Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау
Мақсаттары: 1.білімділік: Оқушыларға Қазыбек би мен Бұқар жырау өмірлері , шығармалары ,даналық сөздері туралы түсінік беру.
2. дамытушылық: Шешендік сөздердің мән-мағынасын ашып,қазіргі заманға сай пікір айта білуге ,ұйқастырып шешен сөйлей білуге дағдыландыру.
3. тәрбиелік : Оқушыларды халқымыздың ұлы тұлғаларын құрметтеуге ,мақтан етуге , өсиеттерін еске ұстауға , адамгершілікке ,татулыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап ,сахналық көрініс ,шығармашылық ізденіс
Сабақ түрі: «Шуақты күн» атты ізденіс сабағы
Көрнекіліктер: « Қазақтың би- шешендері» , «Дала даналары» кітаптары, Бұқар жырау , Қазыбек би портреттері ,топшамалар ,бағалау парақтары
Пәнаралық байланыс: тарих ,музыка ,сурет
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
Оқушыларды екі топқа бөлу , жаңа тақырып бойынша ізденіп келуге ртапсырмалар беру. Оқушылар, бүгін күн қандай түнеріңкі, аспанды қара бұлт басыпты. Алтын күніміз көрінбейді. Біз шуақты күнімізді қара бұлттардан құтқаруымыз керек. Ол үшін сабақта берілетін барлық тапсырмаларды орындауымыз керек.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
« Сен-маған, мен- саған» стратегиясы қолдану. Оқушылар бір- біріне сұрақтар қояды. «Тайкелтірдің төрелігі » әңгімесінің мазмұнын айтады. Сахналық көрініс түрінде көрсетеді.
Пікіралмасу «Тайкелтірдің орнында болсаң ,сен дауды қалай шешер едің?»
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіріру
- Балалар, біз үй тапсырмасын айту арқылы күн бетіндегі қара бұлттарды қудық.Бірақ күн әлі бізге шуағын шаша алмай тұр. Сіздерден тағы көмек сұрайды. Сәулесі жан- жаққа тарау үшін жаңа тапсырманы дұрыс ұғып , үйге берілген шығармашылық жұмыстарды орындауымыз керек . Енді екі топтың әзірленіп келген тапсырмаларын тыңдайық . Бағалау парақ тарына әр оқушының жауабына қарай бағалауды ұмытпаңдар .
.
І топтың шығармашылық жұмыстарын тыңдау
1) Қазыбек би өмірі туралы деректерін баяндайды .
Қазыбек би Келдібекұлы 1667 жылы дүниеге келіпті .Анасы Тоқмейілден ұтымды да тапқыр сөздер жаттап өсіпті . Атамыз о дүниеге кеткенше « батыр жинап ,ел шаппай , қылыш шауып , оқ атпай , ақылымен жол тауып отырған». Осы өнерімен данышпан бабамыз « Қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек , алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болған .
2)Шешендік сөздерін жатқа мәнерлеп айту
«Қазыбектің Малайсарыдан бата алуы» көрінісін сахналады .
ІІ топтың шығармашылық жұмыстарын тыңдау .
1) Бұқар жырау өмірі туралы айту
Бұқар жырау Қалқаманұлы 1668 жылы дүниеге келген .Өз заманында халықтың әулие данышпаны , ақылшы көсемі , дуагөй бітімшісі , көреген болжаушысы санатына көтерілген . Толғауларындағы басты сарын – елдің бірлігі мен ынтымағын күшейту мәселесі .
Айнала алмай ат өлсін .
Айыра алмай жат өлсін.
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз...- деп, елді бірлікке шақырады.
2) Толғауларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа айту.
3) «Ей, Абылай, Абылай!» толғауын сахналап көрсету.
- Балалар, күн шуағын шаша бастапты. Байқадыңдар ма Енді оқулықтағы жаңа тақырыппен танысайық .
«Қазыбек би мен Бұқар жырау» әңгімесі оқылады. Оқушылар Қазыбектің жұмбағын жатқа айтты. Сахналық көрініске әзірленді.
Шығармашылық тапсырма: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
Осы сандарға байланысты «Не жаман, не жақсы?» тақырыбында өлең шығару тапсырылады.
Сергіту сәті: «Әрқашан күн сөнбесін!» әні орындалып, би биленеді.
-Міне, біздер көп тапсырма орындап,күн сәулесінің мол шуақтануына септігімізді тигіздік.
Бекіту тапсырмалары: Қазыбектің халқына айтқан толғауын жатқа айту.
Қазыбек биге бір адам –Кім жақын?
-Не қымбат?
-Не қиын?
Оқушылар өз жауаптарын айтты.
-Дүниеде не өлмейді? – деген Малайсарының сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Қорытынды: -Қазыбек би жас талапкер Қаражігітті қалай сынаған?
-Бұқар жырау қандай жұмбақ жасырды?
-Бұқар жырау өмірі туралы не білесіңдер?
Бағалау: «Өзін- өзі бағалау» парақшасы тексеріліп, оқушы жауаптары бағаланады.
Үйге тапсырма: «Қазыбек би мен Бұқар жырау» тақырыбын оқып келесіңдер,шешендік сөздерін жаттап келіңдер.
БҚО.Бөкей орадсы ауданы Ұялы ауылы
Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
ІІ деңгейлі, жоғары санатты
қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі
Зулкарнаева Гульвира Еламановна
Достарыңызбен бөлісу: |