Сабақтың тақырыбы: Ананың махаббаты, ұстаздың шапағаты. Сабақтың мақсаты



бет1/8
Дата26.01.2022
өлшемі24 Kb.
#114845
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ананың махаббаты


Сабақтың тақырыбы: Ананың махаббаты, ұстаздың шапағаты. Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата- ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Қатысушылар: 1. Ұстаз. 2. Ана. 3. Шәкірт-Олжас 4. Олжастың достары,сыныптастары. 5. Полиция қызметкері. Үй іші. Баласын күтіп отырған ана. Бір кезде жүгіре басып баласы келеді. Анасы: О, балам, қарашығым, келдің бе? Міне қарашы, мен саған жаңа оқу жылына костюм сатып әкелдім, оқу құралдарыңды да алдым. Енді сен бастауышты аяқтап, үлкен азамат болдың. Бастауыштағы кейбір жағымсыз қылықтарыңды қоярсың деп ойлаймын. Мә, киіп қарашы киіміңді. О, жарайды, құйып қойғандай екен. Олжас киімін киіп көріп, қуанышты жүзбен жүгіре басып шығып кетеді. Мектеп іші. Олжас бесінші сыныпқа келді. Оқушылар сынып бөлмесінде отырады. Мұғалім: Ал, балалар, бүгін біз жаңа оқу жылын бастадық. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Білімді мыңды жығады». Қане, балалар, кім қандай мақал айтады? (Оқушылар білім туралы ой-пікірлерін білдіреді) Қоңырау соғылып, оқушылар тараған соң Олжасты ертіп анасы келеді. Анасы: Ал, мұғалім, Олжасжанды саған тапсырамын. Жалғыз бала болғасын ба, көп еркелетіп жібердім бе, әйтеуір кез-келген келеңсіз істерге ұрынады да жүреді. Мұғалім: Жарайды , есімде болсын. Екеулеп тәрбиелесек артық етпес. Бірнеше айлар өтті. Осы айларда Олжас оқушылармен қайта-қайта келіспей қалып жүреді. Қыздардың шаштарын тартып, оқу құралдарын тартып алады. Бірде дәл осы қылықтарды қайталап, бөлме ішінде жүгіріп жүрген кезде үстел үстіндегі гүл құлап қалады да сынады. Қоңырау соғылып, сыныпқа мұғалім кіреді. Мұғалім: Мынау немене? Оқушылар: - Олжас менің шашымды ауыртты. - Олжас менің кітабымды алып кетті. Мұғалім: Мына гүлді де Олжас па бүлдірген? -Иә, иә. (бәрі жан-жақтан шулайды.) Мұғалім: Отырыңдар, балалар. Олжаспен өзім сөйлесем. Олжастың бұрын да жасаған тентектіктері бар. Мен оның анасымен жеке сөйлесермін. Сабақ басталып кетеді. Мұғалім үй тапсырмасын сұрай бастайды. Бір оқушы өлең оқиды. Ең соңында Олжас үй тапсырмасын айтпаққа орнынан тұра бергенде, қоңырау соғылады. Түскі мезгіл. Мұғалім Олжастың үйіне барады. Мұғалім: Сәлеметсіз бе? Анасы: Аманбысың, шырағым? Қош келдің. Олжастың мұғалімі екенсің ғой, жоғары шық. Мұғалім: Олжас сабақтан қалмайды, бірақ әзірлігі нашарлау. Түс қайта да дайындыққа келмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет