ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет23/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

 
ШАЛКИІЗ 
Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан атты сайлап мінбен-ді!
Күлікке тастай болып тимесе,
Үстіме көбе сайлап кимен-ді!
Күмістен екі қолтық жоқ болса,
Сыпайшылық сүрмен-ді!
Алғаным ару болмаса,
Алдыма алып сүймен-ді!
Дулығамның төбесі
Туған айдай болмаса,
Батыршылық сүрмен-ді!! 
* * * 
Жапырағы жасыл жаутерек
Жайқалмағы желден-дүр,
Шалулығы белден-дүр,
Төренің кежігуі елден-дүр,
Байлардың мақтанбағы малдан-дүр,
Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр,
Кешу кешмек сайдан-дүр,
Батыр болмақ сойдан-дүр,


106 
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі,
Ажалымыз қайдан-дүр! 
Би Темірге айтқан бірінші толғауы 
Аспанды бұлт құрсайды —
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды —
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды —
Күйбеңдескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың!
Алтынды кесе сары бал
Алсам, мен саған ұсынармын,
Тал мойныма қол артсаң,
Күліктен бек ұнармын.
Көбең семіз торыңмын, 
Көп құлыңның бірімін –
Жақсыңнан мені кем көрдің, 
Жаманыңмен тең көрдің. 
Жақсыңнан мені кем көрсең, 
Жаманыңмен тең көрсең, 
Ұялы берікке қос артып, 
Сен есенде, мен сауда 
Ырысымды сындайын, 
Сегіз қиыр шартараптан іздермін! 
Еділден аққан сызашық 
Біз көргенде тебінгіге жетер-жетпес су еді 
Телегейдей сайқалтып, 
Жарқыраған беренді 
Теңіз етсе, Тәңірі етті! 
Жағасына қыршын біткен тал еді — 


107 
Жапырағын жайқалтып, 
Терек етсе, Тәңірі етті! 
Тебінгеннің астынан 
Ала балта суырысып, 
Тепсінісіп келгенде 
Тең атаның ұлы едің, 
Дәреженді артық етсе, Тәңірі етті! 
Тобылғының берегі 
Иіл болып беріш бітсе, 
Айбар болар терегі, 
Атаның ұлы жақсыға 
Малыңды бер де басың қос, 
Бір күні болар керегі. 
Бостаны бар-ды теректің, 
Болаты бар-ды беректің, 
Тұсындағы болған нартың қорлама, 
Тұсындағы болған нартың қорласаң, 
Табылмас-ты керекте. 
Айдын шүйсең — тарлан шүй, 
Көтерілген сона құтылмас. 
Жауға кисең — берен ки, 
Егеулеген болат өте алмас. 
Есендікте малыңды бер де батыр жи, 
Басыңа қыстау іс түссе, 
Дұспанның қолы жете алмас! 
Бар күшіңді сынамай, 
Балуандармен күреспе — 
Таң боларсың әлемге, 
Сөз боларсың күлемге. 
Ақылсыз достыдан 
Ақылды дұспан артық-ты, 
Дұспаныңнан бір сақын. 
Елі ішінде айқасып, 
Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын. 
Жоғары қарап оқ атпа, 
Жуық түсер қасыңа. 
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа, 
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман айғақ болар басыңа.
Жақсы да келер бұ көпке.
Жаман да келер бұ көпке.
Түгел іс қойып болмас бір кепке.


108 
Сен — алтынсың, мен — пұлмын,
Сен — жібексің, мен — жүнмін,
Сен — сұлтансың, мен — құлмын,
Сен — сұңқарсың, мен — қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Саған дұспан — маған жау,
Керекті күні алдында
Ғазизлеген сұлтан жаным аяман!! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет