Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған


Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледі



бет6/87
Дата05.02.2022
өлшемі3,86 Mb.
#15325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледі:
1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пісті, жылмаң т.б.;

2. Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;


3. Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрік жасырмақ, түйілген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.


4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.


Ойын өнердің түріне, топты ұйымдастыру тетігіне айналды. Содан ойын өнері ұлттың әдеп-ғұрпының қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал етті.


Балаларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту керек.



Осындай ұлттық ойындарды ойнау арқылы балаларды туыстыққа, ынтымақтықққа, әдептілікке, татулыққа, достыққа және патриоттық сезімге тәрбиелінді деп ойлаймын. Егер тәрбиеші ойынды дұрыс ұйымдастыра алса, өз алдына қойған мақсатына жетеді. Балаға тән тағы бір қасиет бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын қоштап, көмектесіп, сенім білдіріп отырамын. Мен ұлттық ойындарды ойнау арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге ықпал етуге тырысамын, әр баланың өзіндік мінез-құлқының қалыптастыруна көмектесудемін.
Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.
Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған». Халқымыз ұлтттық ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлтттық ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.
Ұлтттық ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі.
А.Гумьбольд ұлттық ойындар жөнінде мынадай тұжырым жасады. «Қазақ елінің жолаушы қонаққа көрсететін құрметімен бірге ұлттық ерекшеліктері, ұлттық күрестері мен ат жарыстары өзіндік ерекшелігімен сүйсіндіріп, сырт адамды қызықтырады.
Ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Мысалы, «Соқыр теке» ойыны («Ақ сандық, көк сандық» Құраст. Ш.Ибраев.А., 1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші «Тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:
Қараңғыда көзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Тиіп кетсем сөзім жоқ,
Бір қыз ұстап беріңдер!..
Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршап тұрғандар мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Тотияйын салайын,
Оң көзіңе топырақ,
Ал, ұстап көр, батырым,
Топырағын алайын,
Міне, келе жатырмын!
Ұлттық ойындарымыздың көбі балаларды денесінің дұрыс жетілуіне, күш-куатын молайтумен бірге шапшандыққа, дәлдікке дағдыландырады, ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойьш, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған.
Сабақ барысьшда ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Сабақ барысында «Сиқырлы қоржын», «Сақина жасыру», «Керші-көрші», «Белбеу тастау» тұрмыс-салт ойындары, сонымен бірге спорттық ойындар «Қыз қуу», «Көкпар», «Соқыр теке», «Аударыспақ», «Арқан тарту», «Ақ сүйек», «Теңге алу», «Білектеу» жатады. Асық ойыны: «Алшы», «Асық ату», «Хан талапай». Ал «Тоғыз құмалақ» ойыны ойлануды қажет ететін математикалық ойлану жүйесіне арналған ойын түрі. Ұлттық ойындар адамгершілікке тәрбиелей отырып, жас өспірімдердің дене ақыл-ой жағынан да жетілуіне мүмкіншілік туғызады, балаларды ұжымдық бірлестікке, достық қарым-қатынасқа баулиды. Қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «Қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған ойындар да бар. «Арқан тарту» ойыны балаларды ұжымдыққа, көздеген мақсатқа жетуіне ықпал етеді. «Соқыр теке» ойыны тапқырлыққа, ептілікке, ойлануын шыдамдылыққа тәрбиелейді.
«Ақ сүйек» ойыны байқағыштыққа, батылдыққа, жүйріктікке баулиды.
Сонымен қатар баланың тіл байлығына, мәнерлеп әуен ырғағына салып, диалогты сөйлеулерін дамытатын ойындар «Сақина тастамақ», «Айгөлек», «Ұшты-ұшты»,т.б ойындар да бар.
Халқымыздың көне замандағы батырлар бейнесін көрсетіп, бабаларымыздың палуандық, мергендік шабандоздық қасиеттерін көрсететін ойындар да жоқ емес. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс сияқты батырлардың ұлттық ойын барысында сайысу, балаларды елендетпей, қызықтырмай қоймайды. Сабақта және тәрбиеде балабақшада ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса ойынға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүние танымын арттырады, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Балабақшада және отбасында бүлдіршіндердің ойлы да өнерлі, күшті де епті болып өсуіне мүмкіндік аша білуге, оларды ізгі мақсаттар арасында тәрбиелеуге күш салу игі мақсатымыз.

Қалалық әдістемелік бірлестікке «Ару Көктем» атты ашық сабақ көрсетілді. Онда 3 орталық жұмыс жасады. Олар: өнер орталығы, тіл дамыту орталығы, ғылым орталығы жұмыс істеді. Бұл сабақта да ұлттық «Орамал тастау» ойынын қолдану арқылы бала тілін дамытуға үлес қостым.


Ұлттық ойындарды әр сабақта қолданып отырып баланың сабаққа деген қызушылығын, ойынды қолдану арқылы арттыруымыз сөзсіз және ойнатудың манызы зор.
Балалардың қимыл ширақтықтарын арттыру үшін жасалатын аунап түсу, еңбектеу, биіктен (гимнастикалық орындықтан) секіру әрекеттерін қайталау оларды жылдамдықа және шыдамдылыққа тәрбиелейді. Жаттығу барысында әуенмен бірге қосылып тізбектеле жүгіру, бір қалыпта жайлап жүру, қиғаш, жылан жолы бойынша жүгіру баланы тәртіпке баулиды. Шеңбермен жүріп әуен ырғағымен жаттығулар жасаудың балғын денесінің икемді болуына ықпалы зор.
Сондай-ақ сабақ барысында “Аңшы мен қояндар”, “Аң мен аңшы”, тағы басқа қимылдық ойындарды пайдалану арқылы да бүлдіршіндерді байқампаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеймін.
“Математика ойынында” балалар әуенмен билей жүріп, есеп те шығарады. Бұл жаттығулар бүлдіршіндерді ұшқыр ойлауға дағдыландырады. Мектеп жасына дейінгі бала өмірінде ойын үлкен рөлге ие. Бала ойын уақытында айналадағы өмірді түсінеді. Ойынмен өскен баланың көңіл күйі көтеріңкі, жан-жақты болады. Ойындар баланы түрлі әрекеттерге, әдептілікке, белсенділікке, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Ойындарға жарыс элементтерін қосуға болады. Қозғалыс ойындарын жарысқа ұқсата өткізу – мақсатқа жетудің жолы. Жаттығу уақытында тез жүгіруге, бір затты лақтыруға, кедергілерден секіріп және аттап өтуге үйрететін ойындарды көбірек пайдаланамын. Бүлдіршіндерді балғын шақтан салауатты өмір салтына баулып, спортқа бейімдеп өсірсек, ертеңгі күні елін сүйетін нағыз патриот спортшы солардан шығатынына сенім мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет