ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет3/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

 
2. Дене күтімі өлеңдері
 
Өс-өс, балам, өсе бер,
Батыр бол — балуан білекті,
Батыл бол — таймас жүректі
Аяғыңды созайық,
Саусағынды жазайық.
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным. 
 
3. Сылап-сипау өлеңі 
Тәу, тәу, тәу, 
Сыламақ менен, 
Қатып қалмақ сенен. 
Менің қолым емес, 
Бибі Фатима, Бибі Зухра қолы! 
Ұмай ана, Қамбар ана қолы! 
4. Мақал-мәтел тағылымы 


23 
 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болып табылатын мақал-
мәтелдер үлкен философиялық ойлардың маржаны іспеттес, бүкіл 
адамзат тіршілігінің барлық саласын қамтиды. Сондықтан оның 
тәрбиелік маңызы да осында. 
 
Бала тәрбиесі туралы 
Ата — балаға сыншы.
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер.
Есер баладан ерке бала жаман.
Бала — ананың бауыр еті. 
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал. 
Бала — көңілдің гүлі, көздің нүры. 
Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір. 
Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала. 
 
Тәлім-тәрбие туралы 
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра. 
Біліп тұрсаң да, сұрап ал. 
Ойын түбі — от, ой түбі — алтын. 
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.
Көп біл, аз сөйле.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені. 
Сыйлассаң, сыйымды боларсың,
Ұлық болсаң, кішік бол. 
Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер. 
Өзін-өзі мақтаған өліммен тең. 
Ашу — дұшпан, ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос. 
Адам және оның қасиеттері туралы 
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол. 
Жақсы адам — елдің ырысы,
Жақсы жер — жанның тынысы. 
Кісі болар баланың,


24 
Кісіменен ісі бар.
Кісі болмас баланың,
Кісіменен несі бар. 
Әдептілік, ар-ұят —
Адамдықтың белгісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет