2 бөлім. «Ертегіні табайық!»топтар жарысы. Үштілділік (топтар А3 парағына ертегіден үш заттың сурет салып, келесі топқа береді. Әр топ тақтаға өз суреттерін іліп , заттың атын тауып,оны қазақ,орыс, ағылшын тілдеріне аударып, қай ертегіден екенін айтады)
3 бөлім. «Ертегіден диалог құрайық!»шығармашылық жұмыс. Әр топтан оқушылар оқыған ертегілерден диалог құрады. Басқа топ оны қай ертегіден екенін айтады.
4 бөлім. «Ертегіні зерделейік»
Ал енді оқушылар, сіздерге осы оқыған ертегілердегі кейіпкерлердің қандай қасиеттері ұнады? Соны берілген параққа жазып, тақтаға баспалдақ түрінде іліп және осы қасиеттердің ішінде қайсысын жоғары қояды екен сол туралы қысқаша айтып кетеді.Тақтада Қазақстанның картасы ілулі турады. Соның астына төрт топ өздерінің баспалдақтарын құрады.
(әділдік, елжандылық, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, қайырымдылық)
Квесттің соңында әр топ бір –бірін бармақ әдісімен бағалау.
Құрметті оқушылар сіздерге бүгінгі көрсеткен білімдеріңізді одан әрі шыңдай түсіп,тек қазақ ертегілерін оқып қана қоймай,әлем халықтарының ертегілерін оқуды ұсынамын. Осымен біздің «Бір аймақ-бір кітап» аясында өткізіліп отырған «Қазақ ертегілері» атты кітапханалық квесттіміз өз мәресіне жетті. Бәріңізге дендеріңізге саулық,отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |