ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)



Дата07.11.2016
өлшемі184,88 Kb.
ҚАЗАҚТЫҢ ХАС БАТЫРЫ -АТТИЛА (ЕДІЛ БАТЫР)
Тынысбек Г.Н.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,Талдықорған қаласы

brilliant.ledi@inbox.ru

Ғылыми жетекші: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры.Филология ғылымының докторы М.М.Иманғазинов


Қазақ халқының арғы ата-бабалары ғұндар мен оның патшасы Аттиланың мифтегі орны көркемдік бейнеболып біраз санада сақталып кеткен, сол себептен оныңбатырлық тұлғасына байланысты жазылған деректердегі мәліметтерге мән берсек.

Аттиланы қазақтың хас батыры деп атауымыздың себебі көп. Еділ батыр туралы мағлұматтар еуропа әдебиетінде ғана емес қазақтың көне жырларында даерекше орын алған. Еділ батырдың батырлық сипатын өмірі мен тарихының тікелей біздің қанымызға байланысты екенін зерттеген қаламгерлер мен ғалымдарымыз– С.Өтенияз, Н.Келімбетов, Т.Жұртбай, Ә.Марғұлан, О.Сүлейменов,С.Қондыбай, Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, М.Базарбаев, А.Сейдімбеков болып бірауыздан Аттила - қазақтың арғы бабасы, ертеден бергі жырға қосылған Еділі, һәм хас батыры деген.

Н.Ә. Назарбаев «Қазақ даласы-ұлы түркі елінің қара шаңырағы» атты мақаласында көшпенділердің пайда болуында бір орталыққа бағынуды қалыпты көріп, бас бола білген батыр туралы, «Еділ (Атыл, Атилла) бастаған ғұндар Батыс Рим империясын біржола құлатты»,-деп жазылады[1, 86 б.] Осы орайда, қаймана қарапайымдылығымызбен батырымыздың биік тұлғасын аласартып алмау маңызды.

Қазаққа Аттила батырдың қандай қатысы бар? Ғұндар- қазақ тарихының бастауы бола ала ма? Қазақ пен венгр қалай туысады? Осы секілді,көптен бергі көтеріле соғып, тұрған дау туғызып отырған мәселелерге тоқталсақ.

Атилланың есімінің айналасында тарихи деректермен бірге, көптеген мифтік аңыздар да бар.Соның бірінде «Маған, яғни бүкіл түрік жұртына енді қарсы тұрар ешкім жоқ, сондықтан мен соғыспаймын”-деп, астындағы Алтынжал атты тұлпарын босатыпты. Ел аузындағы аңыз Еділ Рим империясын бағындырған соң: “Алтынжал қалықтап аспанға ұшып кетеді. Иесіне керек уақытында келіп тұрған. Әрине, халық ұғымында батырдың тұлпардан айырылуы не босатып қоя беруі жақсы ырым емес…

Сол себепті, Еділ батыр қаза болған соң өзі құрған империяның ыдырауы халық ырымын растайды. Аспанда жүрген Алтынжал анда – санда көрініп кететін болған. Әсіресе Еділ ұрпақтарын жоғарыда жүріп бақылаған. Еділ секілді батыр туғандай жағдай болса, қайтып келмекші болған. Әрине, тарихи шындыққа қарасақ, Еділ ұрпақтары Европа жерінде үш жүз жылдай үстемдік еткені рас. Еділ ұрпақтарының тасы өрге домалаған кезі Баян хан заманында еді. Алайда, Еділдің тұлпары Алтынжалды халық “құйрықты жұлдызға” теңеп жырлаған. Сондықтан “құйрықты жұлдыз түссе, ақырзаман болады” деген ел ұғымы осы Алтынжал аңызымен байланысты екенін көреміз»[2, 57 б] -дейді, Аттиланы зерттеуші – ғалым, Самат Өтенияз.

Аттила Батыс Ғұн империясының аты аңызға айналған әйгілі билеушісі, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи ірі тұлға. Оның есімі ұзақ уақыт кәрі құрлықта үрей туғызғаны сонша, оны құдайдың бізге жіберген жазасы – «Тәңір қамшысы» деп атаған. Ол туралы Византияның атақты жылнамашысы, V ғ. өмір сүрген 448 жылы Атилланың қабылдауында болған елші Прийск Панийский «Византия тарихы» еңбегінде былай деп жазады: «Ол бүкіл халықтарды сілкіндіру үшін жаратылған ер еді. Бүкіл елдерге сұмдық болып тиді, бәрін де қалтыратып жіберді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді. Оның жүрген жүрісі маңызды, көзқарасы мен қимыл қозғалысы аса тектілікті көрсетеді. Соғысты жақсы көргенімен тонаушылығы аз болды, ой қабілеті өте жоғары еді, сұраушыға қайырымды, сенген адамына өте мейірімді». Бұл сипаттама Аттиланың ірі тарихи тұлға, дана билеуші, әділетті патша болғандығын білдіреді». –дейді Еділ батырдың өр рухын тани білген журналист Бауыржан Айманов[3]. Тағы бір сөзінде «оның бет әлпетін көргендернағыз азиат екенін айтпай-ақ біледі. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Көздері қысық, бірақ қараған жерін ойып түсетіндей өткір, жүрісі ширақ,сөйлегенде дауысы күмістей сыңғырлап өте жағымды естіледі»[2, 57б.]

Сол Аттила дәуірінде көптеген халықтар оны “Құдай тоқпақ” деп атаған. Оның бір есімінің өзі айналаға ерекше үрей-қорқыныш туғызған. Сондықтан болар барша халық оған ортақ ұғымға сыйдыра отырып: «ағылшын тілінде - Cod skourde, “Құдай тоқпақ”, “Тәңір құты”, француз тілінде - Fleu du Dieu, “Құдай тоқпақ”, “Тәңір құты”, испан тілінде - Asote de Dios, “Құдай тоқпақ”, “Тәңір құты”, неміс тілінде Die Gottgeibel, “Құдай тоқпақ”, “Тәңір құты”, орыс тілінде - Бичь божий, “Тәңір құты”, түркия тілінде “Тәңірінің қыржабы”, қазақ тілінде - “Құдай тоқпақ”, яғни “Тәңірінің қамшысы»[2, 59б]секілді ныспы берген. Қазақы тегіне байланысты бөлінуге байланысты туған жырлардың бірі Арғын ішіндегі алтайлардың кім болғанын көрсеткен керейіт Нысанбай жыраудың:

«Арғын болсаң, алтай бол,

Алшын болсаң, адай бол,

Найман болсаң, матай бол,

осы үшеуі болмасаң,

Қайсы болсаң, онысы бол,

Мейлің, құдай бол...» -деген бір ауыз толғауынан –ақ көреге болады» [2, 32 б.]Атының осыншама елдің ішіне тарағанда оның есімінің қаншама атау мен эпитетке толы болса, ол өзінің “дарынды қолбасшы, көреген көсем, әділ патша ретінде танытады. Ол Қыпшақ даласынан келген ата-бабаларының ұстанған жолына әділ болып, жаулап алған елдердегі қалалар мен мәдени ескерткіштерді қиратуға жол бермейді. «Аттила өзара қырық пышақ болып, ұдайы соғысып жататын тайпалардың басын қосты, Еуропада бейбіт өмір орнатты... ...Өз халқына қатігездік жасаған әміршілерді қатал жазалап отырды. Сол үшін Аттиланы халық «Құдайдың қамшысы(«бичь божий») деп атап кетті» [4, 58 б.]Жергілікті халықтың талап-тілегімен санасады. Ғұндардың байырғы әдет-ғұрпы мен салт-санасын сақтауды қадағалап отырады. Аттила билік жүргізген кезде ғұндар империясының шекарасы Еділден бастап, қазіргі Франция жеріне жетті. Ла Манш бұғазында Аттиланың шекара күзетшілері тұрды. Ғұндар тағына Аттила отырған жылдары тарихшылар “ғұн империясының алтын дәуірі” деп атайды. Алтын дәуірде ғұн империясы өз дамуының шарықтау шегіне жетіп, ең жоғары сатысына көтерілген еді. Ғұндар империясы бүкіл Еуропаны Рим үстемдігінен азат еткені мәлім.

Ал оның есімі әр елде әртүрлі айтылады. Мәселен, испан тілінде - Атила, скандинавия халықтарының тілінде – Атли, ескі немістің батырлар жырында - Эціл (Etsel), қытай тілінде - Әтил, латын және көптеген Европа халықтарының тілінде – Аттила, Швеция, Дания және Фарер аралдарындағы халық балладаларында хун патшасы Артала деген есіммен белгілі болса, қазақ тілінде - Еділ атымен халық арасына тараған [3, 57 б]- дейді, профессор Немат Келімбетов.

Ерте күнде жоқ бар еді, түн туған.

Қап-қараңғы түн ішінде Күн туған.

Отты Күннің сәулесінен от алтын

Оты көзді, отты жанды Гүн туған.

Ерте күнде отты Күннен Гун туған,

Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам,

Жүзiмдi де, қысық қара көзiмдi

Туа сала жалынменен мен жуғам.

Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен – Күн ұлы, көзiмде Күн нұры бар.

Мен келемiн, мен келемiн, мен келем,

Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар [5, 69-70б.]

Ерте күннен бастап, эвалюциялық даму жүйесін ап-айқын бейнелеп тұрған мына өлен жолдарында Мағжан Жұмабаев өзінің Аттиладай батыры болған Ғұннан тарап, Ғұннан туғанын мақтан етіп отыр. Бұл қазақ халқы тарихында ерекше орын алар тұлғалардың бірі екеніне дәлел. Ғұн тайпаларының тарихына кезек берсек. «Б.з.б ІV-III ғасырларда Орталық Азияда Қытайдың солтүстік шекараларымен шектесе орналасқан ғұн тайпаларының (қытай деректері бойынша сунну немесе хунну) бірігу процесі жүрді. Ғұндар алтай тілдер тобының бір тармағы болып табылатын түркі тілдес моңғолдық нәсілге жататын тайпалар болды»,-деп барша білімгерлерге таныс «Қазақстан тарихы» оқулығында берілген болатын[6, 34 б.] Сыма Цзянь өзінің «Тарихи жазбаларында»,-өздеріннің малдарымен бір жайылымнан екінші жайылымғы көшіп жүреді. Үй малынан жылқыларды көп асыраған, ірі қара және ұсақ малдарды, түйелерді де ұстаған»,-деп көңілге күмәнсіз нағыз қазақылық иісін сездірері һақ.[6, 35б.]



Аттиланың шығу тегіне келсек, ғұндардың ІV ғасырда Қыпшақ даласынан Батысқа қарай әскери жорық жасаған мезгілінен бастаймыз. Алғашында ғұндар 450-480 жылдар ішінде Арал теңізі мен Днепр (Борисфен) өзені аралығын толық өзіне қаратқан соң, Мөде қағанның он бесінші атадан кейінгі ұрпағы Баламер Еділ бойында өз ордасын орнатты. Б.з. 347 жылдары гот тайпаларын жеңген соң, Европаға қарай бет алған ғұндар талай елді өзіне қаратып, алға қарай жылжыды. Баламер қайтыс болғаннан кейін, ғұндардың патша тағына Үлті (латынша Ульдис) патша отырды. Үлтінің тұсында ғұндар біршама әлсіреп, император Феодосияның әскерінен жеңіліп қалады. Үлтіден кейін Хун империясын Донат қолына алады. Кейін ол өлген соң патша тағы оның ұлы Чаратоға өтеді. Ал Руғиланың келуі Хун империясы едеуір күшейіп, V ғасырда өзінің тегеурінді күшінен бүкіл Европа елі қаймығады. Осыны пайдаланған Руғила тез арада қол жинап, өзінің елшісін Константинопольге елші жіберіп әскерден қашқан қашқындарын өзіне қайтарып беруін өтінеді, бірақ Шығыс Рим императоры оның сөзін мақұл алмайды. Руғиланың ендігі мақсаты Рим империясына шабуыл жасауды ұйғарады. Дунай өзенінен өтіп, Римнің талай жерін өзіне қаратады. Паннония провинциясы оның сыйлығы ретінде келсе, кейін бұл ел латын тілінде Хунгрия (Hungria), түбірі – хун, ғұндардың елінің негізі болып қаланады. Ал ол орыс тілінде Венгрия болып аталады.

Қазақ пен венгр туыстығы туралы түсінік беру үшін, той қызығын әңгімелемес бұрын сәл шегініс жасайық. Алаш арыстарының бірі, осы Қызбел даласының тумасы Міржақып Дулатов 1913 жылы “Қазақ” газетінің алғашқы сандарының біріндегі “Қазақ тарихы” атты мақаласында: “Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұратындығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді” дей келіп, “тарих — түзу және үйретуші, тарих түзушіліктің кітабы, тарих тіршілікте жолбасшы дейтініміз осы”,-деп жазған еді. “Жақсы күн сияқты — әлемге бірдей” деген сөз Міржақып атамызға арналғандай. Ендеше, Міржақыптың бұл сөзі де тек қазаққа емес, қай халықтың да көкейіндегісін қозғаған екен. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Мажарстан ғалымдарының Азияға қарай ынтасы ауа бастады. Себебі тарихшыларға Еуропаға қарай ағылған халықтардың Ұлы көшімен ілесіп, ІХ ғасырдың соңында Карпат қойнауына жеткен ертедегі мадиарлар—сол кездегі далалық салт атты, көшпелі, мал өсіруші халықтың өкілі екені белгілі болатын. Археологиялық және басқа да айғақтар олардың мәдениетінде ирандық элемент басым болғанымен, түркілік сипат мол екендігін айтатын. Ғылымдағы ғасырлар шаңымен біздің заманымызға жеткен осындай деректер өз халқының түп тұқиянын іздеуді венгр ғалымдарының мойнына парыз етіп ілді. 1960 жылы венгрдің антрополог ғалымы Тот Тибор Мәскеуде докторлық диссертациясына материал жинауды бастайды. Оның бүгінге дейін жарық көрмеген сол диссертациялық көп томдық еңбегі Кеңес Одағының бірқатар республикаларында жүргізілген үш мыңдай антропологиялық өлшеулерінің нәтижелерінен тұратын. Ол 1964 жылы Башқұртстанда бастаған еңбегін Қазақстандағы қыпшақтар арасында жалғастыруды мақсат етіп, Қазақстан ғылым акаде-миясында қазақстандық ғалымдармен кездесу өткізеді. Осы жиында тілші ғалым Сейітбек Нұрханов венгрлік ғалымның назарын Торғайдағы арғын тайпасының мадиар руына аударады. Содан кейін Тибор Тот Торғайға келіп, өздерін “мадиар руынанбыз” дейтін торғайлықтарға антропологиялық өлшеулер жүргізеді. Кейін осы өңірге ғылыми экспедиция ұйымдастыруды да жоспарлайды. Бірақ сол кездегі қызыл империяның қытымыр саясаты ғалымның адымын аштырмайды. Мажарстан ғалымының мадиар халқының көне тарихы мен тегіне байланысты жаңалығы Кеңестер Одағы тарапынан күдікке тап болып, оған тіпті адамдарды суретке түсіруге де рұқсат берілмейді. Өкінішке қарай, Қазақстан тәуелсіздігін алған еркін заманға Тот Тибордың өмірі жетпеді. Оның жаңалығы уақытында жабулы қазан жабулы қалғанымен Қазақстанда еркін ойлауға мүмкіндік туғаннан кейін венгр ғалымдары оны қайта қолға алды. Осы мақсатпен ғалым Бенкө Михай Торғай даласында тұратын арғын-мадиарларды аралап шығып, ғылыми жұмыстарды жалғастырды. Тот Тиборға қарағанда Бенкө Михайдың Торғайдағы Арғын тайпасына кіретін Мадиар руының адамдарымен еркін әңгімелесуге мүмкіндігі де, уақыты да болды. Ол осындағы қариялардан Мадиар руының шежіресін жазып алды. Ондағы деректер мадиарлар өзінің байырғы этностық атын сақтап қалды деген тұжырымды шегелей түседі [7.] деген болатын Нәзира Жәрімбетова, Қостанай облысының журналисті.

Аттила –әйгілі Хун империясының королі. Оның барлық өмірі мен қызметі еуропа жерінде өткен себепті және Хун мемлекетінің керемет күшеюіне байланысты адамзат тарихында ерекше орын алды.

Осы Хунгрия жерінде әскери қуаты күшейіп, оны көрген Рим империясы еріксіз келісімге келеді. Бірақ олар көп келісілген міндеттерді орындауға құлықсыз болып, жасырын, құпия түрде өз әскерінің де қуатын күшейте түседі. Кейін 433 жылы Руғила қайтыс болған соң, европалық ғұндар империясын Аттила мен Бледа басқарады. Себебі – Руғиланың екі інісі болса, бірі – Мундзук, оның баласы Аттила болса; екінші інісі – Оқтар, ал Оқтардың баласы Бледа болатын. Бледа 445 жылы қайтыс болған соң, бүкіл билік Аттилаға көшеді.

Жымысқы, жасырын саясат жүргізген римдіктердің жоспарын сезген Аттила түбі Батыс Римге шабуыл жасауға мәжбүр болады. Бірақ алдынан Рим папасы Леон бірінші өзі бастаған бір топ діндар адамдар шығып, Рим сенатының шешімін әкеліп тапсырады, онда былай делінген еді: “Аттилаға түгел бағынамыз, айтқанын істейміз, қазынаның бар байлығын береміз, тек ол қасиетті қала Римді өртемесін, бұзбасын”,-деген мағынада болатын. Бұл өтінішті қабыл алған Аттила қақпалары ашық тұрған қалаға кірмей, сапарын әрі қарай жалғайды.

1780 жылы М.Фишер бұл поэманы Мюнхен қаласында көп тиражбен басып шығарады, Батыс Европа тарихшыларына бұл поэма Аттила мен Хун ордасы туралы көп мәліметтер береді.

Поэмада Аттила жорығы мен Хун ордасы туралы сол заманда көптеген ескерткіштердің болғанын дәлелдейді. Бірақ олардың көбі біздің заманға жетпей қалған. Сол сияқты поэмада Аттила мен хун тілінің көптеген сөздері берілген.

Поэманың кейбір жерлеріне Вергилий сөздерін кіргізген. Автор оны өзінің бір туысқанына арнап жазыпты, соған қарағанда, сірә, ол монах болуға тиісті.

Бавиера архивінен латын тілінде Аттила мен Хун ордасы тарихы туралы бұл поэманың табылуы неміс ғалымдары мен әдебиетшілерін керемет қуантқан үлкен олжалы оқиға болды”/6,95/.

Скандинавия халықтарының әдебиетіндегі батырлар жырында Аттиланың образы біріншіден, әлемге танымал әдеби мұра “Эдда” жырында үлкен орын алады. Бұл жыр исланд халқының эпикалық жыр-толғауындағы жинақта “Эдда” жыры деген атпен белгілі. Оның негізгі мазмұны екі бөлімен тұрады. Бірінші бөлімінде мифтік және дидактикалық сарыннан тұратын жырлар. Екінші бөлімінде батырлық жырлар. Зерттеушілердің пікірінше, бұл қолжазаба ХІІІ ғасырда жазылған. Сол қолжазба Данияның Копенгагендегі Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Ондағы жырда негізі кейіпкерлер Сигурд пен Брюнхилда, Атли (Аттила) және Нибелунгілердің ажалы жөнінде оқиға жырланады. Сонымен бірге “Эдда” жырында “Сигурд туралы жыр” үшеу де, ал “Атли туралы жыр” екеу саналады. Аталған жырдың біреуі Исландия нұсқасы да, екіші жыр Гренландия нұсқасы деген атпен белгілі.

Екінші, ХІІІ ғасырдың ортасында жазылған көлемді жыр “Волсунга туралы сага” деп аталатын туынды “Эдда” жырының қара сөзбен баяндалатын мазмұннан тұрады.

Үшінші, “Эдда” жырын көркем прозамен жазған адам Снорри Стурлусон (1178-1241) исландиялық тарихшы, ақын, белгілі саяси қайраткер. Ол осы еңбегінде Нибелунга байлығының (“Рейн алтыны”) қысқаша тарихын айтып өткен.

Төртінші, жыр бұл ХІІІ ғасырдың орта шенінде жазылған “Тидрек туралы сага” деп аталады. Мұнда Берндік Дитрихтің толық өмірбаяны туралы аңыздардың жиынтығынан тұрады.

Бесінші, 1330 жылы жазылған “Норнагест туралы хиқаялар” деп аталатын ертедегі аңыздар жиынтығы. Норнагесттің әскери ерліктері жырланады. Жырдың кейбір бөліктері “Эдда” жырынан алынған.

Алтыншы, Скандинавия халықтарының балладалары. Мұнда Дания, Швеция және Фарер аралдарындағы халық балладалары, негізінен Нибелунга жөніндегі аңыздарға арналған. “Тидрек туралы сага”, “Эдда” және басқа жырлардың үзінділері, әр түрлі нұсқалары орын алған.

Жетіншісі, ХVІ ғасырдың ақырында 1603 жылы жазылған “Хвен хроникасы” латын тілінен дат тіліне аударылып жазылған. Даниядағы Отланд архипелагында орналасқан Хвен деген арал бар. Бұл сол Хвенның тарихын айта отыра, оның ішінде “Нибелунгілер жырлары” мен “Тидрек туралы саганың” көптеген оқиғалары орын алған.

Осы аталған жырларда Аттиланың образы үлкен орын алады. Сол жырладың ішінде Аттиланы суреттеген тұстарда оның жазықсыз жандарға мейірімді, дұшпанына қатал, досына адал қолбасшы ретінде суреттеледі.

“Ертедегі Германия мен Скандинавия халықтарының поэзиясы басқа халықтардікі сияқты өлең түрінде болды, ауызша айтылып атадан балаға асыл мұра болып қалып отырады. Олардың қандай да бір әдеби мұрасы, я батырлық жырлары – бәрі де әскери мінезбен, яғни батырлық пен ерлікті жырлайды… Ертедегі эпикалық жырлары негізінен ХІІ ғасыр соңында хатқа түсірілген. Солардың ішіндегі көрнектісі “Нибелунга туралы жыр” 1220 жылы толық жазылып біткен. Ал Скандинавия халықтарының “Эдда” жыры ІХ ғасырда хатқа түсіріліп үлгерген.

Скандинавия халықтарының поэзиясындғы Исландия халқының асыл мұрасы “Эдда” жыры - өте көлемді әдеби мұралардың бірі. Жалпы сол дәуірдегі Скандинавия мен неміс халықтарының жырларының басты тақырыбы – адамзат тарихында терең із қалдырған “Халықтардың қоныс аударуы” тарихи процесіне байланысты болып келеді.

Хун королі Аттила бейнесі (бұл жырда Атли деген атпен беріледі) аса жағымды кейіпкер ретінде берілген осынау батырлық эпостың қысқаша мазмұны төмендегідей:

Эрманарик басқарған остготтар патшалығы Қара теңіз жағалауында хундар шабуылы соңынан талқандалған болатын. “Эдда” жырында осы ,Эрманарик пен Сванхилда туралы баяндалады.

Эрманарик (Иормунрик) өз баласы Рандверді қалыңдығы Сванхилдаға ұрын жібереді. Рандердің жанындағы жалақор зұлым кеңесшісі Бикки жас ханым мен Рандверді Эрманарикке жамандайды. “Олар сол тайпаға, яғни Сванхилданың төркіндеріне сатылып кеткелі жүр” деп әке мен бала арасына нақақтан от тастайды. Бұған сенген аңғал патша Эрманарик өз ұлы мен жас келінді өлтіруге бұйрық береді, жазықсыз жандарды ат тұяғына таптатады. Бұл қанды оқиғадан соң Сванхилданың бауырлары қарындасы үшін мықтап кектенеді. Олар Эрманариктің нөкеріне шабуыл жасайды, Эрманариктің өзін өлімші етіп жаралайды. Алайда осынау ержүрек жігіттер өздері де қаза табады. Жалғыз жауыз Биккидің қырсығынан осылайша қаншама қыршын жас қаза болады…

Эрманарик - өз туыстарына өте қатал болған патша. Сондықтан оның көп туыстары, даңқты төрелер хун королі Еділге (Атлиге) барып паналаған. Ал Атли зорлық көріп, жәбірленген жазықсыз жандарға барлық уақытта пана болған. Әділ қолбасшы, хун королі Еділ (Атли) бейбіт жағдайда дүниеден өткен…

Бұл жөнінде академик Әлкей Марғұлан өзінің «Ежелгі жыр, аңыздар» және «Шоқан және Манас» атты еңбектерінде:

“Манастың” “Үлкен Эддамен” аса үндес шығатын жері – ондағы Еділді (Атли) улап өлтіру хикаясы Манасқа өте ұқсас…”- деп жазған еді. Өлер алдында бұл екі батырдың екеуі де жаман түс көріп шошынады. Еділге өткен өмір қолынан ұшқан ақсұңқар болып, бақшадағы еккен ағаштардың бәрі түп-тамырымен қопарылған болып көрінеді. Бұл жырдың аялғысы “Ақсақ құлан әңгімесіндегі “Терек түптен жығылды, кім тұрғызар, уа, ханым” дейтін сарынмен өте ұқсас…

“Үлкен Эддамен” үндес болумен қатар “Манас” жырында кейде тарихта жазылған ежелгі хундардың ерлік өмірінің елесі де кездеседі. “Үлкен Эдда” бойынша Еділ соғысқа отыз шорасын ертіп, “Қорқыт” жырында Қамбөрі мен оның баласы Бамсы қырық жігітпен шығады, Манас қырық шорасымен жүреді…

Ежелгі тайпалар өміріндегі әскерді тәртіпке түсіру әдісі қытай тарихында өте айқын жазылған. Тарихтың барлауынша, хундар соғыста бірыңғай боз не баран ат пайдаланған. Жауға ылғи ай жарық күндері боз атпен ай астынан тиіп, күндіз күн жағынан тиетін болған деп, “Эдда жыры” мен түркі халықтары жырларының арасындағы байланыстарды жіктеген болатын”,-деп жазады.

“Нибелунгтер туралы жыр” шамамен 1200-жылы жазылған. Бұл поэманың тарихи өзегі етіп автор Бургунд патшалығының күйреуін алған. Ғұндар 437-жылы осы патшалықты құлатқаны тарихта мәлім. Аталмыш поэманың бір емес, екі желісі бар деуге болады. Бірі Алманияның тарихи кезеңі болса, екіншісі- V ғасырдағы ғұндар ғұмырнамасы. Алманиядағы ғашықтық оты өртеп жіберген ер Зигфридті өлтірген Кримхилда ағалары Хаген мен Гунтердың қарындасын 13 жыл дегенде ұзатып,13 жылдан кейін қонаққа барған тұстан басталатын. Поэмада “Нибелунгтер ғұндарға бара жатқаны туралы” (Авентюра ХХV) деп аталатын бөлім бар. Онда:

Балгер айтты: “Сөзіме иланыңдар,

Сеніңіздер.

Жат өлкеде сендерге ешбір жамандық болмайды.

Қорықпай сапарға аттана беріңіздер,

Этцель (Аттила) сіздерге бұрын-соңды ешкім

көрмеген зор құрмет көрсетеді”.

***

Ғұндар! Менің достық кеңесімді тыңдаңыздар:

Сендер бургундықтар сияқты қулық –сұмдықты

білмейсіңдер.

Келімсектерді қонақ үйден далаға шығармаңдар,

Әйтпесе тағы да талай туыстарыңнан айырыласыңдар -деп, бұл үзінді «Зарубежная литература средних веков» еңбегінен алынған болатын.

Міне, осы қайғылы оқиғадан кейін бойын ыза-кек кернеген Аттила қалың қол бастап, жауға қарсы аттанады. Поэмадан Аттиланың теңдесі жоқ жорықтары жыр болады” [3, 60 б.]

Аттила дастанының желісіне құрылып, ІХ ғасырда өмірге қайта келген, күні-бүгінге дейін неміс халқының ерлік эпосы ретінде бағаланатын ежелгі жәдігерліктердің тағы бірі – “Алып қолды Вальтария” (“Вальтарий могучая рука”)-(“Waltarius vanu fortis”) немесе қысқаша “Вальтария” деп қана аталады. Бұл поэма ежелгі герман тайпалары мен Еуропалық ғұндардың арасындағы сан-қырлы қарым-қатынастарды бейнелейді. Герман жұрты Аттиланы өздерінің ұлттық қаһарманы етіп көрсетуге барынша әрекет жасаған. БұлжайттыМурадАджижан-жақтыталдайкеліп, төмендегідейпікірайтады: “Первыми, кто заявил на него свои права были германцы, сделавшие историческое лицо – царя кипчаков Аттилу – национальным героем, персонажем своих эпических произведении. Его именем даже названы горы – Этцельские Альпы.Это уже серьезно! Подумать только: даже потомки кельтов, тех самых кельтов, которых нещадно громил Аттила, назвали его своим национальным героем.Атли, Этцель – такие имена получил кипчакский полководец в германо-скандинавских былинах и сагах. Вальтария” поэмасы ғұндар елін және Аттиланы оқырманға таныстырудан басталады:

Бауырларым, жердің үштен бірі Еуропа деп аталады,

Ондааты мен заты, салты мен санасы сан түрлікөптайпалартұрады.

Олардыңтілі де, діні де әртүрліболыпкеледі,

СолардыңішіндеПаннонияуалиятынмекен

Еткенбірхалық бар,

Бізолардыәдетте “ғұндар” депатаймыз.

Бұлхалықмайдандағыерлігі мен даңқышыққан

Оларжақынтұрғанкөршіжұртқағанаемес,

Жоқ, олартіптіМұхитқадейінгіелдің

бәріне билік жүргізеді.

Көп (халықтармен) бейбіт одақ жасайды,

бағынбағанды жазалайды,

Олар осылайша мың жылдан астам билік жүргізіп келеді,

Қадымзамандардаоларды король Аттила басқарыпты.

Ол жеңіс даңқын арттыра беруге құштар”

Аттила дастанының сюжеттік желісін қайта жыр еткен “Вальтария” поэмасы оқырманын ерлікке, бірлікке, ізгілікке шақырумен аяқталады” [4, 66 б.]

Жоғарыда аталған жырлардың жазылуы туралы пікір білдірген зерттеуші – ғалымдардың (Н.Келіметов, М.Аджи) пікірінше, “Нибелунга туралы жыр” мен “Алып қолды Вальтария”(“Вальтарий могучая рука”, немесе ағылшын тілінде“Waltarius vanu fortis”) деп аталатын поэмалардың авторлары қыпшақ болуы керек деп жорамалданады. Өйткені, жыр жолдарында қыпшақтың салт-санасы, әдет-ғұрпы айқын аңғарылады.

“Бұл поэмаларды оқи отырып, екеуін де қыпшақтар жазғанына шүбә келтірмейсіз. Өйткен мұнда авторлар қыпшақтардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, ішкі жан дүниесін, психологиясын егжей-тегжейлі біліп жазған. Бұлтуралығұлама-қаламгер Мурат Аджи:“Авторы “Песни о Нибелунгах”, и “Вальтария”, вне всякого сомнения, по крови были кипчаками, они еще помнили степные адаты, это чувствуется по многим, очень точным деталям. Вот почему их герой Этцель (Аттила) сохранял благородства даже, казалось бы, в непозволительной, с точки зрения европейца, ситуации”,-деп «Полын половецкого поля» атты Мәскеуде, 1994 жылғы еңбегінде көрсетеді.“Сонымен бірге, Аттила жөнінде жазылған басқа да шығармалар бар екенінін ескергеніміз жөн. Бұлар – “Атли туралы жырлар” және “Атли сөзі” деп аталады. Бұл жырлардың жөні бөлек. Өйткені оларды қыпшақтар жазбағаны бесенеден белгілі болып тұр. Жоғарыда аталған екі жырды да солтүстік герман жерінен шыққан қаламгерлер жазғаны күдік тудырмайды. Мұнда Аттила шектеншыққанқатігезқолбасшыретіндебейнеленген. Бұлекіжырда да Аттила Еуропалықпсихологияғатәнжантүршігерлікзұлымдықпенөзжауларынөлтіріпотырады. Олбірдеөздұшпаныныңкеудесінжарыпжүрегінкесіпалса, екіншісінде – жылан толы шұңқырғатастайды. Қатігездік – дала адамдарыныңәдетінеенбегенқұбылыс. Ғұндардұшпанынбірден-ақөлтіріптастайды. Бұлүшіноғанқылыш пен қанжардыңөзі-ақжетіпжатыр”[4, 59 б.]

Қорыта келгенде, Аттилла батыр ретінде қазақтың көне дәуіріндегітуындыларда нақты шығармаларда діни-мифологиялық элементтермен көзге түскен. Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдар өзін қоршаған табиғаттың дүлей күші жайында сан қилы аңыздар шығарғаны мәлім. Сол рулық-тайпалық қоғамда адамдар тобының шығу тегін белгілі бір табиғат құбылыстарын немесе кейбір жануарларға тікелей байланысты деп қараған. Мәселен, алғашқы түрік қағандарының бірі “Ашин өзінің арғы ата-бабасы қасқыр тұқымынан тараған деп білген.Қазіргі уақытта қазақ елінің тәуелсіздік алған тұста, көне дәуірдегі ата-бабаларымыздың Европа еліндегі Аттила секілді алыптармызды насихаттау, оның шынайы болмысын ғылыми тұрғыда көрсете білу басты мақсат екенін баса айтқан жөн.

Біз қазақ халқы, қазақ баласы бола тұрып болашаққа қадам басар уақта арғы тарихымызды танып білуіміз үшін де, оның рас-өтірігін саралай алу үшін де батырларымыз бен бектерімізге деген құрметті күшейтуіміз керек. Бұл күшейту ғылыми зерттелген, нақ, міне деп көрсете алатын жұмыстардың көбейуімен тікелей байланысты. Еділ батыр немесе Аттила өз заманының аса күшті қолбасшысы болып, бүгінге дейін төрткүл дүниеге аты таныс қолбасшы болып отыр. Демек, «Ертеректе өмір сүрген, күннен туған ғұн Еділдің ұрпақтарымыз»,-деп мақтанышпен айта аламыз.



ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Н.Ә. Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы.«Атамұра» баспасы. 1999жыл.

  2. C. Өтениязов. Аттила. Алматы.«Арыс» баспасы. 2000жыл.

  3. Б.Айманов, "Түркістан" газеті. http://www.qazaq-alemi.kz/more?page_id=39&id=638сайт материалы.

  4. Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы. «Атамұра» баспасы. 2005 жыл.

  5. М.Жұмабаев. Шығармалар. Алматы. «Білім» баспасы.1995 жыл.

  6. Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов. Қазақстан тарихы. ЖОО оқулық. Алматы. «Алматыкітап» баспасы. 2007 жыл.

  7. Егемен Қазақстан. Мақала «Дунай мен торғай»№90-93 (25939) желтоқсан 2010 жыл.

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
2016-04 -> Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 411 штқ студенті
2016-04 -> Кескіндеме өнерінің шығу тарихы
2016-04 -> ЖАҢа технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының Ғылыми танымын қалыптастыру баятбек Жансая Жанатқызы
2016-04 -> ТӘкен әлімқҰловтың ӘҢгімелеріндегі өнер адамдарының бейнесі жайнарбаева Назгуль Нурланқызы
2016-04 -> Өздік жұмыстар арқылы бастауыш сыныпта еңбек тәрбиесін беру тұрсынбай Е. Р
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Қазақ ауыз әдебиеті мен антикалық Әдебиет дәуіріндегі фольклористиканың Өзара үндестігі
2016-04 -> Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлі. Мұқан А.Қ
2016-04 -> Орта мектеп математика курсында туындыны оқытуда тарихи материалдарды пайдалану сыдықова Айгерім Суатқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу