ҚазақТҰтынуодағЫ


Шарль Фурье (1772-1832 жж)



бет20/94
Дата05.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#1920
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94
Шарль Фурье (1772-1832 жж) – францияның социалист-утописі, өзінің замандасы К. Сен-Симоннан болашақтың “әділ” әлеуметтік құрылымы туралы үлгіні аз айтпады. Бұл ғалымның маңызды еңбектері – “Төрт қозғалыстың және жалпы тағдыр теориясы” (1808), “Жаңа шаруашылық және социетар әлемі немесе ескі серияда бөлінген қызғылықты және табиғатқа тән еңбек тәсідерін ашу” (1829), “Үш сыртқы бірлік туралы” (қайта болғаннан кейін, 1845) және т.б.
Көпес отбасынан шыққан Ш.Фурье өз еңбектерінде классикалық саяси экономияны және еркін бәсеке экономикасын, оны мақтан тұтатын өкілдерімен бірге ызалана сынады. Ол содырлы қанау жүйесін жойып, ассоциативтік білім – “фалангстерлердің” жетістіктерін ерте сезініп (үгіт –насихат және жеке мысалдың арқасында), жаңа “социетарлық әлемге” көшуді ұсынады. Оның ойынша жалдамалы еңбекке орын болмайды, ал жұмысшы акционер болып, кіріске қатыса алады және басқару қызметінің қалаулысы болады. Меншік ортақтастырылады, бірақ бүкіл қоғам аумағында емес, 1-2 мың адамнан тұратын еңбек ұжымдары бірге тұратын, жұмыс істейтін және демалатын еңбек серіктісстіктері аумағында болады. Түскен кіріс бірен-сарандап әрқайсысың еңбек акциясына бөлінеді және солай тұтынудың қоғамдық қорына түседі.
Фалангтарда, жұмыскерлер жұмыс түрін күніне бірнеше рет ауыстыратындықтан адамға белгілі еңбек түрін бекіту жойылады. Бәсекеде біреу ұтып, қалғандар ұтылса оның орнына, бәрі ұтатын жарыс келеді. Дене және ой еңбегі арасындағы қайшылықтар біртіндеп жоғалады деді. Ш.Фурьенің ойынша фаланг ұйымы үшін керекті қажет жабдықтарды капиталистердің өздері беру керек. Фаланг мүшелері болып, олар оның акционері болады. Фалангте өндірілген өнім еңбек акционерлік капитал мен білім аралығында 5:4:3 қатысына қарай бөлінеді. Фурьеде мемлекеттің рөлі тіпті елеусіз қалады, сондықтан оны анархизмнің негізін салушы деп жиі атайды.
Осы пікірлерден кейін Ш.Фурье төмендегідей қорытынды жасайды: ерікті бәсеке экономикасы өзіне “барлық негізгі таптарды... тіпті үкіметті де” бағындыра отырып “арамтамақ” және “қосалқы тап” өкілдері болатын “саудагерлер және сауда агенттері” қатарын сөзсіз кеңейтеді.
Фурье саяси төңкеріс идеясын (ол қасқүнемдерді байыту үшін ғана байларды тоңайды) қолдамады, бірақ барлық социалистерге тән нарыққа жиіркене қарады.
Оның пікірінше, жеке меншік анархияны, бәсекені тудырады, байлықты бөлуде теңсіздікті және ресурстар ысырапшылдығын болдырады. Сауда бәсеке арқылы монополияға және “сауда феодализміне” апарады. Жұмысшыларды қанауды ол алдымен олардың тұтынушы болып алдануынан байқады. Қоғам экономикалық дағдарысқа шарасыздықтан баратын байлар мен кедейлерге бөлінеді. Фурье мен Сен-Симонның “утопиялар” тек қана таза ой жору болды, сондықтан ештеңе қабылдамай-ақ оны жүзеге асу деңгейі туралы шексіз дауласуға болатын. Дауды таза практикалық тұрғыда аударуға үшінші ұлы утопист Роберт Оуэн ұмтылты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет