Ілім және ғылым министрлігі с. Рахимов атындағы жалпы орта мектеп



Дата08.09.2017
өлшемі60,85 Kb.
#30097
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. Рахимов атындағы жалпы орта мектеп


Баяндама


Тақырыбы:

Халық ауыз әдебиеті – тәрбие ошағы.


Дайындаған: Сайрам ауданы, Сабыр Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің сынып жетекшісі Исанова Дилфуза

сот. 87077903838

Халық ауыз әдебиеті – тәрбие ошағы.
Әрбір халықтың ғасырлар бойы келе жатқан халық ауыз әдебиеті сөзге бай болғандай өзбек халқының да әдебиеті мұраларға бай. Қоғамдағы өзгерістер тәуелсіздіктің арқасында біз өз салт – дәстүрлерімізді терең үйренуімізге әбден мүмкіншілік жасалған.

Мен бұл баяндамамды жаза отырып, халық ауыз әдебиетінен көбірек мәліметтер алып, оқушыларды ізденімпаздыққа, достыққа, білімді болуға мақсат еттім.Бүкіладамзатты еңбек етіп, үлкендерге құрмет көрсетуге шақырады деп ойлаймын.

Қазақ және өзбек халқының ауыз әдебиеті тәрбие ошағы екендігін естен шығармауымыз қажет. Біз бүгінгі күн талабын орындасақ, оқушыларымыз ойында достық адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген боламыз.

Халық ауыз әдебиеті ежелден келе жатқан бүкіл халықтардың, яғни соның ішінде өзбек халық педагогикасының да жеке тәрбие ошағы болғанын және біздің заманымызда да өз қадірін жоғалтпағанын байқауға болады.

Халқымыздың өз тарихи дамуында, халық ауыз әдебиетіндеөшпес мұра қалдырды. Өзбек фольклорының барлық жанрлары үлкен тәрбиеге ие халық фольклорында тәлім - тәрбиеге байланысты педагогикалық ұсыныстар білдірген.

Халық шығармашылығының бұл жанрлары баланы тәрбиелеуде жағымды жақтарын кеңінен ашып берген. Яғни жұмбақтар баланың ақыл ой - өрісін дамытуда, ол мақал - мәтелдер әдеп адамгершілік тәрбиесінде, ән- күй болса эстетикалық тәрбие бойынша,ал ертегілер мен дастандар жан- жақты жастардың тәрбиесіне әсер ететіндей қызмет көрсетеді.

Халық ауыз әдебиетінде халық мақалдары және ертегілері адалдыққа, жақсылыққа, батырлыққа, сұлулық пен тәрбиелі болуға шақырса, жаман әдеттерден аулақ болуға баулыйды.

Халық мақал – мәтелдері мен ертегілерге байланысты ұйымдастырылатын түрлі ойын сабақтары жақсы нәтиже береді. Мақалдарды тұра пайдалану жайттарын білмеу салдарынан оқушылар сабақтарда қиналады. Әр бір мақалдың өзіне байланысты қасиеттері болады. Мәтінде мақалдарды мағынасын түсіну оқушы ақыл – ойын дамытуға баулиды.

Сабақта және сабақтан тыс кездерде мақалдар айту «Ертегілер жақсылыққа жетелер» тақырыбында сабақтар ұйымдастырылса, оқушыларда сабаққа деген қызығушылық артады. Мысалы, 5- сынып өзбек әдебиетіндегі мақал – мәтелдер тақырыбын оқушыларға түсіндіруде тек қана сабақты түсіндіріп қана қоймай, оқушылардың өздерімен мақал – мәтелдер айтып жарысуы сабақтың әсерлі өтуіне өз септігін тигізеді.

Атап айтсақ, «Тауға кім бірінші шығады» ойыны.



  1. шың «Еңбекқор»

2-шың «Достық»

3-шың «Отансүйгіштік»

Балаларға 1-шыңға шығу үшін еңбек туралы мақал – мәтелдер, 2- шыңға шығу үшін достық туралы мақалдар, ал 3- шыңға шығу үшін Отан туралы халық мақалдары айту керектігі түсіндіріледі. Ең көп мақал айтқан оқушы жеңімпаз атанады. Сонымен сабақ қызықты, әрі баланың жан – жақты дамуына жақсы әсер етеді. Мақал – мәтелдер тақырыбын оқушыларға түсіндіруде мына ойындардан пайдалануға болады.


  1. «Кім көп мақал айта алады» оқушылар берілген кеспе қағаздардан тақырыпқа байланысты көп мақал айтса,сол оқушы жеңімпаз атанады.

  2. «Мақалды жалғастыр» немесе мақалдың бас жағын айту. Бұл ойында қалаған бір мақалдың бас жағы айтылса, соңы жалғастырылады немесе керісінше соңы айтылса, бас жағын табу керек.

  3. «Ұқсас мақал айту» айтылған өзбек мақалдарына ұқсас қазақ, орыс және басқа халық мақал - мәтелдерін айту.

Мысалы, Мехнатнинг нони ширин -

Еңбектің наны тәтті. Ялқовнинг жони ширин

Жалқаудың жаны тәтті.

Жеті өлшеп бір кес – семь раз отмерь один раз отрежь



  1. Суретке қарап мақал айту – бұл ойында берілген суретке қарап мақал тауып айту керек.

  2. «Шашылған сөздерден мақал жинау» ойын бұл ойында бір мақалдың сөздері қағаздарға жазылып, араластырып қойылады. Оқушылар осы сөздерді қатыстырып мақал шығарады.

  3. «Мақалдың мағынасына қарай сурет салу» оқушыларға сурет салдырып, соған байланысты мақалдар айту тапсырылады.

  4. «Мақалдың мағынасын айт» оқушы мақалдың мағынасын ашып айтуы қажет.

  5. «Мақалдарға байланысты құрастырылған ребус және сөзжұмбақтар оқушылардың ақыл – ойын дамуына жақсы әсер етеді.


Халық ауыз әдебиеті.

Группа 8


Мақал – мәтелдер



Прямая со стрелкой 22Прямая со стрелкой 24

Отан туралы



Өнер және білім туралы

Жақсылық және жамандық туралы

Еңбек туралы

Жұмбақтар


Прямая со стрелкой 30 Прямая со стрелкой 31

Өзбек халық жұмбақтары қазақ халық жұмбақтары

Халық ауыз әдебиеті жаңылтпаштар

Группа 9

Халық мақалдары баланың жан – жақты дамуына үлкен әсерін тигізеді. Балаларға халық мақалдары басқа халықтардан алынған мақал – мәтелдер аударылып айтылса,сонымен бірге ғалым ақындардың айтқан сөздерімен сабақты қорытындылауға болады.

Сабақты басқа пәндермен байланыстыра отырып ұйымдастырамыз. Оқушылардың сана – сезіміне және өзбек халқының салт – дәстүрлері, тарихи, мәдениеті, тілі және мақал – мәтелдері бір – біріне жақын екендігін сіңіреміз.

Атап айтқанда, халық ауыз әдебиетінің әрбір бөлігі баланың ой – өрісін жан – жақты дамытады, сондықтан да олардан пайдалану жолдарын білген жөн.



Әдебиеттер:

  1. «Өзбек халық ауыз әдебиеті»

Х. Раззақов, Т. Мирзаев, О. Собиров К. Имамов Ташкент 1980 жыл

  1. «Әдебиетті оқыту методикасы»

С. Досимов, Х. Убайдуллаев, К. Ахмедов

  1. Әдістемелік көрсетпелер.

  2. «Халық ауыз әдебиеті»

А. Мадаев Ташкент 1987 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет