан балаға сойған малдың көзінің суын 
жақса, жазылады деп есептейді. 
388 Сәби бала ішегін тартса — жаманшылық болады деп 
ырымдайды 
389 Сәбидің тілі мезгілінде шықпаса нағашысының үйіне апарып, 
қой сойдырып, соның тоқ ішегін мойнына байлап береді. Сонда 
баланың тілі шығады деп жориды. 
390 Сәби алақанын шапалақтаса — қуанышты хабар келеді деп 
ырымдайды. 
391 Есіктің тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетін, екі 
қолының алақанын, екі аяғының табанын жуса көз сұғы қайтады деп 
жориды. 
392 Қыз-келіншектер қара орамалды басына салмайды. Қара киім 
— қайғының белгісі деп ырымдалады. 
393. Үйге кісі сыртын қаратып кірмейді Ырыс шашылады деп 
есептейді. 
394. Құмыраның, торсықтың аузынан су ішпейді. Қалған суға дем 
тиеді. Егер ауру адамның демі тисе, кейінгі су ішкен адам ауру 
болады деп жориды. 


82 
395. Өзен суын төніп, етбетінен жатып су ішпейді. Суға кетесің, 
не су мақұлығы жұғады, не асқазан ауруына, өңеш қабынуына 
жолығады деп жориды. 
396. Үйге келген қонаққа үйдей өкпеңді айтпа дейді. Бұлай істесе 
құт қашады, қонақ шамданады Ырзық ашынады, береке-бірлік 
бұзылады деп ұйғарылады. 
397. Ыстық асты, шәйді, тағамды үрлеуге болмайды. Суығанша, 
ыстығы басылғанша шыдау керек. Үрлеп ішкен ас мәкүрік саналады. 
Ол асқазанға дерт болып, байланады деп есептеледі. 
398. Бүркіт бағылатын үйге жын-шайтан жоламайды. Қыранның 
ісі теріс пиғылдылардың делебесін басады. 
399 Еліңнің патшасын, өз балаңды, өз жұбайыңды қарғасаң тіліңе 
күйе жағып қарға. Қарғысың күйеде қалсын. Патшаға, балаға, 
жұбайыңа жуымасын деп те ырымдалады. 
400. Қандай үйге кіргенде де, мейлі адам болсын, болмасын 
сәлем беріп кіру керек. Себебі, үйдің төрінде Қызыр Пайғамбар 
отыруы мүмкін. Сол риза болады. Үйге береке кіреді. Амандық 
сақталады. Жамандық болмайды деп ырымдалады. 
401. Жылқыны басқа бір алыс жерге апарғанда бұрынғы тұрған 
қорасындағы тезегінен ала жүріп, шым-шымдап жемге қосып береді. 
Сонда жылқы жат жерге тез үйренеді. Және бұрынғы жерді аңсап, 
қашпайды деп есептейді. 
402. Адам кіндік қаны тамған ата жұртынан басқа жаққа қоныс 
аударып барғанда сол жерге бірден үйрене алмайды. Жат жердің суы, 
ауасы жақпайды деп кіндік қаны тамған жерден топырақ ала кетеді де, 
барған жерінде суға шомылдырып ішіседі. Сонда жат жерге тез бауыр 
басып кетеді деп ұйғарады. 
403. Пұшпағы қанамаған бедеу әйел қоныс аударып, жат жердің 
суын ішсе, екі қабат болып, бала көтереді деп те жориды. 
404. Жаңа түскен келін бірер жыл бала көтермесе, нағашы 
жұртының баласын қойнына алып жатады. Сонда бала көтереді деп 
ырымдайды. 
405. Жас шопан қайын жұртының ауылына барғанда қойды 
мойнынан ұстап, жетелеп барса, ит үрмейді. «Сағындым қыздың 
қойнын, жетелеген қойдың мойнын» деген өлең осындай ырымға орай 
айтылған. 
406. Ұзатылып бара жатқан қыз өзінің сіңлісіне немесе құрбы 
қызына басына киіп жүрген бөркін береді. Онысы артта қалған 
қыздардың жолы ашылсын, жолы ақ әрі оң болсын, отырып қалмасын 
дегені. 
407. Ит жонынан түлесе, қыс жақсы болады деп жориды. 
Бауырынан түлесе, қыс аяғы ұзаққа созылады деп нанады. 


83 
408. Ит жатып үрсе, өлім-жітім көп болады, апат туылады, ханды 
қара басады, жол ауыр болады деп жорып, ақсарыбас сойып, алладан 
мейір-шапағат тілейді. 
409. Ойнап жүрген балалар екі тымақты үсті-үстіне қабаттап 
кисе, екі қатын алады деп жориды. 
410. Сапарда кетіп бара жатқанда жолды кес-кестеп жылан өтсе, 
оны қуып жүріп өлтіреді. Өлтіре алмай адасып қалса, саусағының 
біреуіне ине шаншып, қан шығарады да, жолдың жағасына тамызып 
кетеді. Онысы құрбандық бергені. Жылан сол қанды жалайды да, 
адамға қастығынан қайтады. 
411. Жолаушылар алыс сапарға беттегенде атына мінген сәтінде 
аты күрсінсе немесе есінесе жол болмайды деп ырымдап, сол күні 
жолға шықпай, атты босатып қоя береді. Одан кейін басқа ат мінеді. 
412. Аттарының жалын оң жағына қарай жығылып жатса, оны 
мінген кісінің жолы болады деп жориды. 
413. Ат жер тарпып тұрса, жақсы жолды көксегені. Алыс сапар 
басталады. Мұны жылқы жер көксеп тұр деп жақсылықка жориды. 
414. Қазақта бала туғанда да жасалатын ырым көп. Біреу балаға 
құлын атап, «Бәсіре» берсе, құлынды қастерлеп, бала аман болсын, 
жасқа толсын деп соймайды және сатпайды. Біреуге бермейді. 
Өйткені, ол баланың дүние есігін аша салып алған өз несібесі, құт деп 
нанады. Оны біреуге берсе, бала есейгенде қолына құт қонбай кедей 
болады деп жориды. 
415. Көктемде көк мойын ұзақ қарға алдымен келсе, қыс аяғы 
құсқа болады. Сары ала қаз келсе, қыс аяғы ұзақ болады деп 
есептейді. 
416. Біреудің тамақ ішкен ыдысының сарқытын балаға 
бергізбейді. Өтірікші, өсекші болады. Ауру жабысады деп сенеді. 
417. Қазақ салтында ерлі-зайыпты адамдардың ортасына есі 
кеткен отырады деп жұбайларды бөліп отырғызбайды. 
418. Жыңғылмен атты қамшыламайды, Малды не адамды 
ұрмайды. Жыңғыл — тікенді бұға. Онымен ұрса мал да, адам да 
ұшынады деп ұйғарады. 
419. Қазақ жазғытұрым алғаш жауған жаңбырды «Алланың 
нұры» деп басын тосады. Онысы ала жаздай басы ауырмайды, басына 
бақ қонады дегені. 
420. Жаңа тұскен келін күйеуі бір жаққа кеткенде орын 
ауыстырып жатуға тура келсе, өзінін некелі төсегін құр тастамайды. 
Жастық астына балта, пышақ секілді заттарды қойып қояды. Онысы 
— иен қалған төсекте жын-шайтан ойнамасын дегені. 


84 
421. Бейіт топырағын сәндемейді. Табиғи калпында жатқанын, 
көгеріп өсімдік өсіп тұрғанын ұнатады. Бейіттен бір шым-шым 
топырақ алып, тастайды. Бейітті айналмайды. 
422. Атпен келе жатқан адам бейіттің қасынан шауып өтпейді. 
Қайта іштей дұға оқып, әруаққа сыйынады. Оң аяғын үзеңгіден 
шығарып, «Қиямет жақын, қиямет жақын» деп тәубә етеді, әйтпесе 
әруақ атады деп нанады. 
423. Қазақ қарттары екі кабат әйелге қай аяғын алдымен басар 
екен деп қарайды. Егер оң аяғымен табалдырықтан бұрын аттап кірсе 
— ұл туады. Сол аяғымен кірсе - қыз туады деп жориды. 
424. Қазақ құдалыққа барғанда немесе сапарға, жолға шыққанда 
шұнақ түйеге жүк артпайды. Жол болмайды, пәле ұшырайды деп 
жориды. 
425. Қазақта ер азаматтар босанған әйелге сойылған қалжаның 
етін жемейді. Онда әйелі ылғи қыз табады. Шашы түсіп қалады деп 
ұйғарады. 
426. Кешке жақын жайылған кірлер жиналады. Далаға түнетіп 
қалдырмайды. Себебі, киім иесіне бұйырмай қалады. Түнде жаңбыр 
жауса не боран соқса, былғанады. 
427. Қазақ жолаушылап жолға шығар алдында үйіндегі кішкене 
балаға аяғыңды көтерші дейді. Егер бала оң аяғын көтерсе, жол 
болады екен деп қуанады. Сол аяғын көтерсе, жол теріс деп жолга 
шықпайды. 
428. Қазақ от шашпайды. Ыстық күлді төкпейді. От шашса өрт 
шығады, күл төксе, бұрқырап көзді қармайды. Сөйтіп, ойды 
адастырады деп жориды. 
429. Қазақ торғайдың және басқа құстардың жұмыртқасын 
шақпайды. Бұлай істесе бетке секпіл түседі деп ырымдайды. Құстар 
қарғайды деп те нанады. Мәселен, торғай аузынан былайша қарғайды 
екен: 
Торғай деген атым бар,
Бір жапырақ етім бар.
Жұмыртқамды шаққандар 
Әкең жауға кетсін де,
Шешең өліп жетім қал!.. 
430. Қазақ ай толып, дөп-дөңгелек болып туғанда да сәлем 
береді. Айға қарап тілек айтып, бет сипайды. Онысы көңіл айдай 
жарық болсын, сөзім айдай толсын дегені. 
431. Қазақ үйде, дастархан басында сасық жел шығармайды. 
Қақырып, түкірмейді. Олай етсе бақ қашады, ас айниды деп сескенеді. 


85 
432. Қазақта шалбардың бауын кісіге қарап тұрып байламайды. 
Жүріп бара жатып та олай істеуге тыйым салады. Бұл қылық 
әдепсіздік, жөн білмегендік саналады. 
433. Қазақта басқа кісілерге қаратып аяк киім шешпейді. 
Әйелдерге көбінесе тасаланып тұрып шешінеді. 
434. Үйіне келген жауды «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» 
деп құдасындай күтеді. «Таспен ұрғанды аспен ұр» деп сый көрсетеді. 
435. Науқастанған адам әбден әлсіреп, өлім қаліне жеткенде, 
ағайын-туыстарын жинап, арыздасады. Бірінен-бірі кешірім сұрасады. 
Алым-берім қарыздары болса, қайтаруды тапсырады. Ұрық-жұрағаты 
бұл істерді өсиет деп біледі. Өлетін адамның әрқандай тілегі, «Ақтық 
дем» есептеліп, ол бұлжытпай орындалады. 
436. Өлген адамның қасында күзетіп ақсақал қариялар оған иман 
тілейді. Бетін жабады. Көзін жұмғызады. Үйдің оң жағына салып 
қояды. Басын солтүстікке, бетін құбылаға қаратып, шалқасынан 
жатқызады. Үстіндегі киімдерін шешіп алады да, денесін ақ 
шүберекпен жауып қояды. Олай етпесе әруақ разы болмайды деп 
нанады. 
437. Өлген адамның жаназасына шақыра барған кісі жаяу болсын, 
атты болсын басқалардың үйіне кірмейді. Далада тұрып жәй-
жапсарды айтады. Егер шөлдеп тұрса, сұраған сусынын сыртта ішеді. 
Үйге кірсе сол үйден өлім шығады деп ырымдайды. 
438. Қыста жаңбыр жауса жер сілкінеді. Жер астынан айдаһар 
шығады деп нанады. 
439. Жазда, яғни жазғытұрым ақ жауын жауса құт құйды, құт 
құйды, жер иіп, егін мол өнім береді деп жақсылыққа жориды. 
440. Қысты күні кемпір қосақ көрінсе жыл құтты, ел тынышты, 
мал төлді, өнім мол, тіршілік жәйдары болады дейді. 
441. Күзде ағаш жапырағы көк қалпында түссе, сол жылы жастар 
қызыл қырғынға ұшырайды деп жориды. 
442. Түн ішінде қарыз сұрамайды. Түн зауал уақыты, Қарыз сұрау 
— жан сұрағанмен бірдей деп нанады. 
443. Қорылдап ұйықтап жатқан адамға пышақ оқтаса, қорылы 
басылады. Буындырған шайтан пышақтан қорқады деп нанады. 
444. Сақал мен шашты жұлмайды. Құлақты созбайды. Көзді 
ақшыраңдатпайды. Бұл жамандық. Нәубетке, зұлымдыққа ұшыратады 
деп ырымдайды. 
445. Жаңа киім-кешекті бисмилла деп киеді. Өйтпей, базардан 
әкелген беті үйге қоя салса, түнде шайтан киіп ойнайды. Шайтан 
киген киім адамға бұйырмайды деп жориды. 
446. Ботаға, тайға, құлынға қоңырау тағады. Бұл — қасқыр 
жемеуі, жоғалмауы, көз тимеуі үшін жасаған жоралғы. 


86 
447. Біреуді сыртынан ғайбат қып отырып, сол кісінің үйіне бара 
қалса, үш рет ауызын шайқап, тәуба айтып барып, асқа отыру керек. 
Өйтпесе — ішкен асы арам болады. 
448. Сапардағы жолаушылар жапан далаға түнесе, атының 
шылбырын сүйіретіп қояды. Шылбыры сүйретіліп жүрген атқа қасқыр 
шаппайды. Өйткені, қасқырдың ала жіп аттамайтын серті бар. 
449. Аңшылар далаға түнесе өзі жатқан жерді айналдыра сызып 
қойып жатады. Шеңберге бәле-қаза, жыртқыш аң жоламайды деп 
ұйғарады. 
450. Біреумен дауласқанда сұқ саусақты шығарма. «Иман саусақ» 
деп аталады. Қастерлеу керек. 
451. Адамдар ит дайрағын көргенде үш рет «тфу-тфу-тфу» деп 
түкіріп өтеді. Өйтпесе нас басады деп жориды. 
452. Қабақтың үстіндегі қастың арасынан оқшау шыққан ұзын 
жуан әрі жалғыз тал қылды жұлып алады да үш рет түкіріп, 
табанымен басады. Онысы тіл-көзден, пәле-жаладан қақсын, өз 
басымен кетсін дегені. 
453. Қамшының сабы сынса — қатын өледі. Пышақ сабы сынса 
— күйеу өледі деп ырымдайды. 
454. Сырттан келген адам босағаға ат байламайды. Егер ат 
байласа — ондай адамды ниеті бұзық, жау екен деп есептейді. 
455. Қазақта бала ата-анасына қол жұмсамайды. Егер қол 
жүмсаса құдай атып, жер жұтады деп жориды. 
456. Қазақ баласы ата-анасына тіл тигізбеуі керек. Бұлай істесе 
қара тас жалап, тілің тасқа тисін деп қан шығарады. 
457. Қазақ баласы албаты ант ішпейді. «Адал болсаң ант ішпе» 
деп біледі. Ант ішіп, ант бұзғаннан асқан жамандық жоқ деп иланады. 
458. Қазақ құда түсіп, құйрық бауыр жескен соң, құда түскен қыз 
жатқа кетпейді. Уәде бұзылса, дау туады. Ел жауығады. Арты пәлеге 
айналады деп тыйым салады. 
459. Қазақ ұрлық жасамайды. Бұлай істесе — қол-аяғың сынады, 
қара басып, кемтар болады деп нанады. 
460. Қазақ өлген адамды жоқтап жылағанда, әйел заты шашын 
жайып жіберіп жыласа — ішіндегі шер тарқайды деп сенеді. 
461. Қазалы күндері өлімге келген ауыл адамдары қызыл-жасыл 
киім кимейді. Әйелдер жалтырауық бұйымдар тағынбайды. Бұл 
торқалы той емес. Қаралы өлімді құрметтеу керек. 
462. Өлген ер адамның сүйегіне ерлер түседі. Әйел адамның 
сүйегіне әйелдер түседі. 
463. Мәйітті үйден шығарып, қабір басына қарай алып жүргенде 
әйел адам бармайды. Үйде қалады. Келесі күннен бастап баруына 


87 
болады. Әйел — ана. Сондықтан оның жүрегі суымасын, өмірден 
түңілмесін дегені. 
464. Қазақ мәйітті қабіріне кірген соң басын құбылаға қаратып 
жатқызады. Жанама қабірдің аузы жабылмай тұрып, жиналғандар бір-
бір шым-шым топырақ салады. Онысы көптен бұйырған топырақ 
деген ізгі ниеті. 
465. Қазақтың қарттары көзі тірісінде өз қабірін қаздырып қояды. 
Жанақымды тас құмы жоқ керіш жерден таңдап, бес адам олай-бұлай 
аунап, жататындай етіп қаздырады. Онысы Алланың бергеніне де, 
алғанына да разылығын мойындауы. Ақырет түніне иман келтіргені. 
466. Қабір басынан қайтқан мәйіт жерлеушілер үйге келгеннен 
кейін беті-қолын жуады. Онысы — бақи дүниеге аттанған адамды 
шығарып салған адамдар ол дүниенің есігін көргендіктен, бетін жуып, 
пәни дүниеге оралуы. 
467. Өлген адамды жерлеген соң молда құран оқиды. Жасы 
келген адам болса, бейіт басында тәбәрік ретінде жыртыс жыртады. 
Онысы — өлген қарттың жасын берсін, арты той болсын дегені. 
468. Қабір талқысына, төрт бұрышына төрт ұсақ мал атайды. Оны 
жетім-жесір, кәріп-қасір, кем-кетік, жоқ-жітік адамдарға береді. 
Онысы — төрт құбыласы тең болсын дегені. 
469. Баланың тілі шығып, есі кіре бастаған кезде, ауылдың 
ақсақалын шақырып, баладан: «Өлең аласың ба, көген аласың ба?» 
деп сұратады. Сонда бала: «Көген аламын» десе - малшы болады. 
«Өлең аламын» десе — ақын болады деп жориды. 
470. Ас-тұзды төгіп-шашпайды. Кесірлі кесапат сөздерді 
айтпайды. Нан тептілік істемейді. Бұл — ашаршылықтар тартпасқа, 
тоқшылық қадіріне жетеді дегені. 
471. Өзен жағасынан тоған қазып, жаңа тоғанға алғаш су 
салғанда тоған жағасынан түйе айтып соятын ырым бар. Онысы — ақ 
түйенің қарны жарылғандай той болсын. Ел тоқшылық өмір кешсін. 
Тоған киесі разы болсын дегені. 
472. Жел иесі — Мырқайдар. Қара тұман бұлтты айдар дейтін 
ырым бар. Қырман соғып, дәнді жерге ұшырып, тазартқанда жел иесі 
Майдаға сыйынады. Мұнысы — дән көп болсын, қауыз топан аз 
болсын, Майда ие қолдай гөр дегені. 
473. Қазақта қой қырқын, жүн сабаған және киіз басқан кезде жел 
соқса, жүнді ұшырып кетеді деп екі тал шиді яки шөмшекті 
айқастырып, жүнмен байлап қояды. Онысы — жел шамынан сақтану. 
474. Мал төлдеп жатқанда кереге басына, бақанға, қойдың 
құйрығына қызыл шүберек байлап іліп қояды. Оны елдің көзі төлге 
түспей, құйрыққа түссін дегені. 


88 
475. Өлген кісінің фидиясына мал, ақша бергеннен басқа бидай 
да береді. Бұл абзал саналады. Онысы — кейінгі ұрпағы егіндей 
көгеріп жайқалсын дегені. 
476. Қазақ, жер бетін тоқсан тоғыз түрлі пәле қаптағанда заман 
ақыр болады деп жориды. 
477. Жүкті әйел толғатқан кезде сол үйдегі киіп жүрген қыз бала 
көйлегінің етегін жыртып қояды. Ұл бала киген шалбардың балағын 
сөгеді. Онысы — толғақ жеңілдесін, баланың беті тез ашылсын дегені. 
Толғатып жатқан әйелді күзетіп отырған әйелдерден біреу сыртқа 
шықса, қолжаулығын немесе бір тал түймесін үзіп алып қалады. 
Онысы толғақ ілесіп кетпесін дегені. 
478. Шелектегі суды биікке шығарып қоймайды. Сол үйдегі әйел 
жүкті болса «Су егіз болады» деп жориды. 
479. Қасқырдың бас сүйегі мен жыланның бас сүйегін алып, 
жағын мықтап таңған соң, сандыққа сақтап қояды. Сонда малды 
қасқыр жемейді. Адамды және малды жылан шақпайды деп жориды. 
480. Дәретке кетіп бара жатқан кісіге қол беріп амандаспайды. 
Бойында мәжісі бар деп ырымдайды. 
481. Балалардың ит болып үріп ойнауына тыйым салынады. 
Бұлай істесе ұрпақтың берекесі кетеді деп жориды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет