Жазылым.
Суретке қарай отырып, аққуға қатысты мақал-мәтелдер теріп жаз.
Ой таразы.
«Көрші еңбегін бағала!» Парталас көршісінің жұмысына төмендегі пікірлерді жалғастыра отырып, пікір білдіру.
Сабақ №4
Оқылым. Мәтінді мұқият оқып шық.
Диқан мен жер
Мен диқанмын, жерді сүюге, білуге тиіспін. Мен –туған жерді жырлайтын өзімше ақынмын. Жетісуды, оның ішінде Көксу, Тентек, Қаратал бойын, жақсы білемін. Өзімнің туған жерім —Малайсары. Жетісу — аса сұлу жер. Қайда барсам да, Жетісудан сұлу, әдемі жерді көрмедім.
Диқанның жермен кіндігі бір. Оларды ажыратсаң өледі. Не диқан өледі, не жер өледі. Жер мен диқанның қасиетінің өзі осында. Бұл ғана емес, осы жердің астында қанша жерде тас жатыр, қай жерде қанша су бар, қай жерді қанша суғару керек, қай жерден қанша өнім алуға болады, мен соның бәрін білемін. Оны білмесем, мен диқан емеспін. Менің тарихым — осы туған жерім. Өстім. Жүгірдім. Еңбек еттім.
Ой қозғау:
Диқанның әрекеті туралы не айтар едіңдер?
Диқан жерді неге қадірлейді?
Сенің басыңда ондай сезім болды ма?
Жазылым. Диқан кім? Диқанға мінездеме бер.
Айтылым: «Егер диқаншының орнында сен болсаң не істер едің?»
Мәтінді жалғастырып көріңдер.
Оны білмесем, мен диқан емеспін. Менің тарихым — осы туған жерім. Өстім.
Ой таразы.
Мен үшін ең жақсы ойды ...... айтты, себебі ...
Мен .... сөзіне қосыламын, өйткені ...
Сабақ №5
Оқылым: Мәтінді мұқият оқып шық.
Құмырсқаның қанағаты
Бір күні Сүлеймен пайғамбар бір құмырсқадан бір жылда қанша азық жейтінін сұрайды. Құмырсқа: «Бір жылда бір бидай дәнін жеймін» дейді. Алған жауабының рас-өтірігіне көз жеткізу мақсатымен хазіреті Сүлеймен құмырсқаны бір ыдысқа қойып, қасына бір бидай дәнін беріп, дем алатындай тесік тастап ыдысты бір жылға жауып тастайды. Бір жыл өткеннен кейін ашып қараса құмырсқа бидайдын жартысын ғана жепті. Оның бұл әрекетіне таң қалған Пайғамбар құмырсқадан неліктен бидайдың барлығын жемегендігін сұрайды.
Сонда құмырсқа былай жауап берген екен. «Менің азығымды үнемі Аллаһ беретін. Мен оған сеніп бір бидайды толығымен жейтінмін. Өйткені, оның мені ұмытпай рызығымды ұдайы беретініне еш күмәнім жоқ еді. Бірақ осы міндетті сен өзіне алғаныңда, адам ғой деп саған онша сене қоймадым. Мені ұмытып, рызығымды бермей қалуың мүмкін еді. Сондықтан да бір жылдық азығымның жартысын жеп, жартысын келесі жылға бөліп қойған болатынмын» дейді.
Ой түрткі:
- «Құмырсқа қанағаты деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- «Адам көбінесе қанағатшыл, адал болу керек,»- деген ұғымға көзқарасың қандай?
- Құмырсқаның әс-әрекеті саған ұнады ма?
|
Достарыңызбен бөлісу: |