Сабақтың тақырыбы: Ананың махаббаты, ұстаздың шапағаты. Сабақтың мақсаты


Соңғы қоңырау. Оқушылар билеп жүреді, қастарына мұғалім келгесін тоқтайды



бет8/8
Дата26.01.2022
өлшемі24 Kb.
#114845
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ананың махаббаты

Соңғы қоңырау. Оқушылар билеп жүреді, қастарына мұғалім келгесін тоқтайды. Мұғалім: Қымбатты шәкірттерім! Бүгін сіздер есейіп, үлкен өмірге қадам бастыңыздар. Барлығыңа шаттықты, қызықты өмір тілеймін. Қадамдарың сәтті болсын. (Барлығы ұстаз жайлы өлең айтады) Ана мен ұстаздың бейнесі. Ана баласының хатын оқып отырады. Олжастың анасына хат жазуы. - Қымбатты, Апа! Денсаулығыңыз жақсы ма? Ауыл-аймақ, ағайын-бауыр аман ба? Көктем келіп қуанып жатырсың ба? Осы көктеммен бірге келген «Аналар» мейрамымен құттықтаймын. Аяулы Анашым! Сіздің маған деген адал махаббатыңыз мені тұңғиық түбіне жетеледі. Жанымды бір суытып, бір жылытты. Сіз үнемі «менің ұлым азамат болады» деп отырушы едіңіз. Сол азамат деген сөздің астарында терең мағына барын кеш ұққаныма өкінемін. Бірақ… деймін де , өзіме дем беремін, әлі де кеш емес қой, сірә, Ана. Отан алдындағы борышымды өтеп, қауышар кез де келер. Деніміз сау, аман болсақ, әлі талай қуаныштарға бөлеймін жаныңызды, Анашым. Сәлем жолдаушы: Ұлыңыз Олжас. Айтпақшы апа, мына хатты ұстазыма табыс етіңіз. Ұстаз шәкірті Олжастың хатын оқып отырады. - Қадірлі , Ұстазым! Мен осы хатым арқылы шексіз алғысымды білдіремін. Талай «құлап», әртүрлі жағымсыз қылықтарыммен сіздің көңіліңізге қаяу түсірдім. Есейе келе сіздің әрбір айтқан ұлағатты сөздеріңізден көп тәрбие, үлгі алдым. Сіздің шашыңыздың әр талының ағаруына бәлкім мен де себепші болған шығармын деп ойлаймын. Осының бәрін ұғынып, ұстаздық еңбегіңізге, әрбір айтқан ғибратты сөзіңізге ризашылығымды білдіремін. Өміріңіз бақытты болсын, ұстазым! Анамның махаббаты мен ұстаздың шапағатына тең келер ешнәрсе жоқ екенін ұғындым. Шәкіртіңіз Олжас.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет