"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған



бет1/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

"№3 Денисов орта мектебі" КММ

Сөз маржаны

5 сыныпқа арналған


Құрастырған:Нұрғазина Маржан Ерболатқызы
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Денисов - 2018



«Сөз маржаны» таңдау курсы
34 сағатқа арналған



Адалдық, шыншылдық




Мәтін тақырыбы

Тақырыпқа бағыттау

1

Атасы мен немересінің әңгімесі

Адамгершілікке тәрбиелеу

2

Адам болып қалу



Шыншылдық қасиетті жанына серік ету

3

Аққулы көл



Адалдыққа баулу

4

Диқан мен жер



Жер-ананы қадірлеу

5

Құмырсқаның қанағаты





Өтірік айтпауға, қанағатшылдыққа тәрбиелеу

Саналы азамат

6

Ыбырай Алтынсарин

Саналы азаматтарды қадір тұту

7

Мұхтар Әуезов



Жазушының өмірін үлгі ету

8

Қажымұқан

Өз еліне адалдығын дәлелдеуге баулу

Жақсы сөз - жанға қуат

9

Сараңдықтың зардабы



Жақсы әдетке жақын болу баяндалады

10

Жамандықтың ақыры



Жақын адамдар арасындағы жақсылық ерекшеліктеріне тоқталу

11

Жинақылық - жақсы әдет

Жинақы болуды дағдыға айналдыру

12

Жақсылық пен Жамандық

Жамандықтан қашуға, жақсылыққа жақын болуға баулу

"Сіз","Біз" деген жылы сөз

13

Сыйласа білсең – сыйлы боласың

Сыйластық ұғымына оқиға барысымен түсінік беру

14

Қолғанат

Отбасында сіз деген әдептілікке баулу

15

Сыйластық - таусылмас бақыт

Сыйластық тек қана өрге сүйрейді

Ел іші - алтын бесік

16

Байлық

Байлығыңды ел игілігіне жұмсау керек

17

Таза бұлақ

Бұл әрбір адам басында кездеседі

18

«Ақ орамал» 

Әрқашан ата-анаң үшін қымбат екенін айту

Талаптан да білім мен өнер үйрен

19

Оқымысты бала

Білімділік туралы әңгімелеу




20

Қазақтың ұлттық өнері



Ұлттық мұрамыз - біздің қазынамыз




21

Тоғызқұмалақ өнері - ұлттық мұра

Талаптану арқылы адам бойындағы мінін дұрыстайды




22

Зерек бала



Адам өзінің ынта –ықыласы, жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады.

Табиғатты аялай білейік!

23

Біздің қала

Туған қаласына сүйіспеншілігін арттыру

24

Көкшетау



Көкшетау жер жаннаты екенін ұғындыру

25

Қараша күз белгісі



Күз мезгілінде ауа-райы құбылып тұрады

26

Ақпан

Әр мезгілдің өзіне тән қызығы бар

27

Көктемде

Жер-ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолыңда.

28

Қымбат сыйлық

Сыйлықтың бағасы шын көңілден берілгенінде

29

Талшыбық

Талшыбықты жас кезінен баптаған жөн.

30

Ағаштың мұңы

Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу

Отбасы құндылықтары

31

Отанды сүю отбасыдан бастау алады

Отанды сүю отбасыдан бастау алатынын ұғындыру

32

Батырлық үлгісі

Отанды сүю отбасынан бастау алады. Нағашысынан алған тәрбие оны батырлыққа баулыды.

33

Отбасы қасиеті

Отбасын қадірлеу - парыз

34

Мейірімділік ағашы

Ағаш кейіпіндегі ананың ролін сомдау

Түсінік хат


«Сөз маржаны» (5-сыныпқа арналған) таңдау курсы тілдік дағдыны негізгі ала отырып, жаңартылған білім аясында құрылған.


Таңдау курсының негізгі мақсаты:
Оқушылардың айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын қалыптастыру арқылы тіл байлығын, сөйлеу шеберлігін дамыту. Сондай-ақ оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген ынтасын арттыру, шығармашылық, танымдық қасиеттерін жетілдіру, әдеби сөйлеу арқылы тілдік құзыреттілігін қалыптастыру.
Өзектілігі: Мәтін бойынша тапсырма түрлері арқылы қарым-қатынас жасау дағдыларын (диалог, еркін пікірталас түрінде) және жазу тілінің белсенділігін арттыру әрі дамыту;

  • сөздік қорын кеңейту;

  • тілдік құбылыстарға, сонымен қатар жалпы өмір құбылыстарына интеллектуалды талдау жасау дағдыларын жетілдіру;

Таңдау курс бағдарламасында мәтінмен жұмыс жасау барысындағы тапсырмалар оқылым, жазылым, айтылым дағдыларына негізделген. Әрбір мәтін төмендегі принципке сүйеніп жинақталған:

  1. Мәтіннің тәрбиелік мақсаты болуы;

  2. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін адамгершілік , шыншылдық, сыйластық т.б. адам бойындағы қасиеттер мәнін аша түсетін мәтіндер болуы;

  3. Мәтін мазмұнында оқушының сыни ойлау қабілетін шыңдайтын астарлы ой болуы.

Күтілетін нәтиже:
Қазіргі заман талабына сай  әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймайды, соны өзі игеріп, талдап, пікір тасластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.

  • Оқыту ойын түрінде ұйымдастырылады;

  • әр түрлі белсенді формаларды (топтық, жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану,

  • өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамыту;

  • оқушыға сенімділік білдіру;

  • пәнге қызығушылығын арттыру;

  • оқушы өз біліміне сеніп, оны дамыту;

  • өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу мақсат етіп көзделген.

Сабақ №1
Оқылым. Мәтінді түсініп оқы.
Атасы мен немересінің әңгімесі

Бір күні данышпан қария өзінің кіші немересімен әңгімелесіп отырды.
-Неге жаман адамдар болады?-деп сұрады елгезек немересі.
- Жаман адамдар болмайды-деді көсем.
– Әр адамның екі бөлігі болады: ашық және күңгірт. Жанның ашық бөлігі адамды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бейбітшілікке, үмітке, шынайылыққа, қамқорлыққа шақырады. Ал күңгірт жағы өзімшілдікті, қастандықты, қызғанышты, өтірікті, алдауды, бұзақылықты қолдайды. Бұл екі қасқырдың арпалысы. Көз алдыңа елестетіп көрші, бір қасқыр ақ, біреуі қара. Түсінесің бе?
-Түсінемін,- деді, атасының сөзі жандүниесін дір еткізген бала.
Бала кішкене ойланып қалды да атасынан:
-Соңында қай қасқыр жеңеді- деп сұрады.
Данышпан сәл жымиып:
- Әрдайым сен тамақтандырған қасқыр жеңеді - деді.

Ой қозғау:

  1. «Ата» сөзіне анықтама бер.

  2. Қасқырдың іс - әрекетіне баға бер.

  3. Адалдық туралы мақал-мәтелдер айтыңдар

Жазылым. Мәтінді түсін де , атасының астарлы сөзіне орай эссе жаз.


Айтылым.
Өзіңнің атаң жайлы әңгіме қозға
Ой таразы.
Әрдайым сен тамақтандырған қасқыр жеңеді. Осы сөйлемді қалай түсінесің?

Сабақ №2
Оқылым. Мәтінді түсініп оқы.
Адам болып қалу

Үлкен қаланың кішкентай ауруханасында Қара шашты және Ақ шашты екі ана жатты. Олар бір күнде ұлдары дүниеге келіп, өте бақытты еді. Олар балаларының болашағы туралы армандады. Ақ шашты ана өз баласының әйгілі сазгер немесе жазушы, мүсінші немесе инженер болғанын армандады.


Қара шашты ана өз баласының қайырымды адам болғанын, ешқашан анасын, өз үйін ұмытпағанын, Отанын, табиғатты, адамдарды сүйгенін қалайтынын айтты. Отыз жыл өтті. Қаланың шетіндегі кішкентай емханада Қара шашты және Ақ шашты ана тағы кездесті.
Олардың шаштарына ақ түсіп, беттерін әжім басқан еді. Олар бір -бірін таныды. Олар бір палатаға түсіп, өз өмірлері туралы, қуанышы мен қайғысы туралы айтты. Қайғылары – екеуінің де күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қуаныштары – ұлдары қастарында.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет