ҚазақТЫҢ халық ЖӘне дәСТҮрлі ән мәтіндерінің танымдық МӘні мен лингвостилистикалық ерекшелігі сейтжанова Сымбат 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет6/10
Дата19.02.2017
өлшемі2,92 Mb.
#10994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ф.Р. Ахметжанова, Қ.С.Дүсіпбаева. Қасиетті сандар қатысқан қазақ ескіліктері: Ғылыми басылымы – ШҚТУ, Өскемен, 2001 – 112 бет.

  2. Уәлиханов Ш. Бес томдық шығармалар жинағы. І том, Алматы, 1961.

  3. А.Машанов. Әл-Фараби және Абай. Алматы, 1994 – 192 бет.

  4. Ақылдың кені. (Ұлағатты сөздер). Құраст. Қ.Жарықбаев. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2012. – 216 бет.

  5. Кеңесбаев І. «Жеті, үш, тоғыз, қырық»пен байланысты ұғым. // Қаз.ССР Ғылым акад.хабарлары. Филология сериясы, 1946.

3-14 б.

  1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 7-том/ Құрас.: Б.Момынова, Б.Сүйерқұлова, А.Фазылжанова және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы», 2007. – 752 бет.

  2. Түбір бір түркі өркениет/ Әділ Ахметов. – Алматы, «Арыс» баспасы, 2009. – 344 бет+ 8 бет түрлі түсті суретті жапсырма.

  3. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 800 бет.

  4. Уәлиев Н. Жұмбақ жетілер// Жалын, 1988. - №3. – 106-108бб.

КОММУНИКАТИВТІ МАҒЫНАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЫМ-ИШАРАТТАР

АРҚЫЛЫ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ
Мұсахан Ұлжан - 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бақбергенова Р.Қ.
Тілдік қатынас – адамдар қарым – қатынасының ерекше формасы, ой бөлісу түрі. «Тілдік қатынас сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым – қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның даму үшін ең қажетті қоғамдық - әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір – бірімен пікір алмасу, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді».

Адамдар тек сөйлесу арқылы ғана қарым – қатынас жасамайды. «Жалпы адамдардың қарым – қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі – тілдік қатынас, екіншісі – тілсіз қатынас » . Яғни, бейвербалды қарым – қатынас болып табылады. Бейвербалды қарым – қатынсатың ұлттық сипаты ол әр халықттың ұлттық сипатына сай. Бейвербалды амалдарсыз адам өз ойын мардымды, сенімді түрде жеткізе алмайды. Бейвербалды амал адам сөзіне мағына үстеп тұратын қимыл - әрекет болып табылады. Бейвербалды амалдар – ауызекі тілдің ажырамас бөлігі.Қарым – қатынас кезінде бейвербалды амалдар тілдік амалдармен қатар қолданылып, сөйлеуді жеңілдетеді. Қазақ халқының тұрмысында біте қайнасып кеткен сан алуан бейвербалды амалдар ұлтымыздың салт-сана, тәлім-тәрбие, әдеп, үлгі-өнеге, тағылым және таным саласындағы ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрге еніп, қалыптасқан бай қазыналарының бір тармағы. 

Бейвербалды амалдар туралы тұңғыш зерттеулер Ч. Дарвиннің «Выражение эмоций человеком и животными » (1872 ж) кітабы саналады. Ал соңғы кездердегі зерттеу нәтежиелеріне иек артсақ, адамдар арасындағы қарым – қатынастың 7 пайызы вербалды (сөздер, сөйлемдер); 33 пайызы вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпін мен қарқын т.б) және 55 пайызы бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асады.

Адамның дене тілі мән-мағыналы болып, қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етуіне дене мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Сондықтан батыс елдері мен орыс тіл білімінде адамның дене мүшелерінің қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етуіне байланысты «Язык лица», «Язык жестов» сияқты зерттеу еңбектері бар.

ХХ ғасырдың 40-жылдарында пайда болған паралингвистика саласы осы біз айтып отырған қарым-қатынастың бейвербалды элементтерін зерттеумен шұғылданады. Грек тілінен аударғанда «para» сөзі «маңайында, жанында» деген ұғымды білдіреді, яғни тілдік әрекет түрлері – жазба тілі, пантомимо тілі, ым-ишаратпен қатар пайдаланылатын құбылыстар паралингвистикалық құбылыстар болып табылады. «Паралингвистика» терминін алғаш ғылыми айналымға енгізген американдық ғалым А. Хилл. Ал психолог Дж. Трейгер бұл ғылымның зерттейтін міндеттерін айқындаған бірден-бір ғалым болды.

Ғалымдардың тұжырымдауынша, тілдік (вербалды) құралдар көмегімен дәйекті ақпарат беріледі, ал, керісінше, тілдік емес (бейвербалды) құралдар арқылы диалогке түскен тараптардың жай-күйі мен сезімі жеткізіледі. Бұған дәлел, күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, ым-ишарат арқылы ойды жеткізу оңай, тіпті тиімді болып келеді.

Коммуникацияның бейвербалды амалдарына (ым-ишарат, дене іс- қимылдары) қарап, адамның ұлтын, мәдени болмысын табуға болады, себебі әр ұлттың дене тілінде өзіне ғана тән спецификалық ерекшелік бар, сонымен қатар ол ерекшеліктер көп жағдайда тұрақты тіркестердің туындауына ұйытқы болады. Мәселен, қамшы боп тию, қамшы кесті шабан, қамшы үйіру деген тұрақты тіркестерде қазақ халқына ғана тән ишараттар айтылады. Мұндай ерекшеліктерді ескере білген зерттеуші И. П. Лысакова былай дейді: «В речи любого человека всегда отражаются его социально-классовая принадлежность, возраст, образование, род занятий, место жительство, пол, обстановка, форма, цель, характер общения» [1, 4 б]

Жалпы түркологиядағы ым-ишарат және дене тілі жайлы құнды пікірлерді профессор Б. Момынованың зерттеулерінен байқауға болады. Ол өз зерттеулерін академик Н. К. Дмитриевтің «Строй тюркских языков» атты еңбегі негізінде, соның ішінде «К изучению турецкой мимологии» атты тарауындағы материалдарды басшылыққа ала отырып жасаған. Бейвербалды амалдардың зерттелуі жайлы ғалым былай дейді: «Кең ауқымдағы танымдық тұрғыдан да дене тілі, ым мен ишаратты зерттеу – тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды салаларының фактілерін салыстыра отырып, кешенді зерттеу арқылы іске асатын, теориялық тұғыры әлі толық қалыптаса қоймаған жаңа бағыт» екенін айтады. [2, 6 б].

Коммуникацияның бейвербалды элементтеріне, яғни ым мен ишаратқа, дене қимылдарына қарап отырып, адамның қай ұлттың, қай құрлықтың өкілі екенін шамалауға болады, өйткені әрбір ұлттың дене тілінің өзіндік сипатты ерекшелігі бар және осы ерекшеліктер көбінесе фразеологизмдерге негіз болып табылады. Мысалы, қамшыны көзге шұқыды, қамшыны алдына тастады, әйел бетін шымшыды десек, қазақтарға ғана тән ишараттарды таныр едік.

Дене тілінің осы жүре – бара пайда болатын түрі табиғаты жағынан тіліміздегі интернационалдық сөздерге, кірме сөздерге аса ұқсас. Мысалы, әлденені құптау, мақұлдауды білдіретін қол көтеру ишараты – интернационалдық сөздерге ұқсас. [1, 7,8 б]

Әдебиеттанудағы бейвербалды амалдарға алғаш көңіл аударған Ж. Аймауытов саналады. «Психология» атты еңбегінде келбет ілімі, беттің ымы туралы алғаш рет сөз қозғаған. Ол мимикаға: бет құбылысын, маңдайдың қатпарларын, маңдайдағы сызықты, көз қарасын, танау,мұрынның желбіреуін, еріннің жымырылуын, т.б жатқызады. Ал ишараны ымдасу сөзімен бөліп атайды да, оған: көкірегін керу, иығын қозғау, төмен түсіру сияқты қимылдарды жатқызады. [2, 6 б]

Ал М. Жұмабаев – бейвербалды амалдар мен адам психологиясы арасында терең байланыс барын алғаш аңғарғандардың бірі. Ол: «Адамның жан сыры дене арқылы, мимика арқылы сыртқа білінеді », - дей келе, дененің жанға байлаулы болатынын, соған байланысты ішкі жан дүниенің дене қимылдарының жасалуына әсер ететінін айтады. [3, 156 б]

Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс», - деп кеңес береді.

Тілсіз қарым-қатынасты зерттейтін сала – паралингвистика (гр. «para» - жанында, қасында деген мағынаны білдіреді). Яғни ол хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса, сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілсіз) амалдармен берілуін және сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес, тәсілдердің жиынтығын зерттейді. [4]

Паралингвистка сөйленіс кезіндегі, оның ішінде ауызша қатынас кезінде қатарласа жүретін дыбыстық кодтармен шұғылданады. Бұл дыбыстық кодтар – информацияның белгілі бір мән-мағынамен баюын, бағалауыштық және мағыналық түрлі реңктердің болуын, сонымен бірге олардың тілдік қатынас кезінде өмір сүруін қамтамасыз ететін мағыналық, дыбыстық кодтар. 

Сөйлеу кезінде паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат береді, айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге, аралас қолданылады.

Қандайда бір ақпараттарды арнайы белгілер жүйесі арқылы бере аламыз. Коммуникативтік процесте қолданылатын бірнеше белгілер жүйесі бар, соған сәйкес қылып қарым-қатынас үдерісінің топтастырылуын жасауға болады. Егер коммуникацияны бөліп қарастырсақ, олардың белгілік жүйелердің әртүрлісін колдануына байланысты вербалды және вербалды емес деп бөлуге болады.

 Бейвербалды амалдардың негізгі типтері: кинесика, просодика, такесика, проксемика. Қазақ халқының тұрмыс-салтында да осы аталған бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған. 

Кинесика – адамдардың эмоциялық рефлекстерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады.

А) Жүріс-тұрыс. Бұл адамның қозғалыс стилі. Жүріс-тұрысқа адамның ырғағы, ритмі, қозғалыс барысындағы дене амплитудасы жатады. Жүріс арқылы адамның көңіл-күйін, мінезін, жас ерекшелігін білуге болады. Мәселен: 1) Оң қолын төсіне (кеудесіне) қою – үлкенді сыйлаудың, құрметтеудің және сәлемдесудің белгісі; 2) Қол жаю – құран оқып болған кезде жасайтын ишарат немесе керісінше, қолды теріс жаю - қарғыс айту, қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша теріс бата беру; 3) Екі бүйірін таяну – салт бойынша қазақ әйелдері баласы (ұлы, қызы) я болмаса ері қайтыс болғанда осылайша жоқтайды. «Бүйіріңді таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 4) Иілу – сәлем беру. 

Б) Дене қалпы. Адамның денесі мың түрлі қалып-күйде қозғалуы мүмкін. Дене қалпын бейвербалды амалдардың бір түрі ретінде психолог А.Шефлен көрсеткен болатын. Мәселен 1) Қос қолды кеудеге қою – сәлемдесу; 2) Желке қасу – қолдан келер қайрат, амалы жоқ жігерсіздікті, әрекетсіздікті  танытады; 3) Желкеге қолын қою – айыпталу, тұтқын болудың айғағы; 4) Басын төмен салу – ұялу, қымсыну, қысылу.

В) Қимыл-әрекет. Қимыл-әрекет тілі – қарым-катынасқа түсудің ең көне түрі. Әр дәуірде әр халык түсінісу үшін белгілі бір арнайы амал-әрекеттер жиынтығын қолданған. Қимыл-әрекеттің саны ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл этностық, ұлттық болмысқа байланысты болады. Мәселен, 1) жағын таяну – торығу, қамығу, мұңаю белгісі. «Жағыңды таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 2) Басын изеу – келісу, мақұлдау.

Г) Мимика. Түрлі сезімдерді білдіретін бет бұлшықеттерінің қозғалысы. Бет-әлпет мимикасы негізгі алты түрлі эмоцияны білдіреді: ашу, қуаныш, қайғы, қорқыныш, таң қалу, жиіркену. Мәселен, 1) қасын керу – таңданысты білдіру; 2) Мұрнын тыржиту – мазақ қылу, жаратпау; 3) Қабағын шыту – біреуге күш көрсету, ренжу, қатты ашулану, көңілі толмау.

Ғ) Визуалды контакт – қарым-қатынастың негізгі элементі. Трансмиссорға карап тұру тек қызығушылыктың белгісі емес, сонымен қатар рецепиентке акпаратқа назар аударуға көмектеседі. Мәселен, 1) Көзін қадау (оқты көзін қадау)- жиіркенуді, жек көруді аңғарту; 2) Көзімен адырая (бажырая) қарау – шектен шыққан ашуды білдіру; 3) Ала көзімен қарау – көңілі толмау, жек көру; 4) Көзін төңкере қарау – сұхбаттасына қылымсу, еркелеу;

 Просодика – экстролингвистикалық амал, акустикалық және оптикалық аппарат каналдарының қатысуымен жасалатын тілдік қатынастың мағыналық бөлшектері тембр, дыбыс ырғағы, тон сияқты амалдарды жатқызамыз. Коммуниканттардың дауыс екпінін, тонын, жиілігін, ырғағын байқау олардың ойы мен сезімдерінен хабардар болу үшін маңызды. Мәселен, 1) Ішін тарту – мәз-мейрам болып қатты куану немесе таңырқау, таңдану, шошыну; 2) Таңдайын қағу – біреудің ісін жақтыртпау, кінәлау.

Такесика – коммуниканттардың арасындағы қарым-қатынас кезіндегі дене мүшелерінің түйісуін қарастырады. Оған қол беріп амандасу, арқа қағу, сүю сияқты амалдар жатады. Мәселен, 1) Құшақтасу – біреумен кездесуге қатты қуану, сүйіспеншілік белгісі. Салттық ишарат бойынша, жақыны, туысы қайтыс болған адамды жұбату, көңіл айту мақсатымен жасалады; 2) Арқасынан қағу – мақұлдау, қоштасу немесе еркелету; 3) Төс қағыстыру – амандасу;

Проксемика – адамдардың коммуникация процесіндегі ара қашықтықты (дистанция) және коммуникацияға түсушілердің бір-біріне қатысты кеңістіктегі бағдарын (ориентация) қарастырады. Мәселен, 1) Бұрыла қарау – қасындағы адамның сөзін тыңдауға, әңгімелесуге дайын, пейілді екендігін білдіру; 2) Шалқайып отыру – бәрінің айтылып болғанын, әңгіменің таусылғанын білдіру. [2, 8, 9 б]

Қорыта келсек, тілсіз қарым-қатынас – кинесикалық, просодикалық, такесикалық, проксемикалық бейвербалды амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.  Жоғарыда келтірілген мысалдардан қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы халық мінез-құлқын жақсы білетін тәжірибелі адамдар әр адамның жүріс-тұрысынан, іс-әрекетінен, қас-қабағынан оның көңіл-күйін айтпай-ақ сезіп-біліп отыратындығын байқаймыз. 

Қазақ халқының тұрмысында біте қайнасып кеткен сан алуан бейвербалды амалдар ұлтымыздың салт-сана, тәлім-тәрбие, әдеп, үлгі-өнеге, тағылым және таным саласындағы ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрге еніп, қалыптасқан бай қазыналарының бір тармағы. 

Сөздік қолданысқа қарағанда ақпараттың жетпіс пайызы мимикалық қимылдар арқылы, яғни адамның көзі, көзқарасы, бет-әлпеті көбірек мәлімет береді. Маңдай, қас, ауыз, мұрын, иек – бұл бет-әлпеттері адамға тән басты эмоцялардың көрсеткіші. Ж. Аймауытов мимиканың зерттеу аумағын төмендегідей топтастырған:

Бет құбылысы;

Маңдайдың қатпары, сызығы;

Қастың қимылы; Танаудың желбіреуі;

Еріннің, төменгі жақ сүйегінің қозғалыстары т.б. жестке бастың, иықтың, еңсенің қозғалуын жатқызады .[9]

Қазақ мәдениетіндегі ым мен ишараттарға байланысты атқарылған жұмыстар әр түрлі ғылым салаларында кездеседі. Қазақ зиялыларының көзқарастарын саралай отырып, бейвербалды қарым – қатынастың маңыздылығын, бейвербалды амалдарсыз, ым мен ишарат, мимикасыз адам өз ойын айқын жеткізе алмайтындығы дәлел. Зерттеушілердің жасаған тағы бір түйіні бойынша, вербалды немесе тілдік құралдар арқылы нақты ақпарат берілесе, бейвербалды құралдар диалогқа қатысып отырған екі жақтың эмоциясы мен сезімін жеткізудегі таптырмас құрал. Тіпті кейбір жағдайларда, күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, ым мен ишараттың қатысы арқылы ойыңды жеткізу оңайға түседі, кейде тиімді болып шығады.

Қорыта келгенде, бейвербалды амалдар дегеніміз – вербалды амалдарды толықтырып, оларға қосымша мағына үстеумен бірге, коммуникативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым – қатынастың бір түрі. Тілсіз қарым-қатынас – кинесикалық, просодикалық, такесикалық, проксемикалық бейвербалды амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.  Жоғарыда келтірілген мысалдардан қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы халық мінез-құлқын жақсы білетін тәжірибелі адамдар әр адамның жүріс-тұрысынан, іс-әрекетінен, қас-қабағынан оның көңіл-күйін айтпай-ақ сезіп-біліп отыратындығын байқаймыз. Сонымен, қарым-қатынастың коммуникативті жағы- вербалды және вербальды емес процестер арқылы адамдардың ақпарат алмасып, бірігіп әрекет етуге міндетті керек жағдай.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Момынова Б. Бейсембаева С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша- орысша түсіндірме сөздігі. Алматы, 2003. - 4 б.

2. Мағжан С. «Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көпмағыналылығы» Алматы, 2007. – 6 б 

3. Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы: Ана тілі, 1992. – 156 б.

4. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2012. 388 б.

5. А. Пиз. Язык жестов: Увликательное пособие для деловых людей. 1992, - 218 б

6. Ж. Нұрсұлтанқызы. «Бейвербалды амалдар – қарым – қатынастың маңызды элементі » Алматы: Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, 2004 № 1 – 14, 15 б

7. Ф. Оразбаева. «Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми теориялық негіздері » Пед. ғыл. док. дисс. Алматы,1996, 417 б

8. А. Байтұрсынов «Тіл құрал» Алматы,

9. Аймауытов Ж. «Психология» Алматы: Ғылым, 1998.

10. Мұсаева Г.Ә «Тілдерді оқу үдерісінде сөйлеуді қабылдау мен тудыру» Алматы, 2010.

СЫН ЕСІМ ШЫРАЙЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ӨРІСІ
Мұралбек Мейіргүл - 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Аширов Жәнібек
Біз қоршаған ортадағы кез келген жанды не жансыз заттарды әр түрлі атаулармен атаймыз, сол атауды ойлап тауып сөйлеуде қолдануымыз үшін бізге ең алдымен ол туралы ұғым пайда болады. Ұғым көптеген біртекті заттарды олардың мәнді белгілері негізінде саралаудың нәтижесі ретінде көрініс береді. Солай болғанда, ұғым дегеніміз — заттарды олардың мәнді белгілерімен бейнелейтін ойлау формасы. Ал белгі ұғымы заттардың бір-біріне ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Демек, олардың қасиеттері мен арақатынастары да белгілерге жатады деген сөз. Әр заттың бойындағы белгілерді заттың сапасы деп қарастырсақ, сапа әр түрлі деңгейде болатыны анық. Осыдан келіп заттың сапасын, сынын білдіретін сөз табы сын есім пайда болады. Сын есімдердің сапалық деңгейінің әр түрлі берілуі шырай категориясы тұрғысында қарастырылады.

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз [2.166].

Сын есімдер туралы Ахмет Байтұрсынұлы : «Нәрселердің сынын көрсететін сөздерді сын есім дейміз» деп анықтама бере отырып, оларды тек сыны және сыр сыны деп екіге бөледі. Тек сыны нәрсенің тегін көрсетеді. Мысалы, ағаш аяқ, күміс қасық, қағаз ақша, алтын жүзік, т.б. Ал сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін яғни, түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсетеді, мәселен, биік, аласа, жуан, нәзік, арық, бурыл, зерек, т.б. [1.62].

Түркі тілдерінде сын есімді алғаш сөз еткен – профессор Казем-Бек. Ол өзінің «Түрік-татар тілінің грамматикасы» еңбегінде сын есімнің шырай категориясын қарастырады. Сын есім туралы деректер алтай тлі грамматикасында да кездеседі. Онда әрбір сапалық сөздің түбір күйінде әрі сын есім, әрі үстеу сөз болатыны, сол сияқты кейбір сөздері әрі зат есім, әрі сын есім ретінде қолданылатыны айтылады. Мұндай тілдік құбылыстар қазіргі қазақ тілінде де сақталған. [4.49].

Жалпы тіл білімінде сын есім мәселесін И.АБатманов (Части речи в киргизском языке.-Фрунзе, 1936), Н.П.Дыренкова (Грамматика ойротского языка.-М-Л.,1940, Грамматика шорского языка.-М-Л.,1941), А.П.Кононов (Грамматика узбекского языка.- Ташкент, 1948), Н.А.Баскаков (Ногайский язык и его диалекты.- М-Л.,1940), Н.К.Дмитриев (Грамматика кумыкского языка.- М-Л., 1940, Грамматика башкирского языка.-М-Л., 1948) т.б. ғалымдар зерттеді [4.50].

Тіл білімінде сын есімге әр ғалым әр түрлі анықтама берумен қатар оның шырайларына деген пікірлерде зерттеушілер тарапынан таласты мәселеге айналып отыр. Қазақ тілінің реформаторы А.Байтұрсынов бұл тұрғыда сын есімде оның ішінде сыр сынынында үш шырай бар: 1) жай шырай. 2) Талғаулы шырай 3) Таңдаулы шырай. Жай шырай артық-кем демей, нәрсенің сиқын жай көрсетеді. Мәселен, жақсы атан, жаман қой, тентек бала, жуас ат т.б. Талғаулы шырай нәрсе сиқының бірінен-бірі артық-кемдігін көрсетеді; оны көрсету үшін жай сындағы сөзге «-рақ», « -рек» деген талғау қосымшалары тіркеледі. Сонымен қатар, «-рақ», « -рек» қосымшаларсыз талғау шырай да болады. Мәселен, Сиырдан жылқы биік; аттан атан мықты; қарағайдан қайың аласа; Асаннан Досан кіші т.б. Таңдаулы шырай нәрсенің сиқы өте артық екенін көрсетеді. Оны көрсету үшін жай шырайдағы сөздің алдына ең, нақ, тап, тым, бек, хас деген сөздер қосылып айтылады. Мәселен, ең жақсы, нақ шешен, тап зерек, тым қорқақ, бек нәзік, хас батыр. [1.63].

Ғалым А.Ысқақов: «Заттың белгісі я сипаты біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады» деп анықтама береді. Сонымен қатар, шырай түрлерін төртке бөледі: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай . [ 2.184]

Қазақ тілі грамматикасында да шырай категориясының парадигмасының құрамы жөнінде бірізділік байқалмайды. шырай категориясының тұлғалық қалпын, оның негізгі сипатына сай парадигмалық құрамын қалыптастыру қазіргі тіл білімі теориясында дамытылып келе жатқан функционалды грамматика тұрғысында негіздеу өзекті болып отыр.

Сын есімнің шырай категориясын анықтаудың ұстанымы ретінде тіл мамандары негізінен сын дәрежесінің салыстырылуын айтады. Салыстырмалы шырай мәнінде, атынан белгілі болып тұрғандай, салыстыру мәні болу керек, ал осы шырайды жасаудың бір түрі -лау, -леу тұлғалы қатар әрқашан да салыстыруды білдіре бермейтіні де белгілі, мысалы, ескілеу киім тіркесінде леу тұлғасы салыстыруды білдірмейді, тек сын дәрежесінің бәсеңдігін көрсетеді. Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар қатарына -ғыл; -шыл; -ғыш тұлғалары жатқызылады, ал олар салыстыруды білдіре бермейді. Сол сияқты күшейтпелі, асырмалы шырайлардың ең тұлғасынан басқаларында салыстыру мағынасы жоқ. Осы жағдайды саралай келіп, мынадай тұжырымға келуге болады: біріншіден, жоғарыда келтірген грамматикалардағы сын есімнің шырай тұлғалары бір парадигмалық қатар құра алмайды, сондықтан оларды салыстыру не салыстырмау тұрғысынан жіктеу қажет, екіншіден, шырай категориясын анықтағанда, оның сапаның әр түрлі дәрежеде берілуін, сын есімнің семантикалық сипатын, семантикалық реңдік мәнін айқындау, көрсетуін негізгі ұстаным деп қарағанымыз жөн [6, 474].

Сын есім жай шырай тұлғасында екі түрлі жағдайда қолданылады. Бір жағдайда, мысалы (1): «биік үй», «биік тау» деген тіркестерде «биік» сын есімі жай шырай түрінде тұрып, «үй» мен «таудың» биіктік сынын білдіріп тұр. Біріншіден, «биік» сын есімі мағынасында биіктіктің дәрежесі әртүрлі екені бірден байқалады. Екіншіден, «тау» мен «үй» зат есімдерінің биіктік дәрежесі сөйлеушінің өз ортасында қалыптасқан ортақ өлшемнен шығып, сол заттардың өздеріне тән дәрежесі белгілі бір жағдаяттарда айтып тұрғаны айқындалады. Осындай жағдайда қолданылып тұрған сын есім жай шырай түрінде тұрып сынның қалыпты дәрежесін білдіреді.

Келесі бір жағдайда, мысалы (2): Мына жаңа үй сендердің үйлеріңдей биік екен сөйлемінде қолданылып тұрған «биік» сын есімі жай шырай түрінде тұрып, жоғарыдағы 1-ші мысалдағыдан өзгеше дәрежені білдіріп тұр. Жаңа үйдің биіктігі салыстырмалы түрде ғана белгілі бір жағдаятта анықталып тұр. Ал осы екі үйдің биіктігі қалада салына бастаған жиырма қабатты үйлердің қасында тіптен биік болмай қалуы мүмкін ғой. Қалай дегенмен де жай шырайдың осы екі түрлі қолданысында сынның белгілі бір мөлшері, дәрежесі бары айқын. Және де екінші мысалыдан көргеніміздей, жай шырай тұлғасында салыстыру жоқ дегеніміз дәйектелмейді.

Сонымен сын есімнің жай шырай түрінде оппозициялық қатар құрайтын екі тұлға бар болып шығады: сын дәрежесін салыстырмалы түрде білдіретін теңдік шырай болса, сын дәрежесін салыстырмасыз, ортақ өлшем тұрғысынан білдіретіні қалыпты тұлғасы.

Салыстырмалы шырай синтетикалық жолмен сын есімге -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады да, салыстырылып тұрған заттардың ортақ сынының бірінің екіншісіндегіден дәрежесі артық екенін білдіреді, мысалы, Бұл палуан сенен күштірек.

Асырмалы шырай аналитикалық жолмен ең формантының сын есімнің түбір тұлғасымен байланысуы арқылы жасалады да, салыстырылып тұрған бірнеше заттардың ортақ сынының біреуінде бәрінен асқанын, жоғары екенін білдіреді. Мысалы, Күреске түскендердің ішіндегі ең күшті палуан – осы.

Сын дәрежесінің салғастыру немесе салыстырусыз жағдайында айқындалуын басты ұстаным десек, шырай тұлғаларының төмендегідей екі түрлі парадигмасын қалыптастыру осы категорияның табиғатына сай келеді деп тұжырымдаймыз.

Шырай категориясының бірінші субпарадигмасы:

Теңдік шырай – (сендей) күшті

Салыстырмалы шырай – (сенен) күштірек

Асырмалы шырай – (олардың іштеріндегі) ең күштісі

Шырай категориясының екінші субпарадигмасы:

Қалыпты шырай – кіші, үлкен

Бәсеңдік шырай – кішілеу, қызғылт, қартаң

Күшейтпелі шырай – өте, аса, тым күшті

Салыстырусыз сын дәрежесінің бәсеңдік (диминутивтік), не күшейтпелі (аргументативтік) бағыттағы үдемелілік сипаты тілде жеке субкатегория құрайды. Оған да сын есім шырай формалары негіз болады, жай шырай формасы сынның қалыпты дәрежесін білдіреді, сондықтан да оны қалыпты шырай деп атаған жөн. Қалыпты шырай зат сынының тілдік ортада қалыптасқан ортақ өлшемдегі қалпын білдерді. Оның семантикасында салыстыру мәні жоқ. Ол сын дәрежесінің жоғарыда зерделенген салыстырмалы дәрежесінен басқа сандық айқындылықтың тірек бастауын білдіреді. Сын дәрежесінің бұл парадигмасында қалыпты шырай сын дәрежесінің үдеу және оған қарама-қарсы жағы – бәсеңдеу өрісінде орталық қалыпты көрсетеді.

Морфологиялық деңгейде қазақ тіл грамматикасының дәстүрінде қалыптасқан «шырай» терминін сол қалпында қолданамыз. Ал дәстүрлі «жай шырайдың» семантикалық функционалдық сипатына байланысты салыстырмалық мағынасында «теңдік шырай» (ол сендей ақылды) деп, сол форманы салыстырмасыздық тұрғысында (ол ақылды) «қалыпты шырай» деп атауды жөн көрдік. Сын есімнің -рақ, -рек формасының морфологиялық деңгейде дәстүрлі «салыстырмалы» атын қалдырып (ол сенен ақылдырақ), салыстырмалылықтың осы мәнде жалпытілдік деңгейде басқа да тілдік бірліктер арқылы көрініс табатын тұлғасын «Қазақ грамматикасындағыдай», «үстемелі дәреже» (ол сенен ақылды; Тән күші олай болса, жан күші одан да керемет – «үстемелі дәреже» ) деуді жөн көрдік. Бұл парадигмалық тұлғаның морфологиялық деңгейде болсын, басқа деңгейлік бірліктер арқылы болсын, көрсететін мағыналары түптеп келгенде, салыстырылып отырған екі заттың ортақ сынының дәреже жағынан бірінен бірінің артық екенін, салыстырылып отырған заттың сын дәрежесінің салыстыру объектінің сын дәрежесінен үстем екенін білдіреді, сондықтан жалпытілдік деңгейде оны «үстемелі дәреже» деу оның семантикалық функционалдық сипатына сай келеді.

Сынның салыстырмалы дәрежесін іштей теңдік дәреже және теңсіздік дәреже деп жіктеуге болады, бұлар салыстырмалылықтың екі түрлі ішкі айырымдық мағыналары. Теңдік дәреже деп салыстырылып тұрған екі заттың не құбылыстың сын дәрежелерінің тең екенін айтсақ, теңсіздікте салыстырылып тұрған екі заттың сын дәрежелері тең болмай, бірінен бірінің не артық, не кем екенін түсінеміз. Салыстырылып тұрған заттың сын дәрежесі салыстыру объектінің сын дәрежесінен үстем болады. Ол теңсіздіктегі сынның үстемелі дәрежесі болып танылады. Бұл теңсіздіктің бірі қыры болса, оның екінші қырын салыстырылып тұрған заттар екеумен шектелмей, одан да көп заттардың салыстырылған кезінде, салыстырылып тұрған зат сынының басқаларынан асып тұрғанынан көреміз. Ол теңсіздіктегі сынның асырмалы дәрежесі болып танылады.


Пайданылған әдебиеттер:

1. А.Байтұрсынұлы «Тіл құралы» , Алматы – Сардар баспа үйі, 2009 ж. 62-68 б.

2. А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі», Алматы, Ана-тілі, 1991ж. 166-190 б.

3. Ғ.Мұсабаев «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары» , Алматы – Қазақ ССР ҒА баспасы, 1951 ж. 25-40 б.

4. Г.Сыздықова «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Алматы, 2012 ж.

5. Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Алматы, 2007 ж.

6. «Жұмсалымды грамматика» (монография-оқулық) , Алматы, 2016 ж.

\

 




ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» СЕКЦИЯСЫ

ТАҢЖАРЫҚ ЖОЛДЫҰЛЫНЫҢ РЕАЛИСТІК ЖЫРЛАРЫ
Мұратбекұлы Нұрбол -5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., проф. Темірхан Тебегенов
Әлем халықтарына ортақ жанрлық және мазмұндық үндестігі бар әдеби циклдың бірі –түрме шығармашылығы. Қай заманда, қай елде болсын жазықсыз жаза басып,қайғы жұтып, тағдыры тас түрмеде өткен зиялылар аз емес. Олардың ішінде әлемнің классиктеріне айналған Италияның көрнекті ойшылы, Италия коммунистік партиясының негізін қалаушы Грамши Антонио (1891-1937) 1926 жылы саяси қызметі үшін жиырма жылға бас бостандығынан айырылып, абақтының азабын көрсе де түрмедегі әр күнін қағазға түсіріп, өлмес мұра қалдырған.Ақынның өлеңдері «Түрме дәптері» деген атпен 1948-1951 жылдары Турин қаласында жарық көріп, 1959 жылы орыс тіліне аударылған екен.

Ағылшынның ұлы ақыны Байронның есімі өз тұсында және кейінгі заманда да жер жүзіне аса бір қадірлі беделмен тараған.Өзінен кейінгі талай әлем ақындары «ой-пікірді билеуші» деп өздеріне ұстаз тұтқан. Поэзия кемеңгерлері Пушкин мен Лерментов жоғары бағалап, шығармасындағы әлеуметтік асқақ, қайсар үндерді өздеріне өнеге санаған. Алайда, әлемді өзіне қаратқан ақынның

«Жасым жетпей қартайыппын,

Маған жұртым қараңыздар.

Шашты ағартқан, қорқыныш түн-

Емес иесіз қараңғы ызғар.


Әжім түсті маңдайыма,

Жаншылдым мен, қаңғырды ми.

Ауыр жұмыс күндері емес,

Жаныштаған бір қараңғы үй.


Тәтті күнім тарқап кетті,

Шегеленді сорлы маңдай.

Су алдым мен, секілденді

Жолым алыс, өмір шалғай.» [4,263] деген өлеңінен тас түрменің тауқыметін сезіну қиын емес.

Түрік әдебиетінің кассигі Назым Хикмет 1938 жылы 28 жылға сотталып, 17 жыл түрмеде отырады. Абақтыда «Адам панорамасы» тарихи дастанын, «Түрмеде жазылған хаттар» атты өлеңдер жинағын, «Махаббат туралы аңыз» пьесаларын жазды. 1951 жылы отанын тастап кетуіде осыған байланысты болса керек. Әлем әдебиетіндегі түрме шығармашылығының классиктерінің бірі татар ақыны - Мұса Жәлел.Оны екінші дүние жүзілік соғыста фашистер тұтқынға алады, аяусыз қинау көріп абақтыдан қашудың қамын жасаған Мұсаға одан бетер зорлық көрсетеді, бірақ жолдастары туралы ауыз ашпаған Мұса ақыры дарға тартылады. Витнамның саяси қоғам қайраткері Хо Ши Мидің «Түрме күнделігі» кітабы да 1942 жылдары қуғын сүргіннің қиын-қыстау кезінде оңтүстік қытай даласында айдауда жүріп жазған еңбегі. [4,6]

Әлем әдебиетінен көрініс тапқан түрме шығармашылығы XIX- XX – ғасырдағы «Елім» деп еңіреген қоғам қайраткерлерінің солақай саясаттың құрбаны болып,саяси қуғынға ұшырап, темір торға қамалуымен даласында түрме болмаған қазақ қоғамында түрме шығармашылығы тууына себеп болды.

«Баласы мен Бақтының, атым – Сары,

Құрысын мендей болса жұрттың бәрі.

Он екі ай абақтыда жатқанымда,

Қара шай бір қайнатым болды дәрі» - деп жырдаған Сары батырдың зарынан басталған қазақ әдебиетіндегі түрме шығармашылығын екіге бөліп зерттеуге болады. Бірі кеңестік жүйе, оған Мәди Бапиұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев бастаған қазақ зиялыларының шығармаларын мысалға алуға болады. Екіншісі Шығыс түркістан өкілдеріндегі жүйе. Шыңжаңдағы қазақ түрме шығармаларының негізін қалаушы-Таңжарық Жолдыұлы. Ол жеті жыл бойы (1940 – 1947ж ж) Үрімші түрмесінде азап шекті, солай бола тұра шығармаларының 70 пайыздан астамын тас түрмеде жазды. Шыңжаңдағы түрме шығармашылығына қатысты халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов «Таңжарық қалаған түрме әдебиетін араға жарты ғасыр салып Қажықұмар Шабданұлы жалғастырды. Өлеңнің жолы жеңіл болғандықтан жатқандар жаттап алып халыққа жеткізіп отырған, ал, қара сөзден тұратын романдарды тілдей қағазға ұсақтап жазып, ұрлап сыртқа шығарған, ондайды басқа салмай – ақ қойсын. Әрине Қазақстанда да атылып шабылған, абақтының дәмін татқан қаламгерлер аз болған жоқ.Көбі айдаудан қайтбай жендеттер қолынан мерт болды, өкініштісі олардан қалған әдеби мұра жоқтың қасы» деп пікір білдірген еді. Шынында да, Иманжүсіп пен Мәдидің мұңлы өлеңдерінен басқа шығарма шамалы, неге олай? Осындайда бабаларымыз айтқан «Орыс – темір ноқта, қытай – қайыс ноқта» деген сөзінде үлкен астар бар ма деп ойлайсыз.

Түрме шығармалары да проза және поэзия деп екіге бөлінеді. Түрмедегі проза жанрның Қабдеш атамыз айтқандай жазылуы мен тас түрмеден шығуы оңай болған жоқ. Әлемдік әдебиетте түрмеде жазылған прозадан Алекс Ла Гуманың «Тас ғалам» романын атап айтуға болады. Ал, қазақ әдебиетінде бұл шығармамен терезелес Қажықұмар Шабданұлының көп томдық «Қылмыс» романын атауға болады.

Шыңжаң өңіріндегі түрме поэзиясының бірден-бір өкілі, реалистік ақан Таңжарық шығармаларын өз өмірінен бөле қарауға болмайды, Таңжарық тағдыры қорлық пен жауыздықтың небір ирелең сойқанды жолдарынан өткен жанкешті халықтың күрделі тағдыры деуге болады. Ұлтының көкейтесті ізгі арманы, асқақ мұраты жолында жастық дәуренінің қызықтарын, жарқыраған жазын құрбан еткен, басын байгеге тіккен ақынның шығармашылық мұрасында өз заманының қиын-қыстау тұстары, саяси бұрылыстар жантүршігерлік азаптаулары шоқтай күйдірер шынайы шындықпен кемел көркемдікпен кестеленген.

1922 жылы ауылдағы озбыр байға егескен албырт жас «Сетіккөк» деген тұлпарын ұрлап мініп,шекара асып қазақ даласына келіп шынайы білім жолына түседі.Алаш арыстарының істерімен жақын араласып Ахмет Байтұрсынұлының, Мыржақып Дулатұлының шығармаларымен танысады. Алайда, 1925 жылы туған жеріне қайтуға мәжбүр болады. Бұл туралы Б . Тышқанбаев былай дейді: «Көкірек көзі ашылып, қоғамға, халыққа қызмет етуді мақсат тұтқан Таңжарық жалғасты мұнда қалуына мүмкіндік болмады, өктем бай үй-ішіне тыныштық бермей, тұлпарымның көзі тірі келмесе әкесін қара жерге тірі көмемін» деп қаһар төгеді. Осыдан кейін Таңжарық амалсыз туған жеріне оралады, бай сонда да «шетелге шығып келді» деп ушығып тұрған саяси жағдайды ұтымды пайдаланып қаматып жібереді. Әрине есіл ерін қимаған халық кешікпей босатып алады. Бірақ 1939 жылы Шыңжаң өлкесін басқарып тұрған Шыңщисай саясатын шұғыл өзгертіп террорлық жолға түседі.Совет одағына ниеттес, азаматтық бостандықты жақтайтын 150 мыңдай адамды тұтқынға алады. 1940 жылы ақпанның 3 күні Таңжарықта қамауға алынады.

Таңжарықтың заман шындығын айна қатесіз ашып көрсеткен «Түрме тарихы», «Түрме халы» деген екі ұзақ дастаны бар. «Түрме тарихы» дастанында тұтас Шыңжаңның жер-жерінен жалған жаламен топ-тобымен адам ұстау тарихы, тұтқындау тәсілінің қанқұйлы тарихы, түрмедегілердің итқорлық тұрмысы мен олардың аты-жөні тарихы және түрмедегі жазықсыз жандардың жантүршігерлік азапты өлімінің тарихы баяндалады. Сондықтан «түрме тарихы» дастанын сол замандағы саяси өзгерістермен байланыстыра отырып арнаулы тақырып көтеріп зеріттеуді қажет ететін құнды да күрделі шығарма.

Ал, «Түрме халы» дастаны туралы сөз қозғамас бұрын «хал» сөзі туралы аз-кем талдау жасау біздің тақырыпты ашуымызға негіз болмақ. Себебі , бұл сөз қазіргі таңда «Армысың» деген қазақ сөзінің орнын басып амандық сұраудың бірден-бір үлгісіне айналды. Алайда бұл сөз адамның жақсы жағына қаратылып қолданылмайды, «Халы қандай», «хал үстінде», «хал сұрау» деген тіркестерді байырғы жыраулар заманынан бергі әдебиеттерден көптеп кездестіреміз.Мысылы: сөздік қорымызда «сәлеметсіз бе?» деген амандық сұрауға арналған сөз бар. Бір қарағанда ерекше сыпайы, мәдениетті айтылғандай сезіледі, алайда «сәлеметсіз ба, апа» дегенен гөрі «амансыз ба, апа» деген құлаққа жағымды естіледі. Сол секілді «хал сұрау» сөзі де ауру адамның жағдайын біліп, көңілін сұрау жағына қаратылады, мысалы: Кердері Әбубәкірдің:

Ауыру көңілін кім ашар?

Хал сұраған тең ашар.

Шерленген ердің қайғысын,

Әлдилеп сүйген бала ашар,

Басқа қонған бақ ашар- деп келетін өлеңдерінен кейін дені сау адам үшін түрме халы қандай сүркейлі? Сондықтан Таңжарық осы сөзіді түрмеге қолданып отыр, өйткені, ақын өз басынан «түрме халын» өткізді. Оның үстіне, ол қан құмар, қара ниеттілердің түрмесі болды. «Таңжарықтың «Түрме халы», «Түрме тарихы» дастандары гоминдаңшылардың жауыздығын тайға таңба басқандай етіп көрсете алды, ол біздің келешегіміз үшін өлмес құжат, ешқандай адам зұлымдардың тұтқындарға істеген қаталдығын Таңжарықтай етіп көрсете алған емес,”_ дейді Ыз – Ари (Таңжарық туралы зеріттеулер,I том).

Шыңжаңдағы Таңжарықтанушы Шайтқазы Зейнолқазыұлының зерттеулерінің негізінде Таңжарықтың «Түрме халы» дастанындағы жантүршігерлік аянышты халды тұп-тура отыз түрге бөліп қарастыруға болады.


  1. Жарым түнде екі-үш адам келіп, басыңа бітеу қалта кигізіп, тұншықтырып, дірілдетіп, дырылдатып бір үйге сүйреп апарып бетіңді ашқанда қаны қашып, заһар шашып, қарныңды жарамын деп төрт-бес адам отырады. -Қазақтың үкіметке қарсылығын, құрған ұйымын жасырмай айт! Өзің қандай артық сөз сөйлеп жүрсің? – деп, «Түрме халы» сұрағы осылай басталады:

Жылайсың, зарланасың, жалынасың,

Тер ағып, қара суға малынасың.

Болмасаң егер мықты өзіңе-өзің.

Бәлеге айықбайтын қалынасың.


Білем деп «білмегенді» айта алмайсың,

Сөзіңнен жалған айтсаң қайта алмайсың.

«Өлесің, қиналасың» деген сайын,

Жауырдай ер қажаған қайқаңдайсың.


Мың жылып, қарамайды жалынғанға,

Боялып қызыл қанға боялғанға.

Істейтін ісі мынау әуел баста-

Қинауға алғашында алынғанда. [1,46]



  1. Екі қолды қайырып тік тұрғызып, аяққа кісен, қолға көзір салып, неше сөтке нәр татырмай екі бетке тас ұлтанмен соғады, шөлден өкпе – бауыр етке жабысып, екі көзден еріксіз жас парлап, шыбын жаның шырқайды.

  2. Екі қолдан көкке созып көтеріп, табаннан темір сүмбе сұққанда қаның қозып басыңа бір-ақ шығады.

  3. Тік тұрғызып қойғандықтан екі аяқ ісіп, сарысу кернеп тамшылып, балбырап балтыр етің сасып өлексеге ұқсап кетеді. Екі көз ұйқы көрмей іріңдеп, жүректің ебі кетіп дірілдеп, сұрақшы аюдай гүрілдейді.

  4. Жіңішке, ортасы ой, жан – жағы тар, темірмен қаптаған төсекке жатқызып алып сабағанда даусың көкке жетеді.

  5. Орындықты үш жерден тесіп, оған ілмекті кендір жіпті өткізіп, төрт елі қалыңдықтағы қамыс қасықтың екі басын тұжырып алып, әлгі кендір жіпті білегіңнен іліп, тақтайдың ұшын жүрекке тіреп тұрып, алақанға соққанда ақыл – қайрат, тілегіңнен бірақ адасасың.

  6. Қып-қызыл адам қанымен боялған дөңгелек қалың тақтайға ұшын жоғары қаратып шеге қағып, жалаңаш құйрықпен отырғызып-тұрғызғанда денеңнен жаның кетіп, даусың тәңірге жетеді.

  7. Ұсақ қара көмір шағылына жалаңаш май құйрықпен отырғызып тұрғызғанда қан судай ағады.

  8. Үрпіңе ши жүгіртіп боздатып, шыбын жаныңды шырқатады.

Көмірге отырғызады ұсақ шағып,

Қан деген май құйрықтан судай ағып.

Үрпіңе ши жүгіртіп зарлатқанда,

Шыбын жан шығып кетпей тұрсың нағып.



  1. Тырнағыңның көбесінен ине шаншиді.

  2. Кендірмен бақайыңнан байлап, басыңды төмен қаратып асып қояды.

  3. Денедегі жанды жерлерді тырситып қысып тұрып шерткенде қояндай қолға түскен шыңғырасың.

  4. Ащы бұрышты суға езіп алып, кеудеңнен табанмен басып тұрып, танауыңнан құйып жібергенде енді шықшы жаным деп қыстығасың.

  5. Басыңа қырсау темір салып қысқанда, екі көз сыртына ойнап шыға келеді.

  6. Ақ етіңді талқандап салған жараға тас пен көмір жабысып, бара-бара асқынып, шіріп кетеді.

Есепсіз міне осылай өлген жандар,

Бар қазір өлгендерді көмген жандар.

Күз болса неше мыңдай көр даярлап,

Көзімен бәрін істеп көрген жандар.



  1. Жазда тірі барғандар күзге жетпеді, күніне төрт-бестен адам өлді, өлгендерге бір жапырақ мата да бұйырмады, Қардөң деген жердегі қазып дайындап қойған жердегі жерошақтай шұңқырға көме салады. Күніне бір қорадан төрттен өлсе, түрме ішінде өлгендер толып жатыр.

Қорлықпен қор боп өлді нелер сері,

Адамды күйдіретін осы жері.

Жем болды қарға,құзғын, ит пен құсқа,

Елімнің амал бар ма есіл ері.

Қылығы міне осы бізге қылған,

Қосылып қалың қайғы күнде тыңнан.

Түрмеде тоғыз жылда өлген адам,

Асыпты орта есеппен алпыс мыңнан. [2,36]



  1. Дәретхана мен дәретін тазалатады, жатқан жерің сасық үй, сабан төсек қаптаған бит пен бүрге, басыңа жастанғаның көк кірпіш.

  2. Қолына алты қырлы таяқ алып, қолға көзір аяққа кісен салып, таң сәріден еңбекке айдайды, жарты минут кешіксең ұрып соғады.

  3. Жер қазып, кірпіш құйып, топырақ көтертеді, тас тасытады, жазғырып жарамын деп қолына пышағын жалаңдатып тұрады.

  4. Табаның дүңкіп, қолың ойылып іріңдеп, буындарың ісіп, шықпаған құр сүлдерің ғана қалады.

  5. Ауырғаныңа сенбейді, гоң фан қатарынан қалмайсың деп сексендегі селкілдеген шалды да ауыр жұмысқа айдайды.

  6. Қырылып шетінен өліп жатады, өлгендерді тірілеріне көмдіреді.

  7. Адамды әдейі қастап өлтіретін арнаулы екі есікті сұмдық үй бар, ол үйдің оңаша екі есігінде екі тесік бар болып, тұтқындарды сұрақ қыламыз деп жалаңаш сол үйге бастап апарып, кірерде әлгі тесіктен тосып тұрып басын кесіп алады.

  8. Кейбір тұтқандарды қолын артына қайырып байлап қойып, найза салып сұққылыап, сүйреп жүріп өлтіреді.

  9. Киізбен жауып қойған кесілген қол мен санды, ішек-қарны шұбатылып, басы кесіліп жатқан адамды көресің.

  10. Он метр, жеті метр зынданда аштан өліп, сасып кеткен өлікті тазалатады.

  11. Қаланың шет жағына неше жерден қазылған ұраға апарып қырғындап, қарға-құзғынға жемтік қылады.

  12. Сұраққа апарып, аспанға аяқтан асып қойып, отқа қақтап, суға салып, түтінге ыстап қинайды.

  13. Ағашқа қол-аяқты таңып тастап, буындырып, тұншықтырып, тарсылдатып там тескендей сабайды.

  14. Екі кісі басын қосса «не айттыңдар» деп қырып-жойылып қаптап тағы да сабайды.

Таңжарықтың түрмеде жазылған барлық реалистік шығармасы - заман мұңы, халық айнасы бола алады. Түрмеге түскен жазықсыз жандар күн сайын өміршеңдік күшінен айырылып бара жатса да Таңжарық қаһарлы үкіметке “Қосылдым дұшпаныңның қатарына деп” өзі айтып отырса, Шың Шы Сай суретін көргенде:

«Отырсың қара залып түсің қашып,

Біз жүрміз айдауыңда асып-сасып.

Армансыз дүниеден өтер едім,

Қаныңды бір ұрттасам жалғыз қасық.
Қамауда жатыр ерлер жан таласып,

Бірге өскен, бірге туған қан жаласып.

Япырым-ай, өйстіп жүріп кетеміз бе,

Арман не өліп кетсек найзаласып » [1,48]- деген өлеңінде қандай ыза- кек жатыр. Оны қалай реалистік төңкерісші демеске?!

Оның шындыққа ұмтылған арманы, табиғи таланты қарапайым адамдар жасай алған ортаға сыйғызбады. Қоғамның қайнаған ортасына бармауға сабыр еткізбеді. Осыдан кейін Таңжарық азапты түрмеден қалай аман қалды деген сұрақ туады, тірі шығуына не себеп болды?

Жыр меннен сарқылмайды жырлай берсем,

Сыр менен сарқылмайды тыңдай бер сен.

Түрмеде көргенімді жазам тынбай,

Білмеген оқып білсін қинай бер сен.
Танбаймын, тіл тартпаймын, дұшпанмын шын,

Тарихтың тарихына қаламыз шын.

Бөгелмей жазып өлем, сен оқып өл,

Тартамын ақыр жаза соным үшін.- [2,28] деп өзі жырлағандай тірі шығуының себебі осы еді. Осындайда Германияның психологы Виктор Фыранкл еске түседі. Оны да азаптан құтқарған болашақ үшін күрескен арман, шындық үшін шытынанған сенім еді.

Қысқасы, ақынның абақты дастаны - халық тағдырының қапысыз бетін қапысыз бейнелеген, өзінің ажар айшығымен, көркем қуатымен, тәрбиелік құндылығымен, өткен күннің ғана емес, бүгінгі және ертеңгі күннің ғана талап тілегіне сай келетін өміршең, реалистік қуаты мол, деректі туынды. Ақын асқан шыншылдықпен өз заманындағы қанқұйлы зұлымдықты таңдап таңбалай білді. Заман мұңы үшін күрескен ақын шығармалары әлі де зеріттелуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет