Бір жылдан соң. 11-сынып. Мектеп. Оқушылар партада отырады. Мұғалім тақтаға жазады: Қыркүйек айының 15-і.
Ой-толғау. «Адамгершілік-асыл қасиет» (жүреді, түсіндіріп айтады, Олжастың қасына келеді.) Мұғалім: Олжас, не ойлап отырсың? Биыл сен көп өзгергенсің. Салмақты болып есейіпсің. Музыка ойнайды. Олжастың ойы. «Адамгершілік- асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатқанын мен кеш ұғындым. Мен үшін отқа да, суға да түсетін аяулы анамды ренжіткенімді қалай ғана ұмытайын? «Өзгенің аналары көрген бақытты маған қимадың ба?» деген сөзі есіме түскенде өзімді қоярға жер таба алмаймын. Сол кезде менің бойымда адамгершіліктің кішкене болса да ізі болмаған-ау сірә? Менің сонда қатігез болғаным ба? Жоқ, сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайтыны сияқты, ар-намыс, қасиетіме дақ түсірген кездерім де болды. Оны түзетуге анамның мейірімді сөздері мен ұстаздың өнегелі ақылы көмек етті десем, артық болмас. Иә, қадірлі Ұстаз! Дәл қазір сіз не ойлап отыр екенсіз? Ал, мен болсам, сіздің маған көрсеткен адал жолдарыңыз бен тәлімді , тағылымды сөздеріңізді ойлап отырмын. Екі ананың, бірі – туған ана, бірі – ұстаз ананың ұлылықтарына бас иемін. «Адамгершілік» деген асыл қасиет болса ғана жер бетінде ешбір қатігездік болмас еді деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |